ҚМЖ Динамика тарауын қайталау 9 сынып

Раздел Физика
Класс 9 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сыныбы:

Күні

Тақырыбы

Динамика негіздері тарауына есептер шығару.

Мақсаты

Оқушылардың денелердің бір-бірімен әсерлесуін зерттейтін динамика тарауы бойынша білімдерін жүйелеу,қорытындылау.

Күтілетін нәтиже

А. Динамика тарауы бойынша алынған білімді жүйелейді.

В. Берілген тапсырмаларды орындайды.

С. Оқушылардың берілген тапсырмаға жауапкершілікпен қарауға үйренеді.

Дереккөздер, құрал-жабдықтар

Стикерлер, айналмалы барабан, бағдар картасы, слайд.

Сабақтың барысы

Уақыты

Мұғалім әрекеті

Оқушы әрекеті

Кіріспе

2 мин

Оқушыларды жұпқа стикердегі физикалық шамалар және өлшем бірліктер арқылы бөлу

Оқушалар жұпқа бөлінеді.

Тұсаукесер

8 мин

  • «Өрмекші тор» әдісі арқылы оқушы қызығушылығын оят

  • «Викториналық сұрақтар»


  • Бағдар картасымен жұмысты түсіндіру

Оқушылар шеңбер құрады

Интерактивті тақтада берілген сұрақтарға жауап береді

Нұсқаулықпен танысады

Негізгі бөлім


30 мин

5 мин





5 мин


10 мин






10 мин











1 тапсырма:

«Физикалық диктант»

1. Сандық мәнімен және _______________ сипатталатын физикалық шама ___________ деп аталады.

2. Ньютонның ІІ заңы. Әрекет ететін күшке тура, ал ______________ кері пропорционал.

3. Ньютонның ІІІ заңы. Модульдері жағынан _________, ал бағыты______________.

4. Әлемдегі денелердің бір-біріне ___________ бүкіл әлемдік ________ деп аталады.

5. Денелердің _________ тартылу күшін _____________ күші деп атайды.

2 тапсырма: Сәйкестікті тап

ҚМЖ Динамика тарауын қайталау 9 сынып


3 тапсырма: №2 тапсырма жауаптарын пайдаланып дәптеріңе есепте:

  1. Массасы 250 г бақаға әсер ететін ауырлық күші неге тең?

  2. Массасы 70 кг шкафты орнынан жылжыту үшін қандай күш жұмсау керек? Үйкеліс коэффициенті µ=0,3.

  3. Болат серіппе 260Н күштің әсерінен 40мм-ге созылды. Серіппенің қатаңдығы неге тең?

  4. 1.5 м/с² жылдамдықпен үдейтін массасы 1 т машинаға әсер ететін тең әсерлі күшті есептеңіз

  5. Массасы 4 кг дене қандай да бір күшті әрекетінен 2м/с2 үдеу алады. Массасы 8 кг денеге дәл осындай күшпен әрекет еткенде , ол қандай үдеу алады?

4 тапсырма: Тестті дәптеріңе орында:

1. Берілген шамалардың қайсысы скаляр шама болып табылады?

А) үдеу Б) күш В) уақыт Г) жылдамдық

2. Қозғалыстың шапшаңдығын және бағытын көрсететін физикалық шама?

А) орын ауыстыру Б) жылдамдық В) үдеу Г) күш

3. Траектория дегеніміз не?

А) дененің бастапқы және соңғы орнын қосатын бағытталған кесінді

Б) дененің жүрген жолы

В) дененің кеңістіктегі жүріп өткен ізін көрсететін үзіліссіз сызық

4. Массасы 15 кг жүкті 0,3 м/с2 үдеумен көтеру үшін қажет күш (g = 10ҚМЖ Динамика тарауын қайталау 9 сынып)

A) 0,45 Н. B) 5 Н. C) 45 Н. D) 50 Н. E) 154,5 Н.

5. Бүкіләлемдік тартылыс заңын кім ашты?

А) Галилей Б) Ньютон С) Архимед

6. Дене массасының көлемге қатынасы

A) Ауырлық күш. B) Қысым. C) Салмақ. D) Тығыздық. E) Ұзындық .

7. 20 Н күш әсер еткен дене 2,5 м/с2 үдеумен қозғалады. Дененің массасы

A) 8 кг. B) 0,8 кг. C) 50 кг. D) 25 кг. E) 10 кг.

8. Массасы 200 г денені 1,5 м/с2 үдеумен қозғалысқа түсіретін күш

A) 7,5 Н. B) 300 Н. C) 0,3 Н. D) 75 Н. E) 0,03 Н.

9. Өзара әсерлескен, массалары екі есе артқан екі дененің тартылу күші

A) 2 есе артады. B) 2 есе кемиді. C) 4 есе артады. D) 4 есе кемиді. E) өзгереді.

1. Сандық мәнімен және бағытымен сипатталатын физикалық шама күш деп аталады.

2. Ньютонның ІІ заңы. Әрекет ететін күшке тура, ал массаға кері пропорционал.

3. Ньютонның ІІІ заңы. Модульдері жағынан тең, ал бағыты қарама-қарасы.

4. Әлемдегі денелердің бір-біріне тартылуы бүкіл әлемдік тартылыс деп аталады.

5. Денелердің Жерге тартылу күшін ауырлық күші деп атайды.

Сәйкестікті тауып қарындашпен белгілейді

ҚМЖ Динамика тарауын қайталау 9 сынып







ҚМЖ Динамика тарауын қайталау 9 сыныпТестті орындайды


Қорытынды


2 мин

1 мин

Бағалау. Критерий арқылы

Рефлексия

«Сөйлетін стикер»

Бағалау критерий арқылы жинаған ұпайларын «бағаға» айналдырады

Қолдарыңдағы стикерлерге бүгінгі сабақтағы өзінің 2 жетістігін және 1 қателігін жазады

Екі жұлдыз, 1 ұсыныс













ҚМЖ Динамика тарауын қайталау 9 сынып

Қасым Аманжолов атындағы жалпы орта білім беретін мектебі



Ашық сабақ

Динамика негіздері тарауына есептер шығару



Физика пәні мұғалімі: Куниров Алмаз Тулегенович


2015 - 2016 оқу жылы

© 2010-2022