• Преподавателю
  • Физика
  • Сабақ Заттың күйлері және оларды молекулалы-кинетикалық көзқарас негізінде түсіндіру (7 сынып)

Сабақ Заттың күйлері және оларды молекулалы-кинетикалық көзқарас негізінде түсіндіру (7 сынып)

Раздел Физика
Класс -
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақ тақырыбы: §10. Заттың күйлері және оларды молекулалы-кинетикалық көзқарас негізінде түсіндіру

Сабақ мақсаты:

  1. Білімділік: Заттың күйлерін молекулалы-кинетикалық көзқарас негізінде түсіндіру.

  2. Дамытушылық: Оқушыларды өз бетімен ғылыми ой қорытындыларын жасауға жетелеу; танымдық белсенділігін арттыру, өз бетінше жұмыс жүргізу және ой қорытуға дағдыландыру.

  3. Тәрбиелік: Жауапкершілікке, тиянақтылыққа, еңбекқорлыққа тәрбиелеу; алған білімдерін өмірмен байланыстыратын шығармашыл тұлға тәрбиелеу.

Сабақ түрі : аралас.

Сабақ әдісі: баяндау, сұрақ-жауап, тірек сызба арқылы білімін тексеру.

Құрал-жабдықтар: компьютер, слайдтар. суы бар ыдыс, мұз, бос ыдыс, семантикалық карта, ғалымдардың портреті.

Сабақ барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі:

а) Сәлемдесу, отырғызу, түгендеу.

ә) Топқа бөлу (түспен бөлу).

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:

а) теориялық білімдерін тексеру.

ә) практикалық тапсырмаларын тексеру.

б) есептерін тексеру.

ІІІ. Білімді жан-жақты тексеру.

I-топ. Демокрит суреті беріледі. Демоктриттің қандай жаңалығы бар?

Р.Броун, ашқан жаңалығы.

ІІ-топ. Ломоносовтың суреті беріледі. Ломоносовтың молекула-кинетикалық теорияға қосқан үлесі қандай? Қағидаларын жатқа білесіндер ма? Элементар бөлшектер. Д.Менделеев кестесі.

ІІІ-топ.Диффузия құбылысын тәжірибемен көрсету.

ІV. Жаңа материалды қабылдауға әзірлік, мақсат қою.

Бүгінгі сабағымыздың негізгі мақсаты заттың күйлерін молекулалы-кинетикалық көзқарас негізінде түсіндіру. Проблемалық жағдай туғызу.

V. Жаңа материалды меңгерту.

Жаңа сабақ. I-топ, ІІ-топ, ІІІ-топпен жұмыс.


Қатты дененің молекулаларының орналасуы

Сабақ Заттың күйлері және оларды молекулалы-кинетикалық көзқарас негізінде түсіндіру (7 сынып)

Пішінін мен көлемін сақтау - қатты денелерге тән қасиет.


Сұйықтың молекулаларының орналасуы



Сабақ Заттың күйлері және оларды молекулалы-кинетикалық көзқарас негізінде түсіндіру (7 сынып)

Аққыштық, көлемін сақтау және пішінін оңай өзгерту - сұйыққа тән қасиет.

Газдардың молекулаларының орналасуы

Сабақ Заттың күйлері және оларды молекулалы-кинетикалық көзқарас негізінде түсіндіру (7 сынып)

Газдың тұрақты көлемі мен пішіні болмайды. Олар берілген көлемді түгелдей алады.

Жоғарыда аталғаннан басқа заттың 4-ші және 5-ші күйлері болады.

Аморф денелер белгілі балқу температурасы жоқ, атомдарының орналасуы тек жуық тәртіппен орын алған денелер. Сондықтан оларды тұтқыр сұйықтар деуге болады.

Плазма- өте жоғары температурадағы қызған газ.

VІ. Сергіту сәті.

VII. Оқытылып отырған оқу материалын қабылдаудағы оқушы түсінігін тексеру.

Семантикалық картаны толтыру.

Заттың күйі

Өмірден мысалдар келтір

Негізгі қасиеттері

Молекулалардың ара қашықтығы

Молекулалардың қозғалысы

Қатты


Сұйық


Газ


VIII.Оқытылып отырған оқу материалын бекіту немесе дағдыландыру жұмыстарын жүргізу.

I-топ. Бөлме температурасында мына заттар: су, қант, ауа, қалайы, спирт, мұз, оттегі, алюминий, сүт, азот қандай күйде болады?

ІІ-топ.Газдар мен сұйықтардың, сұйықтар мен қатты денелердің қасиеттерінің ұқсастықтары мен айырмашылықтары неде?

ІІІ-топ.Қандай зат сұйық күйден қатты күйге көшкенде басқа атауға ие болады?

IX.Үй тапсырмасын беру: §10.

X. Баға қою.

XI.Рефлекция.

  • Бүгінгі сабақта қандай жаңа, қызықты нәрселер білдіңіздер?

  • Қандай түсініктерді есте сақтау қажет?

  • Сабақта не ұнады? Неге?

  • Сабақтың несі ұнамады?

© 2010-2022