Атмосфералык кысым КМЖ, 7 класс

Раздел Физика
Класс 7 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сыныбы 7 «А»

Мерзімі:

Сабақтың тақырыбы

§40. Атмосфералық қысым. Торричелли тәжірибесі. Барометр.

Мақсаты

  • Атмосфералық қысымның пайда болу себебі, Торричелли тәжірибесінің мәнісін түсіндіру.

  • Физиканы объективтік шындық ретінде дүниетану тұрғысында түсінігін қалыптастыру.
    Мысалдар келтіре отырып, оқушы ойын дамыту, ғылыми ой қорытындыларын жасауға жетелеу, атмосфералық қысымның күнделікті өмірдегі маңызын, есеп шығаруда қолдана білуге үйрену.

  • Ойлау мәселені қойып шешуге ұмтылдыру, пәнге деген қызығушылығын арттыра отырып, шығармашылық қабілетін дамыту , ғылыми дүниетанымын қалыптастыру.

Күтілетін нәтижелер


А) Атмосфералық қысымның физикалық мағынасын біледі және түсіндіре алады.

В) Тұрмыста, техникада қысымның әрекетін ескеру жайлы мағлұмат алады ХБ жүйесінде өлшем бірліктерді айналдырады, мысалдар келтіреді, тәжірибеде қолдана алады.

С) Атмосфералық қысымның өмірде кездесетін жағдайларына мысалдар келтіріп, қолданылуына қарай маңызын талдап саралайды.

Керекті жабдықтар


7 сынып физика оқулығы, әдістемелік нұсқаулық, есептер жинағы, жеңілдетілген, кеңейтілген тапсырмалар, кері байланыс парағы, видеоролик, презентация, проектор.

Қолданылатын әдістер

«Серпілген сауал» , «Ойлан,жұптас, бірік», Миға шабуыл, төмен және жоғары дәрежелі тапсырмалар, деңгейлік тапсырмалар.

Жұмыс түрі

Топтық, жеке жұмыс

Пәнаралық байланыс

- математика (дәрежерді есептеу, формуламен есептер шығару);
- тарих (атмосфералық қысымның ашылу тарихы, Торричелли өміріндегі шындықтар);
- биология (атмосфералық қысымның адам организміне әсері);
- география (Жердің әртүрлі биіктігіндегі атмосфералық қысым).

Сабақ барысы:

Сабақ кезеңдері

Мұғалім әрекеті

Оқушы әрекеті

Кіріспе


- оқушылармен амандасу;

- сыныпты түгендеу;

- кезекшілік қызметін қадағалау;

- оқушылардың назарларын сабаққа аудару.

- сыныпты топқа бөлу. (550 жыл, 20 жыл, 70 жыл, 2017 жыл)

Үй тапсырмасын тексеру. «Серпілген сауал» әдісі арқылы тексеру

Паскаль заңын қайталау.

Сұйықтың ыдыс түбіне түсіретін қысымы қандай шамаларға тәуелді? Барлық оқушыларға практикалық жұмыс беріледі.
Әртүрлі пішінді ыдыстарға су құйылған. Осы судың ыдыс түбіне түсіретін қысымын есептеу. Оқушылар су бағанының биіктігін сызғышпен өлшеп қысымын P=ρgh формуласы бойынша табады.
Мысалы: Р=500 Па.
Енді осы стақандағы судың аузын қағазбен жауып тұрып төңкерсек су төгіле ме? Су қағазға қандай қысым түсіреді? (қағазға 500 Па қысым түседі. Сондықтан су төгіледі деп жауап бepyi мүмкін).

1.

-мұғаліммен сәлемдеседі;

- кезекшілік қызметін атқарады;

- сабаққа зер салады.

Практикалық жұмыс жасап , оқушылар жауап береді.

Тұсау кесер

Жаңа сабақ:
Мұғалім: Онда біз осы құбылыстарға жауап беру үшін бүгінгі жаңа тақырыпты өтетін боламыз деп тақырыпты тақтаға жазады.
Бүгінгі сабақтың мақсаты; Атмосфералық қысымның қалай пайда болатынын білу. Торричелли тәжірибесінің мәнісін түсіну.
Атмосфера туралы не білеміз?
Жер бетін не қоршап тұрады? Онда осы атмосфера жер бетіне қысым түсіреді. Осы қысым қалай пайда болатынына көңіл аударайық.
Оқулықтың бөлігін оқимыз. (оқулықпен жұмыс - 123 - бет).

Оқушылар өзара ақылдаса отырып, өз түсінгендерін айтады.


Негізгі бөлім


Атмосфералық қысым қалай пайда болады екен? Оқушылар өз түсінгенімен жауап бepeдi.
Атмосфера бірнеше қабаттан турады. Ауырлық күшінің әрекетінен оның жоғарғы қабаттары төменгі қабаттарына қысым түсіредi. Атмосфера газ - сондықтан ол Паскаль заңы бойынша өзіне түскен қысымды барлық бағытта таратады. Соның салдарынан жер бетіне және ондағы барлық денелерге атмосфералық қысым түседі.
Мұғалім: Онда осы атмосфералық қысымға сүйене отырып жаңа бақылаған тәжірибелерді түсіндірейік. Стақандағы судың төгілмеген ceбeбi неде? Бірнеше оқушының жауаптарын тыңдағаннан кейін, қорытынды жауап шығарылады:
1. Стакандағы суды жауып тұрған қағаз астынан төменнен жоғары қарай атмосфералық қысым әсер еткен. Судың қағазға түсіретін қысымынан атмосфералық қысым үлкен.
2. Шыныға түскен жұмыртқаны қалай түсінуге болады.
Жанған қағаз шыны ішіндегі ауаны қыздырады, қызған ауаның көлемі ұлғайып, оның бip қатар бөлігі сыртқа шығып кетеді. Шынының аузын жұмыртқамен жапқан кезде ондағы ауа суиды да қысым азаяды. Іштегі қысымнан сыртқы атмосфералық қысым артық болып жұмыртқа төмен қарай қозғалады.
Бiз көптеген құбылыстарға атмосфералық қысым әсер ететініне көз жеткізуге болады.
Практикалық жұмыс. Барлық оқушыларға бірдей медициналық шприцпен стакандағы суды сорғызып жоғары көтерілуін бақылату. Оқушылар өздері жауап береді.
- Атмосфера су бетіне төмен қарай әрекет етеді. Паскаль заңы бойынша ол қысымды түтікке төменнен жоғары қарай жеткізеді. Суды поршеньмен ілecтipe көтеретін атмосфералық қысым.
Атмосфералық қысымды сұйық бағанының ыдыс түбіне түсіретін қысымды есептеуге арналған формуламен есептеуге бола ма?
- Болмайды, өйткені атмосфераның биіктігін және тығыздығын білy керек. Атмосферада анық шекара жоқ, ауа тығыздығы да әр түрлі биіктікте түрліше.
Сондай бола тұрса да, атмосфералық қысымды XVII ғасырда итальян ғалымы Э. Торричелли ұсынған тәжірибенің көмегімен өлшеуге болады.
Мұғалім Торричелли тәжірибесінің мәнісін түсіндіру (слайд көрсету)
Атмосфералық қысым ауа райына байланысты өзгеретінін де байқаған Торричелли болатын. Кейін Торричелли қондырғысы атмосфералық қысымды өлшеу үшін пайдаланыла бастады. Атмосфералық қысымды сынап бағанның биіктігі бойынша есептейді.
Атмосфералық қысымның бірлігі ретінде 1 мм .сын. бағ алынады.
1 мм. сын. бағ = 133, 3 Па = 1, 33 гПа.
760мм. сын. бағ =105 Па=101325Па.
Атмосфералық қысымды өлшеуге арналған құрал барометр (грекше барос- ауырлық, метрео-өлшеймін) деп аталады.

  1. « Ойлан, жұптас, бірік» әдісі арқылы топтасып есептер шығарады

  1. тапсырма.

1)Үйдің төбесіне үлкен атмосфералық қысым түседі, дегенмен шатыры не себепті құламайды?
2) Қай жерде атмосфералық қысым жоғары: шахтада ма әлде биік таудың басындама? Неге?
3) Ішіне ауа жібермей бөтелкеден немесе пакеттен сокты ішу қиын, не себепті?
2- тапсырма. Өлшемдерді ХБЖ келтір:

4) Қысымның мәндерін паскальмен өрнекте 70 мм.сын.бағ., 200 мм.сын.бағ., 400 мм.сын.бағ., 650 мм.сын.бағ., 800 мм.сын.бағ., 750 мм.сын.бағ.
5) 90000 Па қысым түсірілген сынып бағанының биіктігін анықтаңдар.

3-тапсырма. Денгейлік тапсырмалар. ( Жақсы оқитын оқушыға)

Біз қалай ішеміз?
Оған ойлануға болама? Әрине. Суды қалай ішеміз, ішімізге қалай сорып аламыз сұйықтықты . Оның себебі:сұйықты ішу кезінде өкпені кеңітеміз және осы арқылы ауаны аузымызға толтырамыз; сорылған ауаның қысымы арқылы сұйық қысым аз жерге еніп сорылып ішіледі.

Сонымен толығырақ айтқанда, біз тек аузымызбен ғана емес, өкпеменде ішеді екенбіз, өкпенің кеңеюі- сұйықтың ауызға енуіне себепші.
^ Тірі табиғаттағы атмосфералық қысым.
Мухи и древесные лягушки могут держаться на оконном стекле благодаря крошечным присоскам, в которых создается разрежение, и атмосферное давление удерживает присоску на стекле.
Рыбы-прилипалы имеют присасывающую поверхность, состоящую из ряда складок, образующих глубокие «карманы». При попытке оторвать присоску от поверхности, к которой она прилипла, глубина карманов увеличивается, давление в них уменьшается и тогда внешнее давление еще сильнее прижимает присоску.
Слон использует атмосферное давление всякий раз, когда хочет пить. Шея у него короткая, и он не может нагнуть голову в воду, а опускает только хобот и втягивает воздух. Под действием атмосферного давления хобот наполняется водой, тогда слон изгибает его и выливает воду в рот.
Засасывающее действие болота объясняется тем, что при поднятии ноги под ней образуется разреженное пространство. Перевес атмосферного давления в этом случае может достигать 1000// на площадь ноги взрослого человека. Однако копыта парнокопытных животных при вытаскивании из трясины пропускают воздух через свой разрез в образовавшееся разреженное пространство. Давление сверху и снизу копыта выравнивается, и нога вынимается без особого труда.

Сабақтан алған білімді бекіту.

  1. Атмосфералық қысым деген не?

  2. Атмосфералық қысымды немен өлшейді?

  3. Өлшем бірлігі?

  4. Торричелли тәжірибесі.

Тақырыпты окып, берілген мәтінмен танысады.

Тақырып бойынша анықтаманы, формуланы, өлшем бірлігін дәптерге жазып алады.













Әрбір оқушы өзіне берілген есепті шешеді, түсінбегендерін топпен талқылайды.


Әр топ өзара бір бірінің жұмысына баға беріп отырады.

Формативті бағалау жүргізіледі.


Топтыағы әр оқушы есепті шығарады.


Әр топтан жоғары деңгейлі оқушы сұраққа жауап береді, ал төмен деңгейлі оқушылар физикалық диктант жазады.

Оқушы ойланады, дұрыс шешім айтады.

Қорытынды


Бағалау.

Соымен оқушылар атмосфералық қысым туралы білім алдыңыздар. Бізде сабақ соңына келді. Енди мына сұраққа жауап беріңіздер: «Саған не ұнады? »

  • Мен бүгін білдім…

  • Қызық болды…

  • Қиын болды…

  • Мен түсіндім, …

  • Мен үйрендім…

  • Мені таңғалдырды…

VІІ. Үй тапсырмасы
Үйге тапсырма: §40. 19 - жаттығу /№3/. 15- тапсырма.

Кері байланыс әдісімен рефлексия парағы

Үй тапсырмасын тыңғылықты жазып алады.



© 2010-2022