Разработка урока по физике

Раздел Физика
Класс 8 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

6 Сабақ жоспары


Пәннің аты:__________________Физика___________________


Сабақ өткізілетін күн

Сабақ өткізілетін топ, курсы, мамандығы

Өткізілетін орны (аудитория нөмірі)

Сабақ өткізілетін уақыты





І. Сабақтың тақырыбы: Ауаның ылғалдылығы. Қайнау. Кризистік температура.

ІІ. Сабақтың мақсаты:

а) білімділік: Оқушыларға ауаның ылғалдылығы, қайнау, кризистік температура туралы түсінік беру.

б) ой-өрісін дамытушылық: Оқу материалын талдай білу дағдысын дамыту, бақылау, салыстыру, оқылған құбылыстар мен фактілерді салыстыра білу, қорытынды жасай білуге баулу. Жаңа білімді қолдану дағдысын дамыту, ақылға салу дағыдысын қалыптастыру.

в) тәрбиелік: Жауапкершілікті сезіне отырып жұмыс жасауға, өз жолдасының пікірін тыңдауға тәрбиелеу.

ІІІ. Сабақтың типі: құрама сабақ.

ІV. Сабақтың түрі: теориялық.

V.Сабақтың өткізілу әдістері: түсіндіру, жазбаша.

VІ. Сабақтың көрнекілігі: презентация, электрондық кітапша, оқулық.

Пән аралық және пән ішілік байланыс


Қамтамасыз ететін пән және тақырыбы:

Қамтамасыз етілетін пән және оның тақырыбы: гигиена


Сабақтың барысы:


1. Ұйымдастыру кезеңі: Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру, дәрісхананың тазалығы, сабаққа дайындығына назар аудару-5 минут.

2. Үй тапсырмасын сұрау өткен тақырып бойынша оқушылардың білімін тексеру-15 минут:

1. Есеп шығару: А.П.Рымкевичің «Физика есептерінің жинағы» № 548, 549-åñåïòåð.

3. Сабақтың жаңа тақырыбын хабарлау, мақсатын қою: Оқушыларға сабақтың тақырыбы мен мақсаты хабарланып, тақырып тақтаға жазылады.

4. Жаңа сабақта қаралатын сұрақтар:

  • Ауаның абсолютті және салыстырмалы ылғалдылықтары.

  • Ауаның ылғалдылығын анықтауға арналған құралдар.

  • Шық нүктесі.

  • Қайнау.

  • Кризистік температура.

  • Заттың кризистік күйлері.

5. Жаңа сабақта қаралатын сұрақтардың қысқаша түсінігі - 40 минут

Қайнау деп сұйықтың бетінде ғана емес, оның толық көлемі бойынша жүретін булану процесін айтады. Қалыпты атмосфералық қысымдағы қайнау температурасы қайнау нүктесі деп аталады.

Заттың кризистік температурасы деп сұйық тығыздығы мен оның қаныққан буының тығыздығы бірдей болатын кездегі температураны айтады.

Берілген температурада ауадағы су буы қысымының, сол температурадағы қаныққан су буы қысымына қатынасын, ауаның салыстырмалы ылғалдылығы деп атайды.:

=(р*100) / рқ

Берілген қысымдағы бу қанығатын немесе салыстырмалы ылғалдылық 100%-ке тең болатын температураны шық нүктесі деп атайды.

6. Жаңа материалды бекіту - 10 минут

1. Есеп шығару: А.П.Рымкевичің «Физика есептерінің жинағы» № 561, 562, 562-åñåïòåð.

2. Физикалық диктант (қосымша тіркелді)

3. Тест (қосымша тіркелді)

7. Сабақты қорытындылау-5 минут:

Оқушылардың жаңа сабақта алған білімдерін пысықтау, сабаққа белсенді қатысқан оқушыларды мадақтау.

8. Оқушылардың білімін және сабаққа белсенділігін бағалау-2 минут


Бағалар

Топтар





5


4


3


2


9. Үй тапсырмасы-5 минут:

1. Оқушылардың өзіндік ізденіс жүмысы «Ауа ылғалдылығының адам денсаулығына әсері»

2. Есеп шығару: А.П.Рымкевичің «Физика есептерінің жинағы» № 564, 565-åñåïòåð.

10. Әдебиеттер:

  1. Конграт Б.А., Кем В.И., Қойшыбаев Н. ФИЗИКА /Жалпы білім беретін мектептің жаратылыстану-математика бағытына арналған оқулық/ -Алматы:Мектеп,2006

  2. Мякишев Г.Я., Буховцев Б.Б. ФИЗИКА / Орта мектептің 10-11 сыныптарына арналған оқулық/ - Алматы: Мектеп: 2001

  3. Рымкевич А.П. Физика есептерінің жинағы. Алматы: Рауан, 1998г

11. Сабақтың аяқталуын хабарлау: Құрметті оқушылар, осымен бүгінгі сабағымыз аяқталды. Көңіл қойып тыңдағандарыңызға және сабаққа белсенді қатысқандарыңызға рахмет. Сау болыңыздар!

Оқытушының қолы:___________________ Тексерушінің қолы: ___________________






Ауаның ылғалдылығы. Қайнау. Кризистік температура.

Қайнау деп сұйықтың бетінде ғана емес, оның толық көлемі бойынша жүретін булану процесін айтады. Қайнау үшін сұйық жеткілікті дәрежеде жоғары температураға дейін қыздырылуы қажет. Қайнау кезінде сұйықтағы газдың көпіршіктері маңызды роль атқарады. Көпіршіктердің ішіндегі қаныққан бу қысымы сыртқы қысымнан артық не тең болса, онда көпіршіктер сұйықтың бетіне шығады да жарылады. Яғни қайнаудың шарты төмендегідей жазылады: рқ  р0.

Қалыпты атмосфералық қысымдағы қайнау температурасы қайнау нүктесі деп аталады.

1861 жылы Менделеев әрбір сұйық үшін сұйық пен оның қаныққан буының арасындағы айырмашылық жоғалып кететін температураның болуы тиіс екенін тағайындады. Менделеев оны абсолют қайнау температурасы деп атады. Будың сұйыққа және керісінше айналуын ағылшын ғалымы Эндрюс тәжірибе жолымен зерттеді. Ол әрбір сұйық үшін осындай температураның болатынын көрсетті және жаңа кризистік температура деген термин енгізді.

Заттың кризистік температурасы деп сұйық тығыздығы мен оның қаныққан буының тығыздығы бірдей болатын кездегі температураны айтады.

Әдетте газ деп заттың газ күйін, яғни температурасы кризистік температурадан жоғары кездегі, ал бу деп температурасы кризистік температурадан төмен кездегі заттың күйін айтады.

Берілген температурада ауадағы су буы қысымының, сол температурадағы қаныққан су буы қысымына қатынасын, ауаның салыстырмалы ылғалдылығы деп атайды.:

=(р*100) / рқ

Берілген қысымдағы бу қанығатын немесе салыстырмалы ылғалдылық 100%-ке тең болатын температураны шық нүктесі деп атайды. Ауаның температурасын біле отырып және шық нүктесін анықтап, ауаның ылғалдылығын есептеп табуға болады.

Ауаның салыстырмалы ылғылдылығын анықтауға арналған құралдар: психрометр және гигрометрлер.Гигрометр шашты және конденсациялық деп бөлінеді. Шашты гигрометрдің жұмыс істеу принципі шаштың (жылқы жалы) ауа ылғалдылығы артқанда ұзаруына негізделген. Конденсациялық гигрометрдің жұмысы абсолют ылғалдылықтың кестесі бойынша шық нүктесін анықтауға негізделген.

Психрометр құрғақ және ылғал екі термометр бекітілген корпустан тұрады. Психрометрлік кесте бойынша термометрлер көрсетіп тұрған температуралар айырымы арқылы ауаның ылғалдылығын табады.

Разработка урока по физикеРазработка урока по физике







ТЕСТ

1. Кез келген температурада сұйық бетінен молекулалардың ұшып шығу процесін ............ деп атайды.

Ответ1. Конденсация;

Ответ2. Булану;

Ответ3. Қайнау;

Ответ4. Сұйықтың буы.

2. Егер булану тұрақты температурада жабық ыдыста жүрсе, онда оны ..... процесі деп атайды.

Ответ1. Конденсация;

Ответ2. Булану;

Ответ3. Қайнау;

Ответ4. Сұйықтың буы.

3. Буға айналу кезінде сұйық бетінен ұшып шыққан молекулалар жиынтығын ...... деп атайды.

Ответ1. Конденсация;

Ответ2. Булану;

Ответ3. Қайнау;

Ответ4. Сұйықтың буы.

4. Сұйықтың бетінде ғана емес, оның толық көлемі бойынша жүретін булану процесін ......... деп атайды.

Ответ1. Конденсация;

Ответ2. Булану;

Ответ3. Қайнау;

Ответ4. Сұйықтың буы.

5. Қаныққын бу деп ........ айтамыз.

Ответ1. Қысымы қаныққан будың қысымынан кем буды;

Ответ2. Сұйығымен динамикалық тепе-теңдіктегі буды;

Ответ3. Қайнау температурасына дейін қыздырылған сұйықтың бірлік массасын буға айналдыруға қажетті жылу мөлшерін;

Ответ4. Тұрақты температурадағы бу қысымының оның көлеміне тәуелділігін.

6. Қанықпаған бу деп ........ айтамыз.

Ответ1. Қысымы қаныққан будың қысымынан кем буды;

Ответ2. Сұйығымен динамикалық тепе-теңдіктегі буды;

Ответ3. Қайнау температурасына дейін қыздырылған сұйықтың бірлік массасын буға айналдыруға қажетті жылу мөлшерін;

Ответ4. Тұрақты температурадағы бу қысымының оның көлеміне тәуелділігін.

7. Будың изотермы деп ........ айтамыз.

Ответ1. Қысымы қаныққан будың қысымынан кем буды;

Ответ2. Сұйығымен динамикалық тепе-теңдіктегі буды;

Ответ3. Қайнау температурасына дейін қыздырылған сұйықтың бірлік массасын буға айналдыруға қажетті жылу мөлшерін;

Ответ4. Тұрақты температурадағы бу қысымының оның көлеміне тәуелділігін.

8. Меншікті булану жылуы деп ......... айтамыз.

Ответ1. Қысымы қаныққан будың қысымынан кем буды;

Ответ2. Сұйығымен динамикалық тепе-теңдіктегі буды;

Ответ3. Қайнау температурасына дейін қыздырылған сұйықтың бірлік массасын буға айналдыруға қажетті жылу мөлшерін;

Ответ4. Тұрақты температурадағы бу қысымының оның көлеміне тәуелділігін.

9. Ауаның салыстырмалы ылғалдылығы деп ........ айтамыз.

Ответ1. Қайнау температурасына дейін қыздырылған сұйықтың бірлік массасын буға айналдыруға қажетті жылу мөлшерін;

Ответ2. Берілген температурадағы су буы қысымының сол температурадағы қаныққан су буы қысымына қатынасын;

Ответ3. Тұрақты температурадағы бу қысымының оның көлеміне тәуелділігін.

Ответ4. Берілген қысымдағы бу қанығатын немесе салыстырмалы ылғалдылық 100-ке тең болатын температураны;

10. Шық нүктесі деп ........ айтамыз.

Ответ1. Қайнау температурасына дейін қыздырылған сұйықтың бірлік массасын буға айналдыруға қажетті жылу мөлшерін;

Ответ2. Берілген температурадағы су буы қысымының сол температурадағы қаныққан су буы қысымына қатынасын;

Ответ3. Тұрақты температурадағы бу қысымының оның көлеміне тәуелділігін.

Ответ4. Берілген қысымдағы бу қанығатын немесе салыстырмалы ылғалдылық 100-ке тең болатын температураны;

Физикалық диктант

1.Температура өзгермен жағдайда кәдімгідей қосу арқылы газды сұйықа айналдыратын болсақ , онда оны бу дейміз , дәлірек айтқанда ........... бу дейміз. (қаныққан)

2......... деп аталатын белгілі бір температурада екі қисық тұйісіп қосылады , яғни сұйықтын тығыздығы будын тығыздығына тәуелді . (кризистік)

3. Ауаның ылғалдылығын өлшейтін прибор .....деп аталады .

(психрометр)

4. Қаныққан бу қысымы көлемге тәуелсіз болғандықтан , .......тек температураға ғана тәелді болады .(қысым)

5. Көпіршіктердегі қаныққан будың қысымы сұйық ішіндегі қысыммен теңнлген кездегі температура ................. басталады .(қайнау)

6. Сұйық пен оның қаныққан буы арасындағы физикалық қасиеттерінің айырмашылықтары жойылатын температура ......... температура деп аталады . (кризистік)

7. Қаныққан бу қысымы неғұрлым жоғары долса , соғұрлым оған сәйкес сұйықтың қайнау температурасы төмен болады , өйткені төменгі ..... қаныққан будын қысымы атмосфералық қысымға теңеледі .(температурада)

8. Егер басқа газдардың барлығы жоқ десек , онда су буының түсіретін қысымы су буының ..........қысымы дейді . (парциал)
























Ауа ылғалдылығының адам денсаулығына әсері


Үйдің микроклиматы да денсаулыққа өзіндік әсер етеді. Оның аса құрғақ болуы да, шамадан тыс ылғалды болуы да зиянды.

Негізінен, ауадағы будың көп болуы абсолюттік ылғалдылық деп аталады. Тұрмыста салыстырмалы ылғалдылық қолданылады. Ол бөлме ауасындағы ылғалдылықты абсолюттік ылғалдылыққа бөліп, пайызын білу арқылы анықталады. Гигиена үшін ең дұрысы - ауадағы 30-60 пайыздық ылғалдылық. Осы ылғалдылықтың 20-80 пайыз арасында ауытқуы да мүмкін. Оның зияны жоқ. Тек ауа тым құрғақ болса, адамның тыныс жолдарын, тамағын құрғатып жіберіп, мазасын алады. Қыста жеке үйге от жаққанда бөлмедегі ауа құрғап кетпеуі үшін арнайы қыш ыдыстарға су құйып, оны батареяларға байлап қояды. Бөлмеде гүлдер өсіп тұрса, оның ауасын жаңартып, жақсартып тұру үшін ол өте пайдалы. Үйдің ішін жиі жуып, дымқыл шүберекпен сүртіп тұрған жөн.

Конспект

Разработка урока по физике

МКТ заттың неліктен газ тәрізді, сұйық және қатты күйлерде бола алатындығын түсіндіріп қана қоймай, сонымен бірге заттың бір күйден екінші күйге көшу процессін түсіндіру мүмкіндігін береді. Сұйық молекулалары ретсіз қозғалады. Сұйықтың температурасы неғұрлым жоғары болса, кинетикалық знергиясы соғұрлым артады. Бір мезетте кейбір молекулалардың кинетикалық энергиясының көп болатыны сонша, олар басқа молекулалардың тартылыс күшін жеңіп сұйықтан ұшып шығу мүмкіндігіне ие болады, яғни буланады. Ретсіз қозғала отырып молекулалар ашық ыдыстағы сұйық бетінен бір жола кетіп қалуы мүмкін немесе сұйыққа қайта оралуы да мүмкін. Мұндай процесс конденсация деп аталады.

Булану - заттың сұйық күйден газ тәрізді күйіне айналуы (жұтылған энергия молекулалар арасындағы байланысты үзуге жұмсалады).

Разработка урока по физике

Кебу

кезкелген температурада сұйықтың еркін бетінде болатын булану

Разработка урока по физике

Қайнау

белгілі tº (қайнау температурасы) темпера-турада сұйықтың барлық көлемінде өтетін булану

Кебу кезінде сұйық температурасы төмендейді

Қайнау кезінде температура өзгермейді. Қайнау температурасы:

  1. сұйықтың тегіне

2. атмосфералық қысымға тәуелді РА↓=>tº↓

Разработка урока по физике

Өз сұйығымен динамикалық тепе-теңдікте болатын бу (уақыт бірлігінде сұйықтан ұшып шығатын молекулалар саны, қайта оралатын молекулалар санына тең) қаныққан бу деп аталады.

-Қаныққан будың концентрациясы көлеміне тәуелді емес (tº ‒ const).

-Қаныққан бу қысымы (Рқ) тек температураға тәуелді.

Разработка урока по физике

Разработка урока по физике

Разработка урока по физике

АВ ‒ қанықпаған будың сығылуы

ВС ‒ V↓Рқ‒const (будың қаныққан буға айналуы)

CD‒сұйықтың сығылуы

Егер температура өзгермеген жағдайда кәдімгідей қысу арқылы газды сұйыққа айналдырсақ оны қаныққан бу дейді.

Қайнау кезінде сұйықтың барлық көлемі бойынша тез ұлғаятын бу көпіршіктері пайда болады, олар сұйық бетіне қалқып шығады. Көпіршіктердегі қаныққан будың қысымы сұйық бетіндегі қысыммен теңелген кезде қайнау басталады. Бұл температура қайнау температурасы деп аталады. Сұйықтың қайнау температурасы тұрақты болады.

Сыртқы қысым неғұрлым жоғары болса, қайнау температурасы соғұрлым жоғары болады. Керсінше, қысымды азайту арқылы қайнау температурасын төмендете аламыз.

Кризистік температура Тк (К) - сұйық пен қаныққан бу арасындағы физикалық қасиеттерінің айырмашылығы жойылатын температура.

Тк-температурада

ρбу‒ максимал

ρсұйық‒ минимал

Разработка урока по физике

Т < Тк ‒ қанықпаған

Т > Тк ‒ ешқандай қысымда газ сұйыққа айналмайды

Кризистік температурадан жоғары температурада қандай қысымда болмасын газды сұйыққа айналдыру мүмкін емес. Кризистік температураның ерекше маңыздылығы осында.

Атмосфера түрлі газдардың және су буының қоспасы болып табылады. Егер басқа газдардың барлығы жоқ десек, онда су буының түсіретін қысымы парциал қысым деп аталады. Абсолют ылғалдылық - берілген температурадағы су буының парциал қысымы (су буының ауадағы тығыздығы)

Разработка урока по физике

Паскаль заңы. Сұйық пен газ бөлшектерінің еркін қозғалғыштығы - сұйық пен газға түсірілген қысымның, олардың әрбір нүктесіне таралуы арқылы түсіндіріледі. Сұйыққа немесе газға түсірілген қысым сол сұйықтың немесе газдың әрбір нүктесіне өзгеріссіз беріледі. Бұл қағида Паскаль заңы деп аталады. Сұйықтың ыдыстың түбіне түсіретін қысымы сұйық бағанның биіктігіне және тығыздығына тура пропорционал: Разработка урока по физике мұндағы ρ - сұйықтың тығыздығы, h - биіктігі.

Бізді қоршап тұрған ауа қабығы атмосфера (гректің «атмос» - бу, ауа және сфера - шар деген екі сөзінен құралған). Жер бетіндегі әрбір дене сияқты ауаға да ауырлық күші әсер етеді, ауаның салмағы бар. 1 м3 ауаның салмағы Разработка урока по физике

Атмосфералық қысымды ХVІІ ғасырда Итальян ғалымы Галилейдің шәкірті Торричелли өлшеді. Атмосфералық қысым биіктігі 760 мм-ге жуық сынап бағанының қысымына тең. Сондықтан атмосфералық қысым бірлігі ретінде 1 мм сынап бағаны (1 мм сын. бағ.) алынады. Яғни формуласынан 1 мм сын. бағ.=133,3 Па. Атмосфералық қысымды барометрмен өлшейді. Қалыпты атмосфералық қысым 101 000 Па≈105 Па, бұл биіктігі 760 мм сынап бағанының қысымына тең, 0º температурадағы атмосфералық қысым.

Гидравликалық пресс. Атмосфералық қысымнан артық немесе кем қысымдарды өлшеу үшін - манометрлер (гректің «манос» - сирек, тығыз емес, «метрео» - өлшейтін деген сөзінен шыққан) дейтін аспаптар пайдаланылады. Паскаль заңына сүйеніп гидравликалық машиналар деп аталатын құрылғылар жұмыс істейді. Олардың жұмыс істеу принципі сұйықтардың қозғалыс және тепе-теңдік заңдарына негізделген. Бұл машиналардың негізгі бөлігі - түтікпен өзара жалғастырылған, диаметрлері әртүрлі екі цилиндр. Поршендар астындағы кеңістік пен түтікке толтыра сұйық құйылады. Паскаль заңы бойынша тыныштықтағы сұйықтың барлық нүктелеріндегі қысым бірдей, яғни Разработка урока по физике Демек, үлкен поршенның ауданы кіші поршеннің ауданынан неше есе үлкен болса, екінші поршенге әсер ететін қысым күші бірінші поршенге әсер ететін қысым күштен сонша есе артық.

Салыстырмалы ылғалдылық φ [%] - берілген температурадағы ауа құрамындағы су буының парциал қысымының (тығыздықтың) сол температурадағы қаныққан бу қысымына (тығыздығына) қатынасы (процентпен берілген)

Разработка урока по физике

Шық нүктесі - су буының қаныққан буға айналу температурасы (шық түседі).

Ылғалдылықты анықтайтын құралдар:

а) Ламбрехт гигрометрі (эфирлі) (шық нүктесін анықтау үшін);

б) Шаш гигрометрі (әрекеті құрғақ шаштың ылғалдылыққа байланысты ұзындығының өзгеруі қасиетіне негізделген);

в) Психрометр (әрекеті ылғалды және құрғақ термометрлердің көрсетулерін салыстыруға негізделген).


© 2010-2022