Разработка по физике на тему Күн жүйесі 9 класс

Оқушылардың танымдық белсенділігі мен өзіндік жұмыстарын дамыту барысында кешенді-мақсатты бағдарлама жасау. Аттестация, педұжымы моральдық-материялдық жағынан ынталандыру жұмысын жүйелі жолға қою. Курстар, үнемі білімін жетілдіріп отыру. Ғылыми-әдістемелік орталық құру. Оқушының қабілеті мен білімін көтеру мақсатында оқу жоспарларын жасау. Тәрбие сағаттарын дұрыс ұйымдастыру, өмір сүруге қабілетті етіп тәрбиелеу. Ата-аналармен тікелей байланыст...
Раздел Физика
Класс 9 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі

№134 орта мектеп











Ашық сабақ





Тақырыбы: «Күн жүйесі планеталары қозғалысының заңдары»

Сынып: 9

Күні: 26.01.13ж

Пән мұғалімі: Жақсылықова З



2012-2013 оқу жылы

Сабақтың тақырыбы: Күн жүйесі планеталары қозғалысының заңдары.

Сабақтың мақсаты: Күн жүйесіндегі планеталардың қозғалысын Кеплер заңдары бойынша түсіндіру.

Сабақтың міндеттері: Білімділік: Астроном ғалымдардың еңбектеріне тоқталу.

Дамытушылық: Кеплердің үш заңын тұжырымдау, есеп шығару, пәнге қызығушылығын арттыру.

Тәрбиелік: ұйымшылдыққа, шапшаңдыққа, ізденімпаздыққа баулу.

Сабақтың типі: жаңа сабақ

Сабақтың түрі: жеке, топтық

Пәнаралық байланыс: математика

Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, тапсырмалар парағы.

Сабақтың барысы: Ұйымдастыру кезеңі

Үй тапсырмасын сұрау

А) сиқырлы сандықша

Ә) домино

Жаңа сабақты түсіндіру

Жаңа сабақты пысықтау

А) Кім жылдам?

Ә) Танграмм

Б) Есеп шығару

В) Тест жұмысы

Оқушы білімін бағалау

Үйге тапсырма беру.

А) Сиқырлы сандықша

Оқушылар үй тапсырмасы бойынша сұрақтарды жазып сандықшаға салады. Әр оқушы сандықтан сұрақ алып жауап береді.

Ә) Домино ойыны

Уақыттың негізгі бірліктері?

Тәулік, ай, жыл

Өліаралық ай ұзақтығы қаншаға тең?

29,53 тәулік

Тропиктік жыл дегеніміз не?

Жер орбита бойымен Күнді 365 тәул. 5 сағ 48 мин 46с айналып шығуын

Күнтізбе түрлерін ата?

Ай, Күн, жұлдыз, Ай-күн

Декреттік уақыт қай кезде ендіріледі?

1930 жылы

Қазіргі кезде халықаралық деңгейде қолданылып жүрген күнтізбені кім, қашан енгізді?

Рим папасы Григорий, 1582 ж

Тәулікті тең 24 сағатқа бөлген кім?

Грек астрономы Птоломей

Юлиан күнтізбесі бойынша бір жылдың ұзақтығы қандай?

365 күн 6 сағ

Не орнынан қозғалмай жүреді?

Уақыт

Поляк ғалымы Николай Коперник күн жүйесінің гелиоцентрлік моделін жасаған кезде планеталардың шеңбер бойымен тұрақты жылдамдықпен қозғалады деген қағидасын сақтап қалды.

XVII ғасырдың басында неміс астрономы Иоганн Кеплер аспан денелерінің орбиталары шеңберден өзгеше екендігін анықтады. 1609-1619 жылдары планеталар қозғалысының үш заңын ашты.

Кеплердің бірінші заңы- планета орбитасының пішінін анықтайды: барлық планеталар Күнді эллипс бойымен айналады, оның бір фокусында Күн орналасады.

Орбитаның Күнге ең жақын нүктесін перигелий- (грекше peri-таяу, helios-күн), оның ең алыс нүктесін афелий (грекше алыс) деп аталады.

Астрономияда Жердің Күннен орташа қашықтығы Күн жүйесінде қолданылатын қашықтық өлшеу бірлігі астрономиялық қашықтық деп аталады. 1 а.б.=149 600 000 км.

Кеплердің екінші заңы -аудандар заңы планета қозғалыстарының бірқалыпты емес екендігін анықтайды: планетаның радиус -векторы бірдей аудандар сызып шығады.

Кеплердің үшінші заңы планеталардың орбиталық периодтары мен олардан Күнге дейінгі қашықтық арасындағы байланысты анықтайды.

Кез-келген екі планетаның Күнді айналу периодтары квадраттарының қатынасы олардың орбиталарының үлкен жарты осьтерінің кубтарының қатынасына тең болады.

Разработка по физике на тему Күн жүйесі 9 класс

Кеплер заңдарын тек Күн жүйесі денелерінің қозғалыстарына ғана емес, барлық аспан денелері жүйелерінің қозғалыстарына да қолдануға болады.

Сабақты пысықтау.

Кім жылдам? (6 әріптен келетін сөздерді табу)

К

Е

П

Р

Л

Е

Н

Н

Л

Е

И

Ф

Г

Г

Р

А

Й

А

И

О

И

Д

И

О

А

Э

У

С

Р

Д

Т

Л

Л

В

Е

П

И

Б

И

Е

К

Р

О

Р

П

С

Т

О

Жауаптары: Орбита, эллипс, Иоганн Кеплер, радиус-вектор, афелий

Танграмм ойыны

Тіктөртбұрыш фигурасы 6 бөлікке бөлінеді де, әр бөлікке сөздер жазылады. Оқушылар фигураны құрастырып Кеплердің заңын оқиды.

Есеп шығару. 35 жаттығу, №2

Сабақты бекіту.

Толықтыруды қажет ететін тестілер.

1. Поляк ғалымы .............. планеталардың шеңбер бойымен тұрақты жылдамдықпен қозғалады деген қағидасын сақтап қалды.

А) И.Кеплер Ә) Н.Коперник Б) Т.Браге В) И.Ньютон

2. Барлық планеталар Күнді ............ бойымен айналады, оның ......... Күн тұрады.

А) шеңбер, фокустарында Ә) эллипс, центрінде

Б) эллипс, фокусының бірінде В) шеңбер, фокусының бірінде

3. Орбитаның Күнге ең жақын нүктесі .........., ең алыс нүктесі ........... деп аталады.

А) афелий, перигелий Ә) афелий, перигей

Б) апогей, перигей В) апогей, перигелий

4. Планетаның радиус-векторы .......... уақыт аралығында шамалары бірдей ........ сызып шығады.

А) тең, көлем Ә) тең, аудан Б) бірдей, көлем В) бірдей, аудан

5. Күн жүйесінде қолданылатын қашықтық өлшеу бірлігі .......... деп аталады.

А) күннің бірлігі Ә) астрономиялық бірлік

Б) астрономиялық қашықтық В) күн қашықтығы

6. Кез-келген екі планетаның Күнді айналу ......... квадраттарының қатынасы олардың орбиталарының ............. кубтарының қатынасына тең болады.

7. Кеплер заңдарын......... жүйелерінің қозғалыстарына да қолдануға болады.

А) күн денелері Ә) жер денелері Б) планета В) аспан денелері

Оқушы білімін бағалау.

Үйге: §45 Күн жүйесі планеталары қозғалысының заңдары


© 2010-2022