Ғылыми жұмыс ФИЗИКАНЫ ОҚЫТУДАҒЫ ПӘНАРАЛЫҚ БАЙЛАНЫСТЫҢ ТИІМДІЛІГІ

Раздел Физика
Класс 8 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:
Ғылыми жұмыс ФИЗИКАНЫ ОҚЫТУДАҒЫ ПӘНАРАЛЫҚ БАЙЛАНЫСТЫҢ ТИІМДІЛІГІ

Физиканы оқытудағы пәнаралық байланыстың тиімділігі

(Халықтық педагогика және әдебиет)


Ғылыми жетекші: Жумабаева С. Б.

Физика мамандығының студенті Акабаева М


Ы. Алтынсарин атындағы АрқМПИ

Ғылым мен техника дамып, адамзат қоғамы ХХІ ғасырдың табалдырығын аттап отырған кезеңде оқушыға белгілі көлемде,білім білік дағдыларын меңгертумен бірге оларды шығармашылық бағытта жан - жақты дамыту бүгінгі күннің басты талабы

Физиканы оқытуда пәнаралық байланыстың мәні зор. Пәнаралық байланыс оқушылардың жаңа тақырыпты жеңіл түрде меңгеріүіне,физикадан алған білімінің сапасын көтеруге мүмкіндік береді.Физиканы халық педагогикасы және әдебиетпен байланыстыра оқыту баланың пәнге деген қызығушылығын оятып, сонымен бірге ізденімпаздыққа үйретеді. « Адамға ең бірінші білім емес тәрбие керек ,тәрбиесіз берілген білім адамзаттың қас жауы», - деп әлемнің екінші ұстазы Әл - Фараби бекер айтпаған. Егер физиканы осы пәндермен біріктіріп оқытатын болсақ оқушының тәрбиелік мәнін арттыра түседі.жұмысты жазу барысында төмендегілерді мақсат етіп алдым:

  • Шығармашылық қызметке баулу;

  • Оқушының пәнге деген қызығушылығын және қажеттілігін туғызу;

  • Ізденушілік қасиеттерін жетілдіру;

  • Оқушының пәнге деген көзқарасын өзгерту;

  • Оқушыларды патриоттық рухқа тәрбиелеу.

Халық педагогикасына жататын өлең, дастан, айтыс, аңыз, әңгіме, батырлар жыры, ойындарда көптеген қызықты физикалық құбылыстар кездеседі. Тәжрибе жүзінде қарастырсақ:

  1. Өлең :

Өсімдік күннен алады ас,

Күн суық болса түпке қаш.

Дым тиіп,нұр кеп жылытса,

Өс тағы жайнап көңіл аш.

Шәкәрім

Бұдан шығатын қорытынды өсімдіктер күн сәулесінің әсерінен органикалық заттар түзеді,яғни жапырақта органикалық заттардың жарықта түзіліуі құбылысын байқауға болады.

  1. Айтыс:

Самауыр қажеті бар жарлы - байға.

Су мен шай мысал қылды тамағына,

Ләззаты бал - шекердей ішсең шай,

Бұзылар құймай суды қайнағанға

Сапарғали мен Нұржан айтысының үзіндісінен алынған мұндағы физикалық құбылыс шай бөлшектері судың барлық көлеміне тарап,араласуы. Сұйық молекулаларының үздіксіз әрі ретсіз қозғалысы,яғни қатынас ыдыстар. Жаңырық

  1. Мақал - мәтел:

Серт қылыштың жүзінде.

Физикалық мағынасы : Қылыш жүзінің ауданы неғұрлым аз болса,соғұрлым түсіретін қысымы көп болады, бұл қысым

Ғылыми жұмыс ФИЗИКАНЫ ОҚЫТУДАҒЫ ПӘНАРАЛЫҚ БАЙЛАНЫСТЫҢ ТИІМДІЛІГІ

  1. Ертегі :

« байқаса екі ұртында кішігірім бір көлдің суындай су қалған екен,бүркіп - бүркіп жіберіп еді қызыл жалын демде басылып, темір үй лезде суына қалды» «Күн астындағы күнекей қыз» ертегісінен физикалық мағынасы судың меншіктіжылу сыйымдылығын темірдің меншікті жылу сыйымдылығымен салыстыру,яғни заттың меншікті жылусыйымдылығы.

  1. Әңгіме:

« кенет трамвайдың жүрісі кілт баулағанда шал ілгері лықсып, құлай жаздап қалды» «Шал мен бала» әңімесінен физикалы құбылыс : шал өзінің инерция бойынша қозғалыстың жылдамдығының бағытын сақтауға тырысады. Бұл инерция құбылысы.

  1. Ойын:

Білек күші. Мұнда екі жақтың күштері бағыттары анықталады. Күш. Ньютон заңдары.

  1. Дастан:

Елсіз де аң бірге қаңырыпты,

Тау мен тас дауысына жаңырықты.

Жартаспен жаңырыққан жауаптасып,

Лебізі тиген жерді жандырыпты.

Физикалық құбылыс: тау тас кезіп жауаптасқанда жаңырықтың пайда болуы. Дыбыс толқындарын түсіндіреді.

Физика сабағында оқушының зейінін арттыруға, сабырмен тыңдай білуге, өзін - өзі ұстай білуге баулитын тәрбиелейтін мақал - мәтелдерді де қолданған тиімді. Халықтық педагогикаға жататын мақал - мәтелдерді физикамен байланыстырып көрсек

Мақал -мәтел

Физикалық ұғымы,құбылысы,шамасы.

Тәрбиелік мәні

Саусақ бірікпей,ине ілікпейді

Үйкенліс құбылысы

Бірлік береке табысқа жеткізеді

Қисық ағаштың көлеңкесіде қисық

Жарықтың түзу сызықпен таралыуы

Бұрыс істеген істің кесірі өзіңе тиеді.жақсылық істесең жақсылық көресің

Шапшаң жүргенге шаң жұқпас

Инерция құбылысы

Алған бағыттан алаңдамай еңбек етсең аз күшпен,көпке жетесің

Отқа салып ерітсеңде,алтын сірә жез болмас,

Аяққа шұлғау қисаңда,асыл жібек бөз болмас.

Заттың механикалық қасиеті

Көкірегі таза,жақсы адамға жамандаған жала жапқан сөз жұқпайды. Жақсылық шындық бәрін жеңгеді.

Жіп жіңішке жерінен үзіледі

Заттың беріктік шегі.

Қасиет - қабілет,білімдеріңнің олқы жерлерін анықтап,үзілмей тұрғанда толтыруға тырыс.

Бір сасық құмалақ,бір қарын майды шірітеді

Диффузия құбылысы

Бір жаман ісіңмен барлық істеген:а)жақсы іс істегеніңді жоясың,б)бүкіл ұжымға кір келтіретін боласың.

Шешен сөзінен сынады,

Ине көзінен сынады.

Заттың беріктік шегі

Сөздің мән - мағынасын түсініп ойлап ,байқап сөйлеу.

Бұл мақал - мәтелдер оқушылардың пәнге деген қызығушылығын оятып,ізденімпаздыққа, тәрбиелі,өнегелі оқушы болуға тәрбиелейді.

Қай елдің тарихына көз салсақта халқының мәртебе мерейін көтерген, мақтанышына айналған дарын иелері,дана ғұламалары болған.олай болса,Қарасазда туылып, қазағының ұлы болған, ғасыр ақыны Мұқағали Мақатаевтің есімі жалпы қазақ халқының баласына ыстық екені сөзсіз.

Халқымыздың ертегілерінде, салт - дәстүрлерінде, аңыз - әңімелерінде, табиғатты жырлаған ақындардың өлеңдерінде табиғат құбылыстары мен физикалық заңдылықтардың бір - бірімен астасып жатқаны белгілі. Ендеше физика табиғатты зерттейтін ғылым болғандықтан,ол табиғат құбылыстарының құпия сырларын түсіндіретін болса,әдебиет сол құбылыстарды әсерлеп,көркемдеп сүреттей отырып жеткізеді.ал оқушылардың бойына сіңіретін қазіргі және болашақ педагогтар біз емеспізбе? Ендеше бұл екі пәннің арасында байланыс барлығын ақындардың табиғат жайлы жырлаған өлеңдерін көруге болады.

Менің әдебиетпен физиканы байланыстырып, Мұқағали поэзиясын алудағы бірден - бір алға қойған мақсатым: «Қазақстан - 2050» стратегиясында баяндалғандай «Өз бойымызда және балаларымыздың бойында жаңа қазақстандық патриотизмді тәрбиелеуіміз керек. Бұл ең алдымен елге және оның игіліктеріне деген мақтаныш сезімін ұялатады. 2050 жылға қарай біз Қазақстанның кез келген азаматы ертеңгі күнге, болашаққа өте сенімді болатындай саяси жүйе құруымыз керек». Мұны жазған себебім: Мұқағали поэзиясындағы өлең шумақтарын физика сабағында қолдана отырып, оқушыларға ғылыми тұрғыдан білім беру және сонымен бірге оларды адамгершілігі мол, елін, жерін сүйетін, патриоттық рухта тәрбиелеуге үлес қосу.

Әдебиет пен физиканың байланысын қарастырсақ: М.Мақатаевтің «Таудағы көктем» өлеңінде

«Қасқа бұлақ,

Тастан құлап

Бара жатр шапқылап» - деген жолдарға назар салайық. Ақынның бұл өлеңі физика пәнімен тікелей байланысты. Бұл арада тастан құлап аққан бұлақтың потенциалдық энергиясының кинетикалық энергияға айналыуымен,яғни,энергияның бір түрден екінші бір түрге ауысып отыратындығын түсіндіреміз.

« Қара саздың шыбығын жел тербеген,

Жел тербегер шыбықты мен тербегер»,

- деген шумағында физикада соққан желдің тарапынан шыбықтың тербелісі сыртқы периодты күштердің әсерінен болған еріксіз тербелісті сипаттайды. Міне осындай мысалдарды келтіре отырып халық педагогикасы мен әдебиеттегі физиканы ашып көрсетіп пәнге деген қызығушылықты арттырары сөзсіз.

Осы ізденісім Қазақстанның білім беру жүйесін дамытудағы инновациялық бағыт болады деген үміттемін!!!


Пайдаланған әдебиеттер

  1. С.Қалиев, Ж. Молдабеков. Б, Иманбеков «Этнопедагогика» «Фолиант», Астана, - 2007.

  2. Ш.Құрманалина,Б.Мұқанов,Ә.Ғалымова,Р.Илясова «Педагогика» фолиант Астана 2010.

  3. «Математика және физика» журналы, №5, 2010жылы.

  4. «Математика және физика» журналы, №10, 2012жылы.

  5. М.Мақатаев «Өмір - өзен» өлеңдермен толғаулар А,. «Жазушы»,1976.

  6. М.Мақатаев «Шуағым менің» өлеңдер мен поэмалар А,. «Жазушы»,1975.

  7. И.В. Фриш.А.В.Тиморева «Жалпы физика курсы» 1998



© 2010-2022