Архимед күші тақырыбына ашық сабақ 7 сынып

7 сыныптың "Архимед күші" тақырыбана арналған ашық сабақтың разработкасы. Бұл ашық сабақты ұймдастырған кезде оқушыларды екі топқа бөліп, кішігірім ғылыми жұмыс жасаттым. Кіші ғылым академиясы сияқты екі топ жұмыс жасап, Архимед күшін есептеу формуласын қорытып, шығарды. Есептер шығару арқылы теорияны практикамен ұштастырдым, балалар барлық жұмысты қызығушылықпен орындады. Сабақтың басында "Дыбыстық жаттығу" жасатып оқушылардың көңіл-күйін көтеріп, зейіндерін тұрақтандырдым. Ортасында сергіту сә...
Раздел Физика
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Күні: 24.02.2015

Сыныбы: 7

Пәні: физика

Тақырыбы: Архимед күші

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Архимед заңының физикалық мағынасын ашу. Тәжірибелер арқылы денелерге сұйықтық тарапынан болатын әсер Архимед күші туралы ұғым қалыптастыру.

Дамытушылық: Оқушыларды өз бетімен ғылыми ой қорытындыларын жасай алуға жетелеу.

Тәрбиелік: Жауапкершілікке, тиянақтылыққа, еңбекқорлыққа тәрбиелеу

Күтілетін нәтиже:

  • Оқушылар Архимед күшінің физикалық мағынасын ажыратып, теориялық және практикалық түрде пайдалана алады.

І. Ұйымдастыру кезеңі

  • Сыныпта жағымды психологиялық ахуал туғызу: Дыбыстық жаттығу

ІІ. Ой шақыру стратегиясы:

  • Әрбір адам бір жаңалық ашуы армандайтыны сөзсіз. Бүгін біз кішкентай ғылым академиясында жұмыс жасайтын ғалымдар роліне енеміз. Біздің академиктеріміз Диас пен Аяулым өзіне көмектесетін ассистенттер таңдайды. Мына жерде орналасқан парақтарда ассистеттердің аттары жазылған, осыны таңдап, өз топтарыңды құрып алыңдар.

ІІІ. Әр топ өз лабораториясына орналассын. Құрал жабдықтарын дайын болса, зерттеу жұмыстарымызды бастайық.

  • Әр столдың үстінде ыдыста су бар және теннис шары бар. Шарды суға батырып көрейік. Батады ма? Жоқ.

  • Жаздың күні балалар суға түсуге барғанда, суға сүңгиді, бірақ судың бетіне қалқып шығады ма? Ия.

  • Міне, осы сұрақтарға жауап алу үшін бүгін біз зерттеу жұмыстарымен айналысамыз.

ІV. І зерттеу жұмысы:

  • Динамометр, штативті пайдаланып жүктің салмағын анықтаймыз. Оны дәптерге жазамыз. Бұл жүктің ауадағы салмағы. Енді жүкті суға батырамыз да, динамометр көрсеткішін жазып аламыз. Жүктің салмағы не істеді? Азайды. Не себепті? Оны судан сыртқа қарай итеретін күш бар.

  • Ол қандай күш екенін табу үшін мына әріптерді өз орнына орналастырыңдар. Қай топ бірінші орындайды?

V. «Адасқан әріптер» ойыны

Ай

  1. Жердің серігі

Ро

  1. Тығыздықтың белгіленуі

Х

  1. Серіппенің ұзаруы қалай белгіленеді?

Инерция

  1. Сырттан ешқандай күш әсер етпесе де денелердің өз бетінше қозғалуы қалай аталады?

Метр

  1. Қашықтықтың өлшем бірлігі

Еркін

  1. g қандай түсу үдеуі?

Динамометр

  1. Күшті өлшейтін құрал қалай аталады?

Дұрыс. Ол күшті Архимед күші деп атайды. Ежелгі грек ғалымының атымен. Ал ол ғалым қандай жаңалық ашты, оны өздерің интернет арқылы тауып алып келесі сабақта маған айтып бересіңдер.

VІ. Енді осы Архимед күшінің сандық мәнін практикалық түрде тауып көрейік.

  • Бірінші жүкті ауада өлшеп аламыз. Сосын суға салып өлшейміз. Архимед күшінің сандық мәні жүктің ауадағы салмағы мен судағы салмағының айырымына тең екеніне көзіміз жетті.

Формуласын жазайық: Ға= Рауа - Р су

  • Енді осы формуланы математикалық түрде түрлендіреміз:

Ға= Р , бұл формуладағы салмақ Р=mg екені белгілі. Яғни Ға=mg, ал осы формуладағы массаны тығыздық жіне көлем арқылы қалай өрнектейміз.? m = ρV, орнына қойсақ мынандай формула шығады Ға= ρgV. Міне, осы формула Архимед күшінің формуласы.

Формуланы талдайық:

ρ-сұйықтың тығыздығы , өлшем бірлігі кг/м3

g- еркін түсу үдеуі, Н/кг

V- көлем, м3

VІІ. Енді осы формуланы пайдаланып есептер шығарып көрейік:

1. Суға көлемі 100см3болатын дене батырылған. Осы денеге әрекет ететін ығыстырушы күшті анықта (1)

2. Алюминийден жасалған бұйымның ауадағы салмағы 15Н, ал суға батырылғандағы салмағы 9,5Н. Алюминийдің тығыздығын анықтаңдар. (2730 кг/м3)

3. Мөлшері 4х3х0,25 м3 темір бетон тақта көлемінің жартысына дейін суға батырылған. Тақтаға әсер еткен архимед күшін есептеп шығарыңдар (1500Н)

VІІІ. Білімділер еліне саяхат! -

  • Архимед күшіне байланысты сұрақтарды топпен талдау

ІХ. Рефлексия /оқушыларға стикерлер таратып сабаққа рефлексия жаздырып алу/

Х. Оқушыларды бағалау

«Абай негізгі орта мектеп» КММ

Бекітемін: Келісемін:

Мектеп директоры: Бірлестік жетекшісі:

Алиахмет Б.Т Темірбекова Г.Т

«23» ақпан 2015 жыл «23» ақпан 2015 жыл



АШЫҚ САБАҚ

Пәні: физика

Сыныбы: 7

Пән мұғалімі: Адреисова Г.А





2014-2015 оқу жылы


© 2010-2022