Ашық сабақ физика пәнінен Дене импульсі

Раздел Физика
Класс 9 класс
Тип Статьи
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Алматы облысы

Еңбекшіқазақ ауданы

Алға орта мектебі

Физика пәнінің мұғалімі Алботаев А.И

Физика 9 сынып

Сабақ тақырыбы: Дене импульсі. Импульстің сақталу заңы.

Сабақтың мақсаты: Оқушыларға өмірде кездесетін физикалық құбылыстарды мысал ретінде айта отырып, дене импульсі, күш импульсі және импульстің сақталу заңы туралы түсінік беру. Формулаларын тұжырымдау. Есеп шығаруда қолдана білуге үйрету. Оқушыларды өз бетімен жұмыс істеуге, бір - бірін бағалауға дағдыландыру.

Күтілетін нәтиже: 1. Оқушылар импульстің мағынасын түсінеді.

2. Дене импульсі,күш импульсінің анықтамасын, өлшем бірлігін біледі.

Есеп шығаруда қолдана алады.

3. Дене импульсі мен күш импульсі арасындағы

байланысты біледі. Есеп шығаруда қолдана алады.

4. Импульстің сақталу заңын тұжырымдап, оны есеп

шығаруда қолдана біледі.

Сабақтың түрі: Жаңа мағлұмат беру.

Сабақтың әдіс - тәсілі: СТО, топтық, жеке жұмыстар, «гармошка» әдісі, «себет» тәсілі, «араласып кеткен есептер»әдісі,«бас бармақ» тәсілі, формативті бағалау.

Сабақтың көрнекілігі: постер қорғау, суреттер, үлестірме карточка, семантикалық карта

І. Ұйымдастыру: Оқушыларды Ньютонның І заңы, ІІ заңы, ІІІ заңы және

Бүкіл әлемдік тартылыс заңы бойынша төрт топқа бөлу.

Осы заңдарды қағазға жазып қойып оқушыларға таратылады. Топқа

бөлініп болғаннан соң қандай заң екендігін табады.

ІІ. «Қызығушылығын ояту» кезеңі. «Гармошка әдісі» бойынша әрбір

Оқушыға өткен тақырыптар бойынша үш сұрақтан жазу тапсырылады.

Сұрақтарын жазып болған соң төрт топ бір - бірімен алмасады, бір - бірін

жауаптарын тыңдап бағалайды.

ІІІ. «Мағынаны ашу» кезеңі. «Миға шабуыл»

Сурет бойынша жұмыс. Суреттерден не байкап отырсыңдар?

1.Өлшемдері бірдей шарлардың соқтығысуы.

2. Өлшемдері әртүрлі шарлардың соқтығысуы.

3. Бірнеше шарлардың соқтығысуы.


«Импульс» гректің «impulses» деген сөзінен шыққан, оның сөбе сөз аудармасы «соққы» дегенді білдіреді. Бұл термин механикада екі шаманы: күш импульсі мен дене импульсін білдіреді.

Енді «Жуан» және «Жіңішке» сұрақтар беру арқылы жаңа тақырып бойынша постер қорғау. «Себет» тәсілі. Тақырып бойынша сұрақтардың жауабын сол себетке жазады. Ашық сабақ физика пәнінен Дене импульсі


Жіңішке сұрақтар

Жуан сұрақтар

1. Дене импульсі дегеніміз не? Белгіленуі, формуласы, өлшем бірлігі.

2. Күш импульсі дегеніміз не? Формуласы, өлшем бірлігі.

3. Дене импульсі мен күш импульсі арасындағы байланысты жаз.

4. Тұйық жүйе дегеніміз не?

1. Дене импульсінің бағыты қалай анықталады? Себебін түсіндір.

2. Күш импульсінің бағыты қалай бағытталады? Себебін түсіндір.

3. Импульс түріндегі Ньютонның екінші заңын тұжырымдап көрсет.

4. Импульстің сақталу заңын тұжырымдаңдар.

Дене импульсі дененің массасы мен оның қозғалыс жылдамдығының көбейтіндісіне тең болатын физикалық шама Ашық сабақ физика пәнінен Дене импульсі = mАшық сабақ физика пәнінен Дене импульсі

Р дене импульсінің ХБ (СИ) жүйесіндегі өлшем бірлігі секундына килограммАшық сабақ физика пәнінен Дене импульсіметр [кг · м/с]

Масса - скалярлық шама, ал жылдамдық векторлық шама.

Дене импульсінің векторының бағытыда жылдамдық векторының бағытымен сәйкес келетін векторлық шама.

Күш импульсі мен дене импульсі арасындағы байланыс.

Ашық сабақ физика пәнінен Дене импульсі0 Ашық сабақ физика пәнінен Дене импульсі Ашық сабақ физика пәнінен Дене импульсі немесе Ашық сабақ физика пәнінен Дене импульсі Ашық сабақ физика пәнінен Дене импульсі Ашық сабақ физика пәнінен Дене импульсі

Дене импульсінің өзгерісі күш импульсіне тең.

Күш импульсі күш пен оның әрекет ету уақытының ( Ашық сабақ физика пәнінен Дене импульсі көбейтіндісіне тең. Ашық сабақ физика пәнінен Дене импульсі күш импульсінің ХБ (СИ) жүйесіндегі өлшем бірлігі- НьютоАшық сабақ физика пәнінен Дене импульсісекунд [Н· с] Ашық сабақ физика пәнінен Дене импульсі Ашық сабақ физика пәнінен Дене импульсі Ашық сабақ физика пәнінен Дене импульсі

Күш импульсі бағыты күш векторының бағытымен сәйкес келетін векторлық шама.

Импульстің сақталу заңы:

Ашық сабақ физика пәнінен Дене импульсінемесе Ашық сабақ физика пәнінен Дене импульсі

Тұйық жүйедегі өзара әрекеттесетін денелер импульстардың қосындысы өзгермейді (сақталады).

Оқушылар постерлерін қорғап болғаннан соң, мұғалім тақырыпты толықтырады.

Қосымша: Соққының екі түрі бар: Абсолют серпімді соққы және абсолют серпімсіз соққы. Осы соққылар кезіндегі импульстің сақталу заңын пайдалану.

IV. «Ой толғаныс» кезеңі. Сабақты бекітуге арналған тапсырмалар.

Сабақта белсенді оқушылырды марапаттап отыру.

А. «Араласып кеткен есептер» деңгейлік тапсырма. Жеке жұмыс. Оқушылар бір - біріне көмектесулеріне болады.

1 - деңгей: оқулықтан 17 - жаттығу №1 есеп

2 - деңгей: Массасы 160г шайбаның импульсі массасы 8г, 600 м/с жылдамдықпен ұшып келе жатқан оқтың импульсіне тең болу үшін, шайба қандай жылдамдықпен ұшуы керек?

3 - деңгей: оқулықтан 17 - жаттығу № 3 есеп

Ә. Жеке оқушылармен жұмыс. Үлестірме карточкалар арқылы.

Б. Топтық жұмыс. Семантикалық карта.

Дене импульсі формуласы

Дене импульсі өлшем бірлігі

Күш импульсі формуласы

Күш импульсі өлшем бірлігі

Дене импульсі мен күш импульсі арасындағы байланыс формуласы

Импульстің сақталу заңы формуласы

V. Рефлексия. «Бас бармақ» әдісі.

Толық түсіндім Түсіндім, бірақ көмекті қажет етем. Түсінген жоқпын

(нашар түсіндім)

Ашық сабақ физика пәнінен Дене импульсіАшық сабақ физика пәнінен Дене импульсіАшық сабақ физика пәнінен Дене импульсі

Рефлексия қорытындысы бойынша келесі сабақта қосымша жұмыстар жүргізіліп отырылады.

VІ. Бағалау. Марапаттау.

VІІ. Үйге тапсырма: §19, 20. 17-жаттығу (2,4) §21 танысып келу


© 2010-2022