Тапқыр достар кластан тыс шара

Раздел Физика
Класс 8 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Тақырыбы: «Тапқыр достар»

Сайыс мақсаты: Екі пәнді біріктіре отырып, оқушылардың тез ойлауын және осы кезге дейін өткен тақырыптарына байланысты ой шерту. Еске түсіру барысында сұраққа жауап алу. Пәнаралық байланысты нығайту.
Әдісі: талдау, сұрақ - жауап, ой қозғау.
Көрнекілігі: слайд

Сайыстың барысы: І. Ұйымдастыру бөлімі.
ІІ. Әр турлар бойынша сұрақ - жауап.
ІІІ. Сайысты қорытындылау.
І. Ұйымдастыру бөлімі.
Сәлеметсіздер ме? Бүгін өткелі отырған «Тапқыр достар» атты кешке баршаңызда қош келдіңіздер!!! Бүгінгі ойынға екі топ қатысады. Олар: «Тапқырлар» мен « Алғырлар» тобы. Ойынды бастау үшін екі ұяшық беріледі, соны топ басшылары таңдау керек. 1 номері шыққан топ бірінші бастайды.

Мұғалім сөзі: Халыққа жар салайық,
Физиканы түсініп бір алайық,
Информатика тілінде
Бүгінгі кеш төрінде
Сұрақ - жауап айтысып,
Шабыт тасып, шалқысып,
Көңілді кеш жасайық,
Мәреден бір асайық!
Ендігі кезек алдарымызда тұрған 7-8 класс оқушыларына өз командаларының аттарын таңдауға және капитан сайлауына ерік берейік.
Командалар өз аттарын сайласа, кезекті бүгінгі кешті шешетін әділқазы алқаларын сайлап алайық.
Ендеше бәрі дайын болса, бүгінгі кештің жоспарымен таныстырып кетейін!
1 тур.
«Білгір болсаң, тауып көр» деп аталады. (Мұнда 1-ші командаға 5 сұрақ физикадан, 2-ші командаға 5 сұрақ информатикадан қойылады, ұпайды әділқазылар шешеді).

2 тур.
«Жүйрік болсаң, шауып көр» деп аталады. (Мұнда әр командаға физикада, информатикада қолданылатын өлшем бірліктерді берілген өлшемге келтіру. 5 минут ішінде командалар өз жауаптарын береді. Ұпайды әділқазылар шешеді).
3 тур.
«Ойлы болсаң, озып көр» деп аталады. (Мұнда әр командаға физикадан 3 жұмбақ, информатикадан 3 жұмбақ жасырылады. Тапқан жауаптары бойынша анықтамасын немесе түсіндіріп беруі тиіс. Ұпайды әділқазылар шешеді).
4 тур.
«Мықты болсаң, жеңіп көр» деп аталады. (Мұнда 20, 30, 40 ұпайдан тұратын сұрақтар қойылады, ұпай сәйкесті қойылады, оны әділқазылар қадағалап отырады).
5-тур

«Сұрағыма жауап бер» деп аталады (екі топқа да бес сұрақтан қойылады)
6тур
« Біле білсең айтып көр» деп аталады. Тақтада алты ұяшық берілген. Әрбір ұяшықта формула жасырылған. Команда мүшелері сол формуланың атауын айту керек. Тапсырманы орындаған оқушы сол ұяшық баллын өз тобына қосады. Бір ұяшықта тосын сый бар.



Бәрі түсінікті болса, бастайық! Іске сәт!!!

І тур. «Білгір болсаң, тауып көр» сұрақтары:
1 топқа физикадан:
1. Табиғат құбылыстарына мысал келтір? (Мұздің еруі, судың қайнауы, жылу, жарық т.б.).
2. Физика нені зерттейді? (Табиғаттағы құбылыстардың өзара байланыстарын зерттейді. «Фюзис» - табиғат).
3. Астрономия нені зерттейді? (Аспан денелері туралы ғылым. «Астрон» - жұлдыз, «номос» - заң).
4. Табиғатты зерттеудің қандай тәсілдері бар? (Бақылау, эксперимент, физикалық теория).
5. Физикалық шаманы өлшеу дегеніміз не? (Оны өлшем бірлік ретінде алынған біртекті басқа бір шамамен салыстыру).

2топқа информатикадан:
1. Компьютер дегеніміз не? (Ақпараттық процестерді жүзеге асыратын негізгі құрал).
2. Ақпарат сөзі нені білдіреді? (латынның information сөзінен - түсіндіру, баяндау, білу).
3. Ақпарат мүмкіндіктері? (алу, жіберу, өңдеу, сақтау).
4. Компьютердің негізгі және қосымша құрылғыларын атаңыздар? (жүйелік блок, монитор, пернетақта; колонка, микрофон, принтер, сканер, веб-камера және т.б.).
5. Сканер дегеніміз не? (қағаздағы кескінді түсіріп, дисплей экранына шығаруға мүмкіндік беретін құрал).


ІІ тур. «Жүйрік болсаң, шауып көр» сұрақтары:

2топқа физикадан: Информатикадан:
Ұзындық - 1 м Уақыт - 1 с 1байт = 8 бит
1 км = 1000 м 1 сағ = 3600 с 1кбайт = 1024 байт
1 см = 0,01 м 1 мин = 60 с 1Мбайт = 1024 кбайт
1 мм = 0,001 м 1 тәулік = 24 сағ = 86400 с 1Гбайт = 1024 Мбайт
1Тбайт = 1024 Гбайт

ІІІ тур. «Ойлы болсаң, озып көр» сұрақтары:
1-топқа физикадан:
1. Аяғы жоқ қолы жоқ, 2. Сұйықпын да тазамын, 3. Ұзын болып жатады,
Бірақ тыныш тұрмайды. Басамын жер тозаңын. Ешқандай да шеті жоқ.
Сақтамасаң қорын тек, «С» орнына «Б» қойсаң, Әрбір адам бір жерге,
Барша тірлік қурайды. Бозғылт болып тозамын. Жетуі үшін асығады.
(Су) (Су - Бу) (Жол)

2-топқа информатикадан:
1. Қағазды да басады, 2. Ақпаратты теруге, 3. Ақпаратты сақтауға
Компьютерге жалғанады. Әрбір адам дайын тұр. Арналған тек сол үшін
Кім айтады не екен Ол болмаса егерде, Дөңгелекше оралып,
Ызылдап даусы шығады. Компьютердің керегі не? Ыңғайсыз қолға ұстауға.
(Принтер) (Пернетақта) (Диск)


IV тур. «Мықты болсаң, жеңіп көр» сұрақтары:
20 - Алғашқы программист кім? (Ада Лавлейс). 20 - «Бірінші ұстаз» кім? (Стагирит Аристотель).
30 - Windows ОЖ құрған ағылшын азаматы? (Билл Гейтс).
30 - Планеталар жүйесінің центріне Күнді орналастырып, ол жүйені гелиоцентрлік жүйе деп атаған ғалым?
(Николай Коперник).
40 - Алғашқы автоматты есептеуіш техникасының авторы, ағылшын оқымыстысы кім? (Чарлз Бэббидж).
40 - 1930 жылы 18 ақпанда Американың Ловелл обсерваториясында «Плутон» атты планетаны ашқан жас остроном? (Клайд Томбо).
Y-тур

«Сұрағыма жауап бер»

а) Көзі қырағы, жанған жарықты алыстан көреді
5 ұпай (адам)

а) Зерттеу жұмыстарына құрал ретінде қолданылады

5 ұпай (доп)


6тур
« Біле білсең айтып көр»
Тақтада алты ұяшық берілген. Тапсырманы орындаған оқушы сол ұяшық баллын өз тобына қосады. Бір ұяшықта тосын сый бар.

.
Осымен 6 турымыз аяқталды.

Мұғалімнің сөзі: Игеріп әлем күшін игілікке,
Физика санамызда тұр биікте.
Ойлап тапқан бәрін де адам миы,
Сондықтанда бас иеміз компьютерге.
Айтамыз көп алғысты сайыскерлерге,
Тамаша кеш сыйлаған бәрімізге.
Рахмет, көрермендер сіздерге де,
Әділқазы айтсын өз шешімін біздергеде! - деп бүгінгі күннің қорытынды ұпайын сұраймыз.

Жарысымызды қорытындылау. Марапаттау.

Бүгінгі кеш осымен жабық деп жариялаймын.



© 2010-2022