Жылдамдық. Жылдамдық бірліктері

7 сынып Физика Сабақтың тақырыбы §18 Жылдамдық. Жылдамдық бірліктері. Сілтеме Мұғалімге арналған нұсқаулық. СТО, АКТ, Жас ерекшеліктер. Білім берудегі жаңа әдіс-тәсілдер. Сабақтың мақсаты Жылдамдық және жылдамдық бірліктері туралы түсінік беру. Жылдамдықтың формуласын пайдаланып, есептер шығара білуге үйрету. Пәнге деген қызығушылығын арттыру. Топпен жұмыс жасауға тәрбиелеу. Негізгі мақсат -Топтық жұмыс жасауға -Сын тұрғысынан ойлауға-Өзін-өзі бағалауға-Өз ойларын еркін жеткіз...
Раздел Физика
Класс 7 класс
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

7 сынып

Физика

Сабақтың тақырыбы

§18 Жылдамдық. Жылдамдық бірліктері.

Сілтеме

Мұғалімге арналған нұсқаулық. СТО, АКТ, Жас ерекшеліктер. Білім берудегі жаңа әдіс-тәсілдер.

Сабақтың мақсаты

Жылдамдық және жылдамдық бірліктері туралы түсінік беру. Жылдамдықтың формуласын пайдаланып, есептер шығара білуге үйрету. Пәнге деген қызығушылығын арттыру. Топпен жұмыс жасауға тәрбиелеу.

Негізгі мақсат

  • Топтық жұмыс жасауға

  • Сын тұрғысынан ойлауға

  • Өзін-өзі бағалауға

  • Өз ойларын еркін жеткізуге үйрету.

Оқыту нәтижесі

  • Тақырыпты меңгереді

  • Топтық жұмысқа үйренеді

  • Өз бетімен жұмыс істейді

  • Жауапкершілігі артады

  • Теориялық білімдерін практикада қолдана алады

Тапсырмалар

1.Ұйымдастыру кезеңі:

  1. Сәлемдесу

  2. Ынтымақтастық атмосферасын құру.

«Жұмыла көтерген жүк жеңіл»

  1. ағашты сындыру оңай ма?

  2. 3 ағашты сындыру оңай ма?

  1. Бағалау парағы беріледі.

2.Үй тапсырмасын тексеру «Физикалық диктант»

  1. Оқушыларға сұрақтар беріледі.

  2. Сол сұрақтардың артында сөздер тұрады, сөздердің бірінші әріпі сабақтың тақырыбы болады. Жақсы сөздерді оқыту, сол бойынша тілек білдіру.

Ж ігерлі

Ы нталы

Л лайықты

Д арынды

А лғыр

М мақтаулы

Д идарлы

Ы рысты

Қ адірлі

3.Топқа бөлу: Көлік түрлерінің жылдамдын сипаттау.

1-топ: ұшақ

2-топ: машина

3-топ: велосипедші

Сабаққа қатысып отырған ұстаздарға 1,2,3 саны түскен ұзтаз сол топқа барып отырады.

4.Сабақтың мақсатымен таныстыру

Бүгінгі біздің тақырыбымыз жылдамдық.

  • Ал бүгінгі сабақта өздеріңе қандай мақсат қоясыңдар?

  • Не үйренесіңдер?

  • Әрбір сабақ сендерге не береді?


  1. Сабағымыздың ұстанымы:

Маған айтшы - мен ұмытып қаламын

Маған көрсетші - менің есімде қалады

Өзіме істетші - мен сонда түсінемін

5.Жаңа сабақты түсіндіру.

«Барлық істің басшысы білім мен ұғым».

Оқушылар жылдамдық туралы оқып бір-біріне түсіндіреді.

а) Электронды оқулықты пайдалану.

б) Қосымша мәлімет:

Дат астрономы О.К. Ремер 1676 жылы тұңғыш рет жарық жылдамдығын есептеген.

Ең үлкен жылдамдық - жарық жылдамдығы ⱱ = 300 000 000 м/с

Ең кіші жылдамдық - ұлудікі ⱱ = 0,013 м/с

Бірінші ғарыштық жылдамдық ⱱ = 7200 м/с

6.Жаңа сабақты бекіту.

«Білім теңіз түбі де, шегі де жоқ» . Оқушылар топта есептер шығарады.

1- топ:

№1.

108 км/сағ = ….. м/с

18 км/ сағ = ….. м/с

№2.

208 м/с жылдамдықпен қозғалатын ұшақ 6 сағат ішінде қандай аралықты ұшып өтеді?

2-топ:

№1.

72 км/сағ = ….. м/с

54 км/ сағ = ….. м/с

№2.

Велосипедші 1800 с ішінде 9 км жол жүрген.

Велосипедшінің жүрген жылдамдығын табыңдар?

3-топ:

№1. 36 км/сағ = ….. м/с

18 км/ сағ = ….. м/с

№2.

Машина 1500м/с жолды 36 км/сағ жылдамдықпен жүріп өтті. Осы жолды жүріп өткен уақытты анықтаңдар?

7.Сергіту сәті:

«Сиқырлы әріптер» әр топ берілген әріптерден сөз құрайды, формуланы сөзбен жазады.

8. «Бар нәрсеге білім қолды жеткізер»

Электронды оқулықтан: № 16, №17, 18 тапсырмалар орындалады.

8.Сабақты қорытындылау. Топпен жұмыс:

«Білімді мыңды жығады.»

№1 кесте

Физикалық шама

Белгіленуі

Формуласы

Өлшем бірлігі

масса

жылдамдық

жол

уақыт

№2. Сәйкестендіру:

m = с

V = кг/ м 3

p = кг

t = м/с

S = м 3

ⱱ = м

Үйге тапсырма

§18 оқу , 5- жаттығу

Бағалау

Бағалау критерийлері:

  • Топ ережесінің сақталуы

  • Топпен ынтымақтастық

  • Тақырыпты игеруі

  • Білімімді болашақта пайдалана алуы

Оқушылар өз-өздерін бағалайды.

Рефлексия

Оқушылардың пікірін білу.




Жылдамдық. Жылдамдық бірліктеріЖылдамдық. Жылдамдық бірліктері

Жылдамдық. Жылдамдық бірліктеріЖылдамдық. Жылдамдық бірліктері


Жылдамдық. Жылдамдық бірліктеріЖылдамдық. Жылдамдық бірліктері

© 2010-2022