Планирования Физика пәнінен ойын элементтерін пайдалану

Физика пәнінен ойын элементтерін пайдалану   Г. Пахрамова Еңбекші орта мектебінің мұғалімі       Дәстүрлі емес сабақтардың бір түрі – ойын элементтерін қолданып өткізетін сабақ. Физикалық ойындар арқылы оқушылардың ойын тиянақтауға, өз бетімен ойын қорыта білуге дағдыланады, білім қоры мен таным қорын толықтырады. Ойын оқушының өзіндік пікірін қалыптастырады, ойлау қабілетін ұштайды. Ойын – айналадағыдүниені тану тәсілі.  Сол себепті 7-сынып физика және астрономия пәндерін оқыту үрдісінде ойын... О Й Ш Ы Л Д А Р   2 – топ тапсырмасы. 1... фюзис, табиғат грек тілінен алынған. Әлемге қажет жаңалық осы тілден табылған. (физика) Алтыншы әрпін ал. 2. Сырт пішіні, көлемі және тағы басқа сипаттамалары бар нәрсе. (Физикалық дене) Бірінші сөздің жетінші әрпін ал. 3. Бізді қоршаған орта (табиғат) Бесінші әрпін ал 4. Денелердің жылу қасиеттерін сипаттайтын шама (Температура) Алтыншы әрпін ал. 5. Жолдың өлшем бірлігі. (метр) Төртінші әрпін ал 6. Дененің басқа денелермен салыстырғанда  орнының өзгеруі. (Механикалы... А Л Ғ Ы Р Л А Р   2. Зерделілер бекеті (Дұрыс жауап бір балл) Сөзжұмбақ шешу сайысы. Бұл бөлімде екі топқа шешуге  сөзжұмбақ беріледі. Қай топ сөзжұмбақты  бұрын шешсе, сол топқа ұпай беріледі. 3. Кім тез (Дұрыс жауап бір балл) Тілсім телефонмен жұмыс.    Оқушыларға үлестірмелер беріледі. Онда 10 тапсырма 10 жауабымен жазылған. Жауаптарын белгілеп тылсым телефон құрылғысымен тексереді. Тапсырма жауаппен  сәйкестенсе құрылғыдағы шам жанады. 4. Топ басшылар сайысы 1 – топ басшысына. Көкеністерді, балықтарды және...
Раздел Физика
Класс -
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Физика пәнінен ойын элементтерін

пайдалану


Г. Пахрамова

Еңбекші орта мектебінің мұғалімі


Дәстүрлі емес сабақтардың бір түрі - ойын элементтерін қолданып өткізетін сабақ. Физикалық ойындар арқылы оқушылардың ойын тиянақтауға, өз бетімен ойын қорыта білуге дағдыланады, білім қоры мен таным қорын толықтырады. Ойын оқушының өзіндік пікірін қалыптастырады, ойлау қабілетін ұштайды. Ойын - айналадағыдүниені тану тәсілі. Сол себепті 7-сынып физика және астрономия пәндерін оқыту үрдісінде ойын элементтерін пайдалануды жөн көрдім.

Өткен материалдарды пысықтау, жинақтау мақсатында өткізілген қайталау сабағында осындай ойындар ойналды. Сабақта электронды тақта, үлестірме, тілсім телефон құрылғысы қолданылды.

Оқушылардың назары, ынтасы сабаққа шоғырландырылды.

Сабақтың жоспары

1. Есіміңді тап.

Электронды тақтада көрсетілген тапсырма бойынша әр топ өз атын анықтайды.

2. Зерделілер бекеті

Сөзжұмбақ шешу сайысы

3. Кім тез

Тілсім телефонмен жұмыс

4. Топ басшылар сайысы

Жоспар бойынша жұмыс жұргізіледі

1. Есіміңді тап. (Дұрыс жауап бір балл)

1 - топ тапсырмасы.

1.Аспан денелерін зерттейтін ғылым. (Астрономия) Бесінші әрпін ал

2. Көлемін сақтайтын, пішінін оңай өзгертетін зат күйі. (сұйық) Үшінші әріпін ал

3. Физикалық денелерді өлшеуге және танып білуге болатын қасиеттерінің сипаттамасы. (Физикалық шама) Екінші әрпін ал.

4. Сұйық ішінде өте ұсақ қатты бөлшектердің қозғалысы. (Броундық қозғалыс) Бірінші сөздің жетінші әріпін ал

5. Молекулалардың сұлба түріндегі кескіні. (Модуль) Бесінші әрпін ал.

6. Бір құмалақ бір қарын майды шірітеді. Қандақ құбылысқа негізделген. (Диффузия) Бірінші әрпін ал.

7. Физикалық дене неден құралған болса, оны ... дейміз. (зат) Бірінші әрпін ал.

8. Жолдың өлшем бірлігі. (метр) Төртінші әрпін ал.

1 - топ аты.

О

Й

Ш

Ы

Л

Д

А

Р

2 - топ тапсырмасы.

1... фюзис, табиғат грек тілінен алынған. Әлемге қажет жаңалық осы тілден табылған. (физика) Алтыншы әрпін ал.

2. Сырт пішіні, көлемі және тағы басқа сипаттамалары бар нәрсе. (Физикалық дене) Бірінші сөздің жетінші әрпін ал.

3. Бізді қоршаған орта (табиғат) Бесінші әрпін ал

4. Денелердің жылу қасиеттерін сипаттайтын шама (Температура) Алтыншы әрпін ал.

5. Жолдың өлшем бірлігі. (метр) Төртінші әрпін ал

6. Дененің басқа денелермен салыстырғанда орнының өзгеруі.

(Механикалық қозғалыс) Бірінші сөздің тоғызыншы әрпін ал.

7. Тұрақты көлемі меншікті пішіні жоқ зат күйі (газ) Екінші әрпін ал

8. Зат түрінде, жарық толқындары түрінде бізді қоршаған болмыс. (материя) Бесінші әрпін ал

2 - топ аты.

А

Л

Ғ

Ы

Р

Л

А

Р

2. Зерделілер бекеті (Дұрыс жауап бір балл)

Сөзжұмбақ шешу сайысы. Бұл бөлімде екі топқа шешуге сөзжұмбақ беріледі. Қай топ сөзжұмбақты бұрын шешсе, сол топқа ұпай беріледі.

3. Кім тез (Дұрыс жауап бір балл)

Тілсім телефонмен жұмыс.

Оқушыларға үлестірмелер беріледі. Онда 10 тапсырма 10 жауабымен жазылған. Жауаптарын белгілеп тылсым телефон құрылғысымен тексереді. Тапсырма жауаппен сәйкестенсе құрылғыдағы шам жанады.

4. Топ басшылар сайысы

1 - топ басшысына. Көкеністерді, балықтарды және де азық - түлікті тұздау қандай физикалық құбылысқа негізделген?

2 - топ басшысына. Қарындашты екіге бөліп, оның бөліктерін қайтадан бүтін қалпына келтіре алмайтынымыз неліктен?

Сабақ жоспары бойынша тапсырмалармұқият орындалып болғаннан кейін, жеңіске жеткен топ марапатталады.



© 2010-2022