• Преподавателю
  • Физика
  • Сабақ жоспары, Механикалық қозғалыс. Санақ денесі. Қозғалыстың салыстырмалылығы (7сынып)

Сабақ жоспары, Механикалық қозғалыс. Санақ денесі. Қозғалыстың салыстырмалылығы (7сынып)

Раздел Физика
Класс 7 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақ жоспары, Механикалық қозғалыс. Санақ денесі. Қозғалыстың салыстырмалылығы (7сынып)Сабақ жоспары, Механикалық қозғалыс. Санақ денесі. Қозғалыстың салыстырмалылығы (7сынып)Сабақ жоспары, Механикалық қозғалыс. Санақ денесі. Қозғалыстың салыстырмалылығы (7сынып)Сабақ жоспары, Механикалық қозғалыс. Санақ денесі. Қозғалыстың салыстырмалылығы (7сынып)Сабақ жоспары, Механикалық қозғалыс. Санақ денесі. Қозғалыстың салыстырмалылығы (7сынып)Сабақ жоспары, Механикалық қозғалыс. Санақ денесі. Қозғалыстың салыстырмалылығы (7сынып)Сабақ жоспары, Механикалық қозғалыс. Санақ денесі. Қозғалыстың салыстырмалылығы (7сынып)Сабақ жоспары, Механикалық қозғалыс. Санақ денесі. Қозғалыстың салыстырмалылығы (7сынып)Сыныбы: 7

Пәні: физика және астрономия

Сабақтың тақырыбы: ІІІ тарау. Қозғалыс. §11 Механикалық қозғалыс. Сагақ денесі. Қозғалыстың салыстырмалылығы.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: денелердің механикалық қозғалысы, санақ денесі, санақ жүйесі және қозғалыстың салыстырмалылығы туралы мағлұматтар беру.

Дамытушылық: оқушылардың ой-өрісін дамытуға, пікір таластыруға, өзбетімен ізденуге, өзіндік қор жасауға дағдыландыру.

Тәрбиелік: кәсіби мамандыққа баулу, іскерлікке, ұқыптылыққа, ынтымақтастыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: жаңа сабақты меңгерту

Сабақтың әдісі: түсіндірмелі, сұрақ - жауап, топтық жұмыс

Сабақтың көрнекілігі: плакаттар, зертханалық приборлар(тұрғы, шарик,жіп, стакан, т.б.) бағалау кестелері

Сабақтың құрылымы:

І . Ұйымдастыру кезеңі. (2 мин)

ІІ. «Кім жылдам?» ойыны (үй тапсырмасын сұрау). (10 мин)

ІІІ. «Қызықты тәжірибе» (үй тапсырмасы). (5 мин)

ІV. «Ой қозғау» (жаңа сабақты түсіндіру). (15 мин)

V. «Сергіту сәті» (3 мин)

VІ. «Ойлан, тап!» (сабақты бекіту). (5 мин)

VІІ. Бағалау. Үй тапсырмасын беру. (5 мин)

Сабақтың барысы:

І . Ұйымдастыру кезеңі (2мин)

Оқушылардың сабаққа даярлығын, қатысуын шолып өту, оқу құралдарын түгендеу.



ІІ. «Кім жылдам?» ойыны (үй тапсырмасын сұрау). (10 мин)

§10. Заттың күйлері және оларды молекулалы - кинетикалық көзқарас негізінде түсіндіру тақырыбы бойынша сұрақтарға жауап беру.

3

4

4



2





5



7

1





6



9





8







  1. Температураның өзгеруіне байланысты зат қанша күйде болады?

  2. Газдар дегеніміз не?

  3. Қатты дененің қасиеті қандай?

  4. Кристалл денелер дегеніміз не?

  5. Сұйық дененің қасиеті қандай?

  6. Аморф денелер дегеніміз не?

  7. Кез келген заттың күйін қалай анықтаймыз?

  8. Күннен алыс орналасқан планеталарда температура қанша градусқа дейін жетеді?

  9. Плазма дегеніміз не?

ІІІ. «Қызықты тәжірибе» (үй тапсырмасы) . (5 мин)

«Қатты», «Сұйық», «Газ» тобының топ басшылары ортаға шығып жасайтын тәжірибелерін жеребе бойынша таңдап алады.

1 тәжірибе: Қатты денелерге тәжірибе жасаңыз.

2 тәжірибе: Сұйық денелерге тәжірибе жасаңыз.

3 тәжірибе: Газ күйіне тәжірибе жасаңыз.

ІV. «Ой қозғау» (жаңа сабақты түсіндіру) . (15 мин)

Қозғалып бара жатқан денелердің суреттерін топтамасын көрсету, «Бұл денелерге ортақ не тән?» деген сұрақ қою арқылы ой тастау. (оқушы жауабы: қозғалыс)



ҚозғалысСабақ жоспары, Механикалық қозғалыс. Санақ денесі. Қозғалыстың салыстырмалылығы (7сынып)Сабақ жоспары, Механикалық қозғалыс. Санақ денесі. Қозғалыстың салыстырмалылығы (7сынып)Сабақ жоспары, Механикалық қозғалыс. Санақ денесі. Қозғалыстың салыстырмалылығы (7сынып)Сабақ жоспары, Механикалық қозғалыс. Санақ денесі. Қозғалыстың салыстырмалылығы (7сынып)Сабақ жоспары, Механикалық қозғалыс. Санақ денесі. Қозғалыстың салыстырмалылығы (7сынып)

Сабақ жоспары, Механикалық қозғалыс. Санақ денесі. Қозғалыстың салыстырмалылығы (7сынып)Сабақ жоспары, Механикалық қозғалыс. Санақ денесі. Қозғалыстың салыстырмалылығы (7сынып)Сабақ жоспары, Механикалық қозғалыс. Санақ денесі. Қозғалыстың салыстырмалылығы (7сынып)

Біз өміріміздің алғашқы күндерінен бастап-ақ айналамыздағы болып жатқан алуан түрлі өзгерістерге, әсіресе дыбыс, қозғалыс сияқты физикалық құбылыстарға ерекше назар аударамыз.

Бізді қоршаған әлемнен әр түрлі қозғалыстарды жиі бақылауға болады. Мысалы, аспандағы қалықтаған бұлтты, ұшып бара жатқан ұшақты, жүріп келе жатқан машинаны, піскен алманың жерге құлап түскенін, үстел үстімен қозғалаған арбашаны, серіппеде тербеліп тұрған шарды және тағы басқаларды көреміз. Бұл жағдайлардың бәрінде де дене қозғалды дейміз. Зейін қойып қарасақ, осы келтірілген мысалдардың барлығына ортақ құбылыс-дененің басқа денелермен салыстырғанда бастапқы орнының өзгеруі болып табылады.

Бұл мысалдардан мынадай маңызды тұжырым жасауға болады: денелер уақыттың өтуіне қарай бір-бірімен салыстырғанда бастапқы орнын өзгерте алады.

Денелердің бөліктері де уақыттың өтуіне қарай бір-бірімен салыстырғанда бастапқы орнын өзгерте алады. Дене тұтасымен қозғала ма?

Әлде кейде оның бөліктері де қозғала ма екен?

V. Сергіту сәті (3 мин) - бәріміз орнымыздын тұрамыз, қолымызды алға созып, тігінен тұрамызда 3 рет отырып тұрамыз.

Бұл тәжірибеден не байқадыңыздар?

Оқушылар жауабы: аяғымызбен бірге қолымызда қозғалды.

Олай болса, бұдан қандай қорытынды жасауға болады?

Денелердің бөліктері де уақыттың өтуіне қарай бір-бірімен салыстырғанда бұрынғы орнын өзгерте алады.

Физиканың механика деп аталатын бөлімі денелердің: жүретін, әуеде ұшатын, суда жүзетін көліктердің; зымырандардың, планеталардың, олардың жасанды серіктерінің; аспан денелерінің қозғалысын зерттейді. Бұл денелердің қозғалысын механикалық қозғалыс деп атайды.

Сонымен, дененің уақыт өтуіне қарай басқа денелериен салыстырғандағы орнының өзгеруі механикалық қозғалыс деп аталады.

Санақ денесі - қозғалмайды деп есептелетін басқа дененің қозғалысы соған қарап салыстырып қарастырылатын дене. Демек кез келген механикалық қозғалыс салыстырмалы. Абсолют тыныштықта болатын дене жоқ.

Сабақ жоспары, Механикалық қозғалыс. Санақ денесі. Қозғалыстың салыстырмалылығы (7сынып)

Қозғалыс-барлық денелерге, табиғаттағы нәрселердің бәріне, бүкіл материялық дүниеге тән қасиет.

Санақ жүйесі. Зерттеліп отырған қозғалысты сипаттау үшін дененің уақытқа байланысты өз орнын қалай өзгертетінін білу керек. Ол үшін санақ денесімен байланысқан координата жүйесін сызамыз.

Сабақ жоспары, Механикалық қозғалыс. Санақ денесі. Қозғалыстың салыстырмалылығы (7сынып)

Координата жүйесі суретте көрсетілгендей, өзара тікбұрыш жасап қиылысатын үш түзу сызықтан тұрады. Санақ денесі осы түзулердің қиылысу нүктесінде, яғни О нүктесінде қиылысқан деп есептеледі.

Санақ денесімен байланысқан сызықтар жүйесін координа жүйесі деп, ал сызықтардың қиылысу нүктесін санақ басы немесе координата басы деп атайды.

Сонымен, санақ жүйесі деп санақ денесімен байланысқан координата жүйесі мен сағатты айтамыз.

VІ. «Ойлан, тап!» (сабақты бекіту). (5 мин)

Қозғалып келе жатқан жолаушылар поезының вагонындағы үстелде кітап жатыр. Кітап. 1. «Қатты» тобына: үстелге, рельске

2. «Сұйық» тобына: вагонға, еденге

3. «Газ» тобына: телеграф бағаналарына, жерге қатысты тыныштықта тұра ма, әлде қозғалыста ма?

VІІ. Бағалау. (3 мин)

р/с

Оқушының аты-жөні

Үй тапсырмасын сұрау

Жаңа сабақ

Сабақты бекіту

«Кім жылдам?» ойыны

«Қызықты тәжірибе»

Ой қозғау

Сергіту сәті

«Ойлан, тап!»

1

Қылышбай Нұржан топ басшысы






2

Есенгелді Жансая






3

Рахи Нағима






4

Қали Айзина






5

Кеңес Ерсұлтан






Үй тапсырмасын беру. (2 мин) ІІІ тарау. Қозғалыс. §11 Механикалық қозғалыс. Санақ денесі. Қозғалыстың салыстырмалылығы. 8-тапсырма







© 2010-2022