Открытый внеклассный урок по физике

Физикадан интеллектуалдық казино   Құрал-жабдықтар: Сахнаның безендірілуі: шарлар, «Интеллектуалдық казино» көркем жазуы, екі ойын үстелі, құрал жабдықтар мен демонстрацияға арналған үстел, секундометр, қара жәшік, 500,1000, 2000 «ақылдық» банкноттар, тапсырмалар тақтасы, тапсырмалар карточкасы т.б. Ойын ережесі: Ойынға 6 оқушыдан екі топ қатысады 1.     Бірінші жүріс жеребе тастау арқылы анықталады; 2.     Топтарға 2000 «ақылдық» бонустар беріледі; 3.     Жүріс «ақылдарға» байланысты сұрақтарды...
Раздел Физика
Класс -
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Шоқпарова Шынар Қосыбайқызы

Қарағанды қаласы №25 ЖББОМ

физика пәні мұғалімі


Физикадан интеллектуалдық казино


Құрал-жабдықтар: Сахнаның безендірілуі: шарлар, «Интеллектуалдық казино» көркем жазуы, екі ойын үстелі, құрал жабдықтар мен демонстрацияға арналған үстел, секундометр, қара жәшік, 500,1000, 2000 «ақылдық» банкноттар, тапсырмалар тақтасы, тапсырмалар карточкасы т.б.

Ойын ережесі:

Ойынға 6 оқушыдан екі топ қатысады

  1. Бірінші жүріс жеребе тастау арқылы анықталады;

  2. Топтарға 2000 «ақылдық» бонустар беріледі;

  3. Жүріс «ақылдарға» байланысты сұрақтардың қиындығын таңдаумен жүзеге асырылады;

  4. Әрбір топтың ойын ставкасын 100 пайызға дейін арттыруға құқығы бар;

  5. Ставкалар сұрақ мәтіні оқылғанша қойылады;

  6. Жауап дұрыс болмаған жағдайда жауап беру құқығы екінші командаға көшеді. Екінші топ жауабы қате болған жағдайда қазандағы «ақылдар» келесі ойынға көшеді;

  7. Қай топ бірінші болып 10000 «ақыл» жинаса жеңіске жетеді немесе барлық «ақылдарын»жұмсап қойған топ жеңіледі;

  8. Ойын топтардың сахналық сәлемдесуімен басталады.

1 жүргізуші: Сәлеметсіздер ме, физикалық сайысқа қатысушы, аяулы ұстаздарымыз, мектеп оқушылары!

2 жүргізуші: Армысыздар, қадірлі қонақтар, құрметті көрермендер!

1 жүргізуші: Халқымызда жақсы бастама жалғасын тапса, сәтті болғаны деп жатады ғой. Ендеше бүгінгі күн көпшілік қатысып отырған , интеллектуалдық казино сайысы сіздердің көңілдеріңізден шығып, қуанышқа бөлесе, жарқын бастамаға ұйытқы болған біздер де қуанарымыз әбден анық.

2 жүргізуші: Құрметті көрермендер, Сіздерге айтарымыз көңіл күйлеріңіз көтеріңкі,жүздеріңіз жарқын, мерейлеріңіз әрқашан үстем болсын!

1 жүргізуші:Мінекей, мұнда тыныштық,

Естілмейді дыбыс түк.

Кешіккендерді тоспаймыз.

Ақылды балалар сайысын

Көпшілікті тостырмай,

Міне, қазір бастаймыз!

2 жүргізуші:Физика еді өмірдің

Асыл бір үлкен саласы.

Жаңарды сол физикамен

Елімнің өзен, даласы.

1 жүргізуші:Түсіріп аспан заңын жұмыр жерге,

Бақтырып жұлдыздарды ескен желге

Жансызға жан бітіріп, қолға салып,

Физика кереметті көрсетті елге.

Бірі өшіп, кітаптардың бірі тозған,

Қай жүйрік Архимедті басып озған,

Жалынды патриот, батыр ғалым

Ғасырлар түпкірінен қолын созған.

2 жүргізуші:Ендеше, құрметті көрермендер, интеллектуалдық казино өз жұмысын бастайды.

«Архимед» тобы

Сәлемдесу:Бастары компьютердей,

Бойлары бәрі де бірдей.

Жастықты бірге өткізген

Құрбыларға өрімде - сәлем!

Ұраны: Тартысайық сайыста күш жігермен

Айырылысайық қимас бір дос көңілмен!

Әні: Егеменді қазақтың біз ұланы

Өз туы бар, елтаңба, әнұраны

Үмітін ақтайтын біз аға ұрпақтың

Самғайтын биіктерге тау қыраны.

Бабамыз әл-Фараби өзің қолда!

Жеңіс тек бізде болар осы жолда

Достар-ау, сендер де бір қолпаштаңдар

Отырған алдымызда , оң мен солда.

«Электр тобы»

Сәлемдесу:Құны бір құрдас,

Жаны бір дос

Тілегі бір, жүрегі бір

Бірге өскен жолдас

Сендерге де бір сәлем!

Ұраны: Білімді қару етіп, серік етіп,

Болашақтың есігін біз ашамыз!

Әні: Өнер қуған физик жастармыз

Есебіңді лезде шешіп тастармыз.

Тобымызда өңшең тапқыр қырандар

Ерен туған дарынды бастарымыз.

Келешектің үмітіміз талапты

Атақ -даңққа бөленеміз қарап түр.

Сегіз сырлы, өнер асып туғандар

Оза шауып бәйге атындай жарап тұр!

Тапсырмалар үлгілері

500 ақылдық тапсырма

  1. Жұмбақ. Мені ұрады, жыртады, теседі-мен бәріне көнемін, жақсылықпен жауап беремін.(Жер)

  2. Жұмбақ. Есік қақпай, сылдырлатпай, терезеден кіреді. (Күн сәулесі)

  3. Жұмбақ. Мені шақырады, күтеді, келгенде - бәрі тығылады (Жаңбыр)

  4. Жұмбақ. Нені сандыққа тығып қоя алмайсың? (Жарық сәулесін)

  5. Жұмбақ. Жерде жатыр: ала алмайсың, бояй алмайсың, өшіре алмайсың. (Көлеңке)

1000 ақылдық тапсырма

  1. Тұрмыстағы физика. Бір шелек көмірді 4-қабатқа көтергенде шамамен 800ДЖ энергия береміз. Көмір отқа жанып кеткенде оның потенциялық энергиясы қайда кетеді?(Бұл энергия күлдің, түтіннің, жану өнімдерінің потенциялық энергиясына айналады)

  2. Ұлы физиктер. Америка өнертапқышы, қыздыру шамын жетілдірген, оған патрон істеген адам (Эдисон Томас-Алва)

  3. Үйдегі эксперимент. Үстелдің үстіндегі шарды шыны банканың ішіне қалай кіргізуге болады? Шарды қолмен ұстауға, үстелдің шетіне әкелуге болмайды.(Банканы шарға төңкеріп, айналдыру керек)

  4. Бірдей 9 шардың біреуінің ішінде қуыс бар. Таразының көмегімен 2 рет өлшеу арқылы іші қуыс шарды қалай анықтауға болады?(Таразымен 3 шарды өлшейміз, егер екеуі тең болса , шар үшінші үштікте болғаны. Оны анықтау үшін таразымен екі шарды салыстыру керек)

  5. Ұлы физиктер. Ол Құрметті легионның рыцары болды, сенатор және граф дәрежесін алған. Напалеон ол сөз сөйлеген Француз ғылым академиясының отырыстарына үнемі қатысып отырған. Ол «ыдыстар тәжі» аталған электр шамын ойлап тапқан.(Александро Вольта)

1500 ақылдық тапсырма

  1. Тұрмыстағы физика. Су неге отты өшіреді?(Судың булануы үшін қосымша жылу керек. Сондықтан жану құбылысы әрі қарай жалғаса алмайды)

  2. Жұмбақ. Дене қызғанда, температурасы артатынын білеміз. Қандай зат белгілі бір жағдайларда бұл заңдылыққа бағынбайды?(Су)

  3. Ұлы физиктер. Ол өте алаңғасар болған. Жұмыртқаны қолына ұстап тұрып, оның орнына қолсағатын 3 минут бойы пісіріпті деген аңыз бар(Андре Мари Ампер)

  4. Үйдегі эксперимент. Су құйылған жайпақ тәрелкеде тиын жатыр. Қолымызды суламай, тиынды қалай алуға болады?(Спиртке батырылған мақтаны стақанға салып жағамыз. Қатты қызған кезде стақанды тәрелкеге тез төңкере қою керек)

  5. Тұрмыстағы физика. Далада суық күзгі жаңбыр жауып тұр. Егер желдеткішті ашып қойса, асүйдегі жайылан кір тез кебе ме? (Асүйде де, далада да бу қаныққан. Далада салқын болғандықтан, қысым аз болады. Сондықтан желдеткішті ашқанда, бөлмедегі бу үнемі далаға шығып, кір тезірек кебеді)

2000 ақылдық тапсырма

  1. Желпуішті желпігенде салқындаймыз. Қасымыздағы

отырған адамдар бөлмені салқындатқанымыз үшін рахмет айтуы керек. Шын мәнінде солай ма?(Желпуішпен жұмыс істегенде қосымша энергия бөліп, ауа конвекциясын тездетеміз. Сондықтан бөлме температурасы жылдамырақ жоғарылай түседі)

  1. Қара жәшік. Александр Македонский заманындағы қоңыраулы сағат (Қораз)

  2. Жұмбақ. Егер ештеңе көрінбесе, не көрініп тұр? (Тұман)

  3. Ұлы физиктер. Серб оқымыстысы, электротехника және радиотехника салаларында еңбегі сіңген. Жоғары жиілікті трансформатор және жоғары жиілікті электромеханикалық генератор ойлап тапқан (Тесла)

  4. Саусақтарымызды тартқанда неліктен буындарымыз тықырлайды?(Саусақты тартқанда сүйек ұяшығындағы сұйықтық ұлғайып, «қайнайды», яғни ұсақ бу тамшылары пайда болады. Әрі қарай созу газдың шығуына жағдай болмағандықтан , көпіршіктердің жарылуына әкеліп соғады)

© 2010-2022