Кинематика ( 10 класс)

Раздел Физика
Класс 10 класс
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Физика 10 сынып


Сабақтың тақырыбы: Кинематиканың негізгі түсініктері және теңдеулері

Сабақтың мақсаты: 1. Материя, механикалық қозғалыс, санақ жүйесі,

радиус- вектор, орын ауыстыру, қозғалыс траекториясы

және траектория ұзындығы бойынша түсінік беру.

2 Жаңа тақырып бойынша алған білімдерін қолданып

өз ойын айта білуге , жүйелі түрде ойлауға ,ізденуге

бағыттау , білімге деген құштарлығын арттыру

3. Алған білімдерін тиянақтай отырып , тапқырлыққа

ізденіп шешім қабылдауға , ауызбіршілікке , ойын

жинақтай білуге еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: жаңа сабақ

Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап

Сабақтың көрнекілігі: электронды оқулық , №1.1-1.2 сур.

Пәнаралық байланыс: биология, география, химия

Сабақтың барысы:

І.Ұйымдастыру кезеңі

А)сәлемдесу, оқушыларды түгендеу

Ә)оқу құралдарды,көрнекіліктерді реттеу;

Б)оқушылардың назарын сабаққа аудару;

ІІ. Сабақ мақсатымен таныстыру

Материя, механикалық қозғалыс, санақ жүйесі, радиус- вектор, орын ауыстыру, қозғалыс траекториясы және траектория ұзындығы

ІІІ. Жаңа сабақ

Бізді қоршағандардың барлығы да материя деп аталады. Бұл су, ауа, жарық, радиотолқындар, кометалар, планеталар, оның ішінде адамның өзі де материя болып табылады. материя кеңівстікте және уақытпен өмір сүреді. Материяның екі түрі болады: зат және өріс.

Зат дегеніміз - материяның атомдардан, молекулалардан немесе жалпы айтқанда, тыныштық массасы бар құрылымдық бөлшектерден тұратын түрі.

Өріс дегеніміз - материяның, зат бөлшектерінің арасындағы өзара әркеттесулерді қамтамасыз ететін екінші түрі, яғни өріс заттың өзінің бөлшектерінің арасындағы немесе түрліше денелер арасындағы өзара әрекеттесуді тудыруға итермелейді.

Мтерия қозғалысының ең қарапайым түрі механикалық қозғалыс болып табылады.

Механикалық қозғалыс деп дененің кеңістіктегі орнының санақ денелері ретінде алынған басқа денелерге қатысты уақыт бойынша өзгерісі аталады.

Механикалық қозғалысты мтематикалық сипаттау үшін санақ жүйесі түсінігі енгізіледі. Санақ жүйесі деп санақ денесі, координаталар жүйесі және уақытты есептейтін құралдан тұратын жүйені түсіну керек.

Мектеп деңгейінде мұндай жүйе өзара перпендикуляр х,у,z осьтерінен тұратын декарттық координаталар жүйесі болып табылады:а)үшөлшемді механикалық қозғалыс;ә)екіөлшемді;б)бірөлшемді;

Барлық а)ә)б) жағдайлардағы О нүктесі санақ денесі делінеді.

Траектория дегеніміз - дененің қозғалыс кезінде болып өткен кеңістіктегі нүктелерінің жиынтығы.

Дененің траектория бойымен жүріп өткен қашықтығы жол деп аталады, яғни жол дегеніміз - траекторияның ұзындығы. а) және ә) жағдайларында жолдың ұзындығы мен вектордың модулі бірдей емес, б) жағдайында егер дене осьпен бір бағытта қозғалатын болса, бірдей болады да, керісінше болса, бірдей емес.

Сонымен санақ денесі, онымен байланысты координата осьтері және уақыттың берілуі - механикалық қозғалысты сипаттауға қажетті санақ жүйесін түзеді.

Механикалық қозғалысты түрліше тәсілдермен сипаттауға болады:

  1. Координаталық тәсіл

  2. Векторлық тәсіл

ІV . Жаңа сабақты түсінгенін тексеру.

  1. Материя деп нені айтамыз?

  2. Қандай қозғалысты механикалық қозғалыс деп атайды?

  3. Санақ жүйесі дегеніміз не?

  4. Орын ауыстыру деп нені түсінеміз?

  5. Қозғалыс траекториясы дегеніміз не?

  6. Траектория ұзындығы қалай аталады?

  7. Механиканың негізгі мақсаты неде?

VСабақты бекіту.

VI Бағалау

Сабаққа белсенді қатысқаны үшін баға қою

VIІ Үйге тапсырма беру. §1.1 Оқып келу



© 2010-2022