Қолданбалы курс. Қазақстан және гелиотехника. (10-cынып)

Раздел Физика
Класс 10 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Физика Қ 10 №9-10 Сабақтың тақырыбы:Қазақстан және гелиотехника.

Сабақтың мақсаты: Еліміздегі гелиотехниканың дамуын оқып -үйрену.

Қазақстанда күн энергетикасын дамытуға қолайлы жағдай болғанымен, шөл далада орналасқан бірқатар қалаларды, елді мекендер мен жекеленген ауылдарды энергиямен жабдықтауда үлкен қажеттілік туындағанымен, саланы дамыту үшін техникалық базасы болмады. Қазақстанда кремний мен фотоэлектр түрлендіргіш өндірісі жолға қойылмаған еді.

Күн энергетикасының Қазақстандағы алғашқы қадамдары

Қазақстан нарығында күн сәулесі энергетикасы үшін техниканың импорттық үлгілері қойылды. Бұл бағаға әсер етті. Мысалы, жарықтандырудың (күн батареясы бар көше шамдары) фотоэлектр жүйелерінің бағасы 200-250 мың теңге құрады. Зарядтаудың көшпелі станциялары: 170-200 мың теңге. Энергиямен жабдықтаудың автономиялық жүйелері: 830 мыңнан 21,6 млн. теңгеге дейін. Электр қазандықтары: 48-ден 95 мың теңгеге дейін. Бағалардың мұндай деңгейінде күн сәулесі энергетикасы қоғамның тек бай бөлігіне ғана қолжетімді емес, осының бәрі керісінше болуы керек, күн сәулесі энергетикасы бірінші кезекте қоғамның бай емес жігінің игілігі болуы тиіс.

Бұл келесіден туындаған, жабдықтың көптеген басым үлгілерінің қуаттылығы аз. Мысалы, фотоэлектр түрлендіргіштегі энергиямен жабдықтаудың автономдық жүйелері 0,3-3 кВт диапазонда кей кезде 5-8 кВт-қа дейін қуаттылығы бар.

3 кВт - бұл бір пәтердегі электр энергиясын тұтыну (мұздатқыш, теледидар, компьютер, 5-6 лампочка). Егер, сорғыны және суды жылытуды қажет ететін қала сыртындағы үйді алсақ, 20 кВт-қай дейін қуаттылық қажет. Сондықтан, күн энергетикасы ірі және орта бизнеске қызғылықты емес, өйткені оларға елеулі үлкен қуат керек.

Қуаттылығы 10 кВт дейінгі жабдық шағын қалалар мен ауылдық жерлерде көбіне жеке меншік үй иелерімен, сондай-ақ, ең шағын бизнесі бар жеке кәсіпкерлермен пайдаланылуы мүмкін. Бірақ олар үшін күн энергетикасының жабдығы бағасы бойынша қолжетімді емес.

Күн энергетикасына арналған жабдықтың өзіндік өндірісінсіз: жеке меншік үйлерге арналған кешенсіз, көшпелі генераторларсыз, энергиямен жабдықтаудың автономдық жүйелерінсіз, жарықтандыру құрылғыларынсыз Қазақстанда күн энергетикасының кеңінен дамуына сенуге болмайды. Жоғары бағалар жоғары кедергіні тудырады, күн сәулесі энергетикасына арналған импорттық жабдық нарықта билік құрған кезде, бұл сала экзотикалық ғажайып болып әлі ұзақ қалады.

Энергетиканың бұл жаңа саласының даму болашағы ұзақ уақыт бойы нақтыдан гөрі, ойға сыйымсыз болды. Бірақ 2007 жылы жаңа саланы игеру бойынша алғашқы қадамдар жасалды және зауыт құрылысы бойынша жобалар ұсынылды, оларда кремний шикізаты, және де дайын фотоэлектр түрлендіргіштері шығарылатын болады.

Тапсырма: реферат жазу-1. Қазақстандағы гелиотехникалық жобалар.

2.Жаңа ғасырдағы энергия көздері.

Дайындаған Шермахан Аят

Қазақстандағы гелиотехникалық жобалар.

Ең ірі жобаны «Баско» компаниясының тобына кіретін Silicium Kazakhstan ЖШС жүзеге асыруда. Қарағанды облысының Теміртау Индустриалды паркінде қуаттылығы 25 мың тонна жоғары таза кремний, 10,5 мың тонна микрокремнезем және 875 тонна кремний шығаратын қож зауыты салынуда. Келешекте кәсіпорынның екінші кезегін құру және 50 мың тоннаға дейін жоғары таза кремний өндіруге жеткізу жоспарлануда. Жылына 130 мың тонна көлемінде Қарағанды облысының Ұлытау ауданы Ақтас және Ашколы-III кеніштерінде кварц өндіріледі, ал Жезді кентінде кварцты байыту жөнінде фабрика орналастырылады.Компания серіктестіктері герман концерні Thyssen Krupp, Ресейдің «Титан» компаниясының тобы, сондай-ақ, Deutsche Bank. Зауыттың құрылысына 94 млн. евро жұмсалады. 2008 жылғы наурыздағы жағдайға қарағанда инвестицияның жалпы сомасының 25% игерілді. Компания жоспары бойынша Теміртау зауыты 2008 жылы іске қосылуы тиіс, алайда зауыттың аяқталуы мен іске қосылуы біршама ұзарып кетті. Silicium Kazakhstan Екібастұз ГРЭС-інен 2008-2017 жылдар ішінде жылына 4 мың МВт көлемінде электр энергиясын жеткізу туралы AES-пен келісімге қол қойып, зауытты энергиямен қамтамасыз етті.Астананың Индустриалды паркінде және еркін экономикалық аймақ «Ақтау теңіз портында» екі жобаны жүзеге асыру жоспарлануда.

Компания Kun Renewables, Lancaster Group Kazakhstan Астананың Индустриалды паркінде поликристалл кремнийін (бірінші кезек), моно- және мультикриссталдық пластиналар (екінші кезек) өндіру зауытын жоспарлауда. Өндіріске 390 млн. доллар инвестициялау жоспарлануда. Компания Өскеменнен және Шульба ГЭС-тен 2009 жылдан бастап 2021 жылдар аралығында 50 МВт көлемінде электр энергиясының жеткізіліміне AES-пен келісім жасады. Астанадағы зауыт өте қарапайым және жылына 2,5 мың тонна поликристалл кремнийін өндіретін болады.

2007 жылғы қазанда Ақтауда күн батареялары элементтерінің зауытын салу жобасы басталды. Зауыт иесі - ТОО «SilicaSolar-Aktau», кәсіпорынды «Ақтау теңіз порты» СЭЗ аумағында орналастырады. Өндіріске инвестиция 105 млн. евро құрады, 2009 жылдың соңында іске қосу жоспарлануда. Жобаны үш кезекпен жүзеге асыру көзделуде. Бірінші кезекте жылдық жиынтық қуаты 110 МВт кристалл стержндер мен пластиналар (күн сәулесі батареялар) өндірісі іске қосылады. Екінші кезекте жиынтық қуаты 77 МВт электрондық плата (ұяшық) өндірісі көзделуде. Үшінші кезекте - жиынтық қуаты 20 МВт электрондық дисплей шығару. Технологиясы «Schmid Group» неміс фирмасымен ұсынылған.2008 жылдың 27 мамырында «Ақтау теңіз порты» СЭЗ әкімшілігі «SilicaSolar-Aktau» ЖШС-пен зауыттың құрылысы туралы келісімге қол қойды. «Зауытта халықаралық стандарттарға сай жаңа технологиялық жабдық, зертхана орнатылады. Сонымен қатар, шығарылатын өнімнің көлемін арттыру үшін технологиялық мүмкіндіктер қарастырылатын болады», - деп жариялады «Ақтау теңіз порты» СЭЗ директоры Зейнулла Казиев. «Жылына жалпы сомасы 121 млн. доллар өнімді шығару жоспарлануда», - деді «SilicaSolar-Aktau» ЖШС директоры Қайрат Акуов.

Қазақстанның жаңа және болашағы бар өнеркәсіп саласын кеңінен игерудің алғашқы қадамдары жасалды. Алайда, поликрисстал кремнийін өндіру бойынша ірі кәсіпорындар құрылысы Қазақстанның күн сәулесі энергетикасын пайдалануда көшбасшы болады деу әлі ертерек. Әзірше, барлық жоғарыда айтылған нысаналар - экспорттық және өнімнің 100% Жапонияға, Оңтүстік Кореяға, АҚШ, ЕО елдеріне экспортталатын болады, күн сәулесі энергетикасы үшін дайын жабдықты шығарушыларға. Ақтау жабдықтау зауыты да Еуроодақ елдеріне өнімнің 80% жеткізуді жоспарлауда. Қолданбалы курс.Қазақстан және гелиотехника.(10-cынып)

Бұл істі өздігінен қалдыруға болмайды, өйткені Қазақстанның кремний өнеркәсібі үшін жартылай фабрикат болып қалу қаупі бар, онда өте жоғары қосымша құнмен (микроэлектроника элементтері, күн сәулесі батареялары және т.б.) дайын өнімді шығару шетел серкітестігінде қалады. Қазақстан қолайсыз жағдайға тап болады, кремний жартылай фабрикатының ірі өндірісіне ие бола отырып, қазақстандық кремнийден жасалған импорттық күн батареялары үшін жоғары баға төлеуге мәжбүр болады.

Сондықтан, осы кәсіпорындар поликрисстал кремнийін өндіру басталғаннан кейін экспорттық қойылымдарға қызықпай, Қазақстанның ішкі нарығына қажетті дайын күн сәулесі батареялары өндірісін игеруге қол жеткізуі тиіс. Бірінші кезде ол импорттыққа қарағанда сапасы, ПӘК жоғары емес, дизайны жетілдірілмеген болса да. Ең бастысы, ол Қазақстанның қажеттілік туындап отырған өңірлеріне күн сәулесі энергетикасын ауқымды ілгері жылжытуды бастауға бағасы мен саны жағынан қолжетімді болсын. Сол себепті, бірінші кезекте, енгізу үшін күн сәулесі энергетикасының жабдығы қазақстанда шығарылуы тиіс және соңғы бағалары бойынша номенклатура екі орташа айлық жалақыдан (қазіргі баға бойынша 108 мың теңге) жоғары болмауы тиіс.Қазақстанның оңтүстік облыстары тұрғындары өз тіршілігінің ажырамас бөлігіндей, күн сәулесі энергетикасына үйренуіне қол жеткізу керек. Бұл нарықты қалыптастырады және қазақстандық өндірушілерге күн сәулесі батареяларын шығаруды арттыруға, олардың құрылымдары мен техникалық сипаттамаларын жетілдіруге мүмкіндік береді.



© 2010-2022