Физика пәнінен сабақ жоспары

7 класс. Физика.  Сабақтың тақырыбы:  Күш. Сабақтың мақсаты: 1.білімділік: өткен тақырыптарды қайталап, жүйелеп және бекіте отырып, «күш» ұғымымен таныстыру, бірнеше мысалдар келтіре отырып «күштің анықтамасын» оқушылармен біріге отырып ашу, физикалық құбылыстың жүру процесін көрнекі түрде оқушыларға жеткізу; 2.дамытушылық: қоршаған ортадағы түрлі құбылыстарды түсіну үшін сандық, сапалық тапсырмалар беру арқылы оқушылардың білімдерін, ой-өрістерін қалыптастыру, дамыту; 3.тәрбиелік: пәнге қызығушылығын арттыра отырып, өзіндік ой қорытуға, байқампаздыққа, мақсат қоя білуге баулу, Отанын сүюге тәрбиелеу; Сабақтың көрнекілігі: компьютер, видеопроектор, интерактивті тақта, слайдтар, «Архимед шелегі», асықтар, қоржын, арба, серіппе, алма ағашы мен алмалардың суреттері, түрлі-түсті жетондар, шелектер, әр түрлі тапсырмалар. Сабақтың әдісі: проблемалық жағдай тудыра отырып, әңгіме, баяндау Сабақтың типі: жаңа білімді қалыптастыру. Пәнаралық байланыс:дене тәрбиесі, әдебиет, тарих
Раздел Физика
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

7 класс. Физика.

Сабақтың тақырыбы: Күш.

Сабақтың мақсаты:

1.білімділік: өткен тақырыптарды қайталап, жүйелеп және бекіте отырып, «күш» ұғымымен

таныстыру, бірнеше мысалдар келтіре отырып «күштің анықтамасын» оқушылармен біріге отырып ашу, физикалық құбылыстың жүру процесін көрнекі түрде оқушыларға жеткізу;

2.дамытушылық: қоршаған ортадағы түрлі құбылыстарды түсіну үшін сандық, сапалық

тапсырмалар беру арқылы оқушылардың білімдерін, ой-өрістерін қалыптастыру, дамыту;

3.тәрбиелік: пәнге қызығушылығын арттыра отырып, өзіндік ой қорытуға, байқампаздыққа, мақсат қоя білуге баулу, Отанын сүюге тәрбиелеу;

Сабақтың көрнекілігі: компьютер, видеопроектор, интерактивті тақта, слайдтар, «Архимед шелегі», асықтар, қоржын, арба, серіппе, алма ағашы мен алмалардың суреттері, түрлі-түсті жетондар, шелектер, әр түрлі тапсырмалар.

Сабақтың әдісі: проблемалық жағдай тудыра отырып, әңгіме, баяндау

Сабақтың типі: жаңа білімді қалыптастыру.

Пәнаралық байланыс:дене тәрбиесі, әдебиет, тарих

Сабақтың жүрісі: І. Ұйымдастыру

1.оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру;

2. оқушыларды түгендеу;

3. сынып оқушыларын үш қатарға байланысты үш топқа бөлу;

4. оқушылардың назарын сабақ барысында білім алуға бағыттап, бірыңғай талап қою.

ІІ. Білімді тиянақтау (үй тапсырмасын тексеру)

1. «Сиқырлы шаршы» ойыны (өтілген физикалық шамаларды өлшем бірліктерімен қоса айту)

2. «Алма таңдау» ойыны (есептер шығару)-магнит тақтадағы алма ағашында өсіп тұрған алмаларды таңдап, келесі бетінде берілген есептерді жылдам шығару, жауап реті бойынша шелекке салу.

Шелекті бірінші тапсырған оқушы жеңімпаз болып саналады.

Қызыл алмадағы есеп шарты: Массасы 59 г картоптың көлемі 50 см³

Картоптың тығыздығын анықтап,

оны куб метрдегі килограммен (кг/м³)

өрнектеңдер. (жауабы: 1180 кг/м³)

Қызғылт алмадағы есептің шарты: Көлемі 1 л өсімдік майының массасы

920 г. Майдың тығыздығын табыңдар,оны куб метрдегі килограммен (кг/м³)өрнектеңдер. (жауабы: 920 кг/м³)

Сары алмадағы есептің шарты: Массасы 35 кг бензин құю үшін

сыйымдылығы қандай ыдыс алу керек?

Жасыл алмадағы есептің шарты: Ұзындығы 9 см, ені 55 см, қалыңдығы 40 см дененің массасы 40 кг.

Дененің тығыздығын анықтаңдар. (жауабы: 200 кг/м³)

3. «Кім жылдам?» ойыны. Қоржыннан асық суыра отырып, бірліктерге есеп шығару.

№1 асық: а) 1кг=……….г

25 г=……….кг

4,5 т=………кг

ә) Жездің тығыздығы 8500 кг/м³

Осыны г/см³-пен өрнекте.

№2 асық: а) 100л =……….м³

1 см³ =……….м³

49 кг =………т

ә) Парафиннің тығыздығы 0,9 г/см³

. Осыны кг/м³-пен өрнекте.

№3 асық: а) 7 т =……….кг 270 г=……….кг1 м³ =………см³

ә) Шойынның тығыздығы 7000 кг/м³

Осыны г/см³-пен өрнекте.

ІІІ. Жаңа тақырыпты ашу.

а) Кіріспе әңгімені «дененің m массасы артса, онда υ жылдамдығы кемитіндігін» еске түсіруден

бастап, өтілген тақырыптарға шолу жасау. Келесі кезекте оқушылардың назарын денелердің өзара

әсерлесуіне емес, қарастырылып отырған дененің жылдамдығын қандай дене өзгертіп отырғанына

аударта отырып, тағы да бірнеше мысалдарға тоқталу:

1. арбаны қолмен итере отырып, «неліктен арба жылдамдығы өзгерді?» деген сұрақ қою,

оқушылардың жауабын толықтыру;

2.допты оқушыларға лақтыра отырып, бұл құбылыстан не түсінгендігін сұрау: неліктен?

«Неліктен?» деген сұрақтың мәніне тоқталу, осы негізде «күш» ұғымын енгізу, анықтамасын шығарып алу, оның мәнін ашу.

б) Күштің физикалық шама екендігін, оның сан мәнін өлшеуге болатындығын көрсету, «Архимед

шелегі» мен серіппені ала отырып, дене орын ауыстыру үшін оған біршама күшпен әсер ету керек

екендігін анықтау. Денеге қандай жағдайда күштің көп жұмсалатындығын қалай білуге

болатындығын сұрау: «денені орнынан қозғағанда ма, жоғары көтергенде ме, әлде арбамен

қозғағанда ма?» Оқушылар серіппенің созылу шамасына қарап, күш туралы айта алады.

«Екі дененің қайсысын қозғау оңай, егер жүкті арбаға салса, түсірілетін күш өзгере ме?»

деген сұрақтар қоя отырып, оларға қозғау салу.Бұл әдіс оқушылардың «күш» ұғымына

ықылас қоюына көмектеседі, күш пен серпімді денелердің деформациясын байланыстыруға

мүмкіндік береді, динамометрдің құрылысын түсіндіруге дайындайды.

в) Сызбада күшті ұшында бағыты көрсетілген түзу кесінді түрінде берілетіндігін слайд бойынша

түсіндіріп, күштің сандық мәні мен бағыты туралы айта келіп, оның белгіленуімен және өлшем

бірліктерімен таныстыру;

г) Күштің табиғатта кездесетін кейбір түрлеріне шолу жасап, алдағы уақытта олармен жеке-жеке

танысатындығымызды ескертіп өту:

д) «Күш» сөзіне әдеби балама ретінде «бірлік», «ынтымақтық» деген ұғым тұрғысында қарай отырып, оқушыларға «күш» сөзін қолданып мақал-мәтелдерді айтқызу, егеменді еліміздің ынтымақтастығы мен ауызбіршілігіне басты әсер етуші күш екендігін, оның жемісі -бүгінгі Тәуелсіздігіміздің 20 жылдық мерейтойы болып отырғандығын әңгімелету.

20 жыл болды Тәуелсіздік төрімде,

Бақыт құсы самғай ұшты көгімде.

Қиындықтың қандайын-да өткердік,

Жарқын біздің бал жүзіміз бүгінде...-деп, Төле бидің бірлік туралы әңгімесін айту, сынып

оқушылары арасындағы ұйымшылдық, ауызбіршілік туралы әңгімелеу.

- Оқушылар, Тәуелсіз Қазақстанымыздың жарқын болашағы сендердің қолдарыңда, оған сендер үлгілім оқуларыңмен, сапалы білім және саналы тәртіптеріңмен үлес қоса аласыңдар,-дей келіп, оқушыларға бата-тілек беру:

Оқуда зейінді бол!

Еңбекке бейімді бол!

Күштерің біріккен,

Тек жеңіске жететін

Ынтымағы жарасқан,

Топ жаратын сынып бол!

ТЕҢ ӘСЕРЛІ КҮШІҮ. Тірексызбаны тақтаға іліп, тақырыпты шапшаң қайталап шығу

Ү. Жаңа сабақты бекіту

1.Ребус шешу

(жауабы: күш-физикалық шама)

2. Тест тапсырмаларын орындату

1. Күш дегеніміз ................

А) дененің көлем бірлігіндегі массасына тең шама

В) денелердің өзара әрекеттесуін сипаттайтын шама

С) қашықтыққа байланысты уақыттың өзгерісіне тең шама

2. Күшті қандай әріппен белгілейді?

А) m В) t С) F

3. Күш бірлігі ретінде ....... қабылданған.

А) килограмм

В) Ньютон

С) метр

4. Күш сызбада қалай кескінделеді?

А) ұшында бағыты көрсетілген түзу кесінді

В) бөліктерге бөлінген шеңбер

С) пирамида тәрізді

5. 1,5 кН=……Н

А) 0,015 Н В) 15 Н С) 1500 Н

6. Бірдей екі дене өзара әсерлескенде төмендегі физикалық шамалардың қайсысы өзгереді?

А) жылдамдық В) масса С) тығыздығы

7. Қандай күш 1 Н-ға тең?

А) тыныштық күйдегі массасы 1 кг денеге 1 с ішінде 1м/с жылдамдық беретін күш

В) массасы 1 кг дененің көлемін 1 м3

-ке өзгертетін шама

С) бірлік уақыт ішіндегі орын ауыстырудың сол уақытта қатынасына тең шама

ҮІ. Сабақты қорытындылап, оқушыларды бағалау.

(Оқушылар жинаған жетон сандары мен түстеріне байланысты бағаланады)

ҮІІ. Үйге тапсырма §33. Тірексызба







9 класс.Физика.

Сабақтың тақырыбы: Дененің импульсі. Импульстің сақталу заңы.

Сабақтың мақсаты:

1.білімділік: Оқушыларға күш импульсі, дене импульсі, қозғалыс мөлшері жөнінде түсініктер беру. Импульстің механикадағы рольін және оның түрлерінің өзара әсерлесу уақытына байланыстылығын сонымен қатар тұрмыста, практиаада қолданатындығын түсіндіру.

2.дамытушылық: Импульстің заңдарының басқа заңдардан айырмашылықтарын салыстыра білу қабілеттерін дамыту. Импульстің сақталу заңдарын пайдаланып, физиканың айла тәсілдерін қолдана білуге дағдыландыру.

3.тәрбиелік Импульстің заңдарын пайдаланып, еліміздің жаңа техникаларын игеруге деген құштарлықтарын арттыру және мамандыққа бағдарлау.

Сабақтың көрнекілігі: компьютер, интерактивті тақта, слайдтар, тұрақты магнит, болат

шар,су құйылған стақан, картон парақ, қағаздан жасалған шығыршықтар,таяқша-2дана.

Сабақтың типі: Аралас сабақ.. Жаңа тақырыпты түсіндіру

Сабақтың әдісі: проблемалық жағдай тудыра отырып, көрнекіліктерді қолдана отырып,

әңгіме түрінде жаңа тақырыпты түсіндіру түсіндіру.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

1. оқушылардың сабаққа қатысуын түгендеу,

2. назарларын сабаққа аудару, сабақ мақсатымен таныстыру.

ІІ. Үй тапсырмасы бойынша оқушылардың білім-білік дағдыларын тексеру:

1. Механика нені зерттейді?

2. Механикалық қозғалыс деп қандай қоғалысты айтады?

3. Механика қандай бөлімдерден тұрады?

4. Кинематика нені оқытады?

5. Динамика нені оқытады?

6. Статика нені оқытады?

7. Динамиканың негізгі заңдарын ашқан ағылшын ғалымы ...

8. Қандай заңдары бар?

9. Күш нені сипаттайды?

10. Қандай түрлері бар?

ІІІ. Үй --тапсырмасын бекіту

Физика бөлімдері сан-салалы

Білеміз Ньютондай ер дананы

«Механика» бөлімі бұл ғылымның,

Бір өзі қозғалысқа арналады.

Ғылымға әркімнің де таласы бар,

Зерттеуші физик, ғалым данасы бар.

«Кинематика», «Динамика», «Статика» атты,

Үш түрлі «Механика» саласы бар!

Қозғалыстың әрбір түрін қамтыған,

«Кинематика» атың мәлім жалпыға.

Анықтайтын қозғалыстың себебін,Қанықпыз ғой «Динамика» атына.

Тепе-теңдік ұғымдарын түрлеткен,

«Статика» бұл саланы үйреткен.

Қозғалыстың сырын ашқан әлемге,

«Механика» құдіреттісің сен неткен!

ІҮ. Жаңа сабақты түсінуге ой тастау

1.Үлкен жылдамдықпен келе жатқан допты футболшы аяқпен немесе баспен тоқтатады.

Өте жай жылдамдықпен қозғалып келе жатқан вагонды адам тоқтата алмайды.

2. Массасы 9 грамм 5 м/с жылдамдықпен ұшқан оқты жұқа картон қағазбен тоқтатуға

болады. Ал осы оқ винтопкадан 800 м/с жылдамдықпен ұшса оны өте қалың тақтайда

тоқтата алмайды

Ү. Жаңа тақырыпты түсіндіру.

1. «Импульс» гректің impulses деген сөзінен шыққан, оның сөбе сөз аудармасы «соққы»

дегенді білдіреді. Бұл термин механикада екі шаманы: күш импульсі мен дене импульсін

білдіреді.

Дене импульсі дененің массасы мен оның қозғалыс жылдамдығының көбейтіндісіне тең

болатын физикалық шама

Р дене импульсінің ХБ (СИ) жүйесіндегі өлшем бірлігі секундына килограмм метр [кг · м/с]

Масса - скалярлық шама, ал жылдамдық векторлық шама.

Дене импульсінің векторының бағытыда жылдамдық векторының бағытымен сәйкес келетін

векторлық шама.

2. Күш импульсі мен дене импульсі арасындағы байланыс. Дене қандайда бір 0

бастапқы жылдамдықпен қозғалып келе жатсын дейік.

Белгілі бір уақыт ішінде дененің қоғалыс бағытында оған түсірілген тұрақты күштің

әрекетінен оның жылдамдығы . Егер үдеу жылдамдығының өзгерушапшаңдығын сипттайтынын ескерсек, онда Ньютонның екінші заңын өрнектейтін формуласын немесе түрінде жазуға болады.

Дене импульсінің өзгерісі күш импульсіне тең.

3. Күш импульсі күш пен оның әрекет ету уақытының ( көбейтіндісіне тең.

күш импульсінің ХБ (СИ) жүйесіндегі өлшем бірлігі- Ньюто секунд [Н· с]

Күш импульсі бағыты күш векторының бағытымен сәйкес келетін векторлық шама.

Күш импульсіне демонстрациялық тәжірибелер.

1. Горизанталь бетке болат шар қойылған. Оның үстімен тұрақты магнитті жылдам

өткізейік.Тәжірибені қайталап, магнитті шардың үстімен жайлап қозғайық, сонда шар магнитпен

ілесе бірге жүреді.

2. Үстелде жатқан бір парақ қағазға суы бар стакан қойылған. Егер сол қағазды жайлап

тартсақ, онда стакан қағазбен бірге қозғалады. Ал егер қаттырақ тартып қалсақ, онда қағаз сусып

шығады.

3. Таяқшаның екі ұшына қағаздан жасалған екі шығыршық ілінген.Таяқшаны екінші таяқшамен

ұрғанда таяқша сынады да, шығыршық сол күйінде қалады. Неге?

Тәжірибе себебін түсіндіру.

4. Импульстің сақталу заңы.Тұйық жүйе дегеніміз сыртқы күштер әрекет етпеген жағдайда жүйеге енетін денелер бір-бірімен ішкі күштер арқылы ғана әрекеттесетін жүйе.

Мысал: және жылдамдықпен бір-біріне қарама-қарсы бағытта қозғалып келе жатқан массалары m1 және m2 екі шардың өзара әрекеттесуін қарастырайық. Ньютонның ІІІ

заңы бойынша олар былай байланысады:

Соқтығысқанға дейін

Соқтығысқанға кейін

Тұйық жүйедегі өзара әрекеттесетін денелер импульстардың қосындысы өзгермейді

(сақталады).

5. Импульстің тұрмыста, техникада қолданылуы.

VІ. Жаңа сабақ бойынша бекіту сұрақтары.

1.Дене импульсі деп ......................................................

2.Дене импульсінің формуласы.......................

3.Өлшем бірлігі.....................

4.Бағыты ..................................бағытымен бағытталады.

5."Импульс" ұғымын енгізген француз ғалымы.........................

6.Күш импульсі деп...........................................................

7.Егер күш пен оның әрекет ету уақыты белгілі болса, дененің алатын күш импульсі

.....................................

8.Күш импульсінің өлшем бірлігі...................................

9.Күш импульсінің векторының бағыты .................

бағытымен сәйкес келеді.

10."Дене импульсі", "Күш импульсі" ұғымдарын пайдалана отырып, Ньютонның 2-ші заңын

тұжырымда.............................

11.Тұйық жүйе дегеніміз не?

12.Импульстің сақталу заңының тұжырымдамасы......................

13.Формуласы:.....................

VІІ. Есептер шығару.

17-жаттығу

№1. 6 км/сағ жылдамдықпен жүгіріп келе жатқан массасы 60 кг адамның импульсі қандай?

Бер: 1,6 м/с 60кг 96 кг м/сТ/к:

3. Массасы 50 кг бала 5 м/с жылдамдықпен жүгіріп келе жатып,2 м/с жылдамдықпен келе

жатқан массасы 100 кг арбаның үстінде қарғып мінді.Осыдан кейін арба қандай

жылдамдықпен қозғалады?

4. Массасы 5кг денеге 10 Н күш 2 с бойы әсер етеді. Дененің күш әсерінен кейінгі

импульсін анықтау керек. Дененің бастапқы жылдамдығы 3 м/с.

VІІІ. Тест тапсырмаларын орындау.

1.Дене импульсінің формуласы

А ) B) C)

2. Күш импульсі деп

А) Күш пен әсер ету уақытының көбейтіндісіВ) Күш пен жылдамдықтың көбейтіндісі

С) Дене массасы мен жылдамдығының көбейтіндісі

3. Импульстің сақталу заңының формуласы

A) B) C)

4. Күш импульсінің өлшем бірлігі

A) H・c B) H・м C) Н/с

5. Өзара әсерлесетін денелер жүйесі үшін импульстің сақталу заңы қандай жағдайда

орындалады?

А) құйынды өріс В) тұйықталмаған С) тұйықталған

6. Дене импульсінің өлшем бірлігі

А) кг・м В) кг・м/с С) кг・м/с

7. Денеге 10 с бойы 5 Н күш әсер етеді. Күш импульсін табыңдар.

А)50 Н с В)5 Н с С) 0,5 Н с

8. Күш импульсі мен дене импульсінің арасындағы байланыс қандай?

А) B) C)

9.Массасы 10 кг дененің импульсі 50 кг м/с болғандағы дененің жылдамдығын табыңдар

А) 4 м/с В) 5 м/с С) 3,5 м/с

10. Импульс терминін білдіретін шамалар

А) Күш импульсі және дене импульсі В) Дененің жылдамдығы С) Дененің массасы.

Дұрыс жауаптар: 1.В, 2.А, 3.В, 4.А, 5.С, 6.В, 7.А, 8.C , 9.В, 10.А.

ІХ. Үйге тапсырма: § 19, §20. 17-жаттығу(2)

Х. Бағалау



10 класс. Физика.

Сабақтың тақырыбы: Электрсыйымдылық. Конденсаторлардың құрылысы және түрлері.

Сабақтың мақсаты: Конденсаторлардың жұмысы құрылысы, жұмысы туралы ілімді меңгеру.

Міндеті :

1.Білімділік, механикалық энергияның негізгі ұғымдарын қалыптастыру,толық механикалық энергияның

сақталу заңы механикалық қозғалыстың жоғалуының мүмкін еместігін білдіретіндігін атап көрсету.

2.Дамытушылық,оқушыларға дәлелдеуді мәліметтер негізінде өрістету, ойлау қабілеттерін жетілдіру.

3.Тәрбиелік, ғылыми көзқарасын қалыптастыру, оқушыларды ұжымдыққа,шапшаңдыққа тәрбиелеу.

Оқытудың нәтижелері:

Жаңа тақырып жөнінде түсінік қалыптасады.

Берілген тақырыптың мағынасы мен мазмұнын түсінеді

Өз пікірін жеткізу арқылы берілген тапсырманы орындай алады.

Оқушы өз ойын еркін түрде жеткізе және талдай алады.

Кейбір оқушылар топтың көмегімен берілген тапсырманы орындайды.

Қамтылатын модульдер

Блум таксономиясы.

1-модуль оқыту мен оқудағы жаңа тәсіл (топтық жұмыс),

2-модуль сыни тұрғыдан ойлауға үйрету (миға шабуыл),

3-модуль -бағалау,

4-модуль-АКТ пайдалану (электрондық оқулық),

7 модуль-көшбасшылық (топты басқару және барлық сабақтарда белсенділікпен қатысып отыру)

Қадамдар:

Үй тапсырмасын тексер

Топпен жұмыс

рефлексия

Сабақ барысы:

Мұғалімнің іс-әрекеті:

Ұйымдастыру

1.Оқушының зейінін сабаққа аудару

2.Топқа бөлу, ережесімен таныстыру, топбасшы тағайындау.

3.Оқушының іс-әрекеті

4.Сары,көк,қызыл,жасыл түстер арқылы топқа бөліну, топ басшыларын таңдау, ережемен танысу.

(3 мин)

Үй тапсырмасын тексеру

I. Сипатта.

Тапсырма бойынша постер дайындау (8 мин)

1- топ.Электростатика.Электрлеу.Зарядтардың сақталу заңы

2- топ.Электр өрісінің кернеулігі.Күш сызықтары.Біртекті өріс

3-топ.Электр өрісі.Электр өрісінің негізгі қасиеттері қандай?

4-топ.Кулон заңын тұжырымда.Кулон заңы қалай ашылды?

II. Баянда. Жигсо әдісі бойынша§ 8.4 тақырыпты оқып,талдау. (8 мин)

III. Зертте.

Есептер шығару. (10 мин)

7 жаттығу-5. 15 жаттығу-7

IV. Талдау. АКТ пайдалану электрондық оқулықты пайдаланып бейне көрсетілім

қарау.Сұрақтарға жауап беру. (6 мин)V. Синтез. Төменде аталған ғалымдардың осы тарауға қатысты қандай еңбектерін білесіңдер. (5 мин)

1.Дж.Томсон 2.У.Гельберт

3.Б.Франклин 4.Ш.Кулон

Рефлексия."Білім ағашы"(3 мин)

VI. Бағалау . Өзін-өзі бағалау, формативті бағалау, жиынтық бағалау.( 2 мин)

Үйге тапсырма. § 8.4 .15 жаттығудың 1,4

© 2010-2022