• Преподавателю
  • Физика
  • 7 сыныпқа физикадан Энергия. Денелердің потенциалдық және кинетикалық энергиялары тақырыбына ҚМЖ сабағы

7 сыныпқа физикадан Энергия. Денелердің потенциалдық және кинетикалық энергиялары тақырыбына ҚМЖ сабағы

Раздел Физика
Класс 7 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Пәні

Физика

Сыныбы

7

Сабақтың тақырыбы

Энергия. Денелердің потенциалдық және кинетикалық энергиялары.


Мақсаты

Энергияның түрлері мен айырмашылықтары туралы, оның өмірдегі маңыздылығын сипаттап, есеп шығаруды үйрену.

Күтілетін нәтижелері

А)Дененің жұмыс істеуге қабілеттілігінің өлшемі екенін түсініп ұғынады

В) Формулаларын есеп шығаруда дұрыс қолданады.

С) Екі энергияның өзара айырмашылықтарын ажыратады.


Керекті жабдықтар

Оқулық, плакат, маркер, презентациялар, стикерлер, сызбалар, маршруттық карта

Сабақ барысы

Сабақ кезеңдері

Мұғалім әрекеті

Оқушы әрекеті

Кіріспе

Ұйымдастыру.

Амандасу.

Психологиялық тренинг. «Сағат тілі бойынша» дос табу.



Топқа бөлу

Мұғалім оқушыларды топқа бөлуді ұйымдастырады.

Үй тапсырмасы: интербелсенді тақтада видео сұрақтар арқылы тексереді.

Тренинг арқылы оқушылар сағат бейнесін салып, тілшелеріне сыныптағы достары есімдерін жазып, бір -біріне жақсы тілек айтып, сол арқылы арқылы сабаққа кіріседі.

Оқушылар түрлі-түсті фигураларды суырып топқа бірігу.

Үй тапсырмасына жауап беріп бір бірін қолпаштайды.

Тұсаукесер

Энергияға байланыстырылған суреттер көрсету.

Суреттерді көріп, әңгімелеу арқылы жаңа сабақ тақырыбын ашады.

Негізгі бөлім

Топқа жаңа тақырыпты бөліп, беріледі.

«Бағдаршам» әдісі арқылы формативті бағалау.

Мысалы:

  • Қызыл түс - түсінген жоқпын;

  • Сары түс - әлі де практика қажет/сұрақтар бар;

  • Жасыл түс - барлығы түсінікті.

Карточкада есептер беру және дарынды, талантты оқушыларға кеңейтілген тапсырмалар беру.

Формативті бағалау арқылы оқушылардың арасындағы ынтымақтастықты және кері байланысты нығайтады.

Бағалау «Басбармақ» арқылы жүретінін ескертеді.



Талдау білімінде екі топқа тақырып беріп, постер дайындату.

«Екі жұлдыз, бір тілек» арқылы топтарды бағалату.


Топтар оқулықтан тақырыпты оқып, топта талдап, бір - біріне түсіндіреді.

Оқушылар «Бағдаршам» түстерін көтеру арқылы, жаңа сабақты меңгергендерін білдіреді.



Есепті өздері шығарып, топта талдайды. Кеңейтілген тапсырмадағы есептерді де топта талдап, топтан бір оқушы тақтаға шығарады.



Басқа топ тақтаға шығарған есептерді «Басбармақ» әдісі арқылы бағалайды. Оқушылар арасында өзара бағалау жүреді.



Оқушылар топта ақылдасып, постер дайындап, қорғайды.

«Екі жұлдыз, бір тілек арқылы» бағалайды.


Қорытынды







Сабақ соңындағы рефлексия:







Үйге тапсырма:

Жинақтау бөлімінде топтағы оқушыларға а «Эссе» жазу және «Венн диаграммасын» құруды тапсыру.

Жалпы барлық этаптар бойынша топтық бағалау қорытындысын сұрау.



«Post It» әдісі арқылы сабақты қорытындылау.

Оқу үрдісінің барлық аспектілерінде оқушыларды белсене қатысуға мүмкіндік жасайды, оқушылардың өз түсінігі мен пікірін қалыптастыруды көздейді.



§53 30 -жаттығу №3 есебі

Оқушылар берілген тапсрма бойынша жұмыстанады және үздік «Эссе» таңдалады.

Топ басшылары әрбір этапты, қорытынды бағаны баяндайды.



Оқушылар «Не нәрсе оңай болды?», «Не нәрсе қиын болды?», «Не нәрсе білгіңіз келеді?» сұрақтарына стикерде жауап жазып, іледі..






Кіріспе

Ұйымдастыру бөлімінде бірінші сыныпқа жылулық қарым-қатынас қалыптастырдым, яғни психологиялық тренинг өткіздім. Психологиялық тренингті «Сағат тілі бойынша дос табу» тақырыбында өткізген болатынмын, оқушылар сағат тілі бойынша сыныптағы достарының есімдерін жазып, бір -біріне жылы тілектер айтып, қолпаштап отырды. Үшінші сабақ болғандықтан ба, оқушылар бір - біріне жақсы тілек тілеуде, өз ойларын жақсы жеткізіп, өздерін еркін ұстағандарын байқадым..

Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту және оқу модулі бойынша білім беруді жоспарлауда әр мұғалім оқушының жас ерекшеліктерін ескеріп отыруы қажет. Осыған орай мен сергіту сәтін оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес таңдап алдым деп ойлаймын. Сергіту сәтін интербелсенді тақтадан видеороликті қоңырау уақытында өздері таңдап, сол видео роликтің ырғағына байланысты іс -қимылдарды жасап, бойларын сергітті.

Сыни тұрғыдан ойлау мәнмәтінді есепке ала отырып, бақылау мен тыңдау арқылы дәлелдер жинастыру және шешім қабылдау үшін талапқа сай өлшемдерді қолдану сияқты дағдыларды дамытуды қарастырады. [1:-48 бет]. Мен осы сабағымда оқушыларды «Ғалымдар», «Өлшем бірліктер» және «Құрал - жабдықтар» бойынша үш топқа топтастырдым. Оқушыларды топтастыру мақсатында әр түрлі пішіндегі, түрлі- түсті фигуралар үлестірдім. Оқушылар алдымен фигуралар бойынша топтасты да, әр топқа оқушы саны келмейтінін ескеріп, түсі жағынан топтасуға тырысты, түс жағынан да оқушылар саны келмегесін, ойлануға кірісті. Осы кезде С деңгейіндегі Ж есімді оқушы өзінің ұтқыр ойлылығымен «дөңгеленіп тұрып қағаздарыңды көрсетіңдерші, мысалы менде Ньютон деген сөз жазылған, яғни ол ғалымның аты, ал Гүлсезімде ғалымдар деп жазылған, яғни біздер ғалымдар болып бір топқа топтасамыз» деп топқа бөліну тәсілін таптты. Осы тұрғыдан алғанда мен оқушыларды топқа бөлу барысында сыни ойлата білдім деп ойлаймын.

Сабақты Блум таксоеомиясы ідістерін пайдаланып ұйымдастырдым. Сол себепті де «Білу» бөлімінде оқушылар интербелсенді тақтадан видео сұрақтарға жауап беріп отырды. Бұл жерде оқушыларға жоғары және төмен дәрежелі сұрақтар дайындап, жауап бере алмаған жағдайда қайта бағыттау сұрақтарын да жүзеге асырып отырдым.

Тұсаукесер

Тұсаукесер бөлімінде оқушыларға жұмбақтар жасыру арқылы жаңа сабақ тақырыбын аштық.

Негізгі бөлім

Жаңа тақырыпты оқып, топта талдап, өзара талқылап, әңгіме түрінің «топтық» жүйесін іске асырып, тақырыптарды жан - жақты талдады.Топтар талқылап болғаннан кейін, тақырыптың бөліктері бойынша ойларын біріктіріп, ортақ түсінік қалыптастырып, саналарына жүйелі білімді шоғырландырды. Оқушылар тапсырмаларды бір-біріне түсіндіре отырып талқылады.Топтастырулар барысында байқағаным оқушылардың жауапкершілікті сезініп, тақырыпты талқылауға салғандары. А деңгейінің А есімді оқушысы тақырыптың негізгі формуласын түсіндіріп қойса , В деңгейінің Ж есімді оқушысы оны толықтырып, негізгі формула мен өлшем бірліктерді қорытып, жазып көрсетіп отырды. Бұл жерде жаңа әдіс тәсілдердің қалай оқу керектгін үйрену және үйретуді, сонымен қатар диалогты да жүзеге асырдым деп ойлаймын. Оқушыларды ойлауға, өз бетімен саралауға, ойын ашық айтуға, дұрыс сөйлей білуге бағыттап тапсырмаларды орындау барысында өзімді «бағыттаушы» ретінде көріп, сабақты жүйелі ұйымдастыруда көшбасшы екендігімді білдім.

Сабақта талантты және дарынды оқушылармен жұмыстану үдерісі нақты жоспарлану қажет. Сабақ барысында әр оқушының дарындылығын және талантын бағалап отыру , оларды көре білу мұғалімнің басты парызы екендігін біліп, оқушыларды тақырып бойынша түрлі тәсілдерді ұсына отырып ерекше таланттардың бар екендігін біліп отырдым. Модуль білім берудің кез келген жүйесіндегі тұрақты даму мен өзгерістердің сырттан енгізілуі мүмкін емес, олар нақты сыныптардағы мұғалімдердің тәжірибесі мен түсініктеріндегі өзгерістерден бастау алуы керек деген тұжырымға саяды. Сондықтан да осы сабақ барысында мен талантты және дарынды балалармен жұмыстану барысында оқушыларға кеңейтілген тапсырмалар дайындап алып келген болатынмын. Сыныптағы С деңгейінің есебін шығару барысында да С деңгейдегі оқушылар формулаларды қорытып, халықаралық бірліктер жүйесіне айналдырып, есептің жауабын еселік бірліктер түрінде шығарып отырды. Осы оқушының есеп шығаруға деген дарындылығын бұрынғы сабақ барысында да байқаған болатынмын, бірақ, осы сабақ барысында ол оқушының дарындылығы деңгейлік тапсырманың жоғары дәрежелі есебін аз уақыт ішінде өрнектеп, қорытындылап шығаруы оқушының дарынды екендігін анық көрсетіп отырды.

Ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың (АКТ) дамуы білімді бағалау және пайдалану жүйесін де уақтылы өзгертіп отыруды талап етеді. Осыған байланысты білім беруде қолданылатын әдіс-тәсілдер, әдістемелер, технологиялар жаңартылып отырады. [1: 61-бет]. Оқушыларға білім беруде ақпараттық технолгияларды пайдалану өте тиімді рөл атқаратынын тәжірибе барысында қолдану арқылы көз жеткізуге болады. Осы тұрғыда мен сергіту сәттерін, сабақ тақырыбын көрсеткенде интербелсенді тақтаны пайдаланамын. Есеп шығару барысында топтарға карточкада есептер дайындаған болатынмын. Оқушылар алдымен орнында орындап, жұбымен талдап , топта талдап, топтан бір оқушы шығып, есептерді Activ studio бағдарламасын пайдаланып, флипчартта шығарды. Оқушылар интербелсенді тақтамен сабақтарымда әркез жұмыстанып жүргендіктен, олар еш қиналмастан АКТ құзыреттілігін қолдана алды. Мұғалім ретінде интербелсенді тақтаның оқушылардың денсаулығына зиянды екендігін ескеріп, он минут уақыттан артық қолдануға болмайтындығын біліп отырдым, тек есеп шығару сәтінде және сергіту жаттығуын жасау кезінде ғана қолдандым.

Оқыту үшін бағалау- бұл білім алушылар өздерінің қай сатысында тұрғанын, қандай бағытта даму керек және қажетті деңгейге қалай жету керек екендігін анықтау үшін оқушылар және олардың мұғалімдері қолданатын мәліметтерді іздеу және түсіндіру үрдісі. Сабақ барысында оқыту үшін бағалаудың, басбармақ бағдаршам арқылы, топтық бағалауды және қолпаштауды қолданған болатынмын. Білу бөлімінде оқушылар бір -бірін қолпаштап отырды, ал түсіну бөлімінде «Бағдаршам» түстерін көтеру арқылы бағаласа, қолдану бөлімінде есептің дұрыстығын басбармақ арқылы бағалап, талдау бөлімінде екі топ бір -бірін «Екі жұлдыз бір тілек» арқылы бағалап, соңында топтық бағалау жүзеге асты.

Сабағымның әр сатыларында көшбасшылардың тапсырма орындау барысында айқын көрініп отырғандары сабақ барысында мұғалім ретінде ең бірінші орынға өзімнің көшбасшылығымды қойып, кейін сыныптағы В, С деңгейіндегі оқушылардың постер қорғау кезінде және талқылауда, бағалау барысында өз ойларын ашық жеткізіп, пікірлерін, ұсыныстарын жүйелі беруі, оқушының « көшбасшы» екендігін көрсетті. Мысалы: постер қорғау кезінде бірінші топтың жұмысын екінші топ мүшесі В деңгейіндегі А есімді оқушым басбармақтың жоғары қарап бағалауын былай түсіндірді, «бірінші топтың қорғауы және энергияның түрлеріне сипаттама берулері, формуланы жүйелі түсіндірулері» ұнады деп, сынып ішіндегі саналы ой арқылы өз бағалауын түсіндірген оқушы болды. Сабақтың постер қорғау сәтінде де С деңгейіндегі Г оқушым өз тобының жұмысын сапалы түсіндіріп, энергияның формулаларын ажыратып жазып, өлшем бірлектердің формулалардан туындайтындығын ашып көрсетті. Бұл оқушының ерекше пайымдап түсіндіруі сол топтағы және сыныптағы көшбасшы екендігін айқындалып, көрсетіліп отырды.

Қорытынды

Сабағымның аяқталу сәтінде оқушылар мен мұғалім арасындағы қатынастың қолжетімді болуын ескеріп сабақ соңында кері байланыс орнатып отырдым. Бұл сабағымда кері байланыстың Post It әдісін қолдандым. Бұл әдісте оқушылар не үйренгендерін кездескен қиыншылықтарын және алдағы уақытта не үйренгісі келетіндіктерін жазды. Оқушылар өз ойларын ашық жаза алды. Мысалы, А деңгейіндегі А есімді оқушы «Менің бұл сабақта үйренгенім топпен жұмыстана отырып, пікір алмасып, достарыммен есептер шығаруды, кездескен қиыншылығым кейде өз пікірімді ашық айта алмауым, ал алдағы уақытта сабақтарымыз үнемі осындай болса екен, мен үшін сабақ өте қызықты өтіп, ұнады » деп мен үшін өзіме талдау жасай алатындай пікірімен бөлісті.

Сабақты

бағалау

Мен бұл сабағымда сабақ өз мақсытана жетті деп ойлаймын. Оқушылар сабаққа қызығушылықпен қатынасып, берілген тапсырмаларды орындады. Оларға бір-бірін бағалау, топта жұмыс істеу оларға ұнады. Жаңа тақырыпты меңгеру барысында топпен талқылап, есеп шығару барысында көршісінен көмек алып, бірлесіп орындау оларға ұнады.

Сабақта бағалау формативті түрде жүргізілді. «Басбармақ», «Бағдаршам» , «Екі жұлдыз, бір тілек» формативті бағалау әдістері қолданылып, оқушылар арасында өзара бағалау жүргізілді. Формативті бағалау сынып оқушыларының көзқарастарын жеткізе білуіне, сыныпта кемшіліктерін болдырмауға, жарыса оқуға, белсінді болуға итермеледі.

Сабақ бойынша

өзгертулер

45 минутқа жеті модульді сыйдырып, сабақ өткізу өте қиын болды. Оқушыларға сабақта қолданылатын әдістерді түсіндіруге, ойларын тиянақты қылып жеткізуге, бір-бірін бағалауға үйрету көп жұмыстар мен уақытты талап етті. Жаңа әдістер оқушылар үшін қызық болағынымен, мәнін түсініп тапсырмаларды орындау қиындық тудырды.



© 2010-2022