Конденсатордың электр сыйымдылығы

Қызылорда облысы, Шиелі ауданы                                                                                     № 48 Ә. Қоңыратбаев атындағы орта мектебінің физика                                                                                    пәнінің мұғалімі Белгибаева Нурсулу Кенесовна                                                                                     І деңгей сертификатталған маман   Мұғалімнің аты-жөні Белгибаева Нурсулу Шиелі  ауданы  №48 Ә. Қоңыратбаев  атындағы  орта мектебі Пәні: Физика Сыныбы: 10 «А» 3 сабақ               0935-1025 Уақыты: 14.12.2013ж Сабақ атауы Конденсатордың электр сыйымдылығы Сілтеме Білім стандарты, пән бағдарламасы,  10сынып (Б. Кронгарт, В. Кем, Н.Қойшыбаев), Интернет материалдары Жалпы  мақсаты Сыйымдылық, конденсатордың электр сыйымдылығы туралы білу, олард...
Раздел Физика
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Қызылорда облысы, Шиелі ауданы

№ 48 Ә. Қоңыратбаев атындағы орта мектебінің физика

пәнінің мұғалімі Белгибаева Нурсулу Кенесовна

І деңгей сертификатталған маман

Мұғалімнің

аты-жөні

Белгибаева Нурсулу

Шиелі ауданы №48 Ә. Қоңыратбаев атындағы орта мектебі

Пәні: Физика

Сыныбы: 10 «А»

3 сабақ 0935-1025

Уақыты: 14.12.2013ж

Сабақ атауы

Конденсатордың электр сыйымдылығы

Сілтеме

Білім стандарты, пән бағдарламасы, 10сынып (Б. Кронгарт, В. Кем, Н.Қойшыбаев), Интернет материалдары

Жалпы мақсаты

Сыйымдылық, конденсатордың электр сыйымдылығы туралы білу, олардың формуласымен танысу, оқушылардың шығармашылық , сыни ойлау қабілеттерін дамыту

Күтілетін нәтиже

Конденсатордың электр сыйымдылығы туралы мағлұмат алады.

Есептеу формуласы туралы түсінік алады.

Топта өзара бірлесіп жұмыс жасауға үйренеді.

Негізгі идеялар

Конденсатордың электр сыйымдылығы

  1. Өлшем бірлігі жайында ;

  2. Өткізгіштің сыйымдылығы өткізгіш өлшеміне тәуелділігі жайында жұмыс жасау

Тапсырмалар

Оқулық, интерактивті тақтадан жазылған тапсырмалар




Сабақ бойынша мұғалім жазбалары

Уақыты

Мұғалім іс-әрекеті

Оқушы іс-әрекеті

3 минут

І.Кіріспе

Оқушыларды 5 топқа бөліп орналаст ыру. Түрлі түсті парақшаларды қолданамын. (Сары, жасыл, қызыл, қызғылт сары, көк)

Бағалау парақшалары таратылады


Изопроцестер жайлы кестемен жұмыс

Бағалау парақшалары арқылы бағалау

Бақылау: өзін өзі бағалау




Оқушылар түстер бойынша топтасады


Оқушылар өткен тақырып бойынша кестені интерактивті тақтада толтырады .

Оқушылар бағалау парақшаларындағы критерийлер арқылы бағаланады


4 минут




6 минут

2 минут

ІІ Тұсау кесер

1 «Сыйымдылық дегенімізді қалай түсінесің? Конденсаторлар дегеніміз не?» деген сұрақтарға жауап іздейді.

Мақсатын оқушылар арқылы ашып алу

Оқушылар өзара талқылайды.


2.Мәнмәтінмен жұмыс оқушылар оқулықтағы мәтінмен танысып жұмыс жасайды.

Критерийді оқушылармен айқындау

1 Тақырыптың ашылуы

2Оқушылардың тың идеялары

3 Көркемдігі



Постер қорғау



«Сергіту сәті»


Оқушылар бірлесіп өздерінің тың идеяларын схема немесе суреттермен постерге салып топ баяндамашысы қорғайды





Әр топ бірін - бірі топтың жасаған жұмыс алгоритміне орай бағалайды.

Түстер бойынша жағымды психологиялық ахуал қалыптастыру



5 минут




5 минут





5 минут







8 минут

ІҮ. Негізгі бөлім. Оқулықпен жұмыс

1-жаттығу Өткізгіштердің әрқайсысында 10 мкКл заряд бар.Олардың арасындағы потенциалдар айырымы 5 В. Жүйенің сыйымдылығы қандай?


2-жаттығу

І топ Сыйымдылығы С1=1 мкФ, С2=2 мкФ, С3=3 мкФ болатын үш конденсатор бар.Олардан қандай ең максималь сыйымдылық алуға болады?

ІІ топ. Конденсатор ауданы 200 см2-ге тең екі пластинадан тұрады. Ол пластиналардың арасында қалыңдығы 0,1см болатын слюда бар. Конденсатор сыйымдылығын табу керек?

ІІІ топ Сыйымдылықтары бірдей (С1= С2=2 мкФ) екі конденсатор бір біріне тізбектей жалғанған. Осы конденсаторлар батареясын 100 В-қа дейін зарядтау үшін қанша заряд керек?


3-жаттығу Мына кестені дәтерге көшіріп, толтырып жазыңдар

Сыйымдылық ( шаманың белгіленуі,оны есептеуге арналған формуласы, анықтамасы, өлшем бірлігі)

Кім жылдам топтық жұмыс

Ондық еселік пен бірлік үлестерді түрлендіретін жалғаулар. Критерий бойынша бағалау



Оқушылар топтық жұмыс жасай отырып, ақпараттармен өзара алмасады.







Критерий бойынша баға қойылады


















Бұл тапсырманы ІІІ топ жарысып жазады, қай топ бірінші бітірсе сол топ жеңіске жетеді.

5 минут

Қорытынды. Рефлексия


1.Бүгінгі сабақта сіз үшін не аса маңызды болды?

2. Бүгін оқығаныңыз басқа сабақтармен немесе мектептен тыс өмірмен қалай байланысты?

Сабақты қорыту, бағаларды хабарлау


Сабақтан алған әсерлері жайында айтады.

Үйге тапсырма 2 минут

78- жаттығу

І . Өз бетінше шығаруға арналған есептер Б.С. Арызханов (118- бет)





© 2010-2022