8-сынып электр өрісінің кернеулігі

Раздел Физика
Класс 8 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақтың тақырыбы: «Электр өріс. Электр өрісінің кернеулігі».

Сынып: 8

Мерзімі: ________

Сабақ мақсаты:

Оқушыларға электр өрісі, электр кернеулігін көрсетіп, бағыт - бағдар беру. Өз бетімен сабақты постер арқылы шығарып, ойларын ашық айту және ойлау қабілеттерін дамыту, пәнге деген қызығушылығын арттыру, есте сақтау, тапқырлық ,ізденімпаздық қабілеттерін дамыту.

Сабақтың түрі: аралас сабақ,топтық оқыту,

Құралдар: бағалау парағы, оқулық , интербелсенді тақта

Әдіс-тәсілдер: ойшақыру, топтастыру, еркін жауап, пікірін қорғау, топпен жұмыс

Оқыту нәтижесі:

Ой-өрісін қозғайды

- теориялық білім практикамен ұштасады

өз бетінше жұмыс жасайды

Қорытынды жасай алды.

Сілтеме: физика оқулығы, есептер жинағы (Физика 8-сынып, Б.М.Дүйсембаев, Г.З.Байжасарова, А.А.Медетбекова, күнтізбелік жоспар)

Ұйымдастыру кезеңі

Мотивация кезеңі: Қызығушылықты ояту

Баларға сергіту жасап оқушылар бір біріне мақтау сөздер айту;

Сыныпты формулалар құрастыру арқылы топқа бөлу;

2-топ мүшелереніне эксперименттік көрсетілім бойынша сұрақтар қойылады.

Эксперименттік көрсетілім: Шашқа қаламды үйкелеп қағазға жақындатамыз

Ортаға сұрақ : Не байқадыңдар?

Жауап: жапырақшалары көтерілді.

Не себептен?

Жауап : Қағазға үйкелгеннен кейін шыны таяқша электрленді , электр өрісі пайда болды. Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы «Электр өрісі. Электр өріснің кернеулігі»

Тыңдайды, қабылдайды, ойлайды, сұрақтарға жауап бере отырып, әр топ өз ойларын эксперименттің қорытындысы бойынша айтады..

Сабақтың тақырыбын ашады.

Түсіну

«Есте сақта »

1.Ауызша төмендегі сұрақтарға жауап береді

I топ

А) денелердің электрлену қасиетін сипаттайтын физикалық шама қалай аталады?

В) аттас және әр аттас зарядтар өзара қалай әсерлеседі?

II топ

А)Электроскоп не үшін қажет?

В) электрөткізгіштер мен электр өткізбейтін заттарды ата

Жаңа сабақ:

Оқушылармен ,,Мен жаттағышпын,,ойнын ойнау арқылы оқушылар кітптан 2-минут ішінде 1 беттен не түсінгендерін постерге түсіріп топ мүшелері бірлесе отырып жана сабақты ашады.

Есептер шығару

I топ

1. Электр өрісінің бір нүктесіндегі 0,5 мкКл зарядқа 0,16 Н күш әрекет етеді . Осы нүктедегі өрістің кернеулігін анықта.

II топ

1. Аспандағы екі бұлттың электр зарядтары 20 Кл және 30 Кл . Бұлттар арасында орташа қашықтық 30 км болса, онда олар бір-бірімен қандай күшпен әрекеттеседі?

Физикалық жұмбақтар.

Оқушылар есептерді шығарады

Жинақтау

(синтездеу)

5 мин

Тест жұмысы

Әр топтан бір оқушы шығып, жауаптарын айтады .

Бағалау:

Үйге тапсырма

Оқушылардың тиісті бағаларын қою. Әр оқушының бағасын сипаттау, жақсы жақтарын атап өту.

§32 оқу. 15- жаттығу №3, №4 есеп

Әр топ көшбасшысы өз топ мүшелеріне бағаны бағалау парақшасына қойылған баға арқылы бағаланады.


© 2010-2022