Физикалық терминдар мен ұғымдар. Физика және техника. Қазiргi әлемдегi физика

Сабақтың түрі: жаңа тақырыпты меңгерту   Сабақтың  тақырыбы:  §2. Физикалық терминдар мен ұғымдар. Физика және техника. Қазiргi әлемдегi физика.    Сабақтың мақсаты: Табиғат ұғымына анықтама беру. Адам мен табиғат арасындағы байланысты түсіндіру. Физика – табиғат туралы ғылым екендігін дәлелдеу.   Сабақтың көрнекілігі: Интерактивті тақта, слайдтар, видео материал   Сабақтың жоспары: а)Ұйымдастыру кезеңіне – 2 минут ә) Үй жұмысын тексеру – 5 минут б)Жаңа сабақты түсіндіру – 15 минут в) Бекіту т...
Раздел Физика
Класс -
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі

№59 Жалпы білім беретін орта мектеп












Сабақ жоспары



Тақырыбы: §2. Физикалық терминдар мен ұғымдар. Физика және техника. Қазiргi әлемдегi физика.

7 - сынып












Орындаған: физика пәнінің мұғалімі

Есембекова Ж.Ж.









Қарағанды

§2. Физикалық терминдар мен ұғымдар. Физика және техника.

Қазiргi әлемдегi физика.

Өткізілген күні:________________________

Сабақтың түрі: жаңа тақырыпты меңгерту

Сабақтың тақырыбы: §2. Физикалық терминдар мен ұғымдар. Физика және техника. Қазiргi әлемдегi физика.

Сабақтың мақсаты:

Табиғат ұғымына анықтама беру. Адам мен табиғат арасындағы байланысты түсіндіру. Физика - табиғат туралы ғылым екендігін дәлелдеу.

Сабақтың көрнекілігі: Интерактивті тақта, слайдтар, видео материал

Сабақтың жоспары:

а)Ұйымдастыру кезеңіне - 2 минут

ә) Үй жұмысын тексеру - 5 минут

б)Жаңа сабақты түсіндіру - 15 минут

в) Бекіту тапсырмаларын орындау - 15 минут

г) Қорытындылау - 5 минут

д)Үйге тапсырма беру - 2 минут

е)Оқушыларды бағалау - 1 минут

Сабақтың барысы:

а)Ұйымдастыру кезеңі: оқушыларды түгендеу және сабаққа көңіл бөлу.

ә) Үй жұмысын тексеру: үйге берілген тапсырманы тексеру.

б)Жаңа сабақты түсіндіру: жаңа сабақтың тақырыбын жазу, физика мен техника арасындағы байланысты түсіндіру, ХХ ғасырдағы ғылым мен техниканын айтулы жетістіктерін баяндау.

в)Сабақты бекіту кезеңі: оқушыларға жаңа тақырып бойынша сұрақ қойып, жауап алу.

д) рефлексия:

г)Үйге тапсырма беру: §2 оқу мазмұндау.

е) Бағалау



б)Жаңа сабақты түсіндіру:

§2. Физикалық терминдар мен ұғымдар. Физика және техника.

Қазiргi әлемдегi физика.

Әлемде не бар болса, соның бәрі материя деп аталады.

Кеңістіктегі белгілі пішіні және нақты көлемі бар жеке тұрған нәрсе дене деп аталады.

Дененің шығу табиғатын және сапалық қасиеттерін сипаттайтын материя түрін зат деп атайды.

Физика және техника 20ғ. ғылыми-техникалық революция ғасыры деп аталады. Өткен дәуірлерге қарағанда біздің заманымыздың өзіне тән екі ерекшелігі бар.

Біріншіден, ғылым мен техника үлкен қарқынмен дамып келеді.

Екіншіден, ашылған ғылыми жаңалықтар адамзат игілігіне айналып, жедел түрде өнеркәсіп пен тұрмысқа енгізіліп отыр.

Техниканың қарышты дамуына физиканың қосқан үлесі орасан зор. Сондықтан да техниканың негізі - физика деген пікір берік қалыптасқан. Физикалық білімнің техникада қолданылуын көрсететін көптеген мысалдарды келтіруге болады. Олардың қатарында күнделікті тұрмыста пайдаланып жүрген сан алуан электрлік, электрондық құралдар және басқа да күрделі техникалар бар.

20 ғ. ғылым мен техника саласындағы көптеген айтулы жетістіктері физикаға тікелей байланысты. Тарихтан белгілі «Әлемнің жеті кереметіне»парапар, 20 ғ. физика мен техникаға байланысты төрт ғажайып жетістігін атауға болады.

  • Физиктер атом ядросындаеы энергияны алу жолын тапты. Жер қойнауындағы жағылатын отындар (көмір, мұнай, газ, шымтезек, ағаш) қоры жылдан-жылға азайып барады. Міне, сондықтан атом энергиясының көзін табу - адамзат үшін айтарлықтай оқиға болды.

  • 20 ғ. адамзат физика мен техника жетістіктерінің арқасында ғарышқа көтерілді. Тұңғыш жасанды Жер серігі біздің еліміздегі Байқоңыр ғарыш айлағынан 1957 жылы ұшырылды. Адамзаттың тұңғыш ғарышкері, орыс азаматы Ю.А. Гагарин 1961 жылы Байқоңырдан ұшты. Ғарышқа сапар шеккен біздің отандастарымыз - Т. Әубәкіров пен Т. Мұсабаев-тар да аса күрделі ғарыштық техниканы басқаруда ерлік пен біліктілік үлгісін көрсетті.

Ғарыштың адамзатқа берері мол. Сондықтан Жер бетін де, ғарыш кеңістігін де ұқыпты пайдаланып, үнемі қорғап отыру біздің әрқайсымызға жүктелген үлкен міндет, жауапты борыш.

  • 20 ғ. ғажайыптарының бірі - лазердің өмірге келуі. 60 жж. басында осындай айтулы жаңалықты ашып бергені үшін Ресейдің физик-ғалымдары Н.Г. Басов пен A.M. Прохоровқа және АҚШ-тың физигі Ч. Таунске Нобель сыйлықтары берілді.

Қазір лазерлік техника мен технология ғылымда да, өмірде де кең қолданыс табуда.

  • Адамзат ақыл-ойының 20 ғ. қол жеткен ең ірі табыстарының бірі - кибернетика және оған байланысты электпрондық есептеуіш техникасы.

Кибернетика ғылымының табыстарын өмірге жаппай енгізу жағынан біздің еліміздің алдында зор міндеттер түр. Әлемдік деңгейдегі кибернетика мен ақпараттық(информациялық) технология салаларындағы жетістіктер таңдай қақтырады.

Мысалы, «жасанды зерде» (интеллект) болып табылатын қазіргі кездегі суперкомпьютерлердің өз бетінше «ойлау» дәрежесі үш жасар баланың ойлау деңгейіне жетіп отыр. Міне, 20 ғ. ең басты төрт ғылыми-техникалық ғажайыптары осындай. Бұлардың барлығының да ғылыми негізі физикалық білім болып табылады. 20 ғ. үлесіне тиетін басқа да тамаша физикалық-техникалық жаңалықтар толып жатыр. Олардың қатарында алып мұхит кемелері мен сүңгуір қайықтарын, ұшақтарды, өндірістік және ауыл шаруашылық техникаларын, т. б. атауға болады.

Физика мен техниканың дамуына басқа ғылымдар да игі әсерін тигізуде. Соның ішінде астрономия, математика, химия, биология сияқты жаратылыстану пәндерінің орны мен қызметі айрықша зор.

в)Сабақты бекіту кезеңі:

1. Ұшады қанатсыз,

Зырлайды аяқсыз. (Зымыран).

2. Үш көзді батыр,

Жолды аңдып жатыр. (Бағдаршам).

3. Керек санды тересің,

Елге сәлем бересің. (Телефон).

4. Аспанда жүзеді, қанатын қақпайды,

Жерде де жүреді, бауырлап жатпайды. (Ұшақ).

5. Бір-біріне қарай үйлер тіркесіп,

Қара тұлпар жүр әрі - бері көшіп (Поезд).

6. Сымға асылып, жүр асығып,

Дыз-дыз етіп жүрегі,

Сымнан ұстап жүреді.

Өзіне адам мінеді.

Ол не, ал кім біледі? (Троллейбус).

7. Бір тұлпар су ішпейді, жем жемейді,

Есіркеп ешбір адам жемдемейді.

Жүк емес жануарға жүз адам да,

Доғасын сымға сүйкеп, жол жөнейді. (Трамвай).

8. Мұздай мөлдір жұмыртқа,

Жарық берер ымыртта. (Электр шамы).

9. Самұрық құс самғады.

Көктен өтіп, айға жетіп,

Жеңілдеді салмағы. (Космос кораблі).

10. Баласының саны жоқ,

Ал өзінің жаны жоқ. (Инкубатор).

д) рефлексия:

г)Үйге тапсырма беру: §2 оқу мазмұндау.

е) Бағалау


© 2010-2022