Доклад по физике на тему Табиғаттағы ең көп таралған зат

Раздел Физика
Класс 11 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат rar
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Доклад по физике на тему Табиғаттағы ең көп таралған зат Оңтүстік Қазақстан облысы,

Ордабасы ауданы

№ 18 колледж

Физика пәнінің оқытушысы Құлжан Сәлімбек Балханұлы



Табиғаттағы ең көп таралған зат.

Су! Бұл өмірдегі ең маңызды әрі қажетті зат. Біз ол туралы не білеміз, біз оның біздің өмірімізге не алып келетіні туралы ойландық па? Қандай су ішу керек?

Адам ағзасында ең маңызды сұйықтық болып табылатын ол адам ағзасында минералды заттарды, дәрумендерді, амин қышқылдарын қорытады.

Су қоры - халық байлығы, өкінішке орай жер бетіндегі тұщы судың қоры өте аз. Өзендер мен көлдердегі тұщы сулардың қоры, гидросфера ресурсының бір пайызына да жетпейді екен. Құрлық бетінің әр түрлі жерлеріндегі тұщы сулардың қорлары әр түрлі. Планетамыздағы адамзаттың тұщы суды пайдалануы жыл сайын өсіп келеді.

Жапондық психолог-ғалым Масару Эмото: «Су адамның психикалық энергиясын бойына сіңіре алады және оны ұзақ уақыт бойында «есіне» сақтап, тіпті басқаларға жеткізе алады. Судың бойына жинақталған таза энергия небір ауруларға ем болады» - деп жазады.

Орыс ғалымы Зенин Станислав Валентинович: «Су оның сутектік байланыс арқылы байланысқан 57 молекуласынан құралған кристалға ұқсас «су кванты» негізіндегі дұрыс көлемдік құрылым болып келеді. Бұл 57 молекуладан құралған «су кванты» тетраэдрге ұқсайды. 16 «су кванты» 912 су молекуласынан құралған құрылымдық элементті (супермолекуланы) жасайды. Су 80% осындай құрылымдық элементтен, 15% квант-тетраэдрден және шамамен 3% классикалық Н2О молекуласынан құралған» - деп жазады.

Үнді ғалымы Ранжит Моханти: «Адам денесіндегі бес маңызды элементтің бірі - су. Оны қандай мөлшерде пайдалану және қандай суды пайдалану керектігін білу арқылы адамдар өз денсаулықтарын жақсартуға болады» - деп жазады.

Біздің табиғат туралы біліміміз қаншалықты? Кейбір түсініксіз құбылыстарды көргенде тылсым нәрсе деп қоя саламыз. Ал егер оның құпиясы ашылған кезде, табиғаттың әлі де зерттелмеген тұстары бар екендігін мойындаймыз. Табиғаттағы ең көп таралған зат - су деп алсақ, оның да біз білмейтін тылсым тұстары бар екен. Бұл шығармашылық жұмыс судың біз білмеген қасиеттерін, құпияларын зерттеуге арналған. Бір құпиясын аша алсақ немесе елімізге пайдасы тиетін жоба жасай алсақ, тіршілік мұхитына бір тамшы қоса алғанымыз деп есептеймін.



© 2010-2022