Энергия

Сынып 10 «А» физика Күні Сабақтың тақырыбы Энергия және жұмыс. Энергияның сақталу заңы Сілтеме Мұғалімге арналған нұсқаулық Жалпы мақсаттары Оқушыларға энергия,жұмыс және энергияның сақталу заңына түсінік беру. Алған ториялық білімдерін практикада шыңдау және есептер шығаруда формуларарды іскерлікпен қоладана білуге үйрету.Оқушылардың ойлау , есте сақтау қабілеттерін дамыту. Пәнге деген қызығушылықтарын аттыру, өз ойын еркінжеткізе білу дағдысын қалыптастыру. Оқу нәтижес...
Раздел Физика
Класс 10 класс
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сынып

10 «А» физика

Күні

9.12.13

Сабақтың тақырыбы

Энергия және жұмыс. Энергияның сақталу заңы

Сілтеме

Мұғалімге арналған нұсқаулық

Жалпы мақсаттары

Оқушыларға энергия,жұмыс және энергияның сақталу заңына түсінік беру. Алған ториялық білімдерін практикада шыңдау және есептер шығаруда формуларарды іскерлікпен қоладана білуге үйрету.Оқушылардың ойлау , есте сақтау қабілеттерін дамыту. Пәнге деген қызығушылықтарын аттыру, өз ойын еркін жеткізе білу дағдысын қалыптастыру.

Оқу нәтижесі

Оқушылар энергия және жұмысқа байланысты есептер шығара біледі.Өзін - өзі басқаруы қалыптасады. Алған теориялық білімдерін техникада және тұрмыста пайдалана біледі.Өз ойларын еркін жеткізе алады.

Түйінді идеялар

Өз-өзіне сын тұрғысынан қарай білу дағдысын қалыптастыру. энергияны өмірмен байланыстыру.Оқушылардың оқуға деген ынтасын ояту арқылы білім алу сапасын арттыруға ықпал ету.

Тапсырмалар

І. Ұйымдастыру кезеңі: сыныптағы психологиялық ахуалды реттеу. Оқушыларға тілек жібін беру.

1. Сәлемдесу;

2. Оқушыларды түгендеу;

3. Сынып бөлмесінің тазалығын тексеру;

4. Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру (жұмыс орны, отырыстары, сыртқы түрлері);

5. Оқушылардың назарын сабаққа аудару.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

3

3

3

4

4

4

5

5

5

3- Механика неше бөлімнен тұрады.

3- Дене импульсі герек тілінен аударғанда қандай мағына береді.

3- Дене импульсінің өлшем бірлігі.

4- Дене импульсі дегеніміз не? Формуласы?

4- Ньютонның неше заңын бар? Заңын ашылуына себеп болғанн не?

4- Импульстің сақталу заңын тұжырымда?

5- Ньютонның екінші заңы?

5- Күш импульсі дененіміз не?

5- Аса қажет өмірге халық үшін

Пайдаланатын күн сайын жарық үшін. (энергия)

ІІІ. Мыйға шабуыл. Слайд Суреттер тұрады.

Физика ғылым тұғыры,

Таласы жоқ бұл күнде.

Физикасыз айтшы сен,

Түсіндіру мүмкін бе?

Телидидар көруін,

Интернеттегі шеруің

Көтергіш кран жұмысын

Шеге қаға білуің.

Аспанда ұшқан ұшақтың

Нанды кескен пышақтың,

Қозғалысын зерделеу

Шабыстағы пырақтың.

Электр шамын жануын

Мұнайды жерден алудың

Заңдары қандай болады

Ғимаратты салудың.

Жере жүрудің өзі де

Айдың жақындауын көзіңе

Айшықтайды қай ғалым

Жүр бала соны сезіне.

Жету үшін табысқа

Ұшу үшін алысқа

Білу керек достарым.

Энергияның заңын да.

V.Жаңа сабақты түсіндіру. Электронды оқулық пен түсіндіру.

1. Энергия-скалярлық, механикалық жұмыс жасай алу қабілеті бар физикалық шама.

2. Кинетикалық энергия-қозғалып келе жатқан дене энергиясы.

3. Потенциялық энергия-денелердің өзара әрекеттесуіне немесе дене бөлшектерінің өзара орналасуына байланысты болатын энергия.

4. Жұмыс пен энергия арасындағы байланыс.

5. Дененің толық механикалық энергиясы.

6. Толық механикалық энергияның сақталу заңы.

7. Энергияның сақталу және айналу заңына сүйеніп жұмыстың физикалық мәнін түсіну.

Сыныпты топқа бөлу: машиналармен бөлу.

VІ. Постермен жұмыс. Оны қорғау.

Критерий

  1. Суретті салу техникасы

  2. Топтың ынтымақтастығы

  3. Тақырыптың мазмұнының ашылуы.

VІІ. Дарынды оқушының жұмысы. Куат баяндама оқиды.

VІІІ. Сергіту сәті.

ІХ. Жаңа сабақты бекіту.

1. Серіппенің қатаңдығы 2500 Н/м. Серіппе 10см-ге сығылса, оның энергиясының шамасы қандай болады?

2. Массасы 1000 т, жылдамдығы 54 км/сағ пойыздың кинетикалық энергиясын есептеңдер

3.7м биіктіктен еркін түсіп келе жатқан, массасы 500 г доптың Жер бетінен 5 м биіктіктегі кинетикалық энергиясын анықтаңдар.

4.Массасы 20г, тік жоғары қарай 20м/с жылдамдықпен атылған жебенің 15м биіктіктегі потенциялық энергиясы мен кинетикалық энергиясының мәндері қандай болады?

Х.Үлестірмелі қағазбен жұмыс.

№1. Ньютонның екінші заңы.

№2. Бүкіләлемдік тартылыс заңы.

№3. Дене импульсі дегеніміз не?

№4. Массасы 300г допты 40м/с жылдамдықпен лақтырған кездегі кинетикалық энергиясы неге тең?

Сабақты қорытындылау.

Эссе жазғызу. Шам жағып қою.

Үй тапсырмасын беру:

§15,16 . 13,14 -жаттығу.

Рефлексия

Оқушылардан ашық хат алу.

Бағалау

Оқушылар бағалау парығына өз бағаларын қояды.





© 2010-2022