Разработка по физике на тему Электрическиое поле. Напряжение электрической поли

Раздел Физика
Класс 10 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақ тақырыбы:Электр өрісі. Электр өрісінің кернеулігі. Электр өрісінің күш сызықтары

Сабақтың мақсаты: электр өрісі, оның кернеулігі туралы кең мағлұмат беру;

Сабақтың міндеттері:

  • электр өрісі және оның күш сызықтары, өрістің күштік сипаттамасы - кернеуліктің формулаларын енгізу;

  • оқушыларды сыни тұрғыда ойлауға үйрету;

  • оқушылардың топта жұмыс істеу дағдысын арттыру;

Күтілетін нәтиже:

  • электр өрісі , күш сызықтары, кернеулігі туралы кең мағлұмат алады;

  • сын тұрғысынан ойлайды;

  • топта жұмыс істеу дағдылары артады

Сабақтың типі: білім мен білікті тексеру, жаңа білімді меңгерту сабағы

Сабақтың түрі: кіріктірілген сабақ

Кіріктірілген модульдер: Сын тұрғысынан ойлау, оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер, ОБ және ОүБ, АКТ қолдану;

Сабақтың әдісі: «ой қозғау», топтық жұмыс, «ішіне-сыртына» стратегиясы, Венн диаграммасы, кері байланыс

Сабаққа қажетті құралдар мен көрнекіліктер:

  1. құралдар: интерактивті тақта, компьютер, маркер

  2. Көрнекіліктер: слаид көрсетілімдері, мәтіндік тапсырмалар кестесі,

Сабақтың кезеңдері:

  1. Ұйымдастыру

  2. Топқа бөлу,бағалау критерийлерін түсіндіру

  3. Ой қозғау

  4. «Ішіне - сыртына» стратегиясы

  5. «Зарядтар» ойыны

  6. Бағыттылған сұрақ қою

  7. Түсіндіре басқарып оза оқыту технологиясы

  8. Есеп шығару

  9. Бағалау

  10. Кері байланыс

  11. Үй тапсырмасы

Сабақ бойынша мұғалім мен оқушының іс-әрекеті:

Са

бақ кезеңі



Уа-қыт



Мұғалім әрекеті



Оқушының әрекеті

Кіріспе

4мин



  1. Ұйымдастыру, сәлемдесу

  2. Топқа бөлу, топ басшыларын тағайындау, бағалау критерийлерін түсіндіру

Оқушылар сәлемдеседі.

«Оң заряд», «теріс заряд», «бейтарап заряд» тіркестері бойынша топқа бөлінеді

таныстырылым

5 мин



4 мин

5 мин

  1. Ой қозғау

  • мысық ағашқа сүйкенді,..

  • Магнитафон таспасы(лентасы) кассетадан шығарылған соң,..

  • Шыныны қолмен ұстап-ақ зарядтауға болады. Ал темір таяқшаны ше? Неге?

  1. «Ішіне-сыртына» стратегиясы



  1. Зарядтар ойыны

Сын тұрғысынан ойланады, сұрақтарға жауап береді. Әр топқа жеке сұрақтан беріледі

Дұрыс және қате жауаптар тауып тапсырманы орындайды.

«аттас заряд» ер бала- ер бала, қыз бала-қыз бала болып жұп құрап арқа түйістіреді

«әр аттас заряд» ер бала мен қыз бала жұп құрып қол ұстасады

«бейтарап заряд» үш оқушы бірігіп шеңбер жасайды.

«нейтрон» оқушы өзі бір орында тұрады

Негізгі бөлім

10 мин



2 мин

10 мин

  1. Бағытталған сұрақ қою

«Бір-бірінен r қашықтықта тұрған зарядтар ненің көмегімен әсерлеседі?»

  1. Венн диаграммасы



  1. Түсіндіре басқарып оза оқыту технологиясы

  • Электр өрісі, кернеулігі, күш сызықтарын түсіндіру

  • Күш сызықтарын электрондық оқулықтан зерделеу

  1. Сызбамен жұмыс



  1. Есеп шығару 15 жаттығу(9,13)

СТО ойлана отырып сұраққа жауап береді

Зат пен өрісті салыстырады, кесте толтырады.

Жаңа тақырып бойынша білім алады, дәптерге жазады

Қойылған сұрақтарға жауап береді

Өрістің кернеулік векторының бағытын анықтайды

Теориялық білімдерін практикада тексереді

Қорытынды

2 мин

2 мин



1 мин

  1. Бағалау



  1. Кері байланыс

--бүгінгі сабақта нені меңгердің?

--сабақтың кезеңдері бойынша пікірің

--топтық жұмыс өзіңді көрсетуге мүмкіндік берді ме?

  1. Үй тапсырмасы

Критерий бойынша бағаланады.

Сабақ бойынша қорытынды жасайды.



8.3-8.7 оқу 15 жаттығу(11,14)



© 2010-2022