• Преподавателю
  • Физика
  • Мақала «Жаңа технологиялық әдіс - тәсілдер арқылы оқытудың тиімділігі мен кездесетін қиыншылықтарын жоя білу»

Мақала «Жаңа технологиялық әдіс - тәсілдер арқылы оқытудың тиімділігі мен кездесетін қиыншылықтарын жоя білу»

   Бір сыныпта отырған балалардың ұлты, оқу ынтасына қарай тілді білу дәрежесі де әртүрлі болып келеді. Сол себепті де нақты нәтижеге жету үшін модульдік оқыту технологиясының тиімді екенін күнделікті іс- тәжірибемнен көріп келемін. «Қазақ тілін» оқытуда   – негізгі және орта деңгейлер бойынша қазақ тілін қатысымдық тұрғыдан меңгерту; оқушыны өз ойын айқын, түсінікті жеткізуге үйрету, тілдік қабілеті дамыған дара тұлғаның дамуына мүмкіндік жасау.» деп мақсат қоя отырып, оқыту қазақ тілді емес ме...
Раздел Физика
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

ҚМақала «Жаңа технологиялық әдіс - тәсілдер арқылы оқытудың тиімділігі мен кездесетін қиыншылықтарын жоя білу»арағанды қаласы «№100 жалпы білім беретін орта мектебі» КММ

«Жаңа технологиялық әдіс - тәсілдер арқылы оқытудың тиімділігі мен кездесетін қиыншылықтарын жоя білу»

Донести до читателей об обучений методом новых техонологии.

To inform readers about new training methods tehonologii


Елбасымыз жыл сайын xалқына жолдауында білім саласын ешқашан естен шығармайды. Білім саласындағы ұстаздық жолында бала тәрбиелеу, білім беру оқуда жаңа - тәсілдер қолдану қазіргі заманда алға қойылған өзекті мәселе дейді. Соңғы бірнеше жылдар барысында Мемлекетіміз білім беру және денсаулық сақтау саласына көп көңіл бөлуде.

Оқыту қазақ тілді емес мектептердің сыныптарында «Қазақ тілі» пәні оқушылардың жас ерекшеліктеріне сай тілді үйренуге, қабылдауға қатысты психологиялық жай-күйді ескере отырып, 1-сыныптан бастап оқытылады.

Бір сыныпта отырған балалардың ұлты, оқу ынтасына қарай тілді білу дәрежесі де әртүрлі болып келеді. Сол себепті де нақты нәтижеге жету үшін модульдік оқыту технологиясының тиімді екенін күнделікті іс- тәжірибемнен көріп келемін.

«Қазақ тілін» оқытуда - негізгі және орта деңгейлер бойынша қазақ тілін қатысымдық тұрғыдан меңгерту; оқушыны өз ойын айқын, түсінікті жеткізуге үйрету, тілдік қабілеті дамыған дара тұлғаның дамуына мүмкіндік жасау.» деп мақсат қоя отырып, оқыту қазақ тілді емес мектептерде қазақ тілін үйрету үшін Мемлекет қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдеріне үлкен сенім артып отыр деп түсінемін.

Сондықтан мен болатын әрбір сабағыма ерекше дайындаламын. Әсіресе, бастауыш сыныптарға ерекше дайындық керек, себебі үйде ата - аналарымен дайындалулары үшін көрнекілік құралдарын, таратпа материалдарды міндетті түрде көп дайындау керек. Сабаққа дайындалғанда өткен сабақтарымды талдай отырып жоспар құрамын, сабақтарыма әрбір модульді кіргізуге тырысамын.

Жоспар құрып отырғанда өткен сабақ қорытындыларына, модулдерге жеке- жеке назар аударамын. Мен барлық сабақтарымда да, «Сыни тұрғыдан ойлау», «Диалог», «Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау», «Ақпараттық коммуникативтік технология», «Жас ерекшелігіне қарай оқыту» модулдерін міндетті түрде кіріктіріп отырамын.

Құрған жоспарым бойынша оқушыларға керекті таратпа материалдар, тақырыпқа байланысты түрлі сұрақтар, суреттер жинақтап отырамын. Осы жинаған материалдарымды сабақта оқушыларды сөйлету үшін ұтымды пайдалануды, оқушыларды суреттер, сұрақтар арқылы сөйлетуді ойластырамын. Сабақ барысында оқушыларға таратып беремін де іс- әрекеттерін бақылаймын. Сабақ аяқталған соң оқушылар қай тапсырма бойынша, қалай жұмыс жасады, қандай тапсырмалар қиыншылық тудырды, қандай тапсырмаларды орындаулары сәтті шықты қарастырып сабаққа талдау жасаймын. Талдау барысында сабақтың кем тұстарын, толықтыратын жақтарын, ұтымды болған жерлерін қарастырамын. Басында қиыншылықтар көп кездесетін, себебі дәстүрлі сабақтарда мұғалімнің өзі сөйлеп, оқушыны толық тыңдамай тоқтатып отырғанына үйренген балалар, еркін сөйлемейді, өз тілі болмағандақтан аудармалардан да қиналады деп тұжырым жасадым. Өз сабақтарымда оқушылар көбінесе Блум таксономиясының элементтерінен, деңгейлік тапсырмалардан қиналатын. Диалог құруда жіктік жалғаулары мен сөздердің орын тәртібі қиыншылық тудыратын. Оқушыларымның да өзімнің де осындай тығырықтан шығуымыз үшін, әдеттегідей өзім түсіндірмей оқушыларға ситуациялық жағдаят туғызатын болдым. Сонда өздері ойланып, бір - бірінің қателерін түзеп, бірін - бірі толықтыра отырып, кездескен қиыншылықтарын бірте - бірте жеңе бастағандарын өздері байқамай қалды. Әрине, бұндай нәтижеге бір емес, бірнеше сабақ бойы қол жеткіздік. АКТ - ны қолданғанда тек өзімнің дайындап берген тапсырмаларым бойынша интерактивті тақтада флипчартпен жұмыс жасайтын, себебі ұялы телефон ұстауға тиым салынатын, енді флипчарт, презентация жасауды өздеріне тапсырамын, сабақта телефон, смартфонды еркін пайдалана алады, мектеп жаңа технологиялармен толық жабдықталған, сондықтан оқушыларға сабақта ноутбуктер таратып беру мүмкіндігіне де қол жеткізіп отырмыз. Әр қабатта жылдамдығы жоғары интернет көзі тартылғандықтан, интернетке кедергісіз шығады.

Әрине, жаңаша технологиялармен оқытудың тиімділігі әр сабағымда айқын байқалады. Мысалы: 4- сыныпта «Менің елім - Қазақстан» модулін алатын болсақ, Нәтиже сабағында сыныпты топқа бөліп, бірінші топқа: «Қазақстан қалалары жайында жоба», екінші топқа «Қазақстан байлықтары туралы бағдарлама», үшінші топқа «Астана қаласының көрінісі» жайында теледидардан хабар дайындаңдар деп тапсырма бердім. Оқушылар аса құлшыныспен қатысты. Бір сабақтың барысында бірнеше тапсырмаларды оңай орындап үлгерді. Сабақта «Диалогтік оқыту» (оқушылар ұйымдастру кезеңі, психогиялық дайындық, үй тапсырмасын сұрау, сабақты қорытындылаудан басқа топпен жұмыс жасағанда да өте жақсы диалогке түсті, теледидар арқылы бір - біріне жақсы сұрақтар қойып, сапалы жауап беріп отырды) , «Сын тұрғысынан ойлау», «АКТ» ( әр топ теледидарға бағдарлама жасағанда интернеттен пайдалы ақпарат алуда, флипчартпен жұмыс жасауда, слайдтар жасағанда технологияны қызыға, тиімді пайдалана білді), «Бағалау» (оқушылар өзін - өзі бағалауда, топтық бағалауда берілген критерилер бойынша әділ бағалауды үйренгендерін көрсете білді), «Жас ерекшелігіне қарай оқыту» (бастауыш сынып деңгейі бойынша берілген тапсыраларды жақсы меңгергере алғандарын көрсете білді) модулдері өте тиімді қолданылды деп айтуға болады.

Осы топтық жұмыс барысында бірінші топ оқушыларының жауабына бүкіл сынып араласып, соңы ұжымдық қалыпқа ауысты. Себебі, оқушылардың назарын аудару үшін (тыңдап отырған) ситуациялық жағдаят тудырдым: Мынау тікелей эфир. Сендер Қазақстанның әр телеарналарынан сөйлейсіңдер. Өздерің тапсырмаларың бойынша сұрақтар қоюға болады - деп едім, қарсылас топтар «диктор» сөздерін аяқтасымен: «Қазақстанның ірі қалалары қандай қалалар?», «Орталық Қазақстан қалалары қай қалалар? », «Қарағандыда не бар?» - деп әр жерден сұрақ қойып, сол сұрақтарға диктордың жауабын топтастары толықтыра жауап беріп, оқушылар сөйлесіп кетті.

Жалпы оқушылар жаңа технологиялық әдіспен оқуды әр сабақ сайын қанша деңгейде меңгергенін айқын көрсетеді. Себебі, жаңа технологиямен оқыту оқушының қызығушылығын оятады, олардың сөздік қорын арттырады, сол арқылы тілдерін дамытады, ойлау өрісі кеңейеді, ойын еркін жеткізіп, алған білімін өмірде қолдануға дағдыланады.

Пайдаланған әдебиеттер:

1.Білім туралы заң;

2. Стандарт

3. Қазақ тілі бағдарламасы;

4. ҚР педагог қызметкерлерінің БА курсының 3 деңгейінің «Мұғалімдерге арналған нұсқаулығы»

5. Қуанышбаева А.Жаңа технологиялық әдіс-тәсілдерді пайдалану.А: Қазақ тілі: Әдістеме. Республикалық ғылыми-әдістемелік журнал, №2,2004. 47 б.

© 2010-2022