Табиғатты зерттеудің ғылыми әдістері. Физикалық эксперимент

5 сабақ 16.09.2013жСабақтың тақырыбы: Табиғатты зерттеудің ғылыми әдістері.Физикалық эксперимент.Сабақтыңмақсаты: 1. Табиғатты зерттеуді кең тараған тәсілдері,олардың ерекшеліктері, болжам туралытүсінік алуға жағдай жасау,оқушыларғажаңа тақырыпты түсіндіру, білімдерін кеңейту, эксперимент – физиканың ең бастызерттеу әдістерінің бірі екенін түсіндіру2. Теориядан алған білімде...
Раздел Физика
Класс -
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

5 сабақ 16.09.2013ж

Сабақтың тақырыбы: Табиғатты зерттеудің ғылыми әдістері.Физикалық эксперимент.

Сабақтың мақсаты:

1. Табиғатты зерттеуді кең тараған тәсілдері, олардың ерекшеліктері, болжам туралы түсінік алуға жағдай жасау,оқушыларға жаңа тақырыпты түсіндіру, білімдерін кеңейту, эксперимент - физиканың ең басты зерттеу әдістерінің бірі екенін түсіндіру
2. Теориядан алған білімдерін өмірде қолдана білуге үйрету, пәнге қызығушылығын арттыру, логикалық ой - өрісін дамыту.
3. Шапшаңдыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу, өз ойын ашық айта білуге үйрету.

Сабақ түрі: жаңа сабақ.

Сабақ әдісі: түсіндіру, сұрақ - жауап, жұмбақ шешу

Сабақ көрнекілігі: плакат, карточкалар, Франклиннің портреті мен өмірбаяны, динамометр, жүк

Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру бөлімі (2 мин)
а/ оқушылармен сәлемдесу, оқушыларды түгендеп, олардың сабаққа әзірлігін тексеру.
б/ назарын сабаққа аударып, сабақтың мақсат - міндеттерін айту.

ІІ. Өткен материалдар бойынша сұрақтар: Сұрақтар:
1. «Екінші Ұстаз» атанған ұлы тұлға кім? (әл - Фараби)
2. Солтүстік жарты шардағы ең жарық жұлдыз? (сириус)
3. Ориондағы қатар тізіліп тұрған үш жұлдыз, оны кейде «Үш арқар» деп те атайды? (таразы)
4. Аспанда орын ауыстырмайтын бұл шоқжұлдызға қарап, қазақтар сапар шеккенде жол бағдарын анықтайды? (темірқазық)

ІІІ. Қызығушылықты ояту. (2 мин)
Жұмбақтардың жауабын табу арқылы сабақтың тақырыбын табу.
1. Жөңкиді бұлттар дүркіреп,
Жауады жаңбыр күркіреп.
Аспанның жүзі жарқ етті,
Ақ найза жерге сарт етті. (Найзағай)
Үй үстінде ұсақ тас. (Жұлдыз)
ІҮ. Жаңа сабақ.

Табиғат туралы білім арнайы зерттеу әдістерін қолдану арқылы жинақталады. Табиғатты зерттеу әдістерінің ішінен кең тараған үш ғылыми әдісті атап өтуге болады. Олар: бақылау, эксперимент және теориялық зерттеу әдістері.
Табиғат құбылыстарының заңдылықтарын ашу үшін ғалымдар логикалық ой қорыту амалдарын рет - ретімен пайдаланады. Әуелі олар бақылау арқылы деректер жинайды. Жаңа деректерді бұрыннан белгілі деректермен салыстырып, олардың арасында себеп - салдарлық байланыстар бар ма? Деген негізгі сұраққа жауап іздейді. Найзағайдың пайда болуы туралы шынайы ғылыми болжамды В. Франклин (1706 - 1790жж) ұсынды. Оның болжамы бойынша найзағай - әр түрлі зарядталған бұлттардың арасындағы немесе бұлт пен Жердің арасындағы аса қуатты электр электр ұшқыны. Ондай ұшқын әр түрлі электрленген (зарядталған) денелердің араларында байқалады.
Астрономиялық бақылау үшін де әр түрлі құралдар мен аспаптар қолданылады. Астрономиядағы ең негізгі зерттеу құралы - телескоп. Оның жәрдемімен жақын тұрған аспан денелерінің (Айдың, Күн жүйесіндегі планеталардың және олардың серіктерінің) беткі дедерлерін көруге болады. Телескоптың арқасында көзге көрінбейтін басқа да аспан денелерін бақылап, ғылыми деректер жинақталады.

Эксперимент физикалық құбылыстар мен ғылыми болжамдарды және теорияларды тәжірибеде тексереді, жаңа физикалық заңдарды ашуды қолданылады.
Мысал: динамометрдің құрылысы.
Гук заңын эксперименттік әдіспен тексеруді үйрету.
а) эксперименттік жұмыстың тақырыбы
ә) эксперименттік жұмыстың мақсаты
б) эксперименттік жұмыстың проблемасы
в) эксперименттік жұмыстың сұлбасы
г) эксперимент әдісі
ғ) эксперименттік жұмыстың нәтижелері

д) эксперименттік жұмыстағы ескертулер
ж) эксперименттік жұмыстың нәтижесін графикте көрсету
е) эксперименттік жұмыстың қорытындысы

Эксперимент туралы тірексызба

Анықтама. Гук заңы: серпімділік шегінде серіппенің l созылуы оған әрекет ететін жүктің Р салмағына тура пропорционал өзгереді.

VІ. Жаңа сабақты қорытындылау. Рефлексия (3 мин)
Шахмат атының жүрісімен кестедегі мақалды дұрыс тауып, физикалық баламасын түсіндіреді.
Сүмбіле ------------- Басқа ---------------------------- Су суыр
Үркерлі ------------- Найзағай ойнайды ---------- Бәрі қыс
Нөсер --------------- Туса ------------------------------- Аты
Әр айдың ---------- Айдың --------------------------- Алдында


ІV. Пысықтау.

  1. Табиғатты зерттеу әдістері қандай?

  2. Болжам дегеніміз не?

  3. Эксперименттің басқа ғылыми әдістерден ерекшелігі неде?

  4. Эксперимент жүргізуге қандай талаптар қойылады?

  5. Гук заңы қалай оқылады?

V. Қорытындылау.

VІ. Бағалау.

VІІ. Үйге тапсырма: §7,8.



© 2010-2022