Презентация Физикаға еңбегі сіңген ғалымдар

Раздел Физика
Класс -
Тип Презентации
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:


Презентация Физикаға еңбегі сіңген ғалымдар

АРХИМЕД

шамамен 287 - 212 б.з.д.

Архимед - ертедегі грек ғалымы, физик және математик. Иінтірек ережесін тағайындаған, гидростатика заңын ашқан.

Архимед заңы: сұйыққа батырылған денеге осы дене ығыстырып шығарған сұйықтың салмағына тең ығыстырушы күш әсер етеді.

Презентация Физикаға еңбегі сіңген ғалымдар

Презентация Физикаға еңбегі сіңген ғалымдарПрезентация Физикаға еңбегі сіңген ғалымдар

Тұңғыш рет осы күштің бар екенін көрсеткен және оның мәнін есептеген грек ғалымы Архимедтің құрметіне сұйық немесе газішіндегі денені кері итеруші күш Архимед күші деп аталады.

Презентация Физикаға еңбегі сіңген ғалымдар


ИСААК НЬЮТОН

1643 - 1727

Исаак Ньютон - классикалық физиканы құрған әйгiлi ағылшын ғалымы. Ньютон зерттеулерi механикаға, оптикаға, астрономияға, математикаға арналған. Классикалық механиканың негiзгi заңдылықтарын есептеген, бүкiләлемдiк тартылу заңын, жарық дисперсиясын ашқан, жарықтың корпускулалық теориясын дамытқан, қызған денелердің суыну заңын, ақ жарықтың монохромат сәулелерге жіктелуін, сфералық мөлдір денелердің түйіскен нүктесінің айналасында интерференц. сақиналардың пайда болатынын, т.б. ашты.

И. Ньютон 1687 жылы И. Кеплер ашқан планеталар қозғалысының заңдарын пайдалана отырып, бүкіләлемдік тартылыс заңын ашты.

Презентация Физикаға еңбегі сіңген ғалымдар

Ньютонның атымен Халықаралық бiрлiк жүйесiнде күштiң өлшем бiрлiгi - ньютон аталған.

Презентация Физикаға еңбегі сіңген ғалымдар

ЛОМОНОСОВ М.В.

1711 - 1765

Орыс тіліне «физика» деген сөзді алғаш енгізген Ресейдің ұлы ғалымы М. В. Ломоносов болатын. «Физика» грекше фюзис - табиғат дегенді білдіреді.

М. В. Ломоносов ХVIII ғасырдың басында физика мен химияның одан әрі дамуына негіз болатын аса мәнді жұмыстар жүргізді. Ол барлық денелер өте ұсақ материалдық бөлшектерден - «элементтерден» (атомдардан) немесе олардан тұратын ірілеу бөлшектерден - «корпускулалардан» (молекулалардан) тұрады деп есептеді. М. В. Ломоносов денелердің көптеген қасиеттерін, қатты,сұйық, және газ тәрізді күйдің ерекшеліктерін, ыдыстардың қабырғаларына түсіретін газдардың қысымын түсіндірді.

Зат құрылысының молекулалы-кинетикалық теориясының (МКТ) негізгі қағидаларын жасады.

Презентация Физикаға еңбегі сіңген ғалымдар


ГЕОРГ СИМОН ОМ

1787 -1854


Атақты немiс физигi Георг Симон Ом 1826 ж. эксперименттер арқылы ток күшiн, кернеу және кедергiнiң бiр-бiрiмен байланысын өрнектейтiн электр тiзбегiнiң негiзгi заңын ашты. Ом кедергiнiң өткiзгiш материалына тәуелдiлiгiн, оның ұзындығына тура пропорционал және көлденең қиманың ауданына керi пропорционал екенiн көрсеттi.

Презентация Физикаға еңбегі сіңген ғалымдарТізбек бөлігі үшін Ом заңы: Презентация Физикаға еңбегі сіңген ғалымдар

"Электр қозғаушы күш" (ЭҚК), "өткiзгiштiк" деген ұғымдарды да ол енгiзген. 1830 ж. Ом алғаш рет ток көзiнiң электр қозғаушы күшiн өлшедi.

ТПрезентация Физикаға еңбегі сіңген ғалымдаролық тізбек үшін Ом заңы: Презентация Физикаға еңбегі сіңген ғалымдар



Презентация Физикаға еңбегі сіңген ғалымдар


АМПЕР АНДРЕ МАРИ

1775 - 1836


Белгілі француз физигі А. М. Ампер токтардың өзара әрекетін зерттей отырып, магнит өрісінің токқа белгілі бір күшпен әрекет ететінін ашты. Магнит өрісінің бағыты өткізгіштегі ток бағытымен қалай байланысқанын анықтады және магнит өрісінің кернеулігін токпен байланыстыратын формуланы тапты. Сонымен қатар тогы бар екі өткізгіш арасындағы әсерлесу күшінің формуласын қорытып шығарды (Ампер заңы).

АПрезентация Физикаға еңбегі сіңген ғалымдармпер заңы: Презентация Физикаға еңбегі сіңген ғалымдар

Магнетизмнің молекулалық токтар жөніндегі болжамға негізделген алғашқы теориясын құрды. Ток күшінің анықтамасын ұсынды. Ғалымның дүниежүзілік ғылымға қосқан үлкен еңбегі үшін ток күшінің өлшем бірлігін ампер (А) деп атады.

Презентация Физикаға еңбегі сіңген ғалымдар


ШАРЛЬ ОГЮСТЕН КУЛОН

1736 - 1806

1785 жылы француз физигі Ш. Кулон тәжірибе жүзінде электростатиканың негізгі заңын - нүктелік зарядтардың өзара әрекеттесу заңын тағайындады. Ол былай айтылады: аттас зарядталған екi кiшкене шариктердiң тебiлу күшi бұл шариктердiң центрлерiнiң арақашықтығының квадратына керi пропорционал. Бұдан кейiн Кулон электр күшiнiң зарядтардан тәуелдiлiгiн орнатып, физика тарихында Кулон заңы деп аталатын заңды тұжырымдады.

Кулон заңы:

Презентация Физикаға еңбегі сіңген ғалымдар

Француздың ойшыл ғалымының құрметiне электр зарядының бiрлiгi - кулон (Кл) атауы 1881 жылдан берi практикада қолданылады.

Презентация Физикаға еңбегі сіңген ғалымдарПрезентация Физикаға еңбегі сіңген ғалымдар

1- ЗАҢЫ

Егер қозғалыстағы денеге басқа денелер әсер етпесе (немесе басқа денелердің әсерлері теңгеріледі), онда белгілі бір санақ жүйесіне қатысты алғанда ілгермелі қозғалыстағы дене өзінің тұрақты жылдамдығын сақтайды.

2 - ЗАҢЫ

Денеге әсер ететін күш дененің массасы мен оған сол күш берген үдеудің көбейтіндісіне тең

Презентация Физикаға еңбегі сіңген ғалымдар

3 - ЗАҢЫ

Денелер бір-біріне модулі бойынша тең және бағытты жағынан қарама-қарсы күшпен әсер етеді.

Презентация Физикаға еңбегі сіңген ғалымдар


Презентация Физикаға еңбегі сіңген ғалымдарПрезентация Физикаға еңбегі сіңген ғалымдар

Д. П. ДЖОУЛЬ Е. ЛЕНЦ

1818-1889 1804-1865


Ресейлік физик-электротехник Э.Х. Ленц индукциялық ток бағытын анықтау ережесін және токтың жылулық әрекетінің заңын тағайындады. Токтың жылулық әрекетін Э.Х. Ленцтен тәуелсіз ағылшын физигі Д. П. Джоуль ашты. Тогы бар өткізгіште бөлініп шығатын жылу мөлшері электр өрісінің өткізгіштің кедергісін жеңуге жұмсаған жұмысына тең.

Презентация Физикаға еңбегі сіңген ғалымдар

Бұл формула Джоуль - Ленц заңының математикалық өрнегі болып табылады және ол былай оқылады: өткізгіштегі токтың бөліп шығаратын жылу мөлшері өткізгіштің кедергісіне, ток күшінің квадратына және оның өту уақытына тура пропорционал.




Презентация Физикаға еңбегі сіңген ғалымдар

Джеймс Клерк Максвелл

1831 - 1879

Джеймс Клерк Максвелл - ағылшын физигі, біріңғай электромагниттік өріс теориясын құрды. 1860 - 1865 жылдары Максвелл электр және магнит өрістері туралы Фарадейдің идеялары негізінде және көптеген тәжірибелер нәтижелерін қорыта келе, зарядтар мен токтар жүйесі туғызатын электромагниттік өріс теориясын жасады. Электромагниттік өріс теориясының негізін Максвелл теңдеулері деп атайды.

Электромагниттік өрістің кеңістікте жарық жылдамдығына тең жылдамдықпен тарайтын электромагниттік толқын екендігін дәлелдеді. Электромагниттік толқын тек вакуумде емес, әр заттың ішінде тарала алады. Радиотолқындар, инфрақызыл, ультракүлгін, рентген сәулелер, көрінетін жарық және т.б. электромагниттік толқын болып табылады.

1831 жылы Фарадей ашқан электромагниттік индукция құбылысын терең зерттей отырып, Максвелл мынадай қортындыға келді: магнит өрісінің кез-келген өзгерісі қоршаған кеңістікте құйынды электр өрісін туғызады.


© 2010-2022