Физикадан магнетизм тарауын қайталау сабақ жоспары

Раздел Физика
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

«Бекітемін»

Директордың оқу-өндірістік

жұмыстары жөніндегі орынбасары: А.Сағынбаева

Өткізілген күні: 10.02.2012

Оқу тобы: 69

Сабақтың тақырыбы: «Физика-менің өмірім»

Сабақтың мақсаттары:

Білімдік: Электр және магнетизм тарауы бойынша алған білімдерін бекіту және физика пәніне деген қызығушылығын арттыру.

Дамытушылық: Оқушылардың шығармашылық ізденісін, тапқырлығын, зеректігін, ойлауға икемділігін дамытуға ықпал ету.

Тәрбиелік: Оқушыларды алғырлыққа, шапшаңдық пен тапқырлыққа, алған білімін практикада қолдана білуге тәрбиелеу.

Түрі: саяхат сабақ

Әдісі. Топ бойынша жұмыс

Көрнекілігі: тұрақты магниттер, фотолар, слайдтар

Пәнаралық байланыс: химия, география, биология

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылармен сәлемдесу, оқушылардың сабаққа қатысуын түгендеу, назарларын сабаққа аудару, сабақ мақсатымен таныстыру. Әділ қазылар алқасын сайлау және олармен таныстыру.

Мұғалім саяхатты бастаушы болады, оқушылар 2 топқа бөлініп ізіне ереді. Қарама -қарсы столдарға жайғасады. «Дала» слайды көрсетіледі.

Мұғалім: «Дала қандай тамаша, серуенге де күн ашық кезде шыққан екенбіз, жүріңдер!»

Оқушы: Апай, мен жерден магнит тауып алдым, бұл сізге керек қой?

М: Иә, әрине үлкен кесегін тауыпсың ғой. Мұны қытайлықтар не деп атайтынын білесіңдер ме?

О: Иә, мұны қытайлықтар «Сүюші тас» деп атайды. Бұл өз балаларын бауырына тартқан «нәзік анадай» өз бауырына тартады деген мағынаны береді.

М: Өте дұрыс, магнит барлық заттарды да өзіне тартады ма?

О: Жоқ, магнитке нашар тартылатын және одан тебілетін де заттар бар

М. Олар қандай заттар?

О: Марганец, аллюминий сияқты металдар нашар тартылады, ал диамагнетик деп аталатын мырыш, висмут, күкірт сияқты денелер күшті магниттерден тебіледі.

М: Оқушылар, біз саяхатымызды зауыттарға барумен жалғастырамыз, бірақ біз адастық, оқушылар енді қайттік? Физикадан магнетизм тарауын қайталау сабақ жоспары

О: Апай, завод қай жақта деп едіңіз?

М: Солтүстік жақта

О: Сасатын түгі жоқ, менде компас бар, оңай табуға болады

М: Иә, бірақ оны қалай пайдаланамыз?

О: Жер алып магнит. Оның оңтүстік және солтүстік полюстері болады. Оның оңтүстік полюсі солтүстік географиялық ендікпен, солтүстік полюсі жердің оңтүстік географиялық ендігімен сәйкес келеді. Компастың тілшесі жердің магнит өрісі әсеріне сезімтал болғандықтан, ол үнемі солтүстік полюсті көрсетіп тұрады. Міне, солтүстік жақ, кеттік!

М. Жарайсың, компас болмағанда адасатын едік

О: Апай, кеш батып барады, қай жерге аялдаймыз?

М: Күн жылы, тез күркемізді тігіп, тамақтанайық, демалып, таңертең жолға шығамыз

О: Онда мен балауыз шамын жағайын, электр жарығы жоқ қой.

Жағылған шам жалынына екі жағына тауып алған магнттін тақағанда, шам жалынының формасы өзгереді.

Физикадан магнетизм тарауын қайталау сабақ жоспарыФизикадан магнетизм тарауын қайталау сабақ жоспары

Мұны көрген мұғалім: Жаңа ғана түзу жанып тұрған шам жалынының формасы өзгеруінің себебі неде?

О: Апай, күшті магниттік әсерге сезімталдығын көрсетіп тұр

М: Барғанша жол қысқарсын, мына сурет нені білдіреді, қолдың үстіне неге шегелер белгілі бір ретпен орналасқан?

Физикадан магнетизм тарауын қайталау сабақ жоспары

О: Ол электромагнит өрістеріне қойылған қол арқылы магнит күштері өтіп жатыр, ал шегелер магниттің күш сызықтарының сызбасын көрсетеді. Ал қолдың өзі магнит күшін мүлде сезбейді.

М: Сен тауып алған магнит пен мына электромагнит арасында айырмашылық бар ма?

О: Мен тауып алған магнит табиғи магнит және тұрақты магнит деген түрі де бар. Ал мына электромагнит өздерін ораған электр тогымен магниттелген темір массасы.

Слайд арқылы жүк пойыздарына тиелген темір бөшкелер көрсетіледі.

М: Оқушылар ана кетіп бара жатқан бөшкелер, тонналаған темір шегелер, вагондар бір жерден екінші жерге қалай тасымалданады?

О: Мұндай үлкен массаларды ұстап тұру, бір орыннан екінші орынға жылжыту электромагниттік көтергіш крандар арқылы жүзеге асырылады. Орамдарына электр тогын жібергенде ол магниттеліп, бөшкеге тиелген шегелерді, темір кесектерін бір жерден екінші жерге тасымалдайды. Тіпті 1 вагонды да көтеретін қуаты өте күшті электромагниттер де бар.

Физикадан магнетизм тарауын қайталау сабақ жоспары

О: Бұл ғажап екен!

М: Ғажабы ғажап қой, бірақ кенет электр тогы болмай қалса ше, адамдар өліп қалмай ма?

О: Осындай апат жағдайы болған. Сонан кейін осындай қауіпті жағдайларды болдырмау және электр энергиясын үнемдеу мақсатында электромагниттерге ерекше тетіктер орнатылады. Тасылатын заттарды магнит көтергеннен кейін электромагниттің бүйір жағынан мықты болат қапсырмалар төмен түсіріліп, тығыз етіп жабылады. Бұлар жүктерді өздері ұстап тұрады, ал жүктерді тасу кезінде ток беру тоқталады.

М: Иә, бұл қазіргі техниканың дамығандығының айғағы. Қатты қыздырылған темір болванкаларды да таси алады ма?

О: Жоқ, бұл белгілі бір температурада ғана болуы мүмкін. Қызған металл магниттелмейді. 8000 қа дейін қыздырылған магнит өзінің магниттік қасиетін жоғалтады.

М: Жарайсың, мұны бәріміздің білгеніміз жөн.

О: Апай, сиқыршылар сиқыр көрсетеді деп жазыпты, сонда баралық!

М: Барсақ ,баралық.

Слайд арқылы жердегі темір жәшікті көтерген, сонан соң сол жәшікті көтере алмаған балуан суреті көрсетіледі. Оқушылар сиқырды көріп шыққан сыңай танытады.

М: Балалар, шынымен де сиқыршының сиқыры күшті екен, үлкен темір жәшікті көтеріп тұрған балуанның күшін алып қойды емес пе? Әп-сәтте -ақ көтеріп тұрған жәшігін көтере алмай қалды ғой?

О: Ой, апай, сиқыршының білімі күшті де, білімі жоқ надандарды алдап соқты. Жәшіктің темір түбі күшті электромагнит полюсі болып табылатын тығырық үстіне қойылған. Ток жоқ кезде жәшікті көтеру қиын емес, бірақ орамына ток жіберген электромагнит магниттеліп, олар бір біріне тартылады.

М: Жарайсың!

О. Апай анада біз көмектесіп еккен зығыр, жоңышқа алқабын көре кетелік?

М: Көрсек көрейік, жүріңдер, кеттік!

О: Керемет болып өсіп келеді екен! Жақсы суғарылыпты да.

М: Бірақ арамшөптер қаптап кетіпті ғой, мұнан қалай құтыламыз, жұламыз ба?

О: Апай, алқап өте үлкен ғой, сондықтиан қолмен жұлғаннан көп уақыт кетеді. Оны ауылшаруашылығы мамандарының өздері бірер минутта-ақ тазалап тастайды.

М: Қалайша?

О: Зығыр, жоңышқаның тұқымдары жылтыр, ал арамшөптердің тұқымдары түкті болып келеді. Шөп арасына ұсақ темір үгінділерін сепсе, жылтыр тұқымға жабыспай, арамшөп тұқымдарына жабысады. Сосын оны арнайы электромагниттер көмегімен тартып алады.

М: Өте дұрыс, жарайсың! Бұл электромагниттерді, индукциялық токтарды басқа қайда пайдалануға болады?

О: Энергияның түрлерін электр энергиясына айналдыратын генераторлар, трансформаторлар мен двигательдердің жұмысы осы электромагниттік индукция құбылысына негізделген. Автокөліктер де генератор өндірген индукциялық токпен жұмыс жасайды. Аккумулятор батареяларынан генератор орамдарына ток беріліп, одан үлкен мөлшерде индукциялық ток алынады.

О: Дене шынықтыруда ауыр атлеттер электромагниттер арқылы жаттығады. Жоғарыға ілінген электромагнит пен қолына ұстаған өтек арасындағы тартылысты жеңуге тырысады. Тартылыс күшін токқа байланысты тренерлер реттеп отырады.

Физикадан магнетизм тарауын қайталау сабақ жоспары

М: Мына тұрақты магниттің ұштарына жабысқан кілт неге оның ортасына жабыспайды?

О: Оның екі ұшы магниттің полюстері деп аталады, ал магнит полюстерінде магниттік күш күшті де,полюстен алыстаған сайын оның әсері әлсірейді.

М: Жарайсыңдар, оқушылар! Сендер электромагниттік өріс және магнит өрісі тараулары бойынша біраз білім алғандарыңды көріп тұрмын. Алдағы уақытта мұнымен тоқтап қалмай, білімдеріңді шыңдай түсулерің керек. Бүгінгі саяхатымыз осымен аяқталды. Сендерге көп-көп рахмет!

Әділ-қазылар алқасы қай топ жеңімпаз екендігін анықтап, мұғалім жекелеген оқушыларды бағалайды.

Сабақты қорытындылау.

Үйге тапсырма беру.

Арал көпсалалы колледжінің физика пәні мұғалімі Гүлден Жансүгірова








Қызылорда облысы, Арал ауданы, №2 Арал кәсіптік лицейінің физика және информатика пәні оқытушысы Гүлден Жансүгірова.



Ерлер- жердің қорғаны, елдің тұтқасы

№2 Арал кәсіптік лицейінің ер-азаматтарына арналған мерекелік кештің сценарийін назарларыңызға ұсынып отырмын.

Армысыздар, ардақты азаматтар,

Отбасының тірегі, елді бастар.

Құтты болып мереке баршаңызға

Бақ-береке әкелсін отбасыңа!

Халқымызда «Ер- елінің қорғаны» деген аталы сөз бар. Біз осындай жандардың ержүрек істеріне сай сый-құрмет көрсете отырып, отбасыларыңызға амандық, береке-бірлік, еңбекте жеміс пен шығармашылық табыстар тілейміз. Бүгінгі 7-мамыр Отан қорғаушылар күні мерекелеріңіз құтты болсын! Сіздердің құрметтеріңізге арналған мерекелік дастархан басына қош келдіңіздер!

Ағалар біздің кең арқау асқарымыз,

Жолын қуар солардың жастарымыз.

Абзал жанды ақылгөй ағаларға

Ілтипатпен иілген бастарымыз.

Еңбектерің жемісті қиыр шың боп,

Шапағатты шуақ-нұр құйылсын көп.

Шын жүректен құттықтап біз тілейміз:

Бар жақсылық, бар бақыт бұйырсын деп.

Ән. Гүлдерайым.

Бүгінгі мерекелік кештің сөз кезегін лицей директоры Е.Алиевке береміз.

Бүгінгі кешіміз 5 топқа бөлінген қыз-келіншектеріміздің ерекше сипатқа ие игі тілектері мен өнерлерін көрсетумен, сонымен қатар әр топ өздері дайындаған ойындарын ойнатумен жалғасын табады.

Меңгертетін бейімдеп мамандыққа,

Үйрететін жақсылық, адалдыққа,

Балғын жасты баулитын болашаққа,

Зор құрмет, ұстаз- ер-азаматқа!

Бүгінгі сый-құрмет тек сіздерге арналады. Сондықтан 1-стол басындағы қыз-келіншектердің дайындаған мерекелік тартуын қабыл алыңыздар!

  1. Ерекше тілек.

  2. Өз өнерін көрсету.

  3. Ойын ұйымдастыру.

Бүгінгі мерекеде жар салады,

Құрметтеп замандасын қарсы алады.

Қуаныш жырға бөлеп жүректерін,

Билейді, ойнап күліп, ән салады.

2-стол басындағы қыз-келіншектер тартуы.

Ер-азаматтардың орны қашанда бөлек. Олардың күш- жігеріне, ақыл-парасатына бүкіл әлем бағынған, бағынады да! Сондықтан халқымыз «Жердің қорғаны, елдің тұтқасы» деп ерекше ардақтаған. Ал ақын Мұхтар Шаханов:

...Жердің аман тұрғандығы,

Сол намысқой еркектердің арқасы...

Немесе

...Қайғы келсе жеңілмейтін,

Бақыт келсе, семірмейтін,

Ер мінезін қадірлейтін,

Еркектердің даңқы артсын !-деп жырға қосқан.

Арыстан келбетті, жолбарыс жүректі, қырандай қырағы, намысқой, ер мінезді азаматтарымызға жігерлеріңіз мұқалмасын, асқақ шыңдарды бағындырып, қонар тұғырларыңыз биітей берсін!

Келесі кезекті 3-столдағы қыз-келіншектердің игі тілектеріне берелік.

Жігіттерді мақтаймыз да, даттаймыз,

Жүректегі жалын отын сақтаймыз.

Олар қате істер істеп жатса да,

Бетке шауып онысын да айтпаймыз.

Сүйіп қалсақ, солар жайлы ойлаймыз,

Қасты түзеп, көзді, шашты бояймыз.

Кешке таман кеш келіп жатса дағы,

Тамақ жасап, кірін жуып баптаймыз.

Осы қыздар неге солай жасаймыз?

Көбін олар, азын біздер асаймыз.

Ұл туылса той жасаймыз дүркіреп,

Ал қыз болса шағымдана бастаймыз.

Ішіп келсе, сорпасын да дайындап,

Ақырын сөйлеп, сөзімізді пайымдап,

Жігіттердің көңіліне жағам деп,

Кетеміз ғой шаршы жерге қайыңдап.

Жұмысына кедергі де болмаймыз,

Ұялыдан іздеп маза алмаймыз.

Шаршап келсе алдынан шығып тағы да,

Есі жоқтай өтірік күліп алдаймыз.

Ер-азаматтар сіздер аман болыңыздар! Келесі кезекті 4-стол басындағы қыз келіншектерімізге береміз.

Ән.

Ертеде жаугершілік жиі болатын кезде , қазақтың екі жауынгері төс қағыстырып дос болыпты. Екі достың біреуі тұтқиылдан тиген жаудың қолына түседі. Досының қолға түсіп қалғанын естіген екінші батыр күздің қара суығын елеместен өзенді малтып өтіп, жау жатқан жағаға келеді.

-Мен қолдарыңа түскен бір жауынгерге құн төлеп, сатып алуға келдім. Менің оған айырбасқа бере малым да, мүлкім де жоқ. Бір-ақ нәрсе беремін. Ол-өзімнің өмірім. Досымды босатыңдар,-дейді.

Қолбасы ойланып отырып, оны сынамақ болады.

  • Жарайды, мен сені қыршыныңнан қимай-ақ қояйын. Маған сол өміріңнің бір бөлшегін берсең болады. Ол-сенің көзің, мен сенің екі көзіңді ойып аламын!-дейді.

  • Ол да болсын, көзімді тезірек ал да, досымды тезірек босат,- дейді жігіт.

Сөйтіп әлгі жауынгер тұтқыннан босаған досының иығына қолын артып, зағип күйі қуанып, күлімдеп келе жатады. Мұны көрген жаудың қолбасшысы:

-Мынадай ерлері бар халықты тұтқиылдан келіп бас салмаса, бетпе-бет ұрыста жеңу қиынға соғады екен,-деп түйіпті.

Біз сіздерге осы достардың достығындай достық пен ауызбіршілік, адалдық тілейміз.

5-стол басындағы қыз-келіншектеріміздің мерекелік тартуын қабыл алыңыздар!

Француздар «Әйелдің кішкене кемшілігін кешіре білмеген еркек әйел затының жан дүниесі сыйлайтын рахатынан мақұрым қалады» дейді екен.

Әйелді қадірлеп, түсіне білетін, сүйе білетін, кішкене кемшілігін кешіре білетін, жүрегі кең, жаны жомарт азаматтарымыз аман болсын!

Бата беру.

Қорытынды сөз.

Қызылорда облысы, Арал ауданы, №2 Арал кәсіптік лицейі. Физика-информатика пәндері мұғалімі Гүлден Жансүгірова


Қызылорда облысы

Арал ауданы

№2 Арал кәсіптік лицей




Физикадан магнетизм тарауын қайталау сабақ жоспары


Тақырыбы: Ана-ұлт тәрбиешісі

Өткізген: Г.Жансүгірова физика және информатика пәндерінің мұғалімі





2011-2012 оқу жылы

«Бекітемін»

Директордың оқу-тәрбие

жұмыстары жөніндегі орынбасары: Ж.Орынбаев

Тәрбие сағатының жоспары

Тақырыбы: Ана- ұлт тәрбиешісі

Мақсаты: Дүниедегі жақсылық атаулының барлығы күннің нұрынан, ананың мейірімінен тарайтынын ұғындыру;

Ананы қадірлеп, сыйлай білуге, мейірімділікке тәрбиелеу.

Аналар мерекесіне орай ұстаз-аналарға құрмет көрсету.

Көрнекілігі: Қанатты сөздер, слайдтар

1-жүргізуші: Құрметті ата-аналар, ұстаздар, көктемнің шуақты күндерімен қатар келіп жатқан төл мерекелеріңіз құтты болсын! Сіздерге зор денсаулық, қажымас қайрат, отбасыларыңызға береке-бірлік, еңбектеріңізге табыс тілейміз. Осы мерекеге орай 69- топ оқушыларының ұйымдастыруымен өткелі отырған «Ана- ұлт тәрбиешісі» атты тәрбие сағатымызға қош келдіңіздер!

2-жүргізуші: «Ана» Үш-ақ әріптен құралған осынау бір сөздің астарында қаншама мән жатыр десеңші. Тіршіліктің қайнар көзі, мейірімнің қайнар бұлағы Анадан қасиетті, анадан киелі ештеңе жоқ. Ана - әрбір адамның жарық дүниедегі ең жақыны, жанашыры, қадірлісі, қамқоршысы ақ сүтін беріп аялаған жанын да аямаған ардақтысы. Кез келген адамның әдептілігі мен жан дүниенің сұлулығы, ең алдымен балаға ақ сүтін беріп, әлпештеп өсірген ана жүрегінің жылуынан басталады. Бала бойындағы ең жақсы қасиеттер бізге алдымен анадан тарайды. Ананың нәзік үні, жұмсақ аялы алақаны, жан жылуымен аялауы бізді әлдилеп жұбатады.

Баласы үшін анасы бармайтын құрбандық бар ма? Ана болу - бүкіл өміріне кететін ұлы рухани күш пен ерен еңбек. Өз баласын бағып қағуда, ол ана өзін-өзі ұмытып барлық күш жігерін сарқа жұмсайды, бұдан оның жаны байи, нәрлене түседі. Адам «адам» болғысы келсе, алдымен ананы қастерлей білуі керек. Өмірде ана алақанының қызуы мен әке-шеше мейірімін тоя жеген тамақ та, шипасы күшті дәрі де алмастыра алмайды.

1-жүргізуші: Әрбір ана отының өшпеуін, бақытының көшпеуін, шаңырағының құламауын, сәбиінің жыламауын, сұм соғыстың болмауын, өз перзентін асылым мен алтыным, жасыл желек жарқыным,, аспандағы жұлдызым, маңдайдағы құндызым деп, өмір бойы, күні-түні перзентінің тілегін тілейді. Не деген құдіретті мейірім десеңші.

Әділбек:

О, анам, Алатаудай асқарымсың,

Жазылмаған өлеңім, дастанымсың,

Кеудеме сыймай жүрген жұмбақ сырым

Әрдайым өзің үшін ақтарылсын.

Мен үшін орның бөлек бұл өмірде,

Анашым, нұр шашасың жүрегімде.

Сен болмасаң осылай бақытты боп,

Жарқылдап, шалқып, тасып, жүремін бе?-дей келе «Анаға сәлем» әнімен Шадиярды ортаға шақырамыз.

Шадияр:

Бәрімізге анасың,

Біз үшін күн боп жанасың,

Құтты болсын мейрамың,

Құтты болсын ұстазым!

2-Жүргізуші:

Келесі кезекті оқушылардың ана туралы жаттаған өлеңдеріне береміз

Әділбек:

Сіздерден өсер балалар,

Батырлар мен даналар

Құтттықтаймыз мейраммен

Құрметті ұстаз, аналар!

Ақберген:

Дүниедегі ең ардақты асыл жан,

Анам менің мәпелеген жасымнан.

Мен қуансам қуанады ол бірге,

Мен қиналсам табылады қасымнан.

Маған қымбат жан жоқ сірә анадан ,

Бар жақсылық аналардан тараған

Жер бетіне өмір нәрін себуші

Ана алдында борышты ғой бар адам.

Руслан:

Ардақты ана, аяулы ана, қымбаттым,

Тәтті ұйқыңды бөліп талай түн қаттың,

Өміріме нәрін берді ақ сүтің,

Кең құшағың аясындай гүл бақтың.

Мен өзіңмен қайда болсам біргемін,

Махаббатың жүрегімде жүр менің

Күн нұрындай жадырай бір күлгенің

Қандай жақсы ортамызда жүргенің!

Қуаныш:

Ер жеткізіп елге берген баласын,

Ақылдысың, ардақтысың, данасың.

Қарайтыным қас-қабағың бір сенің,

Қайратыңнан қайта көрме анашым.

2-жүргізуші: Ана - отбасының негізгі діңгегі, бастапқы дәнекері. Дәстүрлі қазақ отбасында ананың қадірі жайлы ерекше айтылған. Әсіресе, тіршіліктің қайнар көзі, махаббаттың шуақ күні, мейірімнің кәусәр бұлағы - Ана есіміне қатыссыз дүниеде қасиетті ештеңе жоқ. Сондықтан ананы ардақтамайтын халық та жоқ. Ана баланы тоғыз ай көтеріп, толғатып, дүниеге келтіріп қана қоймайды.

Бала, бала, бала деп,

Түнде шошып оянған.

Түн ұйқысын төрт бөліп,

Мұзды бесік таянған, - да ана, көзінің қарашығындай қорғап, аялап өсіріп, аяғынан тік тұрғызатын да ана. Халықтың халықтығының басты нышаны - туған елінің тілін үйретіп, сазына қандыратын да ана. Сондықтан ұлттың рухани өзегі, қан тамыры болып табылатын тілі - Ана тілі деп аталады.

Нәресте өмірінің нәрі - Ана сүті. Халқымыздың байырғы ұғымында баланың Анасы алдындағы парызын өтеуі «Ана сүтін ақтау» деп аталады. Оның жөнін халық: «Ана сүтін Анаңды Меккеге үш рет арқалап апарып келсең де, өтей алмайсың», - деп түсіндіреді.

Алайда, «Ананың көңілі - балада, баланың көңілі - далада», - демекші, өзінің перзенттік борышын түсінбеген, сөйтіп, анасын жерге қаратып, көкіректерін қарс айырғандар бұрын да болған, қазір де жоқ емес.

Топ оқушыларының «Соқыр ана» атты көрінісін тамашалаңыздар.

Жалғыз көзді соқыр ана,

Жәйіменен басып ғана,

Баласының сабағына келеді.

-Анау отырған менің балам, айналайын мұғалім, баламның сабағы мен тәртібін білуге келіп едім.

-А, мына отырған бала ма?

Сыныптас жолдасы: Мақсат, сенің анаң соқыр екен ғой, неге айтпадың осы уақытқа дейін?

Деген кезде баласының түсіп кетті қабағы

Анасына ол айуан көзбен қарады.

Ыза буып, бөлме есігін тарс жауып,

Шығып кетті бетке ұстап даланы.

Анасы жүр бәйек болып, ас әкеп,

Баласының қамын ойлап аш қалған.

-Тамағыңды ішпеймін, Сен неге келесің менің сыныбыма? Мен сенен ұялам, өйткені сенің көзің соқыр. Айтшы, неге, көзің соқыр?

Жылады ана, еңіреді, егілді,

Қайғы шерге толды ананың жүрегі,

Шын жылады, соқыр көзден жас шықты,

Көкірегіне бар құпия көмілді.

Баласы: Тезірірек оқу бітіріп, қалаға кетсем екен, мына соқыр анамнан құтылып, тезірек оны ұмытсам екен!

Иә, дәл солай, болды жігіт, сол кісі,

Екінші рет болмады онда енді ісі

Содан бері ол оқуды қуалады,

Одан бетер суық болды анаға.

Оқимын деп әрі қарай жиналып,

Тартып кетті шетел асып қалаға.

Айтқандай ақ ол анасын ұмытты,

Жұмыс тапты, маман болды білікті,

Әйел алды, бала сүйді баласы

Есіне алып, ойлады, қазір анасын.

Сұр күз келді, жауын сілкіп жауып тұр,

Жігіт үйі сән-салтанат тауып тұр,

Құлақ салды әйелі де, өзі де,

Есіктерін біреу келіп қағып тұр

Бітті әңгіме, болмас қайта бас сауға,

Қалды ана демеу болар дос бар ма,

Төпелетіп ақ жауынын төккен күн

Күңіреніп анаменен бір батты.

Уақыт зырғып, айлар өтті, жыл өтті,

Өткен әр жыл жиырма түлек түлетті,

Ауылға кел, сағындық деп достары

Хат жіберіп шақыртыпты жігітті.

Көп ойланды жігіт біраз қиналды,

Дегенменен барамын деп ұйғарды,

Әйелді алып, баланы алып сол күні,

Жол жүрмекке отбасымен жиналды.

Келді ауылға ,ойлап кетті ананы,

Келген ойы басқа арнаға ауады.

Балалықты еске алсам деп жаяулап,

Туған үйдің есігін кеп қағады.

Көрші әйел шығып, баласына анасының бақилық болғандығы туралы хабарды айтады. Анасының баласына табыстап кеткен хатын береді.

Балам, ботам, айым, асылым,

Айтылмаған бір сыр бар еді жасырын

Кеудемді өртеп барады сол күрең ой,

Жазам хатқа, оқып қалқам, біле ғой.

Әкең бар еді жаны жайсаң балаға,

Үйден шықтық қыдырсақ деп қалаға

Өзіменен бірге кетіп арманы,

Жол апаты жан әкеңді жалмады.

Зақым келді сенің оң жақ көзіңе,

Алас ұрдым, амандық тілеп өзіңе,

Қатты зақым алған екен ұлыңыз,

Сау көз тауып салу керек, дереу, тез.

Деген сөзін дәрігердің естіп ап,

Өссін, өнсін, бақытты әр кез болсын деп,

Балам үшін құрбан еттім өзімді,

Саған бердім сап-сау тұрған көзімді.

Міне, балам, содан бері соқырмын,

Содан бері таңылмайды шешімім,

Осы көзбен мен ұялтсам өзіңді,

Кешір ботам, кешір қалқам, шешеңді.

Өкініштен өзегі өртенген бала аһ ұрып жылайды ,бірақ, бәрі де кеш еді...

1-жүргізуші:

Төгілген маған мейірімің- бейне шуағың,

Сарқылмас мәңгі ән салған бастау бұлағың,

Жасашы, Ана, жасашы менің- тілерім,

Қанатын қомдап, ұшса да биік ұланың.

2-жүргізуші:

Анашым, сенсің мәңгілік менің тірегім,

Мен үшін пана нұрлы әлем сыйған жүрегің.

Еңбегіңді ақтап аялап өтсем тек сені,

Болмас-ты басқа перзенттік менің тілегім.

Ортаға «Ана туралы жыр» әнімен Сәбитті шақырамыз

1-жүргізуші:

Арман - 9 жаста. Анасының тапсырған үй жұмыстарын орындағысы келмей қабағы түседі. Бір күні анасына мынадай хат жазады.

Ана, маған үй жұмыстарын істеткенініңіз үшін төмендегідей қарызыңыз бар:

Нанға барам - 100 теңге, бөлмемді жинадым - 50 теңге, «5» алдым - 50 теңге, қоқыс төктім - 100 теңге, компьютер ойнамадым - 50 теңге, құлайын деп тұрған ыдысты ұстап қалдым - 50 теңге, киімдерімді реттедім - 100 теңге, кір киімдерімді кір жуғыш машинаға салып қойдым - 50 теңге.

Барлығы: 550 теңге қарызыңыз бар. Уақытысында төлемесеңіз, үстеме қосатынымды айтып қояйын!

2-жүргізуші:

Анасы Арманға мынадай жауап жазады:

Саған ана сүтін бердім - 0 теңге, түнде әлсін-әлсін оянғаныңда, қасыңда болдым - 0 теңге, ауырып қалсаң, қасыңнан кетпедім - 0 теңге, түсінбеген сабағыңды түсіндірдім - 0 теңге, сен қуансаң, бірге қуандым - 0 теңге, сені қандай да болсын жамандықтан қорғауға тырыстым - 0 теңге, сені еркелеттім - 0 теңге, ұнататын заттарыңды алып бердім - 0 теңге.

Арман өзі жазған хаты үшін қатты ұялады. Бұдан былай анасын ренжітпеуге, айтқанын орындауға бекінеді.

2-жүргізуші: Құрметті көрермен апайлар, ата-аналар, сіздердің де ата-аналарыңызды ренжіткен кездеріңіз және сол үшін ұялған уақыттарыңыз болды ма?

Сөз кезегі қонақтарға беріледі.

.

1-жүргізуші:

Әзілі мен әні жарасқан топ жігіттерінің көңілді қойылымдарын тамашалайық.

Оқушылармен және көрермендерден ана туралы мақал-мәтел сұралады және оның мәнін ашу.

2-жүргізуші: Енді аналарды неге теңеуге болады? Оқушылардан сұрала отырып, өзі слайд арқылы қорытындылайды:

Ана-ұстаз

Ана-қызметкер

Ана-ғалым

Ана-ұлттың ұйытқысы, ... т.б.

Бүгінгі тәрбие сағатымыздың қонағы болып отырған Гүлхан апайға сөз беру, қонақтарға сыйлықтар табыстау.

«Бір өзің бастап өмір жолдарын,
Жүрегіңе жүрегімді жалғадым.
Өзің мына сыйға берген өмірде,
Ақ сүтіңді ақтап өту арманым» сөзімен аяқтағым келеді. Ана біздің баға жатпес асыл байлығымыз. Осы баға жетпес асылымызды қадірлеп, көңіліне кірбің түсірмей аялай білейік достар! Құрметті ұстаз-аналар, бүгінгі кешімізге қатысқаныңызға рахмет айта отырып, тәрбие сағатымызды аяқтаймыз.

Физикадан магнетизм тарауын қайталау сабақ жоспары

Физикадан магнетизм тарауын қайталау сабақ жоспары


Физикадан магнетизм тарауын қайталау сабақ жоспары

Физикадан магнетизм тарауын қайталау сабақ жоспары





Қызылорда облысы

Арал ауданы

№2 Арал кәсіптік лицей



Физикадан магнетизм тарауын қайталау сабақ жоспары


Тақырыбы:

«Ұлыстың ұлы күні - Наурыз»


Өткізген: Физика және информатика пәндерінің мұғалімі, Г. Жансүгірова



Арал қаласы, 2010 ж.

«Бекітемін»

№2 Арал кәсіптік лицей

директорының оқу- тәрбие жұмыстары

жөніндегі орынбасары: Ж..Орынбаев

Ашық тәрбие сағатының тақырыбы:

«Ұлыстың ұлы күні - Наурыз»

Мақсаты:Оқушыларды халқын, Отанын сүйе білуге тәрбиелеу.

А) Білімділік:Ұлыстың ұлы күні туралы білімдерін кеңейту.

Ә)Дамытушылық:Оқушылардың халқымызың салт- дәстүрлері арқылы ойлау қабілетін дамыту, дәстүрлерімізді насихаттап,жаңғырту

Б)Тәрбиелік:Отанын сүйгіштікке, жауапкершілікке, жолдастыққа тәрбиелеу.

Ұйымдастыру формасы:Сайыс

Көрнекілігі:Газет - журнал материалдар,қажетті әдебиеттер, суреттер мен плакатттар, шаңырақтар, қанатты сөздер,бесік,қамшы,домбыра,...т.б.

Қанатты сөздер:

1.Ұлыс оң болсын,

Ақ мол болсын!

2.Қайда барса жол болсын!

Ұлыс бақты болсын!

3.Төрт түлік ақты болсын!

Ұлыс береке берсін,

Бәле - жала жерге енсін!

Өту барысы:

Көрініс: Қыз-жігіттер бір - бірімен құшақтасып, наурыз құтты болсын айтып , ақ тілектерін білдіреді.

Анар:

Наурыз келсе,құт келгені халайық

Шашу шашып, ел боп қарсы алайық!

Шашу шашылады.

Ләззат:Ұлыс оң болсын!Ақ мол болсын!

Хормен:Наурыз келе жатыр,қарсы алайық!

Наурыз қыз:Салем, ата- аналар!

Айналайын, балалар!

Уақыт үдеп келдім мен,

Бақыт тілеп адамға.

Сайратамын бұлбұлды,

Жайнатамын гүл- гүлді

Жылғадан су ағызып,

Гүлдендірем әлемді.

Наурыз қыз арнайы өзіне тағайындалған орнына отырып, тойды тамашалайды.

Талғат: Ау, қыз - жігіттер, наурызга арналган тойымызды ауылдың алты ауызымен бастамаймыз ба? Ал, Тоғжан,шырқап жібер!

«Наурыз» әні орындалады.


Жүргізуші:Қыс өтіп, қар кетіп,

Шырайлы жаз жетіп,

Шаруаның кенелген

Мейрамы ежелден

Құтты болсын, бұл Наурыз!

Ұлыстың ұлы күні құтты болсын!Бүгінгі тойымызды тойлауға 3 ауыл жастары келіп отыр, тойымызды осы жастардың сайысы арқылы өткізгіміз келіп отыр.

Ауыл жастарының аттарымен таныстырып, орындарына жайғасуын сұраймыз.

  1. ші «Наурыз» ауылы

  2. ші «Көктем» ауылы

  3. ші «Той бастар» ауылы

Шалқытып мерекеде ән салайық,

Өнерпаз өрендерге тамсанайық.

Әділдік пен теңдікті ту еткен

Құрметті қонақттарды қарсы алайық!

Сайысымызға төрелік етуге сонау алыстан ат арытып билеріміз келіп отыр, қошеметтеп ортаға шақырайық.

1 - Ұлы жүзден ат арытып келіп отырған Төле биді ортаға шақырайық (Алмат ағай)

2 - Орта жүз биі Қаз дауысты Қазыбек биді қошеметпен қарсы алайық (Қонысбай ағай)

3- Кіші жүз биі Әйтеке би. (Қожақ ағай)

Билер жайғасып болса, сайысымыздың шартымен таныстьырып өтейін:

  1. Халық әні

  2. Ұлттық тағам түрлерін таныстыру.

  3. Ұлттық салт - дәстүрлерден көрініс.

  4. Көкпар ұлттық ойыны.

Уа жараңдар, жараңдар!

Бәрің бері қараңдар,

Сендер үшін жасалған.

Тоқсан түрлі тағам бар!

Қымыз бенен шұбат бар,

Шұбатта дәрі, қуат бар,

Іркіт пенен айран бар,

Айранды іш те, қайран қал.

Ірімшік пен құрт та бар,

Оны азсынсаң сықпаны ал.

Жеті түрлі дәм салған,

Көжеден дәм татыңдар!

Наурыз көже таратылып, дәм татылады.

Ау, халайық, тұрмайық,

Әндетейік, жырлайық.

Ортамызды ашайық,

Думандатып би билеп.

Інжу маржан шашайық.

  1. Көктем ауылының әншісі Тоғжанның орындауындағы «Сүгірдің термесі» қабыл алыңыздар!

  2. Наурыз ауылының әншісі Саматтың орындауындағы «Үкілі қыз» әнін қабыл алыңыздар!

  3. Наурыз ауылының әншісі Ұлболсынның орындауындағы «Гүл дәурен» әнін қабыл алыңыздар!

Әділ қазылар алқасынан әннін бағасын сұрау.

Малдар төлдеп қой қоздап,

Сүттен бұлақ ағызған.

Жаңа жылдың сипаты,

Молшылыққа аңыз боп.

Басталыпты Наурыздан, -

демекші көшпелі қазақ халқы жаңа жылды Наурыздан бастаған.

Ұлыс күні қазан толса,

Ол жылы ақ мол болар,

Наурыз молшылық пен береке айы, жастарымыздың дайындаған ұлттық тағам түрлерін таныстыруға кезек берейік.

«Көктем» ауылы «Әсіп тағамы»

«Тойбастар» ауылы «Құрт - ірімшік»

«Наурыз» ауылы «Наурыз көже»

Әділ қазылар алқасынан ұлттық тағам түрлері жасаудағы бағаларын сұрау.

Жаңғырар дәстүр - салтымның,

Көзелсін бұлақ - жылғасы.

Қастерлі менің халқымның

Мереке Наурыз - жыл басы

«Көктем» ауылының қыз ұзату тойынан көріністі тамашалайық.

Сыңсу айтып ортаға ұзатылып жатқан қыз шығады:

Ақ отауым тіккен жерім майдан болсын,

Ақ жүзімді көрерге айнам болсын.

Кісі әкесі кісіге әке дейді,

Айналайын әкемдей қайдан болсын?!

Алтын да менің босағам,

Аттап бір шығам деп пе едім...

Күмісте менің босағам,

Күңіреніп шығам деп пе едім?

Қалайы сандық кілтім -ау,

Жылама дейсің,жұртым-ау

Жыламай қайтіп шыдайын,

Барасың қалып жұртым - ау!

Қыз әкесі: Баласын баласы әкетіп барады,

Мұңайып не етесің,

Сен бүгін ұшасың, кетесің

Көкешім ,әкеңнен әкеңе жетерсің!

Шешесінің қызымен қоштасуы:

Қарғам - ай,

Халқыңа қалаулы бол!

Еліңе елеулі бол!

Ертеңмен ерте тұрасың,

Түндігіңді ашарсың,

Сиырыңды сауарсың,

Малыңды өріске айдарсаң,

Самаурыныңды қоярсың,

Сүтімді сонда ақтарсың,

Қарағым - ай, не айтайын,

Енді жат жұрттық болғасын. «Тойбастар» ауылынында «Беташар» болғалы жатыр, соны тамашалайық.

Бісміллә сөзден бастайын

Бетіңді келін ашқаным,

Жасы үлкенді сыйлап жүр

Құрмет қылып жасқанып.

Балалық күнің өтті енді

Аналық күнің жетті енді

Айт,келін- ау,айт келін!

Атыңның басын тарт, келін!

Қыз көңілден қайт, келін!

Сауысқаннан ақ келін!

Жұмыртқадан ақ келін!

Күйеуіне шақ келін!

Ел жұртыңа жақ, келін!

Өзің бір ақыл тап,келін!

Ата- енеңді бақ,келін!

Наурыз ауылында «Бесікке салу тойы.»

Келесі кезекте көкпар ойынын көруге шақырамыз. (Сұраққа жауап беру арқылы ұтқан топ жеңімпаз аталып көкпарды қазанға салған боп есептеледі.)

  1. Байғазы дегеніміз не?

  2. Көрімдік дегеніміз не?

  3. Ерулік дегеніміз не?

  4. Асар дегеніміз не?

  5. Сүйінші дегеніміз не?

  6. Жамбас кімге тартылады?

  7. Төс кімге тартылады?

  8. Құйымшақ кімге тартылады?

Төле бидің батасын алу.

Кешті қорытындылау. А. Сағынбаева.
























№2 кәсіптік лицей



Физикадан магнетизм тарауын қайталау сабақ жоспары

Тақырыбы:

«Вакуумдегі электр тогы»

Пән мұғалімі: Г. Жансүгірова



Арал қаласы, 2010 ж.

«Бекітемін»

Директордың оқу-өндірістік

жұмыстары жөніндегі орынбасары: А.САғынбаева

Тақырыбы: Вакуумдегі электр тогы

Пән: Физика

Топ: №54

Күні: 24.09.2009 ж

Сабақтың тақырыбы: Вакуумдегі электр тогы

Сабақтың мақсаты:

А) Білімдік: Вакумдегі электор тогы туралы түсінік беру. Электронды шамдар құрылысы, түрлері туралы мәліметтер бере отырып олардың техникадағы маңызы туралы айту.

Б) Дамытушылық: Пәнге деген қызығушылығын оята отырып ,олардың ойлау қабілеті мен бейімділігін арттыру.

С) Тәрбиелік: Оқушыларды алға қойған мақсатына жете білуге, өз бетінше шешім қабылдай алуға және жолдастыққа, ұжымшылдыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Аралас сабақ

Сабақтың типі: Саяхат сабақ, аукцион сабақ.

Сабақтың әдісі: Көрсете- түсіндіру, ойын ойнату, аукцион ойнату, сұрақ - жауап, қарточкамен жұмыс, өз бетінше жұмыс.

Сабақтың көрнекілігі: диод, триод, иод, электрондық- сәулелік түтік, мультимедиялық аппарат, слайдттар, карточкалар, аукциондық балғаша.

Сабақтың пәнаралық байланысы: математика,электротехника, сызу.

Сабақтың барысы: I Ұйымдастыру кезеңі.

  1. Оқушыларды түгендеу, олардың сабаққа даярлығын тексеру, оқушылар назарын сабаққа аудару. Қызылорда облысының 70 және Қызылорда қаласының 190 жылдығы туралы атап өту және соған орай топтың Арал - Қызылорда бағыты бойынша шығатыны туралы хабарлау. Шарттармен таныстыру.

  2. Саяхатқа билет алу. Үй тапсырмасын карточка арқылы сұрау, жауап берген оқушы билет алған болып есептеледі.Жауап бере алмаса ,досынан ақшалай көмек алуға болады (Сұрағына жауап береді).Автобус саяхатқа шығады.

Қазалы стансасы.Оқушыларға жаңа сабақты түсіндіру (Слайдтар арқылы):

1.Вакуум туралы түсінік беру.

2.Вакуумдегі эдектр тогын тысмалдаушылар.

3.Электродтар арасында зарядтың орын ауыстыру жұмысы, формуласы.

4.Екі электродты шам- диод туралы мәлімет беру,құрылысы, қолданылуы туралы айту.

5.Шартты белгісін көрсету.

6.Вакуумның вольт-амперлік сипаттамасын айту.

7.Қанығу тогы туралы, Ом заңының электрондық шамдарға қолданылмайтыны туралы.

8.Үш электродты шам- диод туралы мәлімет беру, құрылысы, қолданылуы туралы айту.

9.Шартты белгісін көрсету.

10.Электронды-сәулелік түтікті көрсетіп, оның құрылысымен таныстыру, жұмыс істеу принципімен таныстыру.

Төретам стансасы.Сабақты пысықтау, есеп шығару.Есеп шартын слайд арқылы көрсету.

Жосалы стансасы.Сабақты бекіту.Аукцион өткізу.Сатылатын заттар:диод,триод, электрондық - сәулелік түтік.Сатып алушы адам, мысалы,дидотың құрылысын , қолданылуын, жұмыс істеу принципін айтуы керек, толық жауап берген жағдайда , диод сол адамға сатылған болып есептелінеді.

Тереңөзек стансасында сабақ қорытындылап, оқушылар бағаланады. Үйге тапсырма ($12.5.23-жаттығу №1,3.)беріледі.

Осы талаптар орындалғанан кейін , оқушылар Қызылорда қаласындағы мерей тойға келіп жетеді.










© 2010-2022