Доклад на тему Су - саналы субстанция

Раздел Физика
Класс 9 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат rar
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Доклад на тему Су - саналы субстанция Оңтүстік Қазақстан облысы,

Ордабасы ауданы

№ 18 колледж

Физика пәнінің оқытушысы Құлжан Сәлімбек Балханұлы

Су - саналы субстанция.


Су - Жер бетіндегі ең көп таралған зат. Тіпті адам ағзасының орта есеппен 70-80 пайызы судан құралған. Сонымен бірге су - толық зерттеліп бітпеген зат деуге болады.

Ғарыш кеңістігі тіршілік негізі ретінде дәл суды таңдап алған. Миллиардтаған жылдар бұрын Жер ғаламшары құралған мұздай газды-шаңды бұлттардың құрамында мұзды тозаң түрінде су болған. Мұны Әлем зерттеушілері толық мақұлдаған. Академик Вернадский: «Негізгі, басты үлкен геологиялық үрдістердің жүруіне әсер ететін суға тең келетін ешқандай қосылыс жоқ. Жер бетінде оған қосылмайтын зат, минерал, тау жыныстары, тірі дене жоқ» деп жазған.

Ғаламшар тіршілігіндегі судың рөлі айрықша. Климаттағы барлық өзгерістер, тіршіліктің болу шарттары сулы ортаның болуымен атқарылады. Табиғаттағы барлық айналым ондағы тірі дүниелердің пайда болып, тіршілік етіп, оның дамуына септігін тигізеді. Экватордағы Күннен қызу алған су мұхиттардың орасан зор ағынымен жылуды полярлық аймақтарға тасымалдайды. Соның арқасында бүкіл ғаламшардың жылуын реттеп отырады. Күн бір минуттың ішінде теңіздер мен мұхиттардың бетінде миллиардтаған тонна суды буландырады. Әр минут сайын орасан зор мөлшердегі Күн энергиясын өзіне сіңірген бұл бу, оны Жер атмосферасына береді. Осы энергияның арқасында жел тұрады, жаңбыр жауады, борандар, дауылдар пайда болады.

Тек су ғана Жер жағдайында үш күйде кездеседі: қатты (мұз), сұйық (су) және газ тәрізді (бу). Сонымен бірге оның көпшілік қасиеттері ортақ физикалық принциптерге негізделген. Абсолютті таза су ғана мұндай қасиеттерге ие, бұған сенудің өзі қиын. Өзінің құпиялылығымен су әрқашан ғалымдарды қызықтырған. ХХІ ғасырдың аясында ғана судың негізгі құпиясы ашылып келеді.

Су супер-молекулалардан (кейбір ғылыми еңбектерде кластер немесе ұяшық деп аталады) құралады екен. Олар ерекше молекулярлық алты қырлы құрылымнан тұрады. Бұл құрылым әр түрлі әдістермен - химиялық, электромагниттік, механикалық, сонымен бірге ақпараттық әсерлермен әрекет еткенде өзгеріп отырады. Осы әсерлердің әрекетінен кейін оның молекулаларының қайта құрылатын қабілеті бар. Сол арқылы кез келген ақпаратты есінде сақтайды. Құрылымдық жады феномені суға жарықтың, ойдың, музыканың, тілектің және қарапайым сөздердің алып келетін ақпараттарын өзіне ендіру, сақтау және қоршаған ортамен алмасу мүмкіндігін береді. Ағзадағы барлық мәліметтерді өзінде сақтайтын тірі жасушалар сияқты, судың әр ұяшығы біздің барлық ғаламшарлық жүйеміздегі ақпараттарды сақтайтын қабілеті бар.

Биология ғылымының докторы, Ресей Денсаулық сақтау министрлігінің проблемалық зертханасының меңгерушісі Станислав Валентинович Зенин су дифференциалды-фазалық жағдай деп аталатын өзгеше күйде болады деп есептейді. Міне осы жағдай суға кәдімгі компьютер секілді ақпараттарды өңдей алатын қабілет беретіндігімен түсіндірілетіндігін айтады. Сонымен бірге, негізінен, судан тұратын адам бағдарламалана алатын жүйе болып табылады. Кез келген сыртқы факторлар, мысалы адамдардың бір-бірімен қарым-қатынасы, ағзаның сұйық ортасының құрылымы мен биохимиялық құрамын өзгертеді. Өзгеріс жасушалық деңгейде өтеді. Тіпті ДНҚ молекуласы да оның толық жойылуына дейін өзгеріске ұшырайды. Бұл дегеніміз кез келген ағзадағы молекулалық деңгейдегі суға қойылған жеке бағдарламаның бұзылуы, яғни болашақта болатын аурулардың себебі мен қайнар көзі болып табылады. Сонда суға дем салу, дуалау, көз тию сияқты дүниелер тылсым күштер емес, шындыққа жанасатын болғаны да.

Станислав Зениннің зертханасында суға экстрасенстердің ара қашықтықтан әсер ететін бірнеше тәжірибелер өтті. Мысалы, бір емші таза суға кәдімгі адамның ауруын көшірген болды. Содан кейін сол суы бар ыдысқа инфузориялар (сперстоундар - инфузорияның бір түрі) жіберілді. Олар бірден қимылсыз қалған. Бұл тәжірибе бірнеше рет өткізілді, сондықтан бұл - нақты айғақ. Судың бұл қасиеттерін қазір әр түрлі парапсихологиялық және магиялық сеанстарда қолдануда. Теледидар экраны алдындағы суды зарядтаған оқиғалар естеріңізде болар. Кашпировский мен Чумактың әсер ету күшіне көзсіз сену көпшілікті елең еткізді. Бірақ суды жаппай зарядтау эффектісі күмән тудырады. Өйткені әр ағзаның өз ерекшелігі болғандықтан суға ендірілген бағдарлама пайда әкелумен қатар зиянын да тигізуі мүмкін.

Ал, қарапайым адамдарда қалай? Олардың барлығы экстрасенс немесе сиқыршы емес. Суы бар орта арқылы бір-бірімізге ойларымызбен, сөздерімізбен, жек көру немесе махаббат сезімдерімізбен әсер ете аламыз ба? Өзімізді және қоршаған ортаны бағдарламалай аламыз ба? Әрине. Ғалымдар мұны дәлелдеген. Тез шаршау, себепсіз ашулану, нашар көңіл-күй, тіпті көптеген аурулар бұрыс энерго-ақпараттық әсер етудің салдары болуы мүмкін. Сонымен бірге ортақ энерго-ақпараттық өріс арқылы су, қандай да қашықтықта болмасын, адаммен байланысын үзбейді екен. Оның жағдайы күрт өзгеретін болса, судың құрылымында да өзгерістер пайда болады. Егер нақты адамның әрекетін есінде сақтаған суға әсер ететін болса, оның әрекеті мен денсаулығында да өзгерістер орын алатындығы таң қалдырады. Осылар адам ағзасындағы сұйықтықтар (лимфа, қан, сілекей және т.б.) арқылы манипуляция жасалынатын қара магияның кейбір құпияларын түсіндіреді.

Кейбір тәжірибелерден, мысалы қан қай жерден алынғандығын, шындығында, сездіреді екен. Сонда мұқтаждықпен алынған адамның қанымен не істеу керек? Қанға жасаған кез келген әрекет ағзаға кері әсерін тигізуі мүмкін. Кейбір діни ағымдардың қанды ауыстыруға тыйым салуы содан болуы мүмкін. Өйткені донор мен емделушінің өзара байланысы қалай қалыптасатыны әлі күнге дейін белгісіз ғой.

Ғалымдардың көпшілігі жұқпалы ауру себебінің 80 пайызы судан болатындығын мақұлдайды. Табиғаттың бізге тегін бергенін біздің ұқыпты пайдалана алмайтындығымыз шындық. Энерго-ақпараттық ортаны жалпылама ластау арқылы оның құрылымын өзгертіп, сол арқылы өз өмірімізге деген ықпалын сезінудеміз. Мысалы, судың құрамы өзгермесе де киттер мен дельфиндердің су жағасына шығып кеткен оқиғалары көптеп кездесуде. Судың құрамы өзгермеген немесе химиялық қоспалар қосылмаған. Тек қандай да бір сыртқы факторлардың әрекетінен судың құрылымы өзгерген. Сол арқылы ондағы тірі ағзаларға әсер еткендігі болып отыр.

Адам өзінің жағымсыз ойлары, сөздері және әрекеті арқылы аз ғана судың көмегімен, өзін ғана емес, өзін қоршағанның бәрін де улай алады. Ал, ғаламшар масштабында ол қандай өлшем болады? Су құрылымына биоөріспен әсер еткенде, оны анық және бірден сезеді. Оған берілген ойдың бағыты өзгергенде, судың да құрылымы өзгереді. Ол құрылым, адамнан алынған ақпаратқа байланысты, пайдаға асуы немесе зиянын тигізуі мүмкін. Біреуге күш көрсету, криминалды әрекеттер немесе әскери шиеленістер жалпы энерго-ақпараттық ортаны лайлап жатқанын көз алдымызға елестету қиын емес. Ал су осының бәрін жадында сақтайды. Тіпті «байқаусызда» жасалған әрекеттердің өзін сулы ақпаратты орта өзінше бағалайды. Бұл біздің өмірімізге және рухани санамызға әсер етпей қоймайды. Осындай ақпараттық ластау басқаларынан да қауіпті.

Ғалымдардың пайымдауынша, көптеген боран, дауыл және су тасқындары - бұл судың жалпы энерго-ақпараттық ортаға берген жауабы болып табылады. Осылай су өзіне берілген ақпаратты өзімізге қайтарады. Александр Лемманың «Солярис» атты романындағы мұхиттың әрекеті, былайша алғанда, фантастика болудан қалып келеді. Бірақ адамдардың ойлары мен қылықтарын өзінде сақтаған су жадын өздігінен тазарта алады ма? Суды алғашында буға айналдырып, содан соң конденсациялап, мұзға айналдырып, соңында ерітсе, судағы барлық ақпараттар жойылып, жады тазартылады екен. Табиғатта жаңбыр боп жауып немесе мұздықтар еріп төмен аққанда, су өзін лас апараттардан тазартады. Сөйтіп адамзатқа Жердегі ролін қайтадан түсіну үшін жаңа-жаңа мүмкіндіктер береді екен. Судың бұл жомарттығы шексіз бола берер ме екен? Бұл сұрақтың жауабын адамның рухани даму аймағынан іздеу керек сияқты.

Рухани әлем өзін қарапайым өмірде әрдайым көрсетіп келеді. Олар өзара байланыста және бір-біріне әсер етеді, бұл - абстракті нәрсе емес. Мұны айқын көру үшін су бізге көмектеседі. Адам өзінің таза ойлары арқылы өз денсаулығын ғана түзетіп қана қоймай, қоршаған ортаны да тазартуға қабілетті. Осылай бұрынғылардың даналығын қазіргі заманның ғылыми еңбектері дәлелдеуде.

Орыстың ғалымдары рухани энергия арқылы суды тазартуға болатындығын дәлелдеді. Оның құрылымы мен биологиялық қасиеттері мұндай энергияның арқасында өзгеріске түсіп тазаратындығы сонша, олар зертханалық жағдайда алуға мүмкін болмайтын таза суды ала алған. Расында, көп емес. Диаметрі 2,5 сантиметрлік бір баған ғана. Оның көрсеткіштері таң қалдырарлықтай. Бұл су молекулалары байланысының мықтылығы сондай, сол бағанды ажырату үшін 900 килограмм күш жұмсалған. Дәл сондай көлдің үстінде жүруге, тіпті конькимен сырғанауға болады. Мүмкін Иса пайғамбардың су бетінде жүре алған себебі, оның рухани күшінің әсерінен судың құрылымы өзгеріп, оны ұстап тұруға қабілетті болғаны шығар. Енді болашақта біз Мұса пайғамбардың теңіз суын ортасынан қалайша бөле алғандығын ғылыми жолдармен түсіндіре алатын шығармыз.

Жапон ғалымы Эмото Масару су тамшыларын мұздатқышта қатырып, оларды фотокамерамен жабдықталған күшті микроскоппен зерттеген. Оның ғылыми еңбектері судың молекулалық құрылымының қоршаған ортамен өзара байланысындағы ерекшеліктерді көрсетіп берді.

Қорыта келгенде, су өзін барлық ғаламмен ақпараттармен алмаса алатын саналы субстанция ретінде көрсетіп отыр. Оның адамзатқа арнаған маңызды хабарламасы бар. Ол бізге өздеріне терең бойлауды ұсынады. Бір мезгіл судағы бейнеміз арқылы өзімізді өзіміз бақыласақ, бағаласақ, хабарлама кереметтей болып өзін өзі көрсетеді. Сонымен қатар көп нәрсені ойлауға, көп нәрсені зерделеуге мәжбүр етеді. Тек сонда ғана рухани қайта түлеу басталады. Ерте ме, кеш пе, су біздің жадына салған нәрселерімізді өзімізге қайтарады.




















© 2010-2022