Радиактивті сәулелену (9 класс)

Раздел Физика
Класс 9 класс
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Тақырыбы: Радиактивті сәулелердің пайда болу табиғаты.(9-сынып)

Радиактивті сәулелену (9 класс)

Қансұлтанова Құралай Бұзаубаққызы

Батыс Қазақстан облысы Сырым ауданы

Жалпы білім беретін Бұлдырты орта мектебінің

бірінші біліктілік санатты, III деңгейлік

және PIZA бағдарламасы бойынша

сертификатталған физика пәні мұғалімі.

Мақсаты: 1.Білімділік : Радиактивті құбылыс, радиоактивті сәулелер табиғаты, экологиялық мәселелері туралы түсінік беріп, ыдырау өрнектері қалай жазылады және осы өрнектерді қолдана отырып, есептер шығару қабілеттерін қалыптастыру.

2.Дамытушылық: Радиактивті сәулелер табиғатын танып, оқушылардың танымдық қызығушылық арттыра отырып, практикалық ситуацияларда жедел шешім қабылдай білуге үйрету.

3. Тәрбиелік: Күнделікті өмірмен байланыстыра отырып, физикадан алған білімдерін терең меңгерту, оқушылардың экологиялық білімін, радиоактивті сәулелерге деген көзқарасын қалыптастыру.

Қолданылған көрнекіліктер: Техникалық құралдар: компьютер, слайдтар, ведиопроектор, документ-камера, таблицалар, тест тапсырмалары.

Сабақтың барысы. Жасымда ғылым бар деп ескермедім,

Пайдасын көре тұра тексермедім.

Ер жеткен соң түспеді уысыма,

Қолымды мезгілінен кеш сермедім.

Деп, Абай атамыз айтқандай, уақытында радиоактивтілік туралы түсінік, сырына терең үңілмесек, ертең кеш қалып, түсінбей, зардабын шегіп жүрмейік.

Жаңа сабақты түсіндіру. 1.Радиактивті құбылыс дегеніміз не? Радиактивті сәуле шығарудың табиғаты қандай? Жалпы экологиялық проблема.

Радиактивтік ыдырау-атом ядроларының әр түрлі бөлшектер шығара отырып, өздігінен түрленуі. Радиактивті құбылыс альфа-, бета- және гамма-сәуле шығару, яғни Радиактивті сәулелену (9 класс)-сәулеленуі гелий атомдары ядроларының ағыны, Радиактивті сәулелену (9 класс)-сәулеленуі өте жылдам электрондардың ағыны, ал Радиактивті сәулелену (9 класс)-сәулелену электромагниттік толқын. Радиактивтілікті айтқанда, Мария Склодовская-Кюри және оның ері Пьер Кюриді айтпай кете алмаймыз (қысқаша өмірбаяны туралы айтып кету).

Мария Склодовская Пьер Кюри

Радиактивті сәулелену (9 класс)Радиактивті сәулелену (9 класс)

2. Радиактивті сәуле шығарудың құрамы күрделі екенін аңғаруға мүмкіндік берген классикалық тәжірибе. Магнит өрісі жоқ кезде айқындалғаннан кейін фотопластинада өзекшенің дәл қарсысынан қара дақ байқалды. Ал магнит өрісінде бұл шоқ үш топқа бөлінген. Бастапқы ағынның екі құраушысы қарама-қарсы жаққа ауытқыған. Бұл оларда қарама-қарсы таңбалы электр зарядтары бар екенін көрсетті. Сәуле шығарудың оң құраушысы-альфа-сәулелер, теріс зарядталғаны -бета- сәулелер және бейтарабы-гамма-сәулелер. Сәулелердің үш түрінің бір-бірінен айырмашылығы өтімділік қабілеті, өтімділік қабілеті ең азы-альфа сәулелер. Радиактивті сәулелену (9 класс)

α-ыдырау β-ыдырау γ-ыдырау

Радиактивті сәулелену (9 класс)Радиактивті сәулелену (9 класс)Радиактивті сәулелену (9 класс)

Олар қалыңдығы 0,1мм қағаздан өте алмайды. Зат арқылы бета сәулелер өткенде олар анағұрлым аз жұтылады, қалыңдығы бірнеше мм алюминий пластина ғана оларды түгелімен өткізбейді. Ең күшті өтімділік қабілеті бар гамма сәулелер, олар бірнеше метр бетон қабаттарынан еркін өте алады.

Радиактивті сәулелену (9 класс)

3. Ядролар ыдырағанда мына екі заң үнемі сақталады:

1) ыдырайтын ядроның зарядтық саны ыдырауда пайда болған бөлшектердің зарядтық сандарының қосындысына тең (зарядтық санның сақталу заңы);

2) ыдырайтын ядроның массалық саны ыдырауда пайда болған бөлшектердің массалық сандарының қосындысына тең (массалық санның сақталу заңы)

.

Альфа-ыдырауда ядро 2е оң зарядын жоғалтады және массасы шамамен атомдық массаның төрт бірлігіне кемиді. Осының нәтижесінде элемент периодтық жүйенің бас жағына қарай екі тор көзге ығысады.

Радиактивті сәулелену (9 класс)

Бета-ыдырауы кезінде ядродан электрон ұшып шығады. Мұнын нәтижесінде ядроның заряды бір бірлікке артады да, массасы өзгермей қалады.

Радиактивті сәулелену (9 класс)

Гамма-сәуле шығару зарядты өзгертпейді, ядроның массасы болмашы өзгереді.

4. Радиоактивті сәулелердің экологиялық мәселері.

Радиоэкология үшін организмді сәуле тиюден қорғау шараларын іздестіру, радиациядан зақымданған организмді емдеу, айналаны қоршаған сыртқы ортадағы радиация мөлшері артуының адамзат баласына қауіптілігін болжау иондалатын сәулеленуді медицинада, биологияда, ауыл шаруашылығында пайдаланудың жаңа жолдарын іздестіру маңызды міндеттер болды. Экологиялық зардаптардың көзін тауып, себеп-салдарын ашып, оларды үнемі сауықтырып отыру- Қазақстандықтардың алдында тұрған зор міндет.

5. Жаңа сабақты бекіту. Тест тапсырмаларын шығару.

1.β-сәуле шығару дегеніміз не?( электрондардың ағыны)

2.Литий ядросының құрамында 3 протон және 4 нейтрон болса, электрон саны қанша болды ?

(3 протон)

3. β -ыдырау нәтижесінде пайда болған химиялық элементтің реттік саны неге тең? (ядроның заряды бір бірлікке артады)

4.Ядроның α-ыдырау нәтижесінде химиялық элементтің реттік номері қандай болады?( элемент периодтық жүйенің бас жағына қарай екі тор көзге ығысады)

5.Элемент α-ыдырау нәтижесінде пайда болатын У элементінің массалық саны және заряды қандай? (массасы шамамен атомдық массаның төрт бірлігіне кемиді)

6. Радиактивті сәулелену (9 класс) α-бөлшектермен атқылағанда қандай жаңа бөлшек пайда болды? Радиактивті сәулелену (9 класс)+ Радиактивті сәулелену (9 класс)+Радиактивті сәулелену (9 класс)

7. Ядролық реакцияның екінші өнімін анықта: Радиактивті сәулелену (9 класс)+ nРадиактивті сәулелену (9 класс)+? (Радиактивті сәулелену (9 класс)+ nРадиактивті сәулелену (9 класс)+ Радиактивті сәулелену (9 класс)

8. Ядролық реакцияның екінші өнімін анықта: Радиактивті сәулелену (9 класс)+ Радиактивті сәулелену (9 класс)+? (Радиактивті сәулелену (9 класс)+ Радиактивті сәулелену (9 класс)+Радиактивті сәулелену (9 класс)

9.Қандай реактивті ыдырау нәтижесінде Радиактивті сәулелену (9 класс) висмут Радиактивті сәулелену (9 класс) қорғасынға айналады?

Радиактивті сәулелену (9 класс)Радиактивті сәулелену (9 класс)+Радиактивті сәулелену (9 класс))

10. Осы символдармен белгіленетін бөлшектер p, n, e және Радиактивті сәулелену (9 класс) қалай аталады? (р-протон, n-нейтрон, е-электрон және Радиактивті сәулелену (9 класс)-α-бөлшек)

11.Мынадай ядролық реакция Радиактивті сәулелену (9 класс) +Радиактивті сәулелену (9 класс) Радиактивті сәулелену (9 класс) +х кезінде екінші пайда болатын элементті анықтаңыз? (Радиактивті сәулелену (9 класс) +Радиактивті сәулелену (9 класс) Радиактивті сәулелену (9 класс) +Радиактивті сәулелену (9 класс))

6. Сабақты қорытындылау. Оқушылардың білімін бағалау.

Үйге тапсырма: §58. 46-жаттығу.

© 2010-2022