Доклад на тему: ОБУЧЕНИЕ – КЛЮЧ К УСПЕХУ

Раздел Физика
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

ТАБЫСТЫ ОҚЫТУ- БОЛАШАҚҚА НЫҚ ҚАДАМ

Оспанова А.Ө. - физика пәні оқытушысы, Қазалы аграрлы - техникалық колледжі,

Қазалы қаласы, Қызылорда облысы


Нағыз шәкірт белгілінің көмегімен белгісізді дамытуды үйренеді де,

сол арқылы ұстазына таман жақындайды.

И.Гете


Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында кәсіптік бағдар немесе кәсіби бағыттылық деген ұғымға білім алушылардың кәсіптік қызығушылықтары мен жеке қабілеттеріне сәйкес білім беру саласында мамандықпен оқитын орнын таңдауына ақпараттық және консультациялық көмек беру деп түсініктеме берілген.

Соған сәйкес, студенттерге білім беру үшін оқытушы жан -жақты болу керек. Білім беру кезеңінде небір қиындықтар мен проблемалар кездеседі. Сонда оқытушыларға ең алағашқы көмек ретінде педагогикалық шеберлік көмекке келеді. Яғни жаңаша әдіс - тәсілдер, оқытудың тиімді түрлерін қолдану керек. Білім берудің кешенді міндеттерін және оқытушылардың әртүрлі жағдайларына жұмыс істейтіндігін ескерсек, тиімділік деген сөздің мағыналық анықтамасы нақты емес, екіұшті болып шығады. Оқытушылық қасиет - күрделі феномен, оның мазмұны мен өлшем құралдары жайында бірыңғай пікір жоқ.

Колледж оқытушыларының жұмысының тиімділігін анықтау өлшемі жөнінде түрлі пікірлер бой көтереді:

  • оқытушының жетістіктері (біліктілігі, т.б)

  • оқыту үдерісі (оқыту әдістері,т.б)

  • оқыту нәтижесі(студенттің білімін бағалауына ықпал ету және жұмыспен қамтылуын ұйымдастыру, т.б)

Оқытудың қандай жолы қолданылса да, қарастырылатын екі көзқарас бар. Олар:

біріншіден, студенттің жеке тұлға және әлеуметтік нысан ретіндегі келешегі,

екіншіден, студенттің білім алуы мен машықтануы арасындағы қарым-қатынас нәтижесі ретінде қарастырылуы.

Оқытушының қасиетерін бағалау барысында бағалаушы факторлар жиынтығын пайдалана отырып, қасиетті өзінше түсіндіріп беретіндігін ұғыну керек.

Модульдік оқытуға негізделген сабақтар студенттің өз білімдері мен сенімдері жайында ойланып, сұрақтар қойып, білімін толықтырып, белгілі бір тақырыпты оқып - білу кезеңінде өз түсінігін жеткізуге мүмкіндік береді. Бұл үдеріс студенттің өз болжамдарына нақ сеніммен қарай отырып, сол арқылы әлем, тіршілік, жаратылыс туралы өзінің түсінігін тереңдетіп, кеңейтуге ұмтылу мүмкіндігін ұлғайтады.

Сапалы оқыту білім алуға мүмкіндік беретін нақты жағдайларды жасаумен қатар, сол жағдайлардың өзімен тығыз байланыста болады. Құзырлы оқытушы студенттерге, ортаға және ресурстарға лайықтап нақты кезеңде қолданылуы тиімді оқыту элементтерін «реттеп» отырады. Расында, оқытудың сапалы және табысты болуы белгілі бір деңгейде оқытушының қалыптасып отырған жағдайларға бейімделе алуына да тығыз байланысты.

Модульдік оқыту - оқытушы бейнесімен танылатын сан алуан элементтер арасындағы байланыс болып табылады, ол өзі белгілі бір деңгейде тәуелді жағдайлар жасалынған кезде жүзеге асырылады. Модульдік оқыту-студенттердің, қоршаған орта жағдайы және оқыту, білім алу мүмкіндіктерінің бірлігі ретінде бір негізге бағытталады.

Білім беру жүйесі - әр елдің даму болашағын айқындайтын, әлемдік өркениетке жетудің негізгі бағыттарын көрсететін біртұтас құрылым. Қазіргі таңдағы егеменді еліміздің болашағы дарынды, білімді, ізденімпаз жастарға байланысты. Осыған орай бүгінгі күн мамандар даярлайтын колледждер алдында тұрған басты міндет - өзіндік айтар ой-пікірі бар, жоғары сапалы, белсенді маман тәрбиелеп шығару. Бұндай қоғамдағы түбегейлі өзгерістер жасау үшін, білім беру жүйесінің алдына жаңа адамды қалыптастыру, дамыту мақсаттарын қойып отыру керек. Студенттердің ойлау қабілетін дамыту, ой-пікірінің дербестігі мен еркіндігін кеңейту, олардың өз бетімен білім алуға деген ынтасын арттыру, оны өз тәжірибелерінде жаңа жағдайларға байланысты қолдана алу, яғни біліктіліктерін қалыптастырып және дамытуға ықпал жасау. Педагогикалық үрдістің тиімділігінің артуына мүмкіндік беретін білім беру мен тәрбие бірлігін сақтай отырып, студентке берілетін білімнің үйлесімділігімен қатар, әрбір жеке тұлғаның ерекшелігін ескере отырып, білімділігіне сәйкес бағдар беру және осы танымдық ізденімпаздығын дамытудағы оқытудың прогрессивтік қадамының бірі - модульдік оқыту.

Модульдік оқыту технологиясы - білім мазмұны, білімді игеру қарқыны, өз бетінше жұмыс істей алу мүмкіндігі, оқудың әдістері мен тәсілдері бойынша оқытудың дербестігін қамтамасыз етеді.

Ал «модуль» дегеніміз - іс-әрекеттің мақсатты бағдарламасы белгілеген деңгейіне (жоспарланған алдағы нәтиже) жету үшін сұрыпталған, дидактикалық өңделген білім, білік, дағдының белгілі мазмұнының бірлігі және оның әдістемелік нұсқауы немесе аяқталған оқу ақпараты болып табылатын модульдік бағдарламаның негізгі құралы. Басқаша айтқанда, адамның өзіндік дамуының шамасы. Жалпы «модуль» сөзі «оқытудың мазмұны мен технологиясын» білдіреді. «Модуль мазмұны» өзіндік мағына беретін оқу материалының көлемі ретінде ұсынылады. Модуль - оқу мазмұны мен технологияны біріктіріп тұрған мақсатты функционалды байланыстырушы. Демек әрбір оқытушы мамандыққа сәйкестендіріп пәнаралық байланыс қолданып сабақ барысына өзгертулер керек.

Мысалы, өз сабағымның жоспарын үлгі ретінде келтірсем:

Сабақтың тақырыбы:

Газдардың технкада қолданылуы

Сілтеме:

Жоспар

Мақсаты:

Студенттердің газдардың негізгі қасиеттері мен газдың практикалық қолданылуын білуін қамтамассыз ету;

Сабақ барысында студенттерді ұқыптылыққа, шапшаңдыққа адамгершілікке баулу

Күтілетін нәтиже:

Студенттер газдардың негізгі қасиеттері мен газдың практикалық қолданылуын үйренеді,

Және студенттер ұқыпты, шапшаң, адамгершілікті бойға сіңіреді;

Сабақтың түрі:

Жаңа материалды игерту

Сабақтың әдісі:

Топқа болу, баяндау, түсіндіру, топтастыру, тест

Негізгі идеялар:

Газдардың қасиеті

Газдардың қолданылуы

Тапсырмалар:

Оқу ашық кеңістікте өткізіледі.

Топтық жұмыс:

Жұптық жұмыс:

Жеке жұмыс

Барлық жұмыс формативті бағаланып отырады

Қажетті құралдар:

Наутбук, слайдтар, электронды оқулық, плакат, маркер

Бағалау:

жұппен және жеке жасаған жұмыстарын формативті бағалау

Сабақ бойынша мұғалімнің жазбалары.

/Оқытушы мен оқушы немен айналысады/

І. Ұйымдастыру кезеңі.

Өмірде көп шәкірттің біреуі сіз,
Бірліксіз өсе алмайсыз бір өзіңіз.

а) Термодинамикалық параметрлерді таңдату арқылы топқа бөлу /P,V,T/

ә) Сабақты бастар алдыңда жақсы ахуал туғызу

  • Ал бүгінгі көңіл күйлеріңіз қандай?

  • Ендеше жаңа күн сабағын бастауға әзірміз бе?

  • Ал олай болса бүгінгі сабаққа да жақсы көңіл -күймен араласайық.

ІІ. Үй тапсырмасы.

Топтарға тапсырмалар беріледі. Әр топ өз тапсырмасын орындап қорғайды.

Топқа тапсырмалар:

  1. Ван-дер-Вальстың бірінші түзетуі

  2. Ван-дер-Вальстың екінші түзетуі

  3. Ван-дер-Вальстың изотермасы

Үш топ бір-бірінің жұмысын бағалайды.

ІІІ. Жаңа тақырып.

Газдардың техникада қолданылуы.

Сұрақ: Заттың неше күйі бар? Жауап: Үш.

Сұрақ: Заттың үш күйін атай аласыңдарма? Жауап: Қатты, сұйық, газ.

Міне бүгін газдың қасиеттері мен оның техникада қолданылуы жайында оқып білетін боламыз.

Бізде 3 топ, 6 жұп бар. Енді орындарыңда жұппен жұмыс жасаймыз.

Жұптық жұмыс: газ қасиеттері, газдың қолданылуы, тақырып аясанда кездесетін ғалымдар

Үш топтағы жұптар бір-бірінің жұмысын бағалайды.

Ортақ тапсырма: /сызбалар арқылы берілген тапсырмалар орындату/

Есеп Көлемі 3 м3 газдың мольдік массасы 4 г/моль және температурасы 3,6К. Массасы 3кг газдың қысымын табу керек.

Берілгені: m = 3 кг

M = 4 г/моль

T = 3,6К

R = 8,31Дж/Кмоль

V = 3 м3

Т/к: р-? Шешуі: Доклад на тему: ОБУЧЕНИЕ – КЛЮЧ К УСПЕХУЖауабы: 7,47 Па

ІҮ. Қорытынды.

Жеке жұмыс: а) Сәйкестендіру тесті. /Жауабы: 1-с,2-д, 3-а,4-в, 5-в/

1

Газдың көлемі ... байланысты өзгереді

А

Газ

2

Сиретілген газдың

Б

Менделеев -Клапейрон теңдеуі

3

Қозғалтқыштардың жұмыстық денесі ретінде не алынады

В

Газдың қысымы төмен болады.

4

Өте төмен температура кезінде

С

Температураға

5

Газдың беретін қысымын ... табамыз

Д

Жылуөткізгіштігі нашар

ә) Тест тапсырмасы. /Жауабы:1-а, 2-с, 3-а, 4-а,5-с/

1.Газдардың қасиетін қайда қолданылады?

А) техникалық қондырғыларда Б) үйде С) жауап дұрыс емес

2. Үлкен қысым түсірілген газ серпімді дене болып табылатынын қай ғалым байқаған?

А)Менделеев Б) Клапейрон С) Бойль

3. Галактика аралық ғарыш кеңістігіндегі қысым.

А) 10-27 Па Б) 1027 Па С) 10-26 Па

4. Қысым ұлғайған немесе азайған кезде

А) қысым күші өзгермейді Б) қысым күші өзгереді С) қысым күші артады

5. Газдың беретін қысымын қай теңдеуден табамыз

А) Бойль Б) Клапейрон С) Менделеев- Клапейрон

ҮІ. Үйге тапсырма. Оқулық.§4.8 тақырыпты оқу. Еркін жұмыс

Рефлексия

  • Бүгінгі сабақта не ұнады?

  • Бүгінгі сабақта не қиын болды?

  • Сол қиындықты қалай жеңуге болады?

Шығу парағы

Алдағы сабақта мен _______________________________________________

Білгім келеді ______________________________________________________

Әзірлеп келемін _______________________________________________

Жаңару жолындағы Қазақстанға жаңаша ойлайтын өмірге көзқарасы тың, ақыл - ой және шығармашылық әлеуеті қалыптасқан, рухани адамгершілік мәдениеті жоғары шығармашыл оқытушы керек. Ал шығармашыл оқытушы - үздіксіз ізденісте болады. Әрбір маманның қызметіне қажетті кәсіби біліктіліктер болуы тиіс. Осыған орай физика пәнін оқытуда оқытушыға бірден - бір көмек ретінде модульдік оқыту тиімді және сонымен қатар оқытушы өзінің жан - жақты білімін жетілдіріп отырғаны жөн.

Пайдаланылған әдебиеттер:

1. Жанпейісова М.М. «Модульдік оқыту технологиясы оқушыны дамыту құралы ретінде». Алматы, 2006 ж.

2. Қамзина М. «Модульдік оқыту технологиясы».//Тәрбие құралы. 2005 ж., №4.

3. Педагогтың кәсіби деңгейін өсіруде әдістемелік жұмысты ұйымдастыру жолдары.//Ғылыми-практикалық жинақ. Алматы, 2008 ж.

4. Искакова Р., Ерназарова З. «Жаңа технологияны пайдалану әдістері». Қызылорда, 2004 ж.



© 2010-2022