Кысқа мерзімді сабақ жоспары

Раздел Физика
Класс 7 класс
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Кысқа мерзімді сабақ жоспарыКысқа мерзімді сабақ жоспарыКысқа мерзімді сабақ жоспарыСабақтың тақырыбы: Табиғат және адам. Физикалық терминдер мен ұғымдар. Физика және техника .

Сабақтың мақсаты: Табиғат және адам туралы көзқарас қалыптастыру. Физикалық терминдер мен ұғымдарды білу. Физиканы техникада қолданылуын білу

Сабақтың әдісі: ОҚЖТ АКТ СТО ОүБ ОБ

Сабақтың көрнекілігі: слайдтар, маркер, үлестірме қағаздар

Күтілетін нәтиже: Табиғат құбылыстарын ажырата біледі. Физикалық терминдер мен ұғымдарды ажырата алады, біледі. Физиканы техникада қолданылуын біледі

Сабақ барысы:

Уақыты

Мұғалім әс-әрекеті

Оқушылар іс-әркеті

Көрнекі құралдар, ресурстар

І. Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушылардың көңіл күйлерін анықтау

Топқа бөлу үшін фишкалар түрлерін таңдату

ІІ. Физика кабинетіндегі қауіпсіздік техникасы ережелері туралы.

ІІІ. «Ой қозғау»

«Физика» ұғымын қалай түсінесіңдер? Әр түрлі мысалдар келтіре аласыңдар ма?

ІҮ. Жаңа сабақ.

Табиғат және адам. Физика -табиғат туралы ғылым. Физика және техникаға байланысты слайд, сурет, тірек сызбалар бойынша айтып жаңадан мағлұмат беру

Физикалық құбылыстар, физиканың мақсаты,физикалық теориялармен ұғымдар, зат, дене, физика мен техникаға байланысты жетістіктер

Ү. Бектіу тапсырмалары. Жұмыс дәптеріне толтыру.(№1-7 тапсырм.)

ҮІ. Диалогтық оқыту арқылы сұрақтардан жауап алу.

ІV. Пысықтау.

  1. «Табиғат» деген сөздің мағынасын қалай түсінесіңдер?

  2. Табиғат пен адамның бірлігін білдіретін қандай нақыл сөздерді, мақалдар мен мәтелдерді білесіңдер?

  3. Табиғат құбылыстары деп нені айтамыз?

  4. Қандай табиғат құбылыстары физикалық құбылыстарға жатады?

  5. Физиканың мақсаты неде?

  6. Физика заңдары қалай ашылды?

V. Қорытындылау.

VІ. Үйге тапсырма: §1,§2 Қазіргі заманның техникасы жөнінде қосымша әдебиеттерден баяндама жазыңдар.

V. Бағалау.

Оқушылар 1,2,3 шапалақ ұру арқылы білдіреді.

Фишкалар таңдайды.

Қауіпсіздік ережесімен танысқандығына қол қояды.

Топ болып өз ойларын айтады.



Оқушылар керекті мағлұматтардытыңдайды және жаза отырады.

Жұмыс дәптерімен жұмыс жасайды.



Топтағы оқушылар жауап береді.

Өз жауаптарын бағалайды.

Әр топтан оқушылар өздеріне баға береді.

Фишкалар

Қауіпсіздік ережесі





Слайдтар мен кестелер



Жұмыс дәпт

Сұрақ-жауап



Үлестірме қағаздар













Сабақтың тақырыбы: Астрономия аспан денелері туралы ғылым

Сабақтың мақсаты: Астрономия ғылымы туралы білу. Жылу алмасуды білу. Аспан денелері туралы білу.

Сабақтың әдісі: ОҚЖТ АКТ Дарынды балаларды оқыту. Көшбасшылық

Сабақ көрнекілігі: приборлар, плакаттар.

Күтілетін нәтиже: Астрономия ғылымы туралы біледі . Аспан денелері физикалық қасиеттері туралы біледі.

Сабақ барысы:

Уақыты

Мұғалім әс-әрекеті

Оқушылар іс-әркеті

Көрнекі құралдар, ресурстар

І. Ұйымдастыру кезеңі.

Топқа бөлу үшін Космонавтика,

Космогония сөздерін таңдату.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру. Оқушыларға берілген баяндамаларын да қандай қызықты мағлұматтар бар екендігін анықтау және сұрақтардан жауап алу.

ІІІ.Жаңа сабақ

Астрономия - аспан денелері туралы ғылым Орта Азия ғалымдарының ғылымды дамытуға қосқан үлестері. Ерте дүниедегі халық астрономиясы.

Тірек сызбалар, слайд, оқулықтарды қолдану арқылы жаңа тақырыпты меңгерту.

Берілетін түсініктер: асторномияның пайда болуына себеп болған қажеттіліктер, біздің ғалам, астрономия мен физиканың байланысы, космонавтика, космология, космогония, Орта Азия ғалымдары және олардың еңбектері, ерте дүниедегі халық астрономиясы.

«Астрон» - жұлдыз, «номос» - заң.

Галактикалар - жұлдыздар жүйесі мен олардың шоғырлары.

Біздің ғалам - шексіз әлемнің біздер орналасқан бөлігі.

Космонавтика әлем кеңістігіндегі ғарыш аппараттарының қозғалысын талдап, зерттейді.

Космогония аспан денелерінің пайда болуын және дамуын зерттейді.

Космология - бүкіл әлем туралы, оның жалпы қасиеттері туралы ілім.

ІҮ. Практикалық тапсырмалар орындау.

(жұмыс дәптреі арқылы №8-11 апсырмаларына жауап жазу)

Ү. Қорытындылау.

Астрономия ғылымының дамуына қандай қажеттілік себеп болған?

2. Астрономия ғылымы нені зерттейді?

3. Астрономияның қандай салалары бар?

4. Ертедегі Орталық Азия елдері ғалымдарынан кімдерді білесің? Олардың қандай еңбектері бар?

5. Аспан денелері туралы астрономиялық атаулар қалай қалыптасқан?

Шығу парағын алу

ҮІ. Үйге тапсырма.

§3,4Аспан денелері туралы аңыздар даярлап келу.

ҮІІ. Бағалау

Өзіне ұнаған терминді алып 2топқа бөлінеді.



Сұраққа жауап беру



Жаңа ұғымдары тыңдап. Жазып алу.













№8,9,10,11 тапсырмаларды орындайды және бір - біріне қомек береді.

Сұрақтарға жауап беріп, шығу парағын толтырады.

Критерий бойынша бағалау

Терминдер жазылған парақ





Слайдтар мен кестелер





Жұмыс дәптері











Сұрақ-жауап






Сабақ тақырыбы: Табиғатты зерттеудің ғылыми әдістері. Физикалық эксперимент, физикалық теория, физикалық шама.

Сабақ мақсаты: Табиғатты зерттеудің ғылыми әдістерін түсіндіре алуы тиіс. Физикалық эксперимент, физикалық теория, физикалық шама білу.

Сабақ әдісі: баяндау

Сабақ көрнекілігі: приборлар, АКТ, үлестірме материалдар

Күтілетін нәтиже: Табиғатты зерттеудің негізгі әдістерін түсіндіре алады. Физикалық шамаларды түсіндіре алады. Алған білімдерін практикада қолдана алады.

Сабақ барысы:

Уақыты

Мұғалім әс-әрекеті

Оқушылар іс-әркеті

Көрнекі құралдар, ресурстар

І. Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушылардың көңіл күйлерін анықтау.

Топқа бөлу үшін сурет бөліктерін құрастырту.

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау

  1. Астрономия ғылымының дамуына қандай қажеттілік себеп болды?

  2. Астрономия нені зерттейді?

  3. Астрономияның қандай салалары бар?

  4. Ертедегі Орталық Азия елдері ғалымдарынан кімдерді білесің? Олардың ғылыми еңбектері туралы қандай хабарың бар?

  5. Аспан денелеріне байланысты халық арасында айтылатын қандай аңыздарды білесіңдер?

ІІІ. Жаңа сабақ

«Ой қозғау»

1-топ: Бақылау

2-топ: Эксперимент

  • Табиғатты зерттеудің ғылыми әдістері: бақылау, эксперимент, теориялық зерттеу.

  • Болжам - ғылыми деректермен негізделген жорамал.

  • Кез келген болжамның шынайлылығын тек практикалық тәжірибе, яғни эксперимент тексере алады.


  • Эксперимент - физиканың ең басты зерттеу әдістерінің бірі.

  • Гук заңы: серпімділік шегінде серіппенің L созылуы оған әрекет ететін жүктің Р салмағына тура пропорционал өзгереді.

Р,Н

0

I, мм

ІV. Пысықтау.

  1. Табиғатты зерттеу әдістері қандай?

  2. Болжам дегеніміз не?

  3. Эксперименттің басқа ғылыми әдістерден ерекшелігі неде?

  4. Эксперимент жүргізуге қандай талаптар қойылады?

  5. Гук заңы қалай оқылады?

V. Қорытындылау.

VІ. Бағалау. Достық бағалау

VІІ. Үйге тапсырма: §5 оқу.

Көңіл күйлерін білдіреді.

Сурет бөліктерін құрастыра отырып, топқп бөлінеді.

Үй жұмысын диалогтық оқыту арқылы өзара оқушыларға сұрақ-жауап ретінде тексеру.





Ортадағы плакат, маркер, қаламдар арқылы әр топ өздеріне бекітілген сөздердің мағынасын ашу үшін топпен жұмыс жасайды.



Жаңа білім туралы мағлұматтарды толықтыру, жазу, сауалдарын қою.







Кестемен жұмыс. Берілген сұрақтарға қысқаша жауап беру.

Әр топта екі оушы достық бүгінгі сабаққа қатысуларына пікір білдіреді.

Суреттер



Слайд







Слайд, плакат, маркер



Оқулық












Сабақ тақырыбы: Шамаларды өлшеу. Өлшеулердің метрлік жүйесі.

Үлкен және кіші сандарды жазу.

Сабақ мақсаты: Шамаларды өлшеу. өлшеулерді есептеулерін дәлдігігін білу.

Өлшеулердің метрлік жүйесі туралы түсінік алуға жағдай жасау.

Сабақ әдісі: баяндау, сұрақ-жауап

Күтілетін нәтиже: Шамаларды өлшеуді практикада қолдана алады.

Өлшеулердің метрлік жүйесің біледі. Үлкен және кіші сандарды жаза алады.

Сабақ барысы:

Уақыты

Мұғалім әс-әрекеті

Оқушылар іс-әркеті

Көрнекі құралдар, ресурстар

І. Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ. Оқушылардың өткен материалды қалай меңгергенін тексеру.

Кубизм стратегиясы:

  1. Табиғатты зерттеу әдістері қандай?

  2. Болжам дегеніміз не?

  3. Эксперименттің басқа әдістерден айырмашылығы қандай?

  4. Экспериментті жүргізуге қандай талаптар қойылады?

  5. Гук заңы қалай тұжырымдалады?

ІІІ. Жаңа сабақ.

Физикалық теорияның негізгі қызметі - құбылысты түсіндіру. Физикалық құбылыстарды бір-бірімен өзара байланыстыра отырып, жан-жақты түсіндіретін жүйелі білім физикалық теория деп аталады.

Физиканың 4 іргелі теориялары:

  • Классикалық механика теориясы;

  • Термодинамика және молекулалық физика теориясы;

  • Электродинамика теориясы;

  • Кванттық механика теориясы.

Физикалық шамалар деп физикалық нысандардың немесе құбылыстардың қасиеттерінің сандық сипаттамаларын айтады.

Физикалық шаманың мәні дегеніміз - оның сандық мәнімен қоса өлшем бірлігі.

Физикалық шаманы өлшеу дегеніміз - оны өлшем бірлік ретінде алынған біртекті басқа бір шамамен салыстыру.

Құралдың бетіне түсірілген бөліктер мен сандар аспап шкаласы деп аталады.

Кысқа мерзімді сабақ жоспарыКысқа мерзімді сабақ жоспары

ІV. Практикалық тапсырмалар орындау және есептер шығару.

1-жаттығу.

№1, №2, №3.

V.Пысықтау.

VІ.. Үйге тапсырма: §6 1-ж. №4, №5, 4-тапсырма.

VІІ. Бағалау

Топтық бағалау

Мұғалімнің бағалауы

Жалпы бағалау

Оқушылар көңіл күйлері анықталады



Берілген сұрақтарға жауап беру





Оқулық және оқулықтар арқылы оқушылар өз беттерінше жаңа тақырыптан өз беттерінше оқып шығады.

Екі оқушы түсінбегендерін сұрау арқылы және бір-біріне түсінік беру арқылы оқиды.

Соңында мұғалім жалпы түсінік беріп отырады.





1-жаттығу.

№1, №2, №3. Тапсырмаларды орындау.

Кестемен жұмыс

Формативті бағалау

Өзін - өзі бағалау

Өзімнің бағалауы.



АКТ





АКТ, құралдар, оқулық

Оқулық, тақта



Үлестірме қағаз





© 2010-2022