Ашық сабақ физика пәнінен тақырыбы жарық құбылстары (11 сынып)

Раздел Физика
Класс 11 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

«Жаса сен мәңгі!

Жаса сен мәңгі!

Жарық күн!»

М.Мақатаев

1. Тақырыбы: Жарықтың қасиеттері.

2 Мұқағали Мақатаев ақының поэзиясын дәріптеуге физика сабағында мүмкіндігінше өз үлесімізді қосып, 11 сыныпта өткізілген «Жарықтың толқындық және кванттық қасиеттері» тақырыбын қайталау сабағының жоспары..

Мақсаты:а) Жарықтың толқындық және кванттық қасиеттерін сипаттайтын фактілерді қайталау арқылы оқушылардың алған білімдерін жүйелеу және қорытындылау.

ә) Оқушылардың алған теориялық білімдерін өмірде қолдана білуге үйрету, жаңа технологиялық әдіс-тәсілдері пайдалана отырып, оқушылардың ой-өрісін кеңейту, есеп шығару дағдысын дамыту.

б) М.Мақатаев поэзиясынан үзінділер келтіру арқылы кәсіби бағдар беру,ұкыптылыққа,ыңтымақшылдыққа,ізденуге тәрбиелеу.

3.Типі:Білімді жинақтау,жүйелеу сабағы.

4.Түрі: Жарыс сабақ.

5. Әдісі:жарыс, оқытудың инновациялық технология элементтерін қолдану.

6.Формасы: топпен жұмыс, жекелей жүмыс.

7. Көрнекілігі:кұралдар, ралиометр, сызбалар,карточкалар, кодоскоп, слайдқа жазылған сызбалар.

1-ші жүргізуші:

Өмір дегенге

Тіршілікте, сірә жетер ме ой

Жарық сәуледен басқаның бәрі бекер ғой

Бекер ғой бәрі

Бекер ғой бәрі, бөтен ғой

Өмір дегенің бір күндік сәуле екен гой

Тымшыдай ғана нұрына,міне зарықтым

Өмір осы екен сарыңа, міне қанықтым

Жаса сен мәңгі

Жаса сен мәңгі жарық күн!

Осы өлең туралы оқушылар пікірін айтады.

Күн-тіршіліктің көзі, жарықтың көзі, өмірдің өзі- жарық екенін қорытындылайды.сабақ жарыс түрінде өтетін болғандықтан, әр жарыстың өз шарты болады.

Шартым осы

Осыған шыдайсың ба?

Шыдамасаң, тынасың, құлайсың да

Болсаң сосын боларсың, қол бастарсың.

Шыдайсың ба?

Бағыңды сынайсың ба?

Оқушылар 2 топқка бөлінді.

Бірінші топ «Толқын»

Танысуы: Армысың жиналған топ бұл саыйсқа

Келдік біз сәлем беріп алдыңызға.

Шыққан тегім оптика патшалығы.

Құрметтейді ғалымдардың барлығы

Әкеміз Христиан Гюйгенс

Толқындардан алдық біз үлкен жеміс.

Екінші топ «Квант»

Танысуы: Жаныма жақсылықты жиып келген

Көрінген әрқашанда биіктерден.

Достықтың туын тіккен «Квант» тобының

Түлегіміз осындай сүйікті елдің.

Сабақты қай топтан бастауды анықтау үшін жұмбақты шешкен топ сұрақтарға жауапты бірінші болып бастайды.

Жұмбақ: «Нені сандыққа тыға алмайсың?» («Күн сәулесі»)

Ашық сабақ физика пәнінен тақырыбы жарық құбылстары (11 сынып)

Өз баспалдағын таңдау сұрақтары:

1.Толқындық қозғалыс дегеніміз не?

2.Электромагниттік толқындар дегеніміз не? Көлденең және қума толқындар дегеніміз не?

3.Толқындық бет дегеніміз не?

4. Толқындардың қабаттасуы, интерферен-циясы дегеніміз не?

5. Дифракция дегеніміз не?

6. Жарықтың интерференциясы дегеніміз не?

7.Жарықтың дифракциясы дегеніміз не?

8. Дифракциялық тор дегеніміз не?

9. Спектр деген не?

10. Дисперсия дегеніміз не?

11. Оптикалық аспаптарды ата.

Олардың құрылыстарына тоқтал.

12. Геометриялық оптика дегеніміз не?

Оның заңдарын ата.

13. Жарықты шағылуы дегеніміз не?

14. Жарықтың сыну құбылысын түсіндір.

15. Линза дегеніміз не?

16. Люминесценция деп нені айтамыз?

17. Фотоэффект деген не?

1 тапсырма: «Сырлы сандар» ойныны арқылы оқушылардың теориялық білімдері сыналады.Бұл тапсырма сұрақтары суретгідей баспалдақ түрінде орналастырылады.Әр баспалдаққа карточкаға сұрақтар жазылып ілінген.

2050

2002

2012

2011

1976

1931

1964

Көк баспалдақпен «Толқын», қызыл баспалдақпен «Квант» тобы жүріп отырады. Өз карточкасына жауап беріп болған оқушы, оның екінші жағын аустырып, орнына іліп кетіп отырады. Сонда суреттегідей сандар шығады.Жауап берген әрбір оқушы үстел үстінде тұрған құралдарды, сызбаларды пайдаланады. Оқушыларға сұрақ: Бұл сандар нені білдіреді?

Ол сандар ақынның туған,қайтқан және ғасыр атағын алған жылдар. Келесі баспалдақтағы сандар мектептің ашылған, оқушылардың тарыдай болып бірінші сыныпқа келген, енді таудай болып мектепті бітірейін деп отырған жылдары көрсетілген.

№2 тапсырма:

I-деңгей. «Толқын» тобына: инфрақызыл сәуле үшін фотонның энергиясын, импульсін есептеу.

«Квант»тобына: рентген сәулесі үшін фотонның массасың, энергиясын, импульсін есептеу.

№3 тірек коспектісін жазу.

Сабақтың соңғы түйіні - «Жарық ағашын өсіру» арқылы тараудың тірек конспектісін жаздыру.

Сабақтың соңғы түйіні - «Жарық фрамидасын қалау» арқылы тараудың тірек конспектісін жаздыру.

II- деңгейлік тапсырмаларәр оқушыға бөлек жеке карточкаларға жазылып үлестіріледі.Бұл оқушылармен жеке жұмыс жүргізуге мүмкіндік береді.Оны орындаған оқушы үшінші деңгейлік тапсырманы орындайды.

III- деңгейлік тапсырмаерекше құрылған.Ондағы сұрақтар күрделілеу және әр карточка сыртына сөздер жазылған.Тапсырманы орындап болған оқушы өз карточкасының сыртындағы сөзді тақтаға жазып кетіп отырады.

Ашық сабақ физика пәнінен тақырыбы жарық құбылстары (11 сынып)

Сөздерді ретімен қойғанда ақынның:«Тарыдай боп кіріп ең, таудай болып шығасың» -деген сөздері шығады.

Сол арқылы сабақ қорытындылады.

Мұғалім сөзі:

«Толқын» «Квант» бөлшек тобымыз

Жарысып та болдық - біз

Аяқтайық осымен

Жарық әрі «Толқын» әрі«Квант» сонымен

Келісейік айтыспай

Бірігейік тартыспай

Бөлінгенмен жан-жаққа

Мақсатымыз бір жақта

Оптиканың заңдары

Табиғатта, ғылымда

Осы алған біліміңді

Өз бойыңа жинақта

Дәріс берген ұстаздарды

Әрқашанда ардақта.

Тадау: менің бұл сабақта алдыма қойған мақсатыма жеттім. Басты мақсатым оқушыларға «Оптика» тарауын қайталау,логикалық ойлау мен есеп шығару дағдысын қалыптастырып бұл жылғы тұлектерімізді бір жағынан ҰБТ-ға дайындығын тексеру екінші жағынан М.Мақатаев өлеңдерін физика пәнінде қоланысын далелдеп болашақ жеткіншектерімізді ұлыттық жырлармен сусындатып бұл пәннің өмірмен байланысын түсіндіру болды.

Ашық сабақ физика пәнінен тақырыбы жарық құбылстары (11 сынып)

Ашық сабақ физика пәнінен тақырыбы жарық құбылстары (11 сынып)







Тірек конспект

Ашық сабақ физика пәнінен тақырыбы жарық құбылстары (11 сынып)

Дифракция

Дисперсия

Геометриялық

оптика

Оптикалық аспаптар

Интерференция





Тест

  • 1. Жарықтың дифракциялық торды өткеннен кейінгі ауытқу бұрышы формуласы анықтайтын мұндағы d деген не?

a) Тор ұзындығы b) Тор периоды c) Тор жиілігі d) Тор кернеуі

  • 2. Электромагниттік толқын қандай толқын?

a) Қума b) Көлденең c) Жазық d) Жанама

  • 3. Линзалардың қандай түрлері болады?

a) Мөлдір және мөлдір емес b) Тегіс және бұдыр

c) Қарапайым және күрделі d) Жинағыш және шашыратқыш

  • 4. Ортаның сыну көрсеткішінің формуласын табыңыз.

a) Ашық сабақ физика пәнінен тақырыбы жарық құбылстары (11 сынып) b) Ашық сабақ физика пәнінен тақырыбы жарық құбылстары (11 сынып) c) Ашық сабақ физика пәнінен тақырыбы жарық құбылстары (11 сынып) d)Ашық сабақ физика пәнінен тақырыбы жарық құбылстары (11 сынып)

  • 5. Жарық жылдамдығының тұрақты мәнін анықтаңдар:

a) 2*108 м/с b) 4*108 м/с c) 3*108 м/с d) 5*108 м/с

  • Жауаптар:

  • 1Б 2Б 3Д 4С 5С



МДШО Қаратал орта мектебі





АШЫҚ САБАҚ

Ашық сабақ физика пәнінен тақырыбы жарық құбылстары (11 сынып)

ТАҚЫРЫБЫ:Жарық және квант

Өткізген физика пәні мұғалімі Рақымбекқызы Н

2012-2013 оқу жылы

© 2010-2022