• Преподавателю
  • Физика
  • Физика пәнін оқытуда ақпараттық-коммуникативтік технологиясы арқылы оқушының ойы мен белсенділігін дамыту. (7-11 класс)

Физика пәнін оқытуда ақпараттық-коммуникативтік технологиясы арқылы оқушының ойы мен белсенділігін дамыту. (7-11 класс)

Раздел Физика
Класс 7 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Физика пәнін оқытуда ақпараттық- коммуникативтік технологиясы арқылы оқушының ойы мен белсенділігін дамыту.


Есіркепова Айымгүл Тыныштыққызы

Ақтөбе қаласы № 14 орта мектеп

«Мұғалім- мәңгі нұрдың қызметшісі,

ол барлық ой мен қимыл әрекетіне

ақылдың дәнін сеуіп, нұр құятын

тынымсыз лаулаған жалын иесі»

А Я. Коменский


Қазіргі кезде білім берудің жаңа жүйесі жасалып, әлемдік білім беру кеңістігіне бағыт алуда. Бұл оқу мен оқыту үрдісіндегі елеулі өзгерістерге байланысты. Себебі білім берудің мазмұны жаңарып, жаңаша көзқарас, жаңаша қарым-қатынас пайда болатыны даусыз.

Оқу процесінде қолданылатын ақпараттық-коммуникативтік технология құралдарын орналастырудың бірнеше жолдары бар. Ең перспективтісі және мазмұндысы жіктелу критерийі ретінде ақпараттық- комммуникативтік технология құралдарын әдістемелік тағайындау облысы болатын жол болып табылады.

Себебі, бүгінгі заман талабы «Кім ақпаратты меңгерсе, сол заман кілтін өз қолында ұстай алады» деген ұстанымды көздейді. Біз ұстаздар игеретін ақпарат көзі педеагогикалық білім берумен байланысты.

Бүгінгі таңда еліміздегі және әлем кеңістігіндегі физикалық білім берудің басым бағыттары ретінде:

- Оқушылардың іргелі физикалық теориялардың негіздерімен таныстыру, іргелі білімдерін бақыланатын құбылыстар мен процестерді түсіндіруге қолдана алу біліктілігін қалыптастыру.

- Оқушылардың ғылыми ойлауын және дүние танымын әлемнің ғылыми бейнесін қалыптастыру.

- Оқушылардың болашақ кәсіпті таңдап алуға дайындау, олардың шығармашылық қабілеттерін дамыту, қазіргі заманғы өркениеттегі физиканың ролін ашу.

- Оқушылардың ақпаратты сын көзімен ой елегінен өткізе алуы, түрлендіре алуы, игеру, оның ғылыми сапасын бағалай алу сияқты қабілеттерін дамыту болып табылады.

Бүгінгі оқушы: әлеуметтік-ақпараттық құзыретті, жобалаушы, шығармашыл жеке тұлға.

Ертеңгі оқушы: өзін-қзі анықтайтын құзыретті, интеллектуалдық потенциалы жоғары тұлға.

Оқушы оқу үдерісіне белсенді қатысқанда ғана материалды терең меңгеруге қол жеткізеді. Басқаша айтсақ, жеке бағдарланған оқыту шеңберінде, оқушылардың сыныпқа келген кездегі бастапқы сенімдерін, білімін және өзіндік ойын негізге ала отырып, өз пайымдауын жасауға қабілетті екенін мұғалім түсінеді. Егер оқу үдерісі оқушы мен оқу материалын қосатын «көпірді салуға» негізделсе, онда осы үдерісті үйлестіретін мұғалімдер көпірдің екі жағын да қадағалай білуі тиіс. Мұғалімдер оқушылардың не білетінін және нені жасай алатынын, сондай-ақ олардың қызығушылықтарын, әр оқушының нені жақсы көретінін және не істегісі келетінін түсінуге тырысады.

Сапалы сабақ өткізудің талаптары:

1.Сабақты оқытудың дидактикалық принциптері толық қамтамасыз етіледі.

2.Ғылымның педагогикалық іс-тәжірибенің озық жетістіктерін пайдаланады.

3.Оқушылардың танымдық іс - әректтерімен қызығушылығын арттыру.

4.Өткен сабақтарда алған білімдері негізінде, оқушылардың білім деңгейін одан әрі дамыту.

5. Әр бір сабақта оқушылардың ойлау әрекетін дамыту.

6.Мұғалімнің сабақ жоспарының дұрыс түзілуімен сабақты рационалды түрде өткізу./2,с13/

Ақпараттық- коммуникативті технологияларды білім беру саласында үйлесімді пайдалану оқушылардың шығармашылықпен жұмыс істеуіне негізделініп,өзіне қажетті мазмұн мен мәліметті ақпарат көзінен таңдап,талғап білуіне үйретеді.

Атап айтқанда оқыту процесін тиімді ұйымдастыру, жеке пәндер арасындағы ортақ ұғымдарды заңдылықтарды бір-бірімен өзара байланыстылықты қарастыру, оқушылардың танымдық, ізденушілік қабілеттерін, іс-әрекеттерін дамыту, алған білімдерін жинақтау, тәжірибеде қолдана білуге үйрету және тағы басқа мәселелер дидактикалық тұрғыдан шешуді қажет етеді.

Қазіргі заман талабы бойынша білім беруді ақпараттандырудың негізгі талаптарының бірі оқу үрдісіне элекрондық оқулықтарды енгізу. Қазіргі жаңа заман ғылыми деректеріне назар аударсақ адам қабылдайтын кез келген ақпарат оның есіне 15-20 мин.айналысқа енеді де, содан ұзақ сақтауға беріледі екен. Естігеннің 5%, көргеннің 20%, аудио және видео ақпарат 40-50% дейін артады. Ақпараттарды қабылдаудың негізгі арналары: есту, көру, сезу болып табылады. Өзін қоршаған ортадан қабылдайытын мәліметтердің 90 пайызын көру жүйесі арқылы, 9 пайызын есту жүйесі, 1 пайызын сезім мүшелері арқылы қабылдайды. Көру жүйесі-есте сақтаудың түрлері ішіндегі үздік дамығаны.

Заман талабына сай жас ұрпаққа сапалы білім беруде электрондық оқулықтарды сабаққа пайдалану - оқытудың жаңа технологиясының бір түрі ретінде қарастыруға болады.

Осы ретте электрондық оқулықтың жетістіктері:

- шұғыл кері байланысты қамтамасыз етеді;

- дәстүрлі оқулықта көп іздеуді қажет ететін тиісті ақпаратты тез табуға көмектеседі;

- гипермәтінді түсіндірмелерді бірнеше рет қарап шығу барысында уақытты анағұрлым үнемдеуге мүмкіндік береді;

- қысқа мәтіндермен қатар көрсетеді, әңгімелейді,жобалайды/мультимедия-технологияның мүмкіндігі мен артықшылығы тура осы жерде көрінеді/;

- әрбір оқушыға дербестік тұрғыдан қатынас жасауға мүмкіндік беріп, олардың өз бетінше білім алуын қамтамасыз етеді;

- белгілі бір бөлім бойынша білімді тексеруге мүмкіндік туады.

Олай болса, қоғамды ақпараттандыру дегеніміз - ғылыми-техникалық жетістіктерінің күнделікті тұрмысқа ауқымды енуінің нәтижесі, яғни адам өміріне іс-әрекеттік интеллетуалды түрлерінің жан-жақты әсер етуі мен рөлінің жоғарылауына байланысты объективті прогресс.

Өйткені, бүгінгі тандағы білім беру саласында тек мұғалімнің айтқандарын орындау немесе оқулықты пайдалану заман талабын қанағаттандырмайды. Сондықтан қазіргі ақпараттандыру коғамында электрондық оқулықтарды пайдаланбай алға жылжу мүмкін емес.

Теориялық материалдар графикалык илюстрация түріндегі әр түрлі суреттер, сұлба тәсілдер арқылы толықтырылып отырса, онда теориялық білімді оқып, көзбен көріп, түйсіну және оны мида бекіту үрдістері бір уақытта өтеді және материалды қорыту үрдісі ұтымды болады.

Ақпараттық-коммуникативтік технология жағдайындағы жалпы оқыту үрдісінің функциялары: оқыту, тәрбиелеу, дамыту, ақпараттық болжамдау және шығармашылық қабілеттерін дамытумен анықталады. Ақпараттық- коммуникативтік технологиясы кәсіби бағытты нақты қалыптастырудың жетекші құралы болып табылады., өйткені ол оқу үрдісінің тиімділігін арттырып, білікті, шығармашыл ,белсенді оқушыларды да тәрбиелеуге септігін тигізеді.

Ақпарат біздің қасымыздан және біз арқылы орасан зор жылдамдықпен зымырап өтеді,ал сана айналада болып жатқанның барлығын есте сақтауға қарсы болады. Сондықтан бейне материалдар оқушылардың көру, есту сезімдеріне бірдей әсер етеді.

Бұл жөнінде А. Я Коменский былай деген: «Алтын ереже- бала сезім әсерлерін туғызып білдіргені жөн: көруге болатын нәрсені көрсет, естуге болатын нәрсені құлақ қойып тыңдасын, иісін иіскеп көрсін, дәмін татып көрсін, қолына ұстап нәрсенің қатты-жұмсағын байқасын. Кейбір нәрселерді түрлі сезім мүшелері бірдей түсініп қабылдағаны жақсы.»


Пайдаланылған әдебиеттер



  1. Г. Б.Әлімбекова. Физика пәнін халықтық педагогика тағылымдарымен байланыстыра отырып оқыту. Алматы, Литера. 2001ж

  2. Математика және физика. Ғылыми-әдістемелік журнал. 2003 ж № 5

  3. Мұғалімге арналған нұсқаулық Үшінші деңгей. cpm.kz











© 2010-2022