ИНФ апталығына Білімділер керуені атты сайыс сабақ

Сабақтың тақырыбы:               Білімділер керуені Сабақтың мақсаты: Білімділік:                 Мұғалімдердің лидерлік қасиетін ұштап, аналитикалық қабілетін ашу, интеллектуалдық деңгейін арттыру.   Дамытушылық:      Мұғалімдердің логикалық ойлауын, танымдық қызығушылығын, ақыл-ойын жан-жақты дамыту.   Тәрбиелік:                Пәнге, білімге, шығармашылыққа, ойын еркін жеткізе білуге, топта бірлесе жұмыс істеуге тәрбиелеу.   Сабақтың түрі:сайыс сабақ Сабақтың әдісі: топтастыру, сұрақ-жауап,...
Раздел Физика
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

ИНФ апталығына Білімділер керуені атты сайыс сабақИНФ апталығына Білімділер керуені атты сайыс сабақИНФ апталығына Білімділер керуені атты сайыс сабақИНФ апталығына Білімділер керуені атты сайыс сабақИНФ апталығына Білімділер керуені атты сайыс сабақИНФ апталығына Білімділер керуені атты сайыс сабақИНФ апталығына Білімділер керуені атты сайыс сабақИНФ апталығына Білімділер керуені атты сайыс сабақИНФ апталығына Білімділер керуені атты сайыс сабақИНФ апталығына Білімділер керуені атты сайыс сабақИНФ апталығына Білімділер керуені атты сайыс сабақИНФ апталығына Білімділер керуені атты сайыс сабақИНФ апталығына Білімділер керуені атты сайыс сабақИНФ апталығына Білімділер керуені атты сайыс сабақИНФ апталығына Білімділер керуені атты сайыс сабақИНФ апталығына Білімділер керуені атты сайыс сабақИНФ апталығына Білімділер керуені атты сайыс сабақИНФ апталығына Білімділер керуені атты сайыс сабақСабақтың тақырыбы: Білімділер керуені

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Мұғалімдердің лидерлік қасиетін ұштап, аналитикалық қабілетін ашу, интеллектуалдық деңгейін арттыру.

Дамытушылық: Мұғалімдердің логикалық ойлауын, танымдық қызығушылығын, ақыл-ойын жан-жақты дамыту.

Тәрбиелік: Пәнге, білімге, шығармашылыққа, ойын еркін жеткізе білуге, топта бірлесе жұмыс істеуге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі:сайыс сабақ

Сабақтың әдісі: топтастыру, сұрақ-жауап, ойын элементтері

Пәнаралық байланыс: информатика, физика, математика, қазақ тілі

Сабақтың көрнекілігі: Интерактивті тақта, слайд, шар.


Сабақтың барысы:

I. Ұйымдастыру кезеңі:

Ұйымдастыру кезеңінде әр бірлестіктен 1 мұғалім өзімен бірге 1 оқушыны алып шығады.

Ерсайын:

Ассалаумағалайкум, халайық,

Сайыстың бетін ашайық.

Сұраққа шешу табайық,

Жер ұйығы - білімнің,

ИФМ деген ғылымның

Жаннат жеріне барайық.

Бұл думанды кеште біз,

Нәр білімді, бар өнерді,

Көрсетіп бір қалайық.

Мақал-мәтел жұмбақтар,

Сырлы сауал сұрақтар,

Есепті шығар ойланып,

Жеңіске жетер жүйрік топ,

Думанды кешті тойлайық.

Жадыра:

Сәлеметсіздер ме құрметті ұстаздар мен оқушылар! Бүгінгі біздің «Білімділер керуені» атты сайысымызға қош келдіңіздер!

Бүгінгі сайысымыздың әділ-қазы алқасымен таныстырып өтейік. Әділ-қазы алқасының төрағасы Юсупов Рустем,

Мүшелері: Шаукенова Биғайша,

Калкаманова Аманбибі,

Армысыздар осында жиналғандар

Сіздерді қызықтырар небір сыр бар

Рұқсат берсе, біздерге көрермендер

Кешімізді басталық қатысушылар- дей келе сайысымыздың шарттарымен таныстырып өтейік.

Ерсайын:

«Білімділер керуені» сайысымыз 8 тур бойынша өткізіледі.

I тур. Таныстыру кезеңі (Ұраны, топ аты)

II тур. «Ойлан тап!» (Сұрақ-жауап)

III тур. «Тапқыр болсаң, тауып көр!» (Жұмбақ)

IV тур. «Білгенге маржан!» (Мақал-мәтелдер )

V тур. «Аз сөйле, терең ойла» (Логикалық сұрақтар)

VI тур. «Жанкүйерлер сайысы» (Әр топтың жанкүйері сайысады)

VIIтур. «Біз білмейтін бір қырыңыз» (Өнер)

Жадыра:

Тыңдаңыздар! Тыңдаңыздар! Тыңдаңыздар! Құрметті ұстаздар, оқушылар және жанкүйерлер! Барлықтарыңыз бізбен бірге қызықты «МИФ» әлеміне аттануға шақырамыз. Өздеріңізбен бірге ойлау жылдамдығын, тапқырлықты, шапшаңдықты алып жүруді ұмытпаңыздар!

Ерсайын:

Сіздерге сәттілік әкелетін, әрі көтеріңкі көңіл-күй сыйлайтын « ИНФ апталығына Білімділер керуені атты сайыс сабақ » сынып оқушысы Көшкінбай Назеркені «Туған жер» деген әнімен ортамызға шақырамыз.

Жадыра:

I тур. Таныстыру кезеңі. Бұл турда әр топ өз тобын таныстырады. Таныстыруға жоғары ұпай - 5 ұпай.

Ерсайын:

II тур. «Ойлан тап!» (Сұрақ-жауап) Бұл турда әр топқа 2 минут ішінде 9 сұрақ беріледі. Әр топ өз орнында, берілген қағаздағы сұрақ тұсына өз жауаптарын жазады. Кез-келген топ мүшесі уақыт біткеннен кейін сұрақтарды жауаптарымен оқиды. Әр сұрақтың бағалануы - 5 ұпай.

1 топтың тапсырмасы:

Адамның денсаулығына зиянды компьютер құрылғысы? (Монитор)

Деректерді сақтауға арналған құрылғы? (Жад)

Сурет салуға арналған бағдарлама? (Paint)

Жылдамдықты өлшейтін құрал? (Спидометр)

Оптикалық шыныдан жасалатын зат? (Линза)

Жерді қоршап тұрған ауа қабығы? (Атмосфера)

Жай бөлшектер нешеге бөлінеді? (2ге Бұрыс және дұрыс)

Әлемнің жеті кереметін ашқан пән? (Геометрия)

Ең үлкен екі таңбалы сан? (99)

2 топтың тапсырмасы:

Компьютердің жанына қойылатын өсімдік? (Кактус)

Компьютерден өшірілген құжаттар сақталады? (Корзина)

Windows cөзінің қазақша аудармасы? (Терезе)

Қай планетаның сақинасы бар? (Сатурн)

Мұз қай температурада ериді? (ИНФ апталығына Білімділер керуені атты сайыс сабақ)

Ең жақын жұлдыз? (Күн)

Екі теріс санның көбейтіндісі? (Оң сан)

Тік төртбұрыштың ауданын есептейтін формула? (Sаb)

Ең кіші ұзындық өлшемі? (мм)

3 топтың тапсырмасы:

Windows-тың негізгі экраны? (Жұмыс үстелі)

Ауқымды желіге қосылу үшін қажет құрылғы? (Модем)

Компьютер сөзі латын тілінен аударғанда қандай мағына білдіреді? (Есептеу)

Бізді қоршаған орта? ( табиғат )

Температураны өлшейтін құрал? (термометр)

Судың қатты күйі? (мұз)

Тік бұрыш қандай бұрыштан үлкен? (сүйір)

60-тың 50%-ын тап? (30)

Теріс санның модулі? (оң сан)

4топтың тапсырмасы:

Қазіргі кезде кең таралған операциялық жүйе? (Windows )

Компьютердің «миы»? (процессор)

Дүниежүзілік компьютерлер арасындағы байланыс ортасы? (интернет)

Зат неден тұрады? (молекула)

Аспан денелері туралы ғылым? (астрономия)

Молекулалардың ретсіз қозғалысы? (жылулық қозғалыс)

Санның ноль дәрежесі неге тең? (1-ге)

Қарама-қарсы сандардың қосындысы? (0)

Натурал сан не үшін керек? (санау үшін)

5 топтың тапсырмасы:

Ақпараттық процестерді жүзеге асыратын құрылғы? (компьютер)

Екілік жүйенің сандары? (0,1)

Компьютердің ақпаратты уақытша сақтайтын құрылғысы? (оперативті жады)

Дене пішінін немесе өлшемдерін өзгертуі? (деформация)

Диффузия қай күйде тез өтеді? (газда)

Дененің жүріп өткен жолы? (траектория)

Екі қатынастың теңдігі? (пропорция)

Параллелепипедтің неше қыры бар? (12)

1кг тас ауырма, 1 кг мақта ауырма? (тең)

6 топтың тапсырмасы:

Жою пернесі? (Delete)

Ақпапаратты процестерді зерттейтін ғылым? (информатика)

Компьютердің экранына ақпаратты шығаратын құрылғы? (дисплей немесе монитор)

360 минуттан неше сағат шығады? (6 сағат)

Ең үлкен уақыт өлшемі? (Ғасыр)

Молекулалардың бір-біріне өту құбылысы? (диффузия)

Бір жылда неше күн бар? (365 немесе 366)

Жазыңқы бұрыштың шамасы неге тең? (ИНФ апталығына Білімділер керуені атты сайыс сабақ)

Қандай сан 9-ға қалдықсыз бөлінеді? ( цифрлардың қосындысы 9-ға бөлінсе)

Жадыра:

Ойлан тап кезеңін аяқтап болсақ ендігі кезекті әнге берейік. Алдарыңызда «ИНФ апталығына Білімділер керуені атты сайыс сабақ» сынып оқушысы Жоламан Манастың орындауында «Бол жанымда» әні.

III тур. «Тапқыр болсаң, тауып көр!» Бұл кезеңде әр топтың 1 мүшесі ортаға шығып, жасырылған жұмбақтың жауабын шешеді. Егер шешімін таба алмай қалған жағдайда, қарсылас топ топ жауап беруге мүмкіндік алады. Бағалануы әр жұмбақ - 10 ұпай.

1 топ тапсырмасы:

1. Жай көзге көрінбейді

Қозғалуға ерінбейді (Молекула)

2. Батырманы басасың

Қажетіңді ашасың (enter батырмасы)

3. Дүниеде бүтін сан бола бермейді,
Көңілге армандаған қона бермейді.
Бүтін нәрсе бөлігін көрсететін
Қандай сан бар, достарым айтыңдаршы. (Бөлшек сан)

2 топ тапсырмасы:

1. Компьютерге енеді

Қағазға басып береді (принтер)

2. Өзі затты құрайды

Теңелуге таразыны сұрайды (масса)

3. Түзудің бір бөлігі
Екі шеткі нүкте көрігі
Ұзындығы және бар
Айтшы сыйлық сенікі (Кесінді)

3 топ тапсырмасы:

1. Ақпаратты сақтап таратқан

Жұртты өзіне қаратқан (тасмалдаушы дискілер)

2. Жоғарыламайды ешқашан,

Түрлендірсең егерде.

Басқа күйге ауысса

Жұмыс істейді ар қашан (энергия)

3. Нүктеден екі сәуледен
Құрылған айтшы бұл не екен? (Бұрыш)

4 топ тапсырмасы

1. Егер білсен айтағойшы

Бұл қандай құрылғы

Ақпаратты қағаздағы

Компьютерге енгізеді (сканер)

2. Көтерілсе жоғары

Ерітер мұхит мұздарды

Төмен түссе шамалы

Сездірер суық ызғарды (температура)

3. Егіз туған қос жүйрік
Жарысқа шауып терлейді.
Бірін - бірі көрмейді
Бір мәреге келмейді. (Параллель тузулер)

5 топ тапсырмасы

1. Төртбұрыш әйнек

Тұнып тұрған әлек (монитор)

2. Қозғалысқа келтіріп

Жылдамдығын береді

Өлшем бірлігін қарасан

Ньютонға келеді (күш)

3. Бірдей сан бірнеше рет,
Көбейтуден тұрады.
Егер оны ықшамдасаң
Қандай атау болады (Дәреже)

6 топ тапсырмасы

1 Ұзын тұра Жалқаубек

Тұрмай ылғй жатады

Қозғала салса артынан

Ешбір белгі калмайды (бос орын пернесі)

2 Оңынан оқы тіршілік нәрі

Солынан оқы онсыз адам,

Өсімдік, аң, құс

Әп сәтте сөнер

Тұншығып бәрі (АУА)

3. Он екі бұтағы бар алып емен,
Елу екі шыбық тарап өсіп өнген.
Шыбық сайын жетіден жапырағы,
Бар ма еді, сондай ағаш көзің көрген

(12ай, 1жылда 52апта, 1аптада 7күн)

Ерсайын:

IV тур. «Білгенге маржан!» Бұл кезеңде информатикаға байланысты мақал-мәтелдер айтылады. Айтылған мақал-мәтелдерді өмірдегі мақал-мәтелдермен байланыстырады. Тапқан әр мақал-мәтелге 10 ұпайдан беріледі.

1 топ тапсырмасы:

Вирустан қорыққан интернетке шықпас

(Шегірткеден қорыққан егін екпес)

2 топ тапсырмасы:

Антивирусы көпті вирус алмайды

(Досы көпті жау алмайды)

3 топ тапсырмасы:

Баяғы компьютер сол баяғы компьютер

(Баяғы жартас - сол жартас)

4 топ тапсырмасы:

Байт биттен құралады

(Теңге тиыннан құралады)

5 топ тапсырмасы:

Күлсең ескірген компьютерге күл

(Күлсең кәріге күл)

6 топ тапсырмасы:

Компьютер ашуын интернеттен алады

(Ит ашуын тырнадан алады)

Жадыра:

V тур. «Аз сөйле, терең ойла». Бұл кезеңнің басқа кезеңнен айырмашылығы бұл кезеңде әр топқа 2 логикалық сұрақтар қойылады. Дұрыс жауапқа 10 ұпайдан беріледі.

1 топ тапсырмасы:

1. Екі адам тоғыз құмалакты 2 сағат ойнаса әр кайысы неше сағат ойнайды? (2 сағ)

2. Дүкеннен мен сабын алдым,

Оның және қабын алдым.

Екі дәптер, бір қарындаш

Тіс ысқышты тағы алдым.

Есептеші сонда бәрі

Қанша болды қолда бары (6)

2 топ тапсырмасы:

1. Бір-бірімен жарысқан,

Төрт аю, бір арыстан

Екі қой мен бір түлкі,

Бәрі нешеу, кім білді? (8)

2. Жанұя да 5 ұл,әр ұлдың бір-бір қарындасы бар,жанұяда нешебала бар? (6 бала бар)

3 топ тапсырмасы:

1. Түйе, бота маң басқан,

Төрт аяғын тең басқан.

Шұнақ құлақ бес ешкі,

Қос лақты қос ешкі.

Төрт қозылы екі қой,

Бәрін бірге санап қой (13)

2. 1 жұмыртқаны 3 минутта пісірсе, 5 жұмыртқаны неше минутта пісіреді? (3 минутта)

4 топ тапсырмасы:

1. Үш бала 17 бауырсақ жеді. Ең көп жегені - Тимур. Аз дегенде Тимур неше бауырсақ жеген? (7)

2. Сапырып-сапырып Сарманға бер,

Құйып-құйып Құрманға бер.

Есіктегі екеуге бер,

Төрдегі төртеуге бер.

Өзің іш те, маған бер (10)

5 топ тапсырмасы:

1. Үстелдің 4 бұрышы бар, бір ұшын кесіп тастаса, неше бұрышы қалады? (5 бұрышы)

2. Барлық жылқының үштен бірі және екеуі бөлініп алынды. Бұдан соң қалған жылқының жартысы айдалып кетті. Сонда өрісте 9 жылқы қалды. Бастапқыда неше жылқы болған? (18 жылқы)

6 топ тапсырмасы:

1. Қандай ыдыстан тамақ ішпейді? ( Бос ыдыстан)

2. 4 пен 5-тің арасына қандай таңба қойылғанда, 4-тен артық, 5-тен кем сан шығады? (үтір)

Ерсайын:

VI тур. «Жанкүйерлер сайысы»Бұл кезеңде көрермендердің ішінен алты оқушы ортаға шақырылады. Сиқырлы қоржынның ішінен бір тапсырманы алып берілген тапсырманы орындайды. Берілетін баға - 5 ұпай.

1 тапсырма:

Тақтаға бір мезетте екі қолына бор алып оң қолымен шеңбер, сол қолымен тік төртбұрыш салу керек.

2 тапсырма:

Логикалық сұрақ: Бір бала ас үйде тарақандарды ұстап жүріп,5-ін өлтірді, ал 3 есе көбін жаралады.3 тарақанды өте ауыр жаралады және олар жарақаттарынан өліп қалды, ал қалғандары тіріліп кетті,бірақ балаға ренжіп көршілеріне мүлдем кетіп қалды.Көршілеріне неше тарақан кетіп қалды? (12)

3 тапсырма:

Біз қойған әуенге сол елдің ұлттық биін билеп беріңіз.

4 тапсырма:

Біз қойған әуенге сол елдің ұлттық биін билеп беріңіз.

5 тапсырма:

Берілген суреттен айырмашылықты табыңыз.

6 тапсырма:

Қосымша ұпай ( бонус )

Жадыра:

VII тур. «Біз білмейтін бір қырыңыз» Ортаға шығып мұғалімшіліктен басқа біз білмейтін бір өнеріңізді көрсетіңіз.

Ерсайын:

Өрбітіп ойлар ойда қала берер,

Білім сана толастап жана берер.

Әділқазыларды ортаға шақырайық.

Сайыскерлерге әділ баға берер.

(Әділқазылар алқасына сөз беріледі)

Жадыра:

Қадірлі ұстаздар мен оқушылар, сайыскерлер үшін атсалысып, уақыттарыңызды бөліп келгендеріңіз үшін мыңда бір рахмет айтамыз!

Ғылым дами берсін ғаламдағы,

Білімді үйренейік жаңа замандағы.

Аман-сау тұрыңыздар, осыменен,

Білімділер керуені тәмамдалды!



© 2010-2022