• Преподавателю
  • Физика
  • Қазақтың ұлттық ойындарын физика сабағында қолдану. Ашық сабақ 7-9 сыныптар аралығында

Қазақтың ұлттық ойындарын физика сабағында қолдану. Ашық сабақ 7-9 сыныптар аралығында

Раздел Физика
Класс 8 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

«Сарқан аудандық білім бөлімінің М.Маметова атындағы орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен»КММ-нің физика пәнінің мұғалімі Г.Д.Дубирбаева

Сабақтың тақырыбы: Қазақтың ұлттық ойындарын физика сабағында қолдану

Сабақтың мақсаты:

  1. Қазақтың ұлттық құндылықтарын бала бойына сіңіру.

  2. Оқушылардың өз бетімен ізденуге, шығармашылықпен, ойлау қабілетін дамыту.

  3. Ойын арқылы шапшандыққа, өзін-өзі басқаруға тәрбиелеу

Сабақтың әдісі: топпен жұмыс

Сабақтың түрі: жарыс сабақ

Көрнекілігі: тақия, арқан ,асық, суреттер

Сабақтың барысы:

1.Сабақтың мақсатын түсіндіру

2.Ұйымдастыру кезеңі

а) Оқушыларды түгендеу

ә) Үй тапсырмасын сұрау

І тур: «Тақия тастау» ойыны 5 минут

Тақияны тастау арқылы әр топтағы оқушылар қазақтың ұлттық өлшемдерін және қазіргі кездегі өлшеу бірліктерді атау керек.

І топ: Қашықтықпен ұзындықтың өлшеу бірліктері

  1. Аршын - 1 метр

  2. Құлаш - 2 метр

  3. Қазқ бойы - 3 метр

  4. Таяқ тастам - 10-15 метр

  5. Козы көш жер - 3-5 метр

ІІ топ: Масса өлшемдері

  1. Келі - 1 кг

  2. Бір шекір шай - 250гр

  3. Қалақ - 400г

  4. Батпан - 100кг

  5. Мысқал - 1гр

ІІІ топ: Уақыт, аудан өлшемдері:

  1. Қас-қағым - 1 секунд

  2. Ет пісірім - 2,5-3 сағат

  3. Бір мес - 15 литр

  4. Саба - 28-30 литр

  5. 1 қадам гир - 1га

ІІ тур: Ғажайып қоржын ойыны - 5 минут.

І топ:

  1. Тақтайшаға ата-бабамыздың пайдаланған ертедегі ұзындық өлшем бірлігін жазу керек.

    Ш

    А

    Қ

    Ы

    Р

    Ы

    М

  2. Шақырым біздің ата-бабамыздың қолданған ұзындық өлшем бірлікті қазір қандай атаумен қолданып жүрміз (км)

ІІ топ:

  1. Ертедегі қазақ қыздары таққан орамалдың өлшемі

    Ш

    А

    Р

    Ш

    Ы

  2. Осы өлшемнің қазіргі біз қолданып жүрген атауын атап беріңдер (км2)

ІІІ топ:

  1. Ертедегі ата-бабамыз қолданған масса бірлігі

    П

    Ұ

    Т

  2. Осы атау бойынша қанша кг білдіреді (16 кг - пут)

ІІІ тур: Асық ату ойыны

3 топтан 3 оқушы шығып асық ату арқылы асықтың жылдамдығын анықтау (асықтың салмағы 1қадақ, қас-қағым сәттегі қанша аршын жерге жеткен кездегі асықтың жылдамдығын табу)

IV тур: Арқан тарту ойыны

Әр топтан 3 оқушы шығып арқан тартысады.

1 топ: Күштерді қосу (оң жақтағы)

ІІ топ Күштерді қосу (сол жақтағы)

ІІІ топ Тең әсерлі күшті табу

Есептеулер жүргізу

V тур: Аламан бәйге ойыны

Формулаларды, заңдарды, ережелерді физикалық шамаларды әр топ мүшелері кезекпен айтып шығу .

VІ тур: Қорытынды «Теңге алу» ойыны

Сурет салу, жазу арқылы берілген тапсырманы қорытындылау.

І топ: Зат

ІІ топ: Дене

ІІІ топ: Физикалық құбылыстар

Рефлексия :

Оқушылардың бірін-бірі бағалауы


© 2010-2022