• Преподавателю
  • Физика
  • Шеберлік-сыныбы Тақырыбы: Физика сабағында ойын технологияларын қолдана отырып оқушының таным белсенділігін арттыру

Шеберлік-сыныбы Тақырыбы: Физика сабағында ойын технологияларын қолдана отырып оқушының таным белсенділігін арттыру

Раздел Физика
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Шеберлік-сыныбы Тақырыбы: Физика сабағында ойын технологияларын қолдана отырып оқушының таным белсенділігін арттыру.

Бекишева Айнаш Жумабаевна -

физика және математика пәндерінің мұғалімі.

Санаты : 2

Деңгей :3

Шеберлік - сыныбы.

Тақырыбы: "Физика сабағында ойын технологияларын қолдана отырып оқушының таным белсенділігін арттыру."

Шеберлік-сыныбының мақсаты - физика сабағында оқушының таным белсенділігін арттыруға арналған ойын технологияларын мысал ретінде көрсету.

Міндеттері:

  1. Білім берудегі танымдық мәселелерді қорытындылау.

  2. Физика сабақтарында ойын технологияларының жұмыс істеу принципі.

Тәжірибемен бөлісу түрі:

- әріптестерді баяндама тезисімен таныстыру;

- нәтижелі жұмыстың әдістерін жариялай отырып әріптестерді ойынға қатыстыру.

Жұмыс барысы.

Физика табиғаттың жалпы заңдары туралы ғылым ретінде, мектепте пән ретінде орын ала отырып, қоршаған орта туралы білім жүйесіне қомақты үлесін қосады. Физика қоғамның экономикалық және мәдени дамуы барысында ғылымның рөлін аша түседі, заманауи ғылыми әлемтану көзқарасының қалыптасуына септігін тигізеді. Физиканы оқыту процесінде оқушының ғылыми әлемтану көзқарасының қалыптасуы, интеллектуалдық қабілеттерін және таным белсенділіктерін дамыту мәселелерін шешуде негізгі назарды дайын білімді беруге емес, қоршаған әлемді тану әдістеріне, мәселе қою, ол мәселелерді оқушының өзінің шешуіне әрекет жасауға қою керек.

Жалпы білім беретін мектептерде физиканы оқыту келесі мақсаттарға жетуге бағытталған:

  • Физиканың негізгі заңдары туралы білімді меңгерту; физикадағы маңызды жаңалықтармен таныстыру; табиғатты танудың ғылыми әдістерімен таныстыру;

  • Бақылау, жоспарлау және тәжірибе жүргізу, болжам жасау және модель құру, физика бойынша алған білімдерін әр түрлі физикалық құбылыстарды, заттың қасиеттерін түсіндіруде қолдана білу дағдыларын меңгерту; физикалық білімдерін тәжірибеде қолдану;

  • Әр түрлі ақпарат көздерін және заманауи ақпараттық технолоиялар көздерін қолдана отырып физика бойынша оқу және білім алу процесінде танымдық қызығушылық, интеллектуалдық және шығармашылық қабілеттерін дамыту;

  • Алған білімдері мен дағдыларын күнделікті өмірде практикалық есептерді шешуде қолдану.

Жоғарыда аталған мақсаттарға жетуде кейбір оқушылар ақпаратты ести отыра (аудиал), кейбірі көзбен көру (визуал) арқылы, ал кейбірі қимыл көмегімен (кинестетик) есте сақтайтынын есепте алумыз керек. Осы жерде қытай халқының даналығын айта кетуге болады: «Маған айт-мен ұмытамын, маған көрсет-мен есте сақтаймын, менің өзіме әрекет еткіз-мен үйренемін әрі ұмытпаймын».

Физика сабақтарында оқушының ақпаратты қабылдау ерекшелектерін ескере отырып, мен оқытудың әр түрлі тәсілдерін қолданамын: рөлдік ойындар, топтық жұмыстар, сөзжұмбақ құру және шешу,

Ойын жағдайын балалар сабақ барысында бір-бірімен ақпарлармен алмасатындай, ақылдасатындай, бір-біріне дәлелдей алатындай, бір-бірін бағалайтындай етіп, ұйымдастыру керек. Ойыңдар қолданылған сабақтарда оқушылар белсенділік көрсетеді. Физика сабақтарында ойынды ұйымдастырғанда оқушьілар бір-біріне көмектесетіндей, бір-бірімен бірігетіндей жағдай жасау керек. Сонда сабақ тек білім беру қызметін ғана емес, тәрбиелеу қызметін де атқарады. Атақты француз ғалымы Луй де Брайль былай дейді: «ең қарапайым мәселені қозғайтын ойындардың өзінде ғылыми жұмысқа ұқсас жалпы элементтер көп кездеседі. Екі жағдайда да (ойын мен ғылыми жұмыс) ең бастысы койылған мақсаттың болуы, сонан соң қиындықтың болуы, оны жеңу, жаңалықты ашу қуаныш. Міне, сондықтан да, бар адамдарды, жасына карамастан, ойын өзіне тартып тұрады.»

Енді, құрметті әріптестер, 7-сыныптың физика сабағында өткізілген ойын технологиясын қолданылуын көрсеткім келеді, ал сіздер оның қандай әдіс екенін артынан айта жатарсыздар.

1-тапсырма. Кімде көк түсті кеспе қағаз бар? (3 адам) Сіздер пантомимоның

көмегімен кеспе қағазда бейнеленген суреттерді көрсетулеріңіз керек, ал қалғандарыңыз не бейнеленгенін тауып айтуларыңыз керек. (Су, бұлт, мұз)

Мұғалім: су қандай күйде болады? Бұлт қандай күйде? Мұз қандай күйде?

Ендеше біздің бүгінгі сабағымыздың тақырыбы...

2-тапсырма. Сіздердің әрқайсысыларыңызда түрлі түсті кеспе қағаздар бар. (Түстер бойынша топтарға бөлу. 3 топқа бөлуге болады)

Әр кеспе қағазда сөздер бар: шық, бұлт, қар, жаңбыр, мұз, тұман, өзен, айсберг, бу. Осы физикалық дене мен құбылыстың қандай агрегаттық күйге жататынын айтыңыздар.

Кеспе қағаздың арғы бетінде тағы да сөздер жазылған, яғни рөлдерге бөлу: баяндамашы, лаборант, таймспикер, хатшы.

3-тапсырма. Біз заттың үш күйін су арқылы зерттейміз. Әр топтың өз тапсырмасы бар:

1-топ: қатты заттың қасиеті,

2-топ: сұйықтың қасиеті,

3-топ: газдың қасиеті.

Бірінші топ.

(мұзы бар ыдыс)

Тапсырма: қатты заттың қасиетін зерттеңіз.

Сұрақ

Жауап

  1. Тұрақты температурада қатты заттың пішіні өзгере ме?


  1. Тұрақты температурада қатты заттың көлемі сақтала ма?


  1. Қатты заттың басқа агрегеттық күйге өтуі мүмкін бе? ( сұйық, газ)? Оны қалай жүзеге асыруға болады?


Екінші топ.

(суы бар стақан, мензурка, әр түрлі пішіндегі екі ыдыс)

Тапсырма: Сұйықтың қасиетін зерттеңіз.

Сұрақ

Жауап

  1. Тұрақты температурада сұйық заттың пішіні өзгере ме?


  1. Тұрақты температурада сұйық заттың көлемі сақтала ма?


  1. Сүйық заттың басқа агрегеттық күйге өтуі мүмкін бе? ( қатты, газ)? Оны қалай жүзеге асыруға болады?


Үшінші топ.

(жылы су бар стақан, табақша)

Стақанды табақшамен жауып, булануды бақылаңыз.

Тапсырма: газдың қасиетін зерттеңіз.

Сұрақ

Жакап

  1. Тұрақты температурада газдың пішіні өзгере ме?


  1. Тұрақты температурада газдың көлемі сақтала ма?


  1. Газдың басқа агрегеттық күйге өтуі мүмкін бе? (қатты, сұйық)? Оны қалай жүзеге асыруға болады?



Қорытынды сөз.

Құрметті әріпестер, мен ойын технологиясының бір түрін ғана көрсеттім. Сіздер өз сабақтарыңызда осы ойын технологиясын қалай қолдана алар едіңіздер?

Өз пікірлеріңізді рефлексияда көрсетерсіздер.

Рефлексия.

Рефлексияда әріптестерге осы технологияның қолданылуы жайлы өз пікірлерін білдірулері ұсынылады.

«Физика сабағында ойын технологиясын қолдану оқушының таным белсенділігін арттыруға тиімді деп ойлайсыз ба және неге?»

Жауап бергенде «Аяқталмаған сөйлем» әдісін қолдануға болады

Мен физика сабағында ойын технологиясын қолдану оқушының таным белсенділігн арттыруға .....…….................................… деп ойлаймын, себебі……………...........................................................................................................

Жақсы жұмыс жасағандарыңыз үшін рахмет айтамын! Назарларыңызға рахмет!

© 2010-2022