Тақырыбы: «Астрономия негіздері» тарауы бойынша тест

Раздел Физика
Класс 9 класс
Тип Тесты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:


1.Н.Коперник ұсынған жүйе:

А) планета Күнді айналып қозғалады;

Ә) Күн Жерді айналады;

Б) Ай Жерді айнала қозғалады;

В) барлық планета Күнді айнала қозғалады;

Г) планета серіктері Күнді айналады;

2 . Планета массасын анықтауға болады:

А)Кеплердің І заңы бойынша

Ә)Кеплердің ІІ заңы бойынша

Б)Кеплердің ІІІ заңы бойынша

В)Кеплердің ІІ және ІІІ заңы бойынша

Г)Кеплердің жалпылама заңы бойынша

3.Екі планетаның жұлдыздық айналу периодтары квадраттарының қатынасы 27-ге тең болса,олардың үлкен жарты осьтерінің қатынасы қандай?

6

3

9

1

5

4. Жазғы Күн тоқырау нүктесінде қашан боламыз?

22 желтоқсан

22 наурыз

22 маусым

22 қыркүйек

22 шілде

5. Дүние осіне перпендикуляр жазықтық:

А)Горизонт жазықтығы

Ә)Меридиан жазықтығы

Б) Экватор жазықтығы

В) Жер орбитасының жазықтығы

Г) Бақылаушының көру жазықтығы

6. Айдың синодтық периоды қандай?

А) 27,3 тәул

Ә) 30 тәул

Б) 29,5 тәул

В) 31 тәул

Г) 29 тәул

7. Барлық шырақтар бір тәулікте қандай аспан дөңгелегін екі рет қиып өтеді?

А)Аспан меридианын

Ә)Аспан экваторын

Б)Эклиптиканы

В)Дүние осін

Г)Горизонтты

8. Жер бетіндегі теңіз,мұхит сулары деңгейінің көтерілуі:

А)Юпитердің

Ә)Күннің

Б)Марстың

В)Шолпанның

Г)Айдың тарту күшін туғызады

9. «Жұлдыздық шама» нені сипаттайды?

А)Жұлдыздың бетін

Ә)Жұлдыз өлшемін

Б)Жұлдыздың қай класқа жататынын

В)Жұлдыз спектрін

Г)Жұлдыздан келетін жарық ағынын

10. Жердің солтүстік жарты шарынан күндіз де, түнде де қай жұлдызды көруге болады?

А)Сүмбіле

Ә)Үркер

Б)Темірқазық

В)Мицар

Г)Альдебаран

11. Жердің массасы қандай?

А) 6*1021 кг

Ә) 6*1028 кг

Б) 6*1024кг

В) 6*1018т

Г) 6*1020 ц

12. Марс пен оның серігі Фобостың арақашықтығы 6000 км.Марстың массасы 6,6*1023 кг ,ал Фобостың массасы 2*1019 кг.Олардың арасындағы тартылыс күші қандай?

А) 2*1020 Н

Ә) 1,5*1022 Н

Б) 3,4*1021 Н

В) 2*1021 кг

Г) 2,5*1025 Н

13. Жылдық параллакс

А)Жақын арадағы жұлдыздарға дейінгі қашықтықтарды анықтайды

Ә)Планеталарға дейінгі қашықтықтарды анықтайды

Б)Галактиканың барлық жұлдыздарына дейінгі қашықтықтарды анықтауға мүмкіндік береді,өйткені ол 0,7// -қа тең

В)Жарық жылдамдығының шектілігіне дәлел

Г)Жер бір жылда жүріп өтетін қашықтықты анықтауға болады

14. Кеплердің қорытындылаған үшінші заңы бойынша жұлдыз параметрлерінің қайсысын анықтауға болады?

А) Массасын

Ә) Радиусын

Б) Жарқырауын

В) Тығыздығын

Г) Қашықтықты

15. Екі планетаның үлкен жарты осьтерінің кубтарының қатынасы 25-ке тең.Олардың жұлдыздық айналу периодтарының қатынасы қандай?

А) 5

Ә) 25

Б) 50

В) 1

Г) 125


© 2010-2022