Поурочный план каз класс

Раздел Физика
Класс 8 класс
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Күні: 24.04.2015ж


Сабақ тақырыбы: Генераторлар. Трансформаторлар. Электр энергиясының алыс қашықтықтарға жеткізілуі.

Сабақ мақсаты:

  1. Оқушыларға электромагниттік индукция құбылысы, генераторлар, трансформаторлар, электр энергиясын қашықтыққа берілуін жүзеге асыру туралы түсінік беру.

  2. Оқушыларды ғылыми ой қорытындыларын жасай білуге дағдыландыру.

  3. Жауапкершілікке, тиянақтылыққа, еңбекқорлыққа тәрбиелеу.

Сабақ түрі: аралас

Сабақ әдісі: баяндау, сұрақ-жауап

Сабаққа қажетті құралдар: компьютер, слайдтар, видеопроектор, гальванометр, шарғылар, ток көзі, кілт, сымдар.

Сабақ барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ. Оқушылардың өткен тақырыпты қалай меңгергендерін тексеру:

  • Заттың магниттік қасиеттері қалай түсіндіріледі?

  • Қандай заттар ферромагнетиктер деп аталады?

  • Ақпараттың магниттік жазылуы қалай жүзеге асырылады?

1ІІІ. Жаңа сабақ.

Электромагниттік индукция құбылысын түсіндіретін тәжірибелер:


Поурочный план каз классПоурочный план каз класс


Индукциялық токтың пайда болуына шарғыдан өтетін магнит өрісінің өзгеру себебі болатынын тәжірибе көрсетті.

Механикалық энергияны электр энергиясына айналдыратын машиналар генераторлар деп аталады.


Поурочный план каз класс

  1. индуктор -магнит өрісін тудыратын магнит немес электромагнит;

  2. якорь -магнит өрісі өзгергенде индукциялық ток пайда болатын орам;

  3. контакт сақиналары және олардың бетімен сырғитын контакт пластиналар.


Генератордың айналатын бөлігі-ротор, ал қозғалмайтын бөлігі-статор.

Кернеуді арттыруға және кемітуге арналған құрылғыларды трансформаторлар деп атайды.

Поурочный план каз класс

Темір өзектен және әр түрлі орам саны бар екі шарғыдан тұрады. Егер көп орамы бар орамаға U1 кернеу берсе, онда электромагниттік индукция салдарынан аз орамы бар шарғыда U2‹ U1 кернеу пайда болады және керісінше.

Электр энергиясының алыс қашықтыққа берілуінің жеңілдетілген сұлбасы:

Поурочный план каз класс


IV. Жаттығулар орындау.

27-жаттығу. №1, №2, №3.

V. Қорытындылау.

VІ. Бағалау.

VІІ. Үйге тапсырма: Генераторлар. Трансформаторлар. Электр энергиясының алыс қашықтықтарға жеткізілуі. 27-жаттығу. №4, №5, №6.


© 2010-2022