Сабақ жоспары ФИЗИКА 7 СЫНЫП

Раздел Физика
Класс 7 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Семей қаласы

№47 орта мектеп, физика пәні мұғалімі

Әбішева Жанар Ақылтайқызы

Сабақ тақырыбы: Үйкеліс күші

Қолданылатын әдіс-тәсіл: «Бірінші Триада» картасы

Мақсаты: Оқушылардың көпшілігінің жаңа тақырыпты сапалы меңгеруіне жету. Тақырыпты түсіндірудегі кемшіліктерді анықтау және жою. Пәнді сапалы меңгеру үшін табысты адамның критерии ретінде қызығушылығын тудырып ынталандыру

Өткен тақырып бойынша 63 % -ға жеткен оқущылардың білім мен біліктілігін сөйлеу арқылы нақты бекіту. Балаларды бірыңғай ақпараттық кеңістік - ұжымдық парасаттылыққа кіріктіру

Міндеті: Технологиялық карталардың регламентін орындау

Күтілетін нәтиже: алға қойылған мақсатқа жету

1

Ұйымдастыру кезеңі

І. Оқушылармен амандасу, түгендеу, сабақ мақсатын айту

Жұмыстың реті карта бойынша түсіндіріледі. Сыныпты белсендіру үшін, көшбасшыға сөз беріледі.

3 минут

2

Үй тапсырмасы:


  1. Күштің физикалық мағынасы

  2. Күш немен сипатталады?

  3. Күш анықтамасы

  4. Күш бірлігі ретінде не қабылданған?

  5. Күш түрлері

  6. Деформация сөзі нені білдіреді?

  7. 1 Н неге тең? (1 кг*м/с2)

  8. Гук заңы қалай тұжырымдалады

  9. Ауырлық күшінің формуласы

  10. Серіппе қатаңдығы деген не?

  11. Күш өлшеу құралы

  12. Дененің салмағы деген не?

  13. Үйкеліс күшіне анықтама бер

  14. g дың мәні неге байланысты

  15. g дың мәні Жерде қанша?

  16. g дың мәні Айда қанша?

  17. Серпімділік деген не?

  18. Неліктен денелердің Айға тартылуы Жердегіге қарағанда аз?

10 минут

3

1 цикл «Байқау»

«Оқушылардың субъективті тәжірибеле рін өзектендіру»

Жаңа тақырып қысқаша түсіндіреді

Бір дене екінші дененің бетімен қозғалған кезде пайда болатын күш үйкеліс күші деп

аталады. Ғүйк - үйкеліс күші.

Үйкелістің пайда болу себептері

  • Жанасатын беттердің кедір-бұдыр болуы

  • Жанасатын беттер молекулаларының өзара тартылысы.

Үйкеліс :

  • Жанасатын беттердің қандай материалдан жасалғандығына,

  • Олардың өңделу сапасына;

  • Бір беттің екінші бір бетке түсіретін қысым күшіне тәуелді.

Дененің өзі жанасып тұрған бетке тік бағытта түсіретін күшін нормаль қысым күші деп атайды.

N -нормаль қысым күші.

N=mg

Fүйк=µN

µ - үйкеліс коэффициенті

Сабақ жоспары ФИЗИКА 7 СЫНЫП

Тірек сөздер беріліп минутта тапсырма орындалу керек

  1. Үйкеліс күшінің анықтамасы

  2. Өлшем бірлігі

  3. Түрлері

  4. Формуласы

  5. Құралы

5 минут

4

Қабылдауды ұйымдастыру

Есеп шығару

ТКШ-АКШ-ЖКШ

8 минут

5

Ұғынуды ұйымдастыру

Есеп тексеріледі

5 минут

6

2 цикл

«Бекіту»

«Оқушылардың субъективті тәжірибеле рін өзектендіру»

Екінші түсіндіру

Тақырыпты түсіну деңгейін анықтайды және кемшіліктерді жою

4 минут

7

3 цикл «Бекіту»

«Оқушылардың субъективті тәжірибеле рін өзектендіру»

Формула қорыту және өлшем бірлікке назар аудару

5 минут

8

Бағалау

4-5 белгі - 5 ұпай

3 белгі 4 ұпай

2 белгі- 3ұпай

1 белгі 2 ұпай

Сыныптың тақырыпты меңгеру деңгейі анықталады.

3 минут

9

Үй тапсырмасы

41-42 оқу

2 минут



© 2010-2022