• Преподавателю
  • Физика
  • Баяндама «Оқушылардың кәсіби даярлығын жетілдірудегі модульдік оқыту технологиясының тиімділігі»

Баяндама «Оқушылардың кәсіби даярлығын жетілдірудегі модульдік оқыту технологиясының тиімділігі»

Оқытушы үшін  оқыту мен  тәрбиелеудің  тұлғалық  бағдарлық  мәселелері  оқушы  деңгейіндегі  ғылыми  жобалардың  жасақтап  оны  жүзеге  асыру  әдістері, оқушының  жеке тұлғасын  дамытуға  бағытталған  жаңа  педагогикалық  технологияларды  таңдау  тәсілдері, оқытудың  негізгі  бөлімдері  ретінде  қарастырылады. Еліміздің  мәртебесінің  биік  болуы  қоғам  мүшелерінің  келешек  ел  болашағы-жас  ұрпақтың  белсенділігі  мен  іскерлігіне  тікелей  байланысты  болмақ. Модульдік оқыту технологиясы мұғ...
Раздел Физика
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

БҚО, Теректі колледжі

Физика, математика пәнінің оқытушысы Тайтенова Ж.О.


«Оқушылардың кәсіби даярлығын жетілдірудегі модульдік оқыту технологиясының тиімділігі».

Оқытушы үшін оқыту мен тәрбиелеудің тұлғалық бағдарлық мәселелері оқушы деңгейіндегі ғылыми жобалардың жасақтап оны жүзеге асыру әдістері, оқушының жеке тұлғасын дамытуға бағытталған жаңа педагогикалық технологияларды таңдау тәсілдері, оқытудың негізгі бөлімдері ретінде қарастырылады.

Еліміздің мәртебесінің биік болуы қоғам мүшелерінің келешек ел болашағы-жас ұрпақтың белсенділігі мен іскерлігіне тікелей байланысты болмақ. Ендеше саналы, салауатты, ұғымды, халқымыздың барлық дәстүріне де, әлем мәдениетіне де қанық, ел тізгінін берік ұстай білетін ұрпақ тәрбиелеу бізге сеніп тапсырылып отыр. Қазіргі заманғы білім беруге қойылатын басты талап-оның сапасын арттыру.

Жеке тұлғаны қалыптастыруды дамыту мен оған жан-жақты терең білім беру мақсатында баланы оқыта отырып, оның еркіндігін, белсенділігін қалыптастыра отырып, өз бетінше шешім қабылдауға дағдыландыру жолында неғұрлым тиімді шараларын енгізу-бүгінгі ұстаздардың жауапты істері болуы керек. Мұндай бағыттағы шараларды жүзеге асыру үшін бүгінгі күн талабы-оқытудың жаңа технологиялардын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғылымдық коммуникациялық желілерге шығу екендігі Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңында белгіленген.

Қазіргі заманғы ғылыми-техникалық үрдістің қарқыны білім беру жүйесінің алдына мүлде жаңа міндеттер қойып отыр.

Заман талабына сай білім беру-бұл оқушыларды адамгершілік, интеллектуалды, мәдени дамудың жоғары деңгейі мен білімін қамтамасыз етуге бағытталған тәрбие беру мен оқытудың үздіксіз үрдісі десек, оның тиімділігі мен сапасын арттыру мұғалімнен оқу процесінің ғылыми теорияға негізделген және оқушының қабілетімен бейіміне негізделген оқытудың таңдамалы белсенді, қарқынды әдістеріне көшуді талап етеді. Ондағы негізгі мақсат оқушының барлығын және әр біреуін жақсы оқыту болып табылады.

Мұғалімдердің мақсаты-оқытудың барлық компоненттерін пайдалана отырып, оқушыға терең білім беру және оқушылардың кәсіби біліктілігін арттыру.Ол үшін қазіргі дидактикалық мүмкіншіліктерді, жаңа идеяларды және білім беру технологияларын пайдалану. Мұндай технологиялар қатарына «Оқу мен жазу арқылы сыни тұрғысынан ойлау» (СТО) бағдарламасы, М.Жанпейсованың «Модульдік оқыту технологиясы»,Е.И.Пассовтың«Коммуникативтік технологиясы», Ж.А. Қараевтың «Деңгейлік саралау технологиясы» және т.б. жатқызуға болады.

Модуль-оқушының мазмұнды, оқу әдісін өз бетінше игеру деңгейі мен оқу таным әрекетіне сай жеке оқу бағдарламасы. Модульдік оқыту технологиясының құрылымы:

Оқытудың жалпы мақсатын қою;

Жалпы құрылған мақсатты нақтыландыруға көшу;

Оқушылардың алдын-ала білім деңгейін бағалау оқу әрекетінің жиынтығы:

Нәтижесін бағалау.

Модульдік оқыту технологиясының бір ерекшелігі оқушылардың танымдық қызметін арттырады. Әрбір оқушылардың әр сабақта үш күрделірек деңгейде берілген оқу материалын таңдау, жазу, көру, айту мүмкіндігі болатындай етіп құрылады. Тапсырмаларды қарапайымнан күрделіге қарай кезең-кезеңмен орындау міндетті емес. Оқушы тапсырманы өзінің орындау мүмкіндігіне қарай таңдауға ерікті. Сонымен бірге бұл технология бойынша тұлғаның психикалық қасиеттері, оның жеке өзіндік өзін қанағаттандыратын қызметі сабақ барысында қалыптасады. Оқушыны оқыту мен дамыту өзара күрделі процестер.

Баланың тұлғалық психологиялық қасиеттерінің қалыптасуы, яғни танымдық қызметтің өзінен оқушы жағымды эмоциялар алатындай етіп ұйымдастырыл,ан жағдайда ғана «тұлғаның дамуы» іске асады. Бұл үшін әр мұғалім сабақта әр балаға психологиялық қолдау көрсетіп жайлы орта туғызу керек.

К.Роджерстің пікірінше, мұғалім бала, ондай жағдайлар жасау үшін келесі қағидаларды басшылыққа алу тиіс.

  1. Балаға үнемі сеніммен қарау;

  2. Оқушыларға оқытудың міндеттері мен мақсатын белгілеп, нақтылауға көмектесу;

  3. Оқушылардың оқуға деген ішкі қызығушылығына мән беру;

  4. Әр түрлі тәжірибенің қайнар көзі ретінде оқушы қиындыққа кездескенде әрқашан кеңес алуға болатын тұлға ретінде тұруы;

  5. Өзін-өзі жақсы білуі тиіс.

Бұл технологияның тағы бір ерекшелігі дарынды ьбалалармен тұрақты және жүйелі жұмыс істеу мүмкіндігі болып табылады.

Оқу модулі үш циклі ретінде үш құрылымды бөліктен кіріспеден, сөйлеу бөлімінен және қорытынды бөлімінен тұрады.

Әр оқу модулінде сағат саны әр түрлі болады. Бұл оқу бағдарламасы бойынша сол тақырыпқа тақырыптар тобына немесе тарауға бөлінген сағат санына байланысты. Модульдік кіріспе және қорытынды бөлімдеріне 1-2 сағат беріледі де, қалған уақыт сөйлесу бөліміне бөлінеді.

Кіріспе бөлімінде мұғалім оқушыларды модульдің жалпы құрылымымен, міндеттермен таныстырады да оқу модулінің барлық уақытына есептелген оқу материалын қысқаша (10-20минут ішінде) сызба, кесте және т.б. (белгілермен) белгілік үлгілермен түсіндіреді.

Сөйлесу бөлімінде танымдық процесс сыныпта 2-6 адамнан шағын топтарға бөлу арқылы негізінен оқушылардың өзара әрекет етуіне құрылған.

Оқытуды ойын түрінде ұйымдастыру және әртүрлі белсенді формаларды (топтық, топтық-жеке, жұппен жұмыс, пікірталас) қолдану-оқытудың міндетті шарты болып табылады.

3-4 сағаттардан бастап оқушыларға стандарт талаптарына сай сараланған тапсырмалар беріледі. (ІІІ және ІІ деңгейлер)

І деңгей тапсырмалары дарынды балаларға, яғни шығармашылық және ізденушілік сипаттағы тапсырмалар болып табылады.

Оқушылар қандай да бір деңгейдегі тапсырмаларды қарапайымнан күрделіге қарай кезең-кезеңімен орындауға міндетті емес, оқушы тапсырманы өзінің мүмкіндігіне қарай талдауға ерікті.

Сөйлеу бөлімінің тағы бір ерекшелігі, оқытудың белсенді және ойын формаларын кеңінен қолдану оқушылардың оқу материалына бірнеше мәрте 13-тен 24 ретке дейін-қайта оралып, жұмыс істеуге мүмкіндік береді.

Бұл технологияның маңызды шарты - оқушылардың кез-келген ғылыми көздерді, оқулықтарды, оқу құралдарын айдалануына болатындығы, сондай-ақ ұйымдастырушы көмекші,кеңесші ретінде мұғалімнен жедел және кеңес ала алатындығы.

Оқу модулінің қорытынды бөлімі-бақылау. Оқушы білімін бақылаудың формалары ретінде тестік тапсырмалар, бақылау жұмыстары, сынақ және т.б. оқу пәнінің ерекшелігіне орай қолданып, осы бөлімде беріледі.

Модульдік оқыту технологиясының нәтижесінде мынадай жетістіктерге қол жеткізуге болады:

1. Уақыт үнемделеді;

2. Сабақтың сапасын көтереді;

3. Оқу әдісі мен құралдарын таңдауға мүмкіндік береді;

4. Оқушылардың белсенділігі мен қызығушылығы артады, сондықтан оқу үлгерімі көтеріледі;

5. Оқу материалдарын белгілі бір жүйеге келтіріп тірек-сызба арқылы беру;

6. Жаңа тақырып бойынша алған білімдерін бекіту арқылы еске түсіріп, үнемі қайталап отыру;

7. Оқушыларды білімге қызықтыру және бірлесе отырып жұмыс жүргізуге үйрету;

8.Оқушылардың бұрынан игерген білімдерін тереңдете түсу,білім деңгейлерін дәл анықтау.

Модульдік оқыту технологиясы мұғалімнің алдында тұрған көптеген мәселелерді шешуге көмектеседі:

1.Жалпы білім сапасын жоғарылату;

2.Сабақтың тиімділігін арттыру;

3.Дарынды оқушылармен жұмыс жүйесін жасау;

4.Оқушылардың мақсаттарына жету жолындағы жетістіктерін есепке алу жүйесін жасау ;

5.Жеке тұлғалардың өзін-өзі реттеуі,өзін-өзі тәрбиелеуі, өзін-өзі дамытуы.


© 2010-2022