Энергия. Энергияның сақталу және бір түрден екінші түрге айналу заңы

Раздел Физика
Класс 9 класс
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Күні: 26.11

Сыныбы: 9а,б

Cабақтың тақырыбы: Энергия. Энергияның сақталу және бір түрден екінші түрге айналу заңы.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Оқушының өз бетінше жұмыс істей алу мүмкіндігін дамыту, оқу материялын өңдеудің жекеленген тәсілдері арқылы жұмыс істей білуге үйрету.

Дамытушылық: Есте қалдыру, шапшаң ойлау қабілеттерін дамыту.

Тәрбиелік: Ғылыми дүниетанымын арттыру, алған білімді өмірде пайдалана білу, өз бетінше ізденуге дағдыландыру, еңбекке баулу, ғылымға қызығушылығын арттыру.

Сабақтың түрі: Жаңа білімді меңгерту

Сабақтың типі: Жаңа білім негіздерін қалыптастыру

Сабақтың әдісі: түсіндірмелі, сұрақ-жауап

Сабақтың көрнекілігі: формулалар, слайдтар, сызбалар, т.б

Сабақтың барысы:

I. Ұйымдастыру кезеңі.

II. Үй тапсырмасын сұрау.

1.Зымыран қалай қозғалады?

2.Реактивті қозғалыс дегеніміз не?

3.Реактивті қозғалысқа мысалдар келтір?

4.Реактивті қозғалыс жылдамдығы қандай шамаларға байланысты?

5.Ғарышты зерттеудегі қандай шамаларға байланысты?

  • Қызығушылықты ояту

металл шардың жоғарыдан төмен түсіп келе жатқан суреті көрсетіледі.

Тапсырма: Дененің күйі, жағдайы қалай өзгереді?

Серіппеге ілінген жүктің қозғалысы.

III. Жана сабақты түсіндіру

Энергия - дененің күйін сипаттайтын физикалық, скалярлық шама. Адамның күйі туралы айтқанда, оның қан қысымы, температурасы, сияқты, т.б. белгілі бір уақыт мезетіндегі жалпы жағдайын сипаттайтын мәліметтер туралы сөз етеміз.

Күй-дененің берілген уақыт мезетіндегі жағдайы.

Механикада дененің механикалық күйі сөз болады. Оны көрсету үшін 2 мәселеге тоқталуымыз керек:

1. дененің берілген уақыт мезетіндегі орны

2. дененің қалай қозғалатынын сипаттай алуымыз керек.

Олай болса, бұл - нүктенің қайыбір уақыт мезетіндегі координаталары мен жылдамдығын көрсету деген сөз. Бұлар күй параметрлеріне жатады.

Дененің немесе нүктенің механикалық күйін сипаттайтын шама - механикалық энергия деп аталады.

Механикалық энергия деп дененің механикалық жұмыс істей алу қабілетін айтады.

Энергияның өлшем бірлігі - (Е) Джоуль(Дж)

Потенциалдық энергия

Ep=m*g*h;

Энергия. Энергияның сақталу және бір түрден екінші түрге айналу заңы.

Энергия. Энергияның сақталу және бір түрден екінші түрге айналу заңы.

кинетикалық энергия

Еk=m*v2/2;


Потенциалдық энергия

Ep=k*x2/2;


Энергия. Энергияның сақталу және бір түрден екінші түрге айналу заңы.Энергия. Энергияның сақталу және бір түрден екінші түрге айналу заңы.


  • Қозғалыстағы дененің энергиясы-кинетикалық энергия деп аталады.

  • Денелердің өзара әрекеттесуіне немесе дене бөлшктерінің өз ара орналасуына байланысты энергия-потенциалдық энергия деп аталады.

Бір - бірімен өзара әрекеттесетін денелердің әр кинетикалық, әрі потенциялық энергиясы болады. Мұндай денелер тұйық жүйе деп аталады. Соқтығысқан шарлардың, «ЖЖС-Жер», серіппеге ілінген жүктің тербелісі, жоғары лақтырылған шардың жоғары-төмен қозғалуы кезіндегі энергияның түрленуін мысалға қарастыруға болады( сурет бойынша).

Жүйенің толық энергиясы тұрақты болады.

Етолық= Еk+ Ep=const

Энергияның сақталу заңы былай тұжырымдалады: табиғаттағы энергия жоғалып кетпейді, жоқтан пайда болмайды, ол тек бір түрден екінші түрге ауысады.

Қорыта айтқанда, механикалық жұмыс- ол энергия өзгерісі, ал кез келген энергиясы бар дене жұмыс істей алмайды. Ол жұмыс істеу үшін, энергия өзгеруі қажет.

  • Жұмыс пен энергия арасында қандай байланыс бар?

  • Аталған жағдайдың қайсысында потенциялық, қайсысында кинетикалық энергия туралы сөз болады: иілген серіппеде; соққан желде; сарқырамадан құлап аққан суда; сығылған ауада;үй шатырының шетінде жатқан таста?

IV. Сабақты бекіту тапсырмалары:

Ой толғаныс. а) Венн диаграммасын толтыру

Еn ортақ қасиет Еk

Энергия. Энергияның сақталу және бір түрден екінші түрге айналу заңы.Энергия. Энергияның сақталу және бір түрден екінші түрге айналу заңы.

1. Әртүрлі денелердің өзара орналасуы бойынша анықталатын энергия.

2. Е = mqh

3. Масса мен көтерілу биіктігіне тәуелдіЭнергия. Энергияның сақталу және бір түрден екінші түрге айналу заңы.

1. Денелердің қозғалу салдарынан туындайтын энергия

2. Е= mv2 ,

2

3. Дене массасы мен жылдамдыққа тәуелді

1.Өлшем бірлігі

2. Жер бетіндегі тіршілік көзі




.

Ә) Өзін-өзі тексеру сұрақтары:

1. Дененің толық механикалық энергиясы дегеніміз не ?

2. Толық механикалық энергияның сақталу заңы қалай тұжырымдалады?


Анықтама кестесі.

(үлгерімі төмен оқушылармен жұмыс)


р.с

физикалық шаманың атауы

Белгіленуі

Формуласы

өлшем бірлігі

1

Дене импульсі




2

Күш импульсі




3

Күш жұмысы




4

Ауырлық күші




5

Серпімділік күші




6

Кинетикалық энергия




7

Потенциалдық энергия




Деңгейлік есептер.

(қабілетті оқушылармен жұмыс)

1. Садақтан вертикаль жоғары тартылған жебенің ең үлкен көтерілу биіктігін есепте. Жебенің бастапқы жылдамдығы 40 м/с

2. Массасы 2 кг дене жер бетінен 30 м биіктіктен түседі. Дененің 15м және жерге келіп түскендегі кинетикалық энергиясын есепте

I-деңгей

1. Жер бетінен 3,5 м биіктікке көтерілген массасы 6 кг дененің потенциалдық энергиясын анықтаңыз.

2. 9 м/с жылдамдықпен қозғалатын 6 кг дененің кинетикалық энергиясы неге тең ?

II-деңгей

1. Қатаңдығы 10 4 Н/м серіппе 3 см-ге сығылғанда оның потенциалдық энергиясы қалай өзгереді ?

2. "Союз" сериялы ғарышкеменің массасы 6,6т болса, оның орбита бойымен 7,8 км/с жылдамдықпен қозғалғандағы кинетикалық энергиясы қандай?

III-деңгей

1. Массасы 4 кг еркін түсіп келе жатқан дененің жылдамдығы жолдың бір бөлігінде 2-ден 8 м/с - қа дейін артты. Осы жолдағы ауырлық күшінің жұмысын табыңдар.

V. Сабақты қорытындылау. Рефлексия

VI. Үй тапсырмасы:§22,23 19, 20 жаттығу

VII. Бағалау

Энергия. Энергияның сақталу және бір түрден екінші түрге айналу заңы.

© 2010-2022