Ашық сабақ Қысым тарауын қайталау

Раздел Физика
Класс 7 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Ашық сабақ Қысым тарауын қайталауҚысқа мерзімді жоспарлар

Сабақ атауы

17.03.2016 7-сынып, физика пәні.

Қысым тарауын қайталау.

Жалпы мақсаттар

Оқушылардың қысым тарауын түсінгендігі және тақырып бойынша білімдерін іс жүзінде қалай қолданылатынын тексеру.

Міндеттері

Оқушылар қысым ұғымын терең түсіну; Қысым заңдарына есеп шығару; Қысымның заңдылықтарына талдау жасай алу; Үйренген білімдерін іс-жүзінде қодана алу.

Оқыту нәтижелері

Оқушыларға қысым ұғымын терең түсінеді; Қысым заңдарына есеп шығара алады; Қысымның заңдылықтарына талдау жасай алатын болады; Үйренген білімдерін сыныптан тыс жерлерде қолдануға мүмкіндік алады.

Ұйымдастыру кезеңі

Сәлемдесу. Оқушыларды топқа бөліп , назарын сабаққа аудару.

Білу

«Серуендеу » стратегиясы арқылы өткен тарауды еске түсіру.

А деңгейіндегі есеп

I-топ: Биіктігі 8см сынап бағанасының қысымын тап:Ашық сабақ Қысым тарауын қайталау

II-топ:200H күш, 0,02Ашық сабақ Қысым тарауын қайталау ауданға біркелкі әсер етеді. Қысым неге тең?

III-топ: Тынық мұхиттың ең терең жері 11035м. Осы тереңдіктегі судың тығыздығын есептеңіз?

Қолдану

«Таңдап көр» стратегиясы арқылы қысымның заңдылықтарына талдау жасау.

  1. Әжелеріміз ертеде көрпені қолмен тіккен. Тігін тігуде ұшы доғал немесе үшкір инелерді қолданғанда, қайсысымен матаны тесу оңай?

  2. Қаламыздағы саяжайлардағы саябақтарда алма ағаштарының түбіндегі топырақты қопсыту үшін суретте берілген күректердің қайсысымен жұмыс істеу жеңілірек, не үшін?

  3. Қыс айларында қар үстінде жүгіруде, сізге қалай ыңғайлырақ? Не үшін?

  4. Машинаның багнен бензин алуға тура келеді. Сіз қай резеңке түтікті пайдаланасыз? Не үшін?

B деңгейіндегі есеп

I - топ: Массасы 1 кг білеуше, көлденең тұрған білеушеге 200 Па қысым түсіреді. Осы білеушелердің жанасып тұрған бетінің ауданын табыңыз?

II -топ:Тіктөртбұрышты ыдысқа су құйылған. Ыдыс табанының ұзындығы 50см, ені 20см, ал биіктігі 30см болса, ыдыс қабырғасына қандай күш әсер етеді?

III - топ:Гидравликалық престің кіші поршені 600Н күш әсерінен 12см төмен түсті. Осының нәтижесінде үлкен поршень 3см көтерілетін болса, оған қандай күш әсер етеді?

Талдау

Зертханалық жұмыс жасау арқылы оқушылардың білімін бекемдеу.

  1. Шүмегі бар стаканға су құйып, таразымен теңестіреміз. Кейін жіпке байланған тас кесегін стаканға батырайық. Сізше таразының қай жағы басылады. Не үшін?

  2. Су мұнарасы бинаның деңгейінен биік болу керек пе, Әлде одан төмен бе? Не үшін?

  3. Сабынды суға жіп байланған сақинаны тастап, кейін судан алып шығыңдар. Сақинада пайда болған көпіршіктің бір жағын тесіп көріп, қандай құбылыс байқағандарыңызды айтыңдар. "Не үшін" деген сұраққа жауап іздеңіздер?

C деңгейіндегі есеп

Керосинге массасы 790г темір батырылған. Темірдің керосиндегі салмағын анықтаңыз?

Ашық сабақ Қысым тарауын қайталау; Ашық сабақ Қысым тарауын қайталау.

Жинақтау

«Кімнің ойы жүйрік» стратегиясы арқылы қысымның заңдылықтарын терең ұғыну.

Суреттер, сызбалар және бейнесұрақтар қойып, оқушының білімін жинақтау.

Бағалау

Бағалау парағы

Топ басшысы өз тобындағы оқушыларды бағалайды.

  • Егер оқушы өз мүмкіндігін толық пайдаланып, белсенді болса, онда 5 бал қоясыз.

  • Егер оқушы өзін белсенді ұстап, алайда жауап беруде аздаған қателіктер жіберсе, онда 4 бал қоясыз.

  • Егер оқушы сабақ барысында өз ойын толық жеткізе алмаса, онда 3 бал қоясыз.

Оқушының

аты-жөні

Серуендеу

(5 бал)

Себебін табайық

(5 бал)

Таңдап көр

( 5 бал)

Есептер

(5 бал)

Кімнің ойы жүйрік

(5 бал)

барлығы

бағасы

1

2

Ескерту:

  • 25-23 бал аралығы «5» деген баға қойлады.

  • 22-18 бал аралығы «4» деген баға қойлады.

  • 17-13 бал аралығы «3» деген баға қойлады.

Үйге тапсырма

1. V тарауын қайталау;

2. Қысым тарауына 10 тест жасап келіңдер.

рефлексия

Физика пән мұғалімі Абидоллаева Г.Б



© 2010-2022