Внекласная работа Қызықты физика атты ойын - сауық кеші

Раздел Физика
Класс 9 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Астана қаласы

№5 гимназия мектеп



Тақырыбы: «Қызықты физика» атты ойын -сауық кеші

(сыныптан тыс шара)



Пән мұғалімі:Балабекова Ж.С

2015-2016 оқу жылы

«Қызықты физика» атты ойын-сауық кеші

Мінекей залда тыныштық,

Естілмейді дыбыс түк.

Мұны біз де қостайық,

Кешіккендерді тоспайық

Ғылымдардың ғылымы,

Физикамыз жайында

Кешімізді бастайық.

Қайырлы күн құрметті көрермен!

Сөз бастайын термелейтін өлеңмен.

Тәрбиелі,білімді боп әрқашан

Өс,өркенде,қанат жайып кемелден.

Қайырлы күг,құрметті ұстаздар,қадірлі,қонақтар,көрермендер!

Баршаңызға да «Қызықты физика» атты ойын сауық кешіне қош келдіңіздер!

Біз бүгінгі кешімізді 9-шы сыныптардың арасында сайыс түрінде жүргізуді ұйғардық.Бұл ойынға әрбір сыныптан бір-бір командадан қатынасып отыр.Ендеше ортаға ойыншыларымызды шақырамыз: «Күш» командасы, «Қуат» командасы, командасы.Ойыншыларымызға қол соғып,қошемет көрсетіп қояйық.

Ал қазір ойын шартымен таныстырып өтейік:Жалпы ойынымыз 7 турдан тұрады

1.Сәлемдесу

2.Жорға

3.Тапқыр болсаң -тауып көр.

4.Бәйге

5.Кім жылдам

6.Жұмбақтар әлемінде

7.Капитандар сайысы

Армысыздар, қымбатты төрешілер,

Сайысын әрбір топтың көрерсіздер.

Таразының екі басын тең қойып,

Сіздерде әділ баға берерсіздер-дей келе сайыскерлердің білімі мен өнеріне баға беретін әділ қазылар алқасымен танысып өтейік:

Қылышбаева К.Ә.Изтлеева З.Т

Кезек келіп,өжеттеніп,сөз аппын,

Танысайық,ғажап ойын ғажап күн!

Тегіміз бір-батырақ та,байда емес

Емеспіз бе,азаматы қазақтың!-демекші

1-тур Командалардың сәлемдесу рәсімі

Мұнда әрбір команда өздерін таныстырып,әділ қазыларға,көрермендерге және қарсыластарына сәлем береді.Ал енді сөз кезегін ойыншыларымызға берейік.

Міне,біз ойыншыларымызбен таныстық.Осы сәлемдесу рәсімінің бағасын беріңіздер.Ең жоғарғы ұпай-5.Ендігі сөз кезегі әділ қазылар алқасына берейік.

2-тур «Жорға»

Әр командаға сұрақтар оқылады,әрбір дұрыс жауап үшін бір ұпайдан беріледі.Сонымен команда копитандары шығып сұрақтарды таңдап алсын.

1-сұрақтар тобы

1.Энергияның дененің көбірек қозған бөлігінен азырақ қозған бөлігіне қарай таралуы.-Жылу өткізгіштік

2.Заттың сұйық күйден қатты күйге ауысуы-Қатаю,кристалдану

3.Тұтас алғанда бүкіл атом заряды-Бейтарап

4.Тізбектегі ток күшін өлшейтін құрал-Амперметр

5.Ток тудыратын электр өрісін сипаттайтын шама.-Кернеу

6.Қуат бірлігі-Ватт (Вт)

7.Бойымен жарық таралатын сызық-Сәуле

8.Сандық мәнімен,бағытымен сипатталатын физикалық шамаларды басқаша қандай шамалар деп атайды?-Векторлық

9.Материяның ажырамас қасиеті?-Қозғалыс

10.ХБЖ жылдамдық бірлігі- (м/с)

11.Жылдамдықтың өзгеру шапшаңдығын сипаттайтын физикалық векторлық шама-Үдеу

12.Еркін түсу үдеуі неге тең?-9,8м/с2

13.Период қандай әріппен белгіленеді?-Т

14.Бұрыштық жылдамдықтың бірлігі?-(рад/с)

15.Сызықтық жылдамдық пен бұрыштық жылдамдық арасында қандай байланыс бар?-v=w*R

16.Центрге тартқыш үдеу қалай бағытталған?-Центрге қарай

17.у=ах2 ненің графигі?-Паробала

18.Материялық нүктенің айналу центрінің маңында 1с ішінде жасайтын айналым саны-Жиілік

19.Жылдамдық қандай әріппен белгіленеді?-V

20.Жол қандай шама-Скаляр

2-сұрақтар тобы

1.Жұмыс істемей ақ дененің ішкі энергиясының өзгеру процесі-Жылу берілу

2.Заттың қатты күйден сұйық күйге ауысуы-Балқу

3.Дененің электрленгенінің анықтауға арналған прибор -Электраскоп

4.Атомдағы теріс зарядталған бөлшек-Электрон

5.Зарядталған бөлшектердің реттелген қозғалысы-Электр тогы

6.Кернеу бірлігі-Вольт (В)

7.Ток күші кернеуге тура кедергіге пропорционал.бұл кімнің заңы?-Ом заңы

8.Қарастырылып отырған жағдайда өлшемі мен пішінін ескермеуге болатын дене?-Материалық нүкте

3-тур «Тапқыр болсаң-тауып көр!»

Әр командаға ребус пен сөзжұмбақ беріледі.Оны да копитандар шығып алады.Шешімдерін қазылар алқасына береді

4 тур «Бәйге»

Әр команда берілген қағаазға белгілі бір уақыт ішінде білетін барлық физикалық шамаларын жазады.Жауаптары қазылар алқасына беріледі.,әрбір физикалық шама үшін бір ұпайдан беріледі

5 тур «Кім жылдам?»

Конверттегі берілген сөздерден әр команда жарыса физикалық мағынасы бар мақал құрастырады.

1-мақал

Жел соқпаса шөптің басы қимылдамайды.

2-мақал

Ауызы күйген үрлеп ішеді.

3-мақал.

Білекті бірді жығады,

білімді мыңды жығады.

Ендігі сөз кезегін әділ қазылар алқасына берейік,олар соңғы үш турдың бағасын айтады.

6-тур «Жұмбақтар әлемінде»

Барлық командаға бірдей жұмбақтар оқылады,әр команда жарыса жауап береді.Бір жұмбаққа бір ұпайдан беріледі

1-жұмбақ

Жердің жүзін шарлайсың,

Онсыз еш жерге бармайсың.

Көлікпен де жаяу да,

Саралайсың таңдайсың. (Жол)

2-жұмбақ

Көп болса асықпайсың,

Мезеттен қашықтайсың.

Асықсаң аз болады,

Табасың мұны қайсың? (Уақыт)

3- жұмбақ

Қозғалыста сипаттар шапшаңдықты,

Тағы да бір белгісіз шама шықты.

Ол болмаса денелер қозғалмайды,

Шешеді бұл жұмбақты қандай мықты? (Жылдамдық)



4- жұмбақ

Жылдамдықты өзгертеді,

Қозғалысты тездетеді.

Қарсы шықса қозғалысқа,

Тоқтарына көз жетеді. (Үдеу)

5-жұмбақ

Қозғалысқа келтіріп,

Жылдамдығын береді.

Өлшемдерін қарасаң,

Ньютонға ол келеді. (Күш)

6-жұмбақ

Бірдей көлемдегі масса кейде көп,

Аз болса да кейде дөп.

Делінеді бұл шама,

Аталуычн тапшы тек. (Тығыздық)

7-жұмбақ

Күш көбейсе артады,

Аукдан артқа тартады.

Жүзі жұқа үшкір зат,

Одан бірақ қорқады. (Қысым)



8-жұмбақ

Барлық денелерге тән,

Онсыз болмайды сән.

Әр затта болады әр түрлі,

Өлшеуге болады дәл. (Масса)

7-тур «Капитандар сайысы»

Әр команданың капитандары берілген есепті шығарулары керек.

1-есеп

Жерден күнге дейінгі қашықтық 1,496×1011м.Жердің Күнді айналу периодын365,26 тәулік.Күннің массасын анықтаңдар?

2-есеп

Тыныштық күйден 0,2 м/с2 үдеумен қозғала бастаған автомабиль қанша уақыт ішінде 10 м жол жүреді?

3-есеп

Массасы 50 кг бала 5м/с жылдамдықпен жүгіріп келе жатып,2м/с жылдамдықпен келе жатқан массасы 100кг арбаның үстіне қарғып мінді.Осыдан кейін арба қандай жылдамдықпен қозғалады?

4-есеп

Массасы 40 кг бала 7 м/с жылдамдықпен жүгіріп келіп, 2 м/с жылдамдықпен сол бағытта қозғалған массасы 60 кг арбаға секіріп мінді. Осыдан кейін арба қандай жылдамдықпен қозғалады.

Сонымен,біздің сайысымыз өз мәзіріне жетті,әділ қазылар алқасынан топтардың бағасын сұраймыз.Ойынымыздың жалпы қорытындысын әділ қазылар есептегенше кезекті әнге береміз.Әуезов Нұрсұлтанның орындауындағы «Анашым» әнән қабыл алыңыздар.

Ендігі сөз кезегін әділ қазылар алқасына береміз.

Сонымен бүгінгі сайс кешіміз аяқталды.Келесі кездескенше сау болыңыздар!

1-есеп

Жерден күнге дейінгі қашықтық 1,496×1011м.Жердің Күнді айналу периодын365,26 тәулік.Күннің массасын анықтаңдар?

--------------------------------------------------------------------------------------------------------------

2-есеп

Тыныштық күйден 0,2 м/с2 үдеумен қозғала бастаған автомабиль қанша уақыт ішінде 10 м жол жүреді?

-------------------------------------------------------------------------------------------------------------------

3-есеп

Массасы 50 кг бала 5м/с жылдамдықпен жүгіріп келе жатып,2м/с жылдамдықпен келе жатқан массасы 100кг арбаның үстіне қарғып мінді.Осыдан кейін арба қандай жылдамдықпен қозғалады?

----------------------------------------------------------------------------------------------------------------------

4-есеп

Массасы 40 кг бала 7 м/с жылдамдықпен жүгіріп келіп, 2 м/с жылдамдықпен сол бағытта қозғалған массасы 60 кг арбаға секіріп мінді. Осыдан кейін арба қандай жылдамдықпен қозғалады

------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------

© 2010-2022