11 сынып емтихан билеті

Раздел Физика
Класс 11 класс
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:


2014 - 2015 оқу жылдарындағы физика пәні

бойынша орта мектепке арналған

емтихан билеттері


1 - билет.

1. Механикалық қозғалыс.Қозғалыс салыстырмалылығы.Санақ жүйесі.Материялық нүкте.

Траектория.Жол және орын ауыстыру.

2. Жылу қозғалтқыштың ПӘК-і. Жылу қозғалтқыштың жұмыс істеу принципі.

3. Кедергісі 11,9 Ом сыртқы тізбек Э.Қ.К-і 6В, ішкі кедергісі 0,1 Ом ток көзімен

қоректенеді. 10 минутта жалпы тізбектен қанша жылу бөлінеді? 2- билет.

1. Электр тогы. Ток күші. Тізбек бөлігіне арналған Ом заңы. Өткізгіш кедергісі.

2. Дыбыс толқындары. Дыбыс жылдамдығы. Дыбыс қаттылығы. Және дыбыс тоны.

Жаңғырық.

3. Сыйымдылығы 5 мкФ 200в потенциалдар айырымына дейін зарядталған конденсатор

өткізгіш арқылы 0,001 с-та разрядталды.Разряд кезіндегі ток күшінің орта мәні неге

тең ?

3 - билет.

1. Масса. Күш. Ньютонның екінші заңы. Күштерді қосу.

2. Ауа ылғалдылығы.

3. Бір мезгілде бір бағытта бір нүктеден екі дене - біреуі 10 м/с-пен, ал екіншісі бірқалыпты үдемелі , бастапқы жылдамдықсыз 1 м/с2-пен қозғалды. Екінші дене бірінші денені қанша уақыттан соң қуып жетеді?

4 - билет.

1. Зарядталған денелердің өзара әрекеттесуі. Кулон заңы. Электр зарядының сақталу

заңы.

2. Радиоактивтілік. Альфа- және бета - бөлшектер және гамма сәулелену.

3. 200С температурадағы , көлемі 40м3 бөлмедегі ауа ның салыстырмалы ылғалдылығы

20%. Ылғалдылықты 50 %- ға дейін көбейту үшін қанша суды буландыру керек?

200С температурадағы қаныққан бу тығыздығы 17,3*10-3кг/м3

5 - билет.

1. Гармоникалық тербелістер. Амплитуда, период, жиілік. Математикалық маятник.

2. Электромагтниттік индукция. Магнит ағыны. Электромагтниттік индукция заңы. Ленц

ережесі.

3. Желқозғалтқышының бұрыштық жылдамдығы -6 рад/ с. Егер сызықтық жылдамдығы 20 м/с болса , центрге тартқыш үдеуі неге тең?

6 - билет.

1 Механикалық қозғалыс. Қуат. Кинетикалық және потенциялық энергиялар.

Механикалық энергияның сақталу заңы.

2. Электромагниттік толқындар шкаласы.

3. Тұрақты 200Н күшпен әсер ете отырып , массасы 10 кг жүкті көтереді.10м биіктіктегі

кинетикалық энергиясын анықта?

7- билет.

1. Идеал газ күйінің теңдеуі. Универсаль газ тұрақтысы. Изопроцесстер.

2. Электр өрісіндегі заряд орын ауыстырғандағы жұмыс.Потенциалдар айырымы.

3. 0,6 с ішінде индуктивтік катушкадағы ток 1 А -ге өзгергенде ,катушкада э.қ.к-і 0,2 мВ

болды.Катушка индуктивтілігін анықта?

8- билет.

1. Ток жұмысы және қуаты. Электр қозғаушы күш. Толық тізбек үшін Ом заңы.

2. Жарықтың сыну заңы.

3. Горизонталь бағытта 20 м/с жылдамдықпен ұшып келе жатқан ядро массалары 10 және 5 кг екі жарықшаққа бөлінді. Массасы аз бөлігі нің жылдамдығы 90 м/с және ғытта қозғалады.Үлкен жарықшақтың жылдамдығын анықта?

9- билет.

1. Жарықтың шағылу заңы. Жазық айнадағы кескін.

2. Дене импульсы. Импульстың сақталу заңы. Реактивтік қозғалыс.

3. Берілген массадағы сутегі нің температурасы 200К, қысымы 0,4 кПа . Егер газды 1000К

температураға дейін қыздырсақ, сутегі молекулалары атомдарға түгел ыдырайды.

Егер газ көлемі мен массасы өзгермесе , қысымын анықтаңыз?

10 - билет.

1. Өздік индукция. Индуктивтілік. Магнит өрісінің энергиясы.

2. Булану және конденсация. Қаныққан және қанықпаған бу. Сұйықтың қайнау

температурасының қысымға тәуелділігі.

3. 20 минутта қуаты 800 Вт электр чайнигінде 1,5 л суды қайнатуға болады.

Су тығыздығы 1000 кг/м3 болса, чайниктің П.Ә.К-ін анықта?

11- билет

1. Гармоникалық тербелістегі энергияның түрленуі. Еріксіз тербелістер. Резонанс.

2. Ньютонның бірінші заңы. Инерциялық жүйелер. Ньютонның үшінші заңы.

3. Дыбыс толқынының судағы жылдамдығы 1480 м/с , ал ауада 340 м/с . Дыбыс

aуадан суға өткенде толқын ұзындығы қанша есе өзгереді?

12-билет

1. Электр сыйымдылық. Конденсаторлар. Электр өрісінің энергиясы.

2. Идеал газ . Идеал газдың молекула -кинетикалық теориясының теңдеуі. Температура

және оны өлшеу. Абсолюттік температура.

3. Жердің жасанды серігі Жерден оның радиусындай қашықтыққа алыстағанда қандай периодқа ие болар еді.?R=6400км.

13- билет

1. Серпімді ортадағы тербелістердің таралуы. Көлденең және бойлық толқындар.

Толқын ұзындығы.

2. Шеңбер бойымен бір қалыпты қозғалыс. Центрге тартқыш үдеу.

3. Қуаттары 25 Вт және 100Вт екі электр шамы бір-біріне тізбектей қосылып және бір кернеуге қосылған.қайсысы көп жылу бөледі?.

14- билет

1. Гравитациялық күштер. Бүкіл әлемдік тартылыс заңы. Ауырлық күші. Салмақ.

2. Электр өрісі. Электр өрісі кернеулігі. Нүктелік зарядтың кернеулігі.

3. Жоғары атылған қорғасын оқ 1200м-ге жетті.Қайта жерге түсіп ,соқтығысып, қызды.

Барлық энергиясының 50%- ы Қызуға жұмсалса, оқ температурасы қаншаға көтерілді.?

Қорғасынның меншікті жылу сыйымдылығы- 0,13 кДж/ кг*К.

15- билет

1. Атмосфералық қысым. Биіктіктегі атмосфералық қысымды өлшеу.

2. Резерфордтың альфа ыдырау бойынша тәжірибесі. Бордың кванттық постулаттары.

3. Калийдың фотоэффект құбылысы үшін жарықтың ең үлкен толқын ұзындығы 630 нм.

Калий үшін электрондардың металл бетінен шығу жұмысын анықта.h=6,63*10-34Дж*с

16-билет

1. Қысым. Сұйықтар мен газ үшін Паскаль заңы. Қатынас ыдыстар. Гидравликалық

машиналар.

2. Заттың магниттік қасиеттері. Магниттік өтімділік. Ферромагнитизм.

3. Изотермиялық ұлғаю кезінде газ 20 Дж жұмыс жасады.Газға қанша жылу берілді?

17-билет

1. Архимед күші. Денелердің жүзуі.

2. Фотоэффект және оның заңы. Фотоэффект құбылысы үшін Эйнштейн теңдеуі.

3. Жіңішке жібек жіп үзілмей 10 мН күшке шыдай алады.Осы жіпке заряды оң 11 нКл, массасы 0,6г шарик ілінген. Шар астына массасы сондай, заряды теріс - 13 нКл шарды жақындатты. Шарлар арасы қандай болғанда жіп үзіледі?

18-билет

1. Ішкі энергия. Жылу мөлшері. Меншікті жылу сыйымдылығы. Жылу балансының

теңдеуі.

2. Электролиттегі электр тогы. Электролиз заңы.

3. Ыдыста қысымы 0,15 МПа , температурасы 273 0С газ бар.Осы жағдайдағы ыдыстың бірлік көлемінде газда қанша молекула бар?

19- билет

1. Термодинамикадағы жұмыс. Жылу құбылыстары үшін энергияның сақталу заңы.

2. Молекула өлшемдері. Авогадро тұрақтысы. Броундық қозғалыс.

3. Цилиндр ыдысқа массалары бірдей сынып және су құйылған. Ыдыстағы сұйықтардың жалпы деңгейі 143 см.Ыдыс түбіндегі қысымды табыңдар? Сынап тығыздығы 13600 кг/м3

Су тығыздығы -1000 кг/м3, атм. қысым 105Па .

20- билет

1. Үйкеліс күші. Сырғанау үйкеліс коэффиценті.

2. Трансформаторлар.

3. Модулдары бірдей 13 нКл, таңбалары әртүрлі екі заряд қабырғасы 2 м тең қабырғалы

үшбұрыштың екі төбесіне орналастырылған. Үшбұрыштың қалған төбесіндегі электр өрісінің кернеулігін табыңыз?

21- билет

1.Контурдағы еркін электромагниттік тербелістер. Тербелмелі контурдағы энергияның түрленуі.

2. Атом ядросының құрамы. Изотоптар. Байланыс энергиясы.

3. Мұзбен салыстырғанда шанаға 4 м/с жылдамдық берген, тегіс мұз үстіндегі массасы

20 кг бала қанша жұмыс жасады? Шана массасы 4 кг.

22-билет

1. Бірқалыпты және бірқалыпты емес қозғалыстағы кинематикалық шамалардың уақытқа тәуелділік графиктері. Еркін түсу.

2. Еріксіз электромагниттік тербелістер. Айнымалы ток. Айнымалы токтың генераторы.

3. Дене жерден жоғары қарай 49 м/с жылдамдықпен лақтырылды.Қандай биіктікте потенциалдық және кинетикалық энергиялары бірдей болады?

23- билет

1. Линзалар. Линзаның фокустық қашықтығы. Линзада кескін салу.

2. Уран ядросының бөлінуі. Ядролық реактор.

3. Радиолокатордың электронды-сәулелік түтікшесінің горизонталь уақыттық жаймасы 2мс болса, ең үлкен барлау тереңдігі қанша?с=3*108м/с

24-билет

1. Токтардың магниттік әсері.Магнит өрісі. Магнит өрісінің индукциясы.

2. Иондалған сәулелерді тіркеу және бақылау әдістері.

3. Жылжымайтын екі блок арқылы жіптің ұштарына массалары 5 кг бірдей екі жүк ілінген .Блоктардың арасына , тепе-теңдік кезіндегі бұрыш 1200 болу үшін жіпке ілінген жүк массасы қанша?

25-билет.

1. Лоренц күші. Зарядталған бөлшектерге магнит өрісінің әсері.

2. Серіппелі маятник. Оның периоды.

3. Қыздырғыш температурасы 4270С және суытқыш температурасы 270С болатын жылу машинасының ПӘК-і қандай?



© 2010-2022