• Преподавателю
  • Физика
  • 7 сынып - физикадан сабақ жоспары: Денеге бір түзудің бойымен әрекет ететін күштерді қосу

7 сынып - физикадан сабақ жоспары: Денеге бір түзудің бойымен әрекет ететін күштерді қосу

Раздел Физика
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

7 сынып № 28 сабақ ______________

Сабақтың тақырыбы: §37.Денеге бір түзудің бойымен әрекет ететін күштерді қосу.

Сабақтың мақсаты:

  1. Білімділік мақсаты: оқушыларға денеге бір түзудің бойымен әрекет ететін күштерді қосуды түсіндіру.

  2. Дамытушылық мақсаты: оқушылардың логикалық ойлау қабілетін дамыту.

  3. Тәрбиелік мақсаты: Адамгершілікке, ұқыптылыққа, алғырлыққа, имандылыққа баулу.

Сабақтың түрі: жаңа білімді қалыптастыру.

Сабақтың әдіс-тәсілдері: Әңгіме, жаттығулар орындау.

Сабақтың көрнекіліктері: плакаттар, суреттер, электронды оқулық, диномометр.

Сабақтың барысы:

І. ДК. Ұйымдастыру кезеңі: Оқушылардың көңілін сабаққа аудару, құралдарын тексеру.

ІІ. ДК. Жаңа сабаққа дайындық.

  1. Күштің түрлері?

  2. Тең әрекет күші.

ІІІ. ДК. Жаңа сабақты түсіндіру.

А) Тең әрекет күші.

Ә) Әрекет ететін күштерді қосу.

Тең әрекетті күш. Әдетте қозғалыстағы кез келген денеге бiр емес, бiрден оны қоршаған бiрнеше дене әрекет етедi. Мысалы, дененiң құлап түсуi кезiнде оған тек Жер ғана (ауырлық күшi) емес, ауа да (кедергi күшi) әрекет етедi. Бөлшекке (материялық нүктеге) бiрнеше дене әрекет еткен жағдайларда олардың ортақ әрекетiн тең әсерлі күш сипаттайды. Теңәрекеттi күштi табу үшiн қарапайым ережелер бар.

17 сынып - физикадан сабақ жоспары: Денеге бір түзудің бойымен әрекет ететін күштерді қосу.. Егерде денеге бiр түзудiң бойымен бiр жаққа бағытталған F1 және F2 екi күш түсiрiлсе, онда олардың F тең әсерлі күшi мына формуламен табылады:

F = F1+F2.

Сол кезде тең әсерлі күштiң бағыты түсiрiлген күштердiң бағытымен сәйкес келедi (32-сурет).

27 сынып - физикадан сабақ жоспары: Денеге бір түзудің бойымен әрекет ететін күштерді қосу.. Егерде денеге бiр түзудiң бойымен қарама-қарсы жаққа бағытталған F1 және F2 екi күш түсiрiлсе, онда F1> F2 кезiнде олардың F тең әсерлі күшi мына формула бойынша табылады:

F = Fl - F2.

Бұл жағдайда тең әсерлі күштiң бағыты түсiрiлген күштердiң үлкенiнiң бағытына сәйкес келедi (33-сурет). Егерде сол кезде F1 = F2 болса, онда F тең әсерлі күш нөлге тең болады екен. Бұл жағдайда дене тыныштықта болады, ал қозғалыстағы дене бастапқы жылдамдықпен бiрқалыпты және түзусызықты қозғалыс жасайтын болады.

Шамалары бойынша тең және бiр түзудiң бойымен қарама-қарсы жаққа бағытталған екi күш туралы олар бiр-бiрiн теңгередi немесе өтемелейді деп айтады. Мұндай күштердiң тең әсерлі F күшi әрқашанда нөлге тең болады да дененiң жылдамдығын өзгерте алмайды. Жерге қатысты дененiң жылдамдығын өзгерту үшiн денеге түсiрiлген барлық күштердiң тең әсерлі күшi нөлден айрықша болуы қажет. Дене тең әсерлі күштiң бағытымен қозғалған жағдайда оның жылдамдығы артады; қарама-қарсы бағытта қозғалған кезде дене жылдамдығы кемидi.

Мысалы, парашютисттiң ұшуы кезiнде оған екi күш - ауырлық күшi мен ауа кедергiсi әрекет етедi. Түсудiң бастапқы кезеңiнде ауырлық күшi кедергi күшiнен артық болады да олардың тең әсерлі күшi төмен қарай бағытталады екен. Осының арқасында ұшудың осы кезеңiнде парашютисттiң құлауы үнемi артады. Алайда ұшу жылдамдығының артуына қарай парашютистке әрекет ететiн кедергi күшi барған сайын арта беретiн болады. Парашюттi ашқаннан кейiн ауа кедергiсi бiрден артады да ауырлық күшiнен артық болады. Осы екi күштiң тең әсерлі күшi жоғары қарай бағытталады екен де парашютисттiң жылдамдығы азая бастайды. Адамның қауiпсiз түсуi үшiн парашюттiң күмбезi 40-50 м2 болуы тиiс. Сол кезде жерге түсудiң ең аз жылдамдығы 4-5 м/сек.-қа тең болады екен. «Парашют» сөзi француз тiлiнен аударғанда «құлап түсудi болдырмау» дегендi бiлдiредi екен. Оны жасаудың идеясы Леонардо да Винчиге (1452-1519) жатады. Алайда парашютпен бiрiншi секiрудi (биiк мұнараның басынан) 1617 ж. венеция инженерi әрi механигi Ф. Веранцио iске асырды. Оның парашютi жетiлдiрудi талап ететiн және кездемемен тартылған жақтау болатын.

Адамның арқасына орналастырылған және тарту сақинасының көмегiме ашылатын алғашқы ранецтiк парашюттi 1911 ж. орыс өнертапқышы Г. Е. Котельников құрастырды.

ІV. ДК. Жаңа сабақ бойынша түсінігін тексеру.

А) Тең әрекет күші.

Б) Тең әрекет күшті қосу

V. ДК. Жаңа сабақты бекіту: Кітаптағы суреттер бойынша әңгімелесу. Сұрақтар қою.

  1. Денеге бірнеше күштің әрекет етуіне мысал келтіру.

  2. 78,79 сурет бойынша әңгімелесу.

VI. ДК. Үй тапсырмасын тексеру. Өзін -өзі тексеру сұрақтарын ауызша сұрау.

  1. Күш деген не?

  2. Күш дененің қозғалысына қалай әрекет етеді?

  3. Деформация.

  4. Диномометр.

VII.ДК. Оқушылар білімін жан-жақты тексеру.

А). Есеп шығару. Тақтаға екі оқушы шығады. Басқа оқушылар дәптерлерін ашып жазады.

№1. Денеге бір түзудің бойымен бір бағытта үш күш әрекет етеді. Ғ1=50 Н, Ғ2=100 Н, Ғ3=150 Н. Олардың тең әрекет күші неге тең?

№2. Дененің қандай да бір нүктесіне әрекет ететін екі күштің шамасы модулі бойынша 3 Н, 5 Н. Неліктен олардың тең әрекетті күші 8 Н немесе 2 Н болуы мүмкін екенін түсіндіру.

Ә) Электрондық оқулық арқылы тақырыпты қарап шығу.

Б) Демонстрациялық тәжірибені оқушылардың өздеріне өз беттерінше жасату.

VIІI.ДК.Үйге тапсырма. §37 Өзін -өзі тексеру сұрақтары. 14-жаттығу№ 3, 4 есептер.

© 2010-2022