Энергияның сақталу және бір түрден екінші түрге айналу заңы (9 сынып)

Пән: Физика Сынып : 9 «А» Сабақтың тақырыбы :Энергияның сақталу және бір түрден екінші түрге айналу заңы Сабабақтың мақсаты: Энергияның сақталу және айналу заңын бір түрден екінші түрге айналу заңы екендігін есте сақтау және практикада пайдалану. Сабақтың құрылымы: 1.     Ұйымдастыру кезеңі: 2.     Үй тапсырмасы: Қызығушылықты ояту. 3.     Мағынаны түсіну. 4.     Білімді бекітуге арналған есептер. 5.     Тест тапсырмалары. 6.     Анықтама кестесі. 7.     Білімді  бекітуге  арналған  тапсырмалар.... р/с физикалық шаманың атауы белгіленуі формуласы өлшем бірлігі 1 Дене импульсі       2 Күш импульсі       3 Күш жұмысы       4 Ауырлық күші       5 Серпімділік күші       6 Кинетикалық энергия       7 Потенциалдық энергия         Білімді  бекітуге  арналған  тапсырмалар: 1. Дененің  толық  механикалық  энергиясы  дегеніміз  не? 2. Толық  механикалық  энергияның сақталу  заңы  қалай  тұжырымдалады? БҮҮ  кестесін  толтыру. білетінім   үйренгенім   үйренгім  келетіні           Үйге  тапсырма: 23.Энергияның  сақталу  және бір  түрден екінші  түрге  айналу  заңы. 20 жаттығу. А.П.Рымкевич №345, №347    
Раздел Физика
Класс -
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Пән: Физика

Сынып : 9 «А»

Сабақтың тақырыбы :Энергияның сақталу және бір түрден екінші түрге айналу заңы

Сабабақтың мақсаты: Энергияның сақталу және айналу заңын бір түрден екінші түрге айналу заңы екендігін есте сақтау және практикада пайдалану.

Сабақтың құрылымы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі:

  2. Үй тапсырмасы: Қызығушылықты ояту.

  3. Мағынаны түсіну.

  4. Білімді бекітуге арналған есептер.

  5. Тест тапсырмалары.

  6. Анықтама кестесі.

  7. Білімді бекітуге арналған тапсырмалар.

  8. Үй тапсырмасы.

Үй тапсырмасын сұрау

І деңгей :

Дененің механикалық жұмыс жасай алу қабілетін (механикалық энергия) деп атаймыз.

2. Қозғалып келе жатқан дене энергиясын (кинетикалық энергия) деп атайды.

3. Денелердің өзара әрекеттесу энергиясын (потенциалдық энергия) деп атаймыз.

4. Энергияның өлшем бірлігі (Джоуль)

5. Потенциалдық және кинетикалық энергия өзгерістері (жұмыс) -ты береді.

ІІ деңгей :

1. Кинетикалық энергия өзгерісі кезінде атқарылатын жұмыс өрнегі:

2. Потенциалдық энергия өзгерісі кезінде атқарылатын жұмыс өрнегі:

3. Кинетикалық энергия өрнегі :

4. Потенциалдық энергия өрнегі:

5. Механикалық энергия өрнегі:

ІІІ деңгей:

1. Садақтан вертикаль жоғары тартылған жебенің ең үлкен көтерілу биіктігін есепте. Жебенің бастапқы жылдамдығы 40 м/с

2. Массасы 2 кг дене жер бетінен 30 м биіктіктен түседі. Дененің 15м және жерге келіп түскендегі кинетикалық энергиясын есепте

Мағынаны түсіну.

Жаңа сабақ :

Энергияның сақталу және бір түрден екінші түрге айналу заңы (9 сынып)Энергияның сақталу және бір түрден екінші түрге айналу заңы (9 сынып)

Энергияның сақталу және бір түрден екінші түрге айналу заңы

Тұйық жүйе құрайтын және бірімен-бірі тартылыс күші мен серпімділік күші арқылы әрекеттесетін денелердің кинетикалық және потенциалдық энергияларының қосындысы тұрақты болады.

ЕкЭнергияның сақталу және бір түрден екінші түрге айналу заңы (9 сынып) + ЕкЭнергияның сақталу және бір түрден екінші түрге айналу заңы (9 сынып)пЭнергияның сақталу және бір түрден екінші түрге айналу заңы (9 сынып)пЭнергияның сақталу және бір түрден екінші түрге айналу заңы (9 сынып)

Энергияның сақталу заңынан мынандай тұжырым жасаймыз:

Табиғаттағы энергия жоғалып кетпейді және жоқтан пайда болмайды, ол тек бір түрден екінші түрге айналады.

Есеп шығару мысалы.

Массасы 250г дене 15м/с жылдамдықпен вертикаль жоғары лақтырылды.

  1. Дененің лақтырылған мезетіндегі кинетикалық энергиясын;

  2. Ең жоғары нүктедегі потенциалдық энергиясын;

  3. Ең үлкен көтерілу биіктігін табу керек.

Энергияның сақталу және бір түрден екінші түрге айналу заңы (9 сынып)

Білімді тексеруге арналған есептер:

I-деңгей

1. Жер бетінен 3,5 м биіктікке көтерілген массасы 6 кг дененің потенциалдық энергиясын анықтаңыз.

2. 9 м/с жылдамдықпен қозғалатын 6 кг дененің кинетикалық энергиясы неге тең ?

II-деңгей

1. Қатаңдығы 10 4 Н/м серіппе 3 см-ге сығылғанда оның потенциалдық энергиясы қалай өзгереді ?

2. "Союз" сериялы ғарышкеменің массасы 6,6т болса, оның орбита бойымен 7,8 км/с жылдамдықпен қозғалғандағы кинетикалық энергиясы қандай?

III-деңгей

Массасы 4 кг еркін түсіп келе жатқан дененің жылдамдығы жолдың бір бөлігінде 2-ден 8 м/с - қа дейін артты. Осы жолдағы ауырлық күшінің жұмысын табыңдар.

Тест тапсырмалары.

1.Дененің потенциалдық энергиясы дегеніміз

  1. дененің қозғалыс энергиясы.

B) дененің жылдамдығының өзгеру энергиясы.

C) серпінді деформацияланған дененің энергиясы.

D) ыстық дененің суық денеге берген энергиясы.

E) дене молекулаларының қозғалысымен байланысты энергиясы.

2.Садақтан тік жоғары атылған жебе 10с өткенде жерге түсті.Жебенің көтерілу уақыты

А) 10с В) 5с С) 3с

D) 4с Е) 2с

3. Дене импульсінің анықтамасына қай өрнек сәйкес келеді?

А) а = F/m B) F·t

C) p = m·V D) F=ma E) mV2/2

4.Тұйықталған траектория бойымен ауырлық күшінің жұмысы

  1. mgh B) 0 C) -mgh

D) 2mgh E) mgh/2

5.Денеге әсер ететін ауырлық күшінің жұмысы

A) A = mgh1 - h2

B) A = - (mgh2 - mgh1)

C) A = mgh2 - mgh1

D) A = 0

E) A = mgh2

6. Қандай физикалық шамалар " Дж" өлшем бірлігімен өлшенеді?

А) күш импульсі в) күш моменті

с) дене импульсі д) күш E) энергия

7. Тұрақты күштің әсерінен дененің импульсі 4 с ішінді 20 кг∙м/с - ке өзгереді. Бұл күш неге тең?

А) 5 Н В) 1 Н С) 3 Н Д) 4 Н E) 2Н

8. Механикалық энергияның сақталу заңы

  1. E=mgh B) E=mv2 /2

C) Ek=Eт+Ep D) Eт=Ek+Ep E) Ep=Eт+Ek

9.Массасы 10 кг, жылдамдығы 36 км/сағ дененің кинетикалық энергиясы

A) 12960 Дж B) 5000 Дж

C) 360 Дж D) 500 Дж

E) 180 Дж

10.Жұмысшы горизонталь 600Н күш жұмсай отырып, жәшікті 3 м-ге жылжытқанда істейтін жұмысы

A) 200Дж B) 50Дж

C) 0,005 Дж D) 0

E) 1800Дж

жауап кілті: 1С 2В 3С 4В 5В 6Е 7А 8Д 9Д 10Е

Анықтама кестесі

р/с

физикалық шаманың атауы

белгіленуі

формуласы

өлшем бірлігі

1

Дене импульсі

2

Күш импульсі

3

Күш жұмысы

4

Ауырлық күші

5

Серпімділік күші

6

Кинетикалық энергия

7

Потенциалдық энергия


Білімді бекітуге арналған тапсырмалар:

1. Дененің толық механикалық энергиясы дегеніміз не?

2. Толық механикалық энергияның сақталу заңы қалай тұжырымдалады?

БҮҮ кестесін толтыру.

білетінім


үйренгенім


үйренгім келетіні



Үйге тапсырма:

23.Энергияның сақталу және бір түрден екінші түрге айналу заңы.

20 жаттығу.

А.П.Рымкевич №345, №347













сынып: 7 «А»

Пән : информатика

Сабақтың тақырыбы: «Paint графикалық редакторы» практикалық жұмыс
Сабақтың мақсаты:
1. Графикалық редактормен жұмыс істеуге үйрету. Графикалық ақпаратты жасау туралы түсінік беру. Сурет салу дағдыларын қалыптастыру.

2. Дамыта оқытуға негізделген шығармашылық қиялын, жүйелі ойлау қабілетін дамытып, графикалық редакторда барлық сурет салу элементтерін пайдаланып, өз бетімен сурет салудағы қабілетін дамыту.
3. Оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру, құрал-саймандарды пайдалана отырып, әр-түрлі суреттер мен бейнелерді тиянақты салуға тәрбиелеу.
Сабақтың типі: Бекіту сабағы

Сабақтың түрі: Дәстүрлі

Сабақтың көрнекілігі: Венн диаграммасы, плакаттар, жұмбақтар, суреттер, интерактивті тақта, слайд, т.б.

Сабақтың барысы:
I. Оқушыларды ұйымдастыру

  • Оқушылармен амандасу.

  • Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру.

  • Оқу-құралдарын түгелдеу, реттеу.

  • Оқушылардың сабаққа даярлығын тексеру

  • Оқушылардың назарын сабаққа аудару.

II. Жаңа сабақтың мақсатын қою

  • Paint графикалық редакторының мүмкіншіліктерін және құрал- саймандарды тиімді пайдаланып сурет салу.

  • Үзінділерді белгілеуге және олармен әр түрлі әрекеттер орындауға, үзіндіні көшіруге, жылжытуға және жоюға үйрету;

Үй тапсырмасын «ой шақыру» әдісі бойынша тексеріп, өткен сабақты еске түсіру. Сынып оқушыларын екі топқа бөлу. (Сурет бөліктерін құрастыра отырып бөлу)

I-топ: «Paint-тағы сурет салу құралдары»

II- топ: «Paint-тағы суретті бояу құралдары»

Үй тапсырмасын тексеру үшін, интерактивті тақтада көрсетілген Paint редакторында жалпы 16 құрал бар, екі топқа 8 - құралдардан бөліп беріп, міндеттерін сәйкестендіру.



I- топ


Энергияның сақталу және бір түрден екінші түрге айналу заңы (9 сынып)

II- топ

Энергияның сақталу және бір түрден екінші түрге айналу заңы (9 сынып)

Paint графикалық редакторында практикалық жұмыс істеу.
Paint графикалық редактор растрлық бейнелермен жұмыс істеуге арналған, сондықтан әрбір суретке қатаң анықталған орын беріледі.Сонымен бірге бекітілген түстер саны қолданылады. Графикалық редактор графикалық бейнелерді жасауға және редакциялауға арналған.

«Ой шақыру» бағдарламасы бойынша оқушылардан үй тапсырмасын сұрап еске түсіріп алған соң, екі топқа дайындап қойған тапсырмалар беріледі. Екі ұяшықты екі топ таңдап, берілген тапсырмаларды әрбір топ мүшелері жеке жеке өз компьютерлерінде орындайды.

Энергияның сақталу және бір түрден екінші түрге айналу заңы (9 сынып)


Энергияның сақталу және бір түрден екінші түрге айналу заңы (9 сынып)Энергияның сақталу және бір түрден екінші түрге айналу заңы (9 сынып)


1- жұмбақ

Көктем сайын жайқалып, Жаңбыр суын ішемін Күз болғанда сарғайып, Жерге қайтып түсемін

2- жұмбақ

Жабық астында жарты күлше

Бұл не?

3- жұмбақ

Ішінде - су, Үстінде - бу. Тоймай жұпар иісіне, Ішесің сүйсіне. Бұл не?

4-жұмбақ

Жарыспайды ешкіммен, Салмақты тіпті күйі. Әрең жүріп барады, Арқасында үйі. Бұл не?

5- жұмбақ

Тепсең-ақ секiрiп, Ұстатпай қашады. Бiр жерге бекiнiп, Тұра алмай сасады.


6-жұмбақ


Бір көзіңмен «кідір» дейді,

Бір көзім «жүгір» дейді.

Бір көзім «абайла» дейді

«Қарап ал маңайға» дейді

7-жұмбақ


Ұзынды-қысқа қос тіл,
Он екі цифрмен дос бұл.

8-жұмбақ


Әлсін-әлсін шыр-шыр еткен бөпесін
Бір қолымен көтереді көкешім.



  1. кескін

Оқулықтағы 147 беттегі 2-тапсырма. «Көбелек» суретін сал. Түсін бояп, көшіру, бұру арқылы орында.

2-кескін

Оқулықтағы 147 беттегі 3-тапсырма. Аквариум ішіндегі «Балық» суретін сал. Түсін бояп, көшіру, бұру арқылы орында.

3-кескін

Тіктөртбұрыш (Прямоугольник) құралын пайдаланып, қалыңдығы мен түсі әр түрлі сызықтармен поездың суретін салЭнергияның сақталу және бір түрден екінші түрге айналу заңы (9 сынып)



4-кескін

Төмендегі кескінді салып, боя және атын жаз

Энергияның сақталу және бір түрден екінші түрге айналу заңы (9 сынып)



5-кескін

Төмендегі оюдың бөліктерін салып, өрнек құрастыр Энергияның сақталу және бір түрден екінші түрге айналу заңы (9 сынып)





6-кескін

Төмендегі оюдың бөліктерін салып, өрнек құрастыр

Энергияның сақталу және бір түрден екінші түрге айналу заңы (9 сынып)





7-кескін

Төмендегі кескінді салып, боя және атын жаз

Энергияның сақталу және бір түрден екінші түрге айналу заңы (9 сынып)





8-кескін


Төмендегі кескінді салып, боя және атын жаз

Энергияның сақталу және бір түрден екінші түрге айналу заңы (9 сынып)

Екі топта берілген тапсырманы орындап болған соң тапсырмалары мына критерилер бойынша тексеріліп, бағаланады:

Практикалық

жұмыс

Аты-жөні

Құралдарды тиімді пайдалана алу

Құралдардың қызметтерін білу

Шапшаң-дылығы

Информатика-

лық тілді сөйлей алуы

Қорытын-ды










III. Жаңа материалды бекіту
Екі топ мүшелері Венн диаграммасы арқылы өз элементтерін және ортақ элементтерді табады

Энергияның сақталу және бір түрден екінші түрге айналу заңы (9 сынып)

Сурет салу құралдары: Ортақ элемент Сурет бояу құралдары:
Қарындаш файл Құю
Сызық түзету Бүріккіш
Эллипс сурет Кисть
Шеңбер түр Бояу түрлері
Көпбұрыш
Төртбұрыш
Қисық сызық

Оны екі топ кезектесіп шешеді. Қайсы топтың оқушысы қалай жауап бергеніне байланысты бағаланады.

Қорытынды:
Бүгінгі сабақты қорытындылап, оқушылардың жауап бергеніне және тапсырманы орындағанына байланысты әрбір топтың оқушылары бағаланады.

IV.Үйге тапсырма:
Өздеріңе ұнайтын суретті дайындап алып келіңдер.



















Мұғалім туралы мағлұмат :

«Шідерті жалпы орта білім беретін мектебі»КММ

Физика және информатика пәнінің мұғалімі Хасым Гульназ









© 2010-2022