Баяндама Сыни тұрғыдан ойлау әдісін сабақта қолдану

Раздел Физика
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сыни тұрғыдан ойлау жобасын физика пәнінде қолдану.

Петропавл орта мектебі, Қарғалы ауданы

А.С. Мурзабекова, физика пәні мұғалімі.


Қазіргі уақыттағы білім беру қызметкерлердің алдарында тұрған басты мақсат - еліміздегі білім беруді халықаралық деңгейге көтеру, жеке тұлғаны қалыптастыру, қоғам қажеттілігіне өту, оны әлемдік білім кеңістігіне кіріктіру болмақ.

Физика сабақтарында сын тұрғысынан ойлау жобасын қолдану арқылы оқушылардың білімін және физикалық ойлау қабілеттерін, физикалық тілін дамытудың теориялық тұжырымдарын, әдістерін, қорытындысын мектеп іс-тәжірибесінде, жоғары оқу орындарында, студенттер курстық жұмыс, баяндама жазу барысында, ғылыми конференцияларда осы саладан білім, білік, дағдыларын жетілдіру мақсатында пайдалануға болады. Сын тұрғысынан ойлау бағдарламасының психологиясын дұрыс түсінген мұғалім, өзінің сабақ беру үрдісінде оның стратегияларын тиімді қолданып біріккен іс-әрекетті ұйымдастырады. Оқушы өзі ойлауы барысында білімге деген ынтасын дамытады, ой-өрісін кеңейтеді, ең бастысы - оқушыны шаршатпайды. Бірте-бірте мұғалімнің айтқанынан гөрі, өзі белсенді ойлаушы, ізденімпаз шығармашыл тағы басқа қабілетке ие болады. Сабақта оқушының өз ойын сын тұрғысынан ойлап, дәлелдей білуіне және еркін ойлауына мүмкіндік берілуі керек.

Сыни тұрғыдан ойлау жобасы ерекше, өйткені - ол ұзақ мерзімді, қайта құру үшін қолданылған жоба. Жобаның оқу жоспары мен бағдарламасы Америка ғалымдары Джинни Стилл, Куртис Мередит және Чарльз Темпл жасады.

Жоба үлгісінің алғашқы оқу үрдісінің сатылары. Қызығушылықты ояту. Мағынаны тану. Ой-толғаныс. Бұрынғы білгенін қорытып, жаңа сабаққа мазмұн қалау. Бұл үлгі Жоба негізі болған, мектепке өзгеріс енгізудің жүйелі бастамасы - Орава жобасы RWST бағдарламасына үлгі болды. Үлгінің 3 фазасы өздерінің қызметтеріне байланысты аталды: қызығушылықты ояту, мағынаны тану, ой-толғаныс.

1 «Сын тұрғысынан ойлау технологиясының» құрылымы

Оқу үрдісінің сатылары

Қызығушылықты ояту

Мағынаны тану

Ой - толғаныс

Бұрынғы білгенін қорытып, жаңа сабаққа мазмұн қалау

Жаңа идеяны қалап, бұрынғының жаңа біліммен байланысы

Жаңа сабақтан алған білімін қорытындылап, ойлау мен саралауды үйрену

Алғашқы фаза, қызығушылықты ояту оқушылардың бұрынғы білімдері мен сезімдеріне немесе әсерлеріне еніп, жаңа білімге мазмұн қалап, болашақта зерттеу жүргізуге күш алуларына және орындалуы керек тапсырмалар жөніндегі жеке және топтық түсініктерді қалыптастыруларына көмектеседі.

Мағынаны тану фазасы болса, оқушылар жаңа мәліметпен, идеямен немесе жаңа мазмұнмен кез келіп қалғанда іске асады. Дәрісті басқаратын талқылау, кітап оқу, бейнетаспа, өнер қойылымдары немесе басқа да нұсқау әдістерінің қай-қайсысы болмасын, осы 2 фаза оқушыларды ақпараттар мен мазмұнмен айналысып, жаңа идеяның бұрынғы білім мен сенімдермен байланысқандығы жөнінде хабардар болу.

Мағынаны ажырату жаңа мазмұнды ашу жолы. Оқушы мәтінді оқу арқылы жаңа тақырыппен танысады, тақырып бойынша жұмыс істейді, тапсырмалар орындайды.

Ой толғаныс - үйрену процесінің соңғы фазасы болады да, бұл кезде оқушылар алған білімдерін сыртқа шығарып, түсінгендерін өз сөздерімен жеткізіп бере бастайды. Оқушылардың алған білімдері ұзағынан, мазмұнды болып, шындыққа ұласуы үшін бұрынғы мәліметтермен жаңа мәліметті біріктіре алудағы уақытпен, құрылыммен қамтамасыз ету - осы фазаның мақсаты.

«Оқу мен жазу арқылы сыни тұрғысынан ойлау» жобасы көп стратегиялардан тұрады. Олар «Топтастыру», «Болжау», «Венн диаграммасы», «екі жақты күнделік», «білемін, білгім келеді, білдім», «еркін жазу», «шығарма кестесі», «бес жолды өлең» тағы көптеген стратегияларын атап айтуға болады. Бұл жобаның стратегияларын қолданып, оқушылардың бойындағы қызығушылықты арттыруға болады. Нәтижесінде оқушылардың сабаққа деген ынтасын арттырып шығармашылықпен жұмыс істеуге, берілген тақырыпты жан-жақты ашуға, бір-бірінің пікірін тыңдай білуге, өз ойын ашық айтып жеткізуге болады. СТО бағдарламасының стратегиялары бойынша сапалы білім берумен қатар, болашаққа рухани адамгершілікке тәрбиелей отырып, әр оқушының жүрегіне жол табуға, ішкі сезімін толғанысқа түсіруге, танымдық өрісін кеңейтуге болады.

2. «Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту» жобасының ерекшеліктері

Тәжірибе жүзінде технологияларды енгізу.

Жеке тұлғаның өзін-өзі дамытуына, шығармашылық қабілетінің арттыруына қажетті іскерліктері мен дағдыларын өзін-өзі қалыптастыруға арналған.

3. Бұл технологияның артықшылығын пайдаланушылар төмендегідей көрсетеді.

Мәні

Дәстүрлі педагогика

Дамытушы технологияларда

Мақсаты

Білім, ептілік, дағдыны меңгерту

Оқушы өзін-өзі субъект ретінде өзгерту, өзі дамытуға жағдай жасау

Мұғалім рөлі

Басқарушы

Жетекші, бақылаушы, кеңесші, ұйымдастырушы

Негізгі рөлі

Мен сияқты істе

Ойлап істе

СТО бағдарламасының стартегиларымен жұмыс жүргізгенде мынандай талаптарды ескерген жөн.

1.Оқушыларға топқа берілген тапсырмалар ұзаққа созылып кетпес үшін уақытты шектеп беру. Мысалы 1 тапсырмаға 3 минут.

2.Оқушы өз ойын не пікірін айтқанда оны шектемеу.

3.Оқушы өзі жауап бергенде, не өз ойын ашық айтқанша «сенің айтқаның дұрыс емес» деуге болмайды.

4.Басқа оқушылар бір-бірінің жауаптарын сын тұрғысынан бағалайды

Осы жағдайларды ескеріп, өткізген сабақтарымда қолданған стратегияларым мынадай:

СТО

Топтау

ЖИГСО

Сұхбат

Түртіп алу

Бес жол өлең

Кубик-рубик

Қос шеңбер

Иә Жоқ

Ұқсастық

Сурет арқылы болжау

INSERT -кестесі

Елестеу

Оқушының сыни ойлауын дамытуға бағытталған жаңа инновациялық «Оқу мен жазу арқылы сыни ойлауды дамыту» жобасының да басты міндеттерінің бірі - ұстаздардың жаңаша ойлай алатын, өз мәселесiн өзi шеше алатын адам тәрбиелеуге жәрдемдесуі, ұстаздардың дәстүрлi сабақ беруден өзгеруiне, балаға бағытталған сабақ процесiн ұйымдастыра алуы, сабағын белсендi, оқушымен тең құқылы дәрежеде жүргiзуі, жобаның философиясын терең меңгерген ұстаздардың шәкiрттерiн өз пiкiрiн ашық айтып, өзара шынайы сұхбат жүргiзетiн, рухани жағынан дамыған жеке тұлға ретiнде дамуына ықпал жасауы болып табылады. «Сыни тұрғыдан ойлау жобасы ерекше, өйткені мұғалімдердің құндылығы мен оқушылардың рөлін өз тәжірибелерінде танытатын кәсіби даму процесі арқылы нағыз өзгеріс енгізеді» (Джинни Л.Стилл.)

"Сын тұрғысынан ойлау" ұғымы белгілі бір идеяларды қабылдай отырып, оның неге қатысты екенін зерттеу, оларды жеңіл септикалық ойларға қарсы қоя білу, салыстыра алу, сол идеяларға қарсы көзқарастармен тепе-теңдікте ұстап зерттеу, оларға сеніммен қарау деп түсіндіреді авторлар.

4.Сын тұрғысынан ойлау технологиясын жүзеге асырудағы оқушының іс-әрекеті

Кезең

Мақсат

Оқушының іс-әрекеті

Білім (танып білу кезеңі)

Берілген жаңа түсінікті ұғу, есте сақтау, бұрынғы білімді жаңарту

Тыңдайды, қабылдайды, еске сақтайды, ойлайды.

Түсіну

Жаңа материалдарда берілетін материалды түсініп, өзінше түсіндіріп болжам жасауы

Түсіндіреді, айтады, көрсетеді, жазады.

Қолдану кезеңі

Жаңа білімді тәжірибеде пайдалану

Бұрынғы білім негізін пайдалана отырып, жаңа проблема шешеді.

Талдау кезеңі

Алған білімді жіктеу, саралау, ең негізгісін ала білу

Ойланады, салыстырады, табады, талдайды.

Жинақтау кезеңі

Жеке бөлшектерден, дара ұғымдардан тұтас дүние жасау

Ойлап табады, құрастырады, шығарады, байланыстырады.

Бағалау кезеңі

Жаңа ұғым жаңа материалдың құндылығын анықтау

Бағалайды, талқылайды, өз ойын ортаға салады.

Қорытынды.

Баяндама Сыни тұрғыдан ойлау әдісін сабақта қолдануБаяндама Сыни тұрғыдан ойлау әдісін сабақта қолдануҚорытындылай келе мына жағдайға көңіл аударғым келеді: көп педагогикалық технологияларға қарағанда «Оқу мен жазу арқылы сын тұрғыдан ойлау » технологиясымен жұмыс мұғалім үшін ыңғайлы және мүмкіндіктері көп,мұғалімнің оқыту процесінде алдына қойған мақсатын шеше алуға көмектеседі.Ал енді оқыту процесінің негізі-жеке тұлғаны қалыптастыру болғандықтан , мазмұнды әрі мағыналы жұмыс ұйымдастырылуы қажет.Мұғалім мен оқушылардың жеткен жетістіктері мен оқыту нәтижелері бұл технологияның табысты екенін көрсетеді.Қазіргі заман мұғалімнен тек өз пәнінің терең білгірі болуы емес, тарихи танымдық, педагогикалық - психологиялық сауаттылық, саяси экономикалық білімділік және ақпараттық, технологиялық сауаттылық талап етілуде.


Ол заман талабына сай білім беруде жаңалыққа жаны құмар, шығармашылықпен жұмыс істеп, оқу мен тәрбие ісіне еніп, оқытудың жаңа технологиясын шебер меңгерген жан болғанда ғана білігі мен білімі жоғары жетекші тұлға ретінде ұлағатты саналады.

Бұл мұғалімге артылатын жауапкершіліктің артқанын білдіреді. Сондықтан қазіргі заманның сұранысына лайықты жеке тұлғаны қалыптастыру үшін жаңаша оқыту әдістері көбеюде. Сол технологиялардың бірі - «Сыни тұрғыдан ойлау технологиясы».

«Сыни тұрғыдан ойлау технологиясы» мұғалімнің берген теориялық білімін ойша қорытып, тапсырмаларды орындау барысында өз ойын практикада пайдалануға машықтанады.

Білім беру үрдісінде жаңа оқыту технологияларды пайдалану арқылы сын тұрғысынан ойлау арқылы, дара тұлғаны бағыттап оқыту мақсаттарын жүзеге асыра отырып, оқу - тәрбие үрдісінің барлық деңгейлерінің тиімділігі мен сапасын жоғарлатуды көздейді.

Физика сабақтарында сын тұрғысынан ойлау жобасын қолдану арқылы оқушылардың білімін және физикалық ойлау қабілеттерін, физикалық тілін дамытудың теориялық тұжырымдарын, әдістерін, қорытындысын мектеп іс-тәжірибесінде, жоғары оқу орындарында, студенттер курстық жұмыс, баяндама жазу барысында, ғылыми конференцияларда осы саладан білім, білік, дағдыларын жетілдіру мақсатында пайдалануға болады.

Сын тұрғысынан ойлау бағдарламасының психологиясын дұрыс түсінген мұғалім, өзінің сабақ беру үрдісінде оның стратегияларын тиімді қолданып бірккен іс-әрекетті ұйымдастырады. Оқушы өзі ойлауы барысында білімге деген ынтасын дамытады, ой-өрісін кеңейтеді, ең бастысы - оқушыны шаршатпайды. Бірте-бірте мұғалімнің айтқанынан гөрі, өзі белсенді ойлаушы, ізденімпаз шығармашыл тағы басқа қабілетке ие болады. Сабақта оқушының өз ойын сын тұрғысынан ойлап, дәлелдей білуіне және еркін ойлауына мүмкіндік берілуі керек.

Қолданылған әдебиеттер:

1.Мұғалім тәжірибесін және ойлауын дамытудағы сұрақтардың ролі.

Алматы, 2001. /60-62б/.

2.«Физика және астрономия» №2-2007ж/13-15 б/.

3. «Физика мектепте» №4-2010ж /23-25б/.

4. «Физика негіздері және тест жауаптары», Астана -2007/24-33б/.

5.«Физика мектепте» №4-2010ж /23-25б/.





Петропавл орта мектебі



Баяндама Сыни тұрғыдан ойлау әдісін сабақта қолдану

Баяндама Сыни тұрғыдан ойлау әдісін сабақта қолдану


Тақырыбы: «Сыни тұрғыдан ойлау жобасын физика пәнінде қолдану».

Дайындаған: А.С. Мурзабекова



2015-2016 оқу жылы



© 2010-2022