Оқытудың үш өлшемді әдіс технологиясы баяндама

Раздел Физика
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:
  1. қосымша

Оқу орнының атауы, мекен жайы

Арал көпсалалы колледжі, Арал қаласы, Әйтеке би тұйығы, 16 а

Қатысушының аты-жөні, тегі

Жансугирова Гульден Жубаткановна

Қатысушының мамандығы, жүргізетін пәні

Физика- информатика пәндерінің мұғалімі, физика және информатика пән мұғалімі

Қатысушының жұмыс өтілі

9 жыл

Баяндама тақырыбы

Оқытудың «Үш өлшемді әдістемелік жүйесі» технологиясы- физика пәнінде

Қатысушының ұялы телефоны, эл. поштасы

87014070256

[email protected]











ОҚЫТУДЫҢ «ҮШ ӨЛШЕМДІ ӘДІСТЕМЕЛІК ЖҮЙЕСІ»

ТЕХНОЛОГИЯСЫ- ФИЗИКА ПӘНІНДЕ


Дайындаған: Арал көпсалалы колледжінің

физика пәні мұғалімі Жансүгірова Гүлден







Қазіргі кездегі ғылым мен техниканың даму деңгейі әрбір оқушыда сапалы және терең білім мен іскерліктің болуын, олардың шығармашылықпен жұмыс істеуін, ойлауға қабілетті болуын , өз бетімен білім ала алатын дағдыларын қалыптастыруды талап етеді.

Осы мақсаттарды жүзеге асыруда пайдалы әрі тиімді технологиялардың бірі- Ж.Қараевтың "Үш өлшемді әдістемелік жүйе" технологиясы
Аталған технология бойынша жұмыс жасау үшін әр мұғалім өз пәні бойынша төмендегідей құжаттар әзірлеу керек:

1.Күнтізбелік жоспар.

2.Тақырыптық жоспар.

3. Тақырыпты өз бетімен меңгеру үшін қажет үш кезеңдік тапсырмалар мен әдістер тізбегі. Оның ішінде алғашқы екі кезеңі технологияның синектикалық бөлімінің талабына сәйкес (өз бетімен білім алуы үшін),

үшінші кезеңі технологияның нәтижеге бағытталған бөлімінің талабына сәйкес (алған білімдерін бақылап, қатесімен жұмыс жасап, бағалау үшін) үш деңгейлк тапсырмалардан тұрады

Аталған технология бойынша күнтізбелік жоспарды жасау барысында ең алдымен барлық тақырыпты модульге бөлу керек.

Модуль - ол үлкен, ауқымды тақырып немесе бірнеше параграфтан тұратын тарау. Оның ерекшелігі, әрбір тарау, немесе модуль үш қорытынды сабақпен аяқталады:

- деңгейлік тапсырмалардан тұратын тақырыптық өзіндік жұмыс (модуль бойынша олқылықты анықтау) - ішкі бақылау, негізгі журналға бағасы қойылмайды;

- коррекциялық жұмыс (модуль бойынша олқылықты жою);

- деңгейлік тапсырмалардан тұратын бақылау жұмысы - сыртқы бақылау, бағасы негізгі журналға қойылады.

Технология бойынша міндетті түрде бақылау жұмысына дайындық ретінде бір сағат өзіндік жұмысқа және бір сағат коррекциялық жұмыстарға бөліну керек.

Бұл екі сағатты бағдарлама бойынша берілген жалпы сағат көлемінен мазмұны бір-біріне жақын тақырыптарды біріктіру арқылы шығаруға болады. Егер сағат саны шектеулі болса, онда жарты сабақ өзіндік жұмысқа және жарты сабақ коррекциялық жұмысқа бөліну керек.

Әрбір тоқсан 6 қорытынды сабақпен аяқталу керек: 3 сабақ тоқсандағы соңғы тарау бойынша, 3 сабақ тоқсандағы барлық модуль бойынша. Ал әрбір оқу жылы 9 қорытынды сабақпен аяқталады: 3 сабақ соңғы тарау бойынша, 3 сабақ соңғы төртінші тоқсан бойынша, 3 сабақ жылдық қорытынды бойынша.

«Үшөлшемді әдістемелік жүйе» педагогикалық технологиясы бойынша физика пәнінен «Молекула кинетикалық торияның негізгі қағидалары мен оның тәжірибелік дәлелдемелері» тақырыбына өткізілген сабағымды ұсына отырып, сабақтың өтілу ерекшелігіне тоқталып өтейін:

І кезең (5-7 минут)

а) ұйымдастыру;

б) үй жұмыстарын тексеру: Әрбір оқушының үй тапсырмасын орындауы туралы белгі тақтада үнемі ілулі тұратын "ашық журналға" қойылады.

в) "Көпір" тапсырмалары. Бұлар өтіп кеткен тақырыптардан бүгінгі сабаққа негіз болатын тапсырмалар:

1. Заттың құрылымы қандай?

2. Заттың қандай күйлерін білесіз?

3. Заттың мұндай күйлерде болуы неге байланысты?

4. Қандай құбылыстарды білеміз?

ІІ кезең -технология бойынша синектикалық бөлім(20-25 минут)

а) өз бетімен жаңа тақырыпты меңгеру (5-7мин). Бұл жерде мұғалім әдеттегідей сабақты өзі түсіндіруден бастамайды, ол 5-7 минуттық өзіндік топтық жұмыс ұйымдастырады:

  1. Жылу құбылыстарын зерттеу әдістерін ата

  2. Термодинамика дегеніміз не?

  3. Молекула-кинетикалық теория дегеніміз не?

  4. МКТ-ң негізгі қағидаларын жасаған кім?

  5. МКТ-ң анегізгі қағидаларын тұжырымда

  6. МКТ-ң тәжірибелік дәлелдемелерін жаз

«Сыйға сый» ойыны: қалған оқушыларға желдеткіш сыйланады, оқушылар олардың бүктемелеріне жаңа тақырып бойынша кездескен терминдерді жазып мұғалімге қайтарады

б) Жұмыс нәтижесін мұғаліммен бірігіп талдау(5-7 мин)

Бұл уақытта мұғалім оқушылардың өз бетінше меңгерген материалын, қосымша толықтырады, олардың мамандықтарымен және күнделікті өмірімен байланыстыра отырып білім беріледі.

Мысалы автомеханик мамандығы бойынша оқитын студенттерге диффузия нәтижесінде бензинмен және дизельді отынмен жүретін автокөліктің ауаны ластайтыны, доңғалақтарды қысым нәтижесінде үрлейтіні, поршенді цилиндрдің газ көлемін өзгертуі нәтижесінде жұмыс жасайтыны, кейбір детальдардың сынса да оның физикалық және химиялық қасиеттерінің сақталатыны айтылады, сонымен бірге экологиялық тәрбие беріледі.

В) Алған жаңа теориялық білімді практика жүзінде бекіту (8-10 мин)

Бұл кезде оқушылар жаңа материал бойынша түсінгендерін бекітеді

  • тақырыптық түйінді сөздер;

  • тәжірибе алаңы;

  • сәйкесін тап;

  • есеп шығару;

  • сергіту жаттығулары;

Оқытудың үш өлшемді әдіс технологиясы баяндамаОқытудың үш өлшемді әдіс технологиясы баяндама

«Сәйкесін тап»:

Ғалым аттары мен олардың еңбектері араластырылып беріледі. Оқушы интерактивті тақтадан тінтуір арқылы ғалым атын еңбегімен сәйкестендіреді.

Есеп шығарып көрсету

Оқушының өз бетімен тақырыпты меңгеруі, сабақты бекіту кезінде түрлі технологиялардың элементтерін пайдаланған өте тиімді. Сонымен қатар оқушыларға тақырыпты меңгеріп, деңгейлік тапсырмалар бойынша жұмыс жасар алдында сергіту жаттығуларын жасатқан өз нәтижесін беріп жүр.

Сергіту жаттығуы(1 минуттық би)

ІІІ кезең (кері байланыс)- технология бойынша нәтижеге бағытталған бөлім (12 минут + 3 минут) қорытынды шығаруға арналады.

Бұл кезеңнің негізгі мақсаты: деңгейлік тапсырмаларды орындау барысында жоғарыдағы 2-ші кезеңде алған білімдерін дәлелдеп, қабілетіне қарай тереңдету және оқу жетістіктерін 12-ұпайлық рейтинг жүйесі бойынша әділ бағалау болып табылады: 1-деңгейге-5 балл, яғни «3», 2-деңгейді орындаса- 4 балл, яғни 7 баллға «4», 3 деңгейді де орындаса- 3 балл, барлығы 12 баллға «5» қойылады.

Жұмысты барлық оқушы міндетті түрде 1-ші деңгейді орындаудан бастайды. 1-ші деңгейді орындай алмаған оқушы "сынақтан өтпеді" деп бағаланады, оның екіліктен айырмашылығы, сынақты қайтадан тапсыруға болады, яғни "сынақ" арқылы үлгерімі төмен оқушылар мемлекеттік стандарттың ең аз қажетті көлемін меңгеріп, екіліксіз оқуға кепілдік (мүмкіндік) алады.Бір мәрте міндетті деңгейден өткен соң, олар алға ұмтылады, бойларында оқуға ынта, өз күшіне сенімдік пайда болады.

І деңгей

1. Жас жусанды бөлмеге алып келгенде, иісінің бөлмеге тарап кету себебін түсіндір

_____________________________________________________________________________

2. Қатты және сұйық денелердің неліктен өз-өзінен жеке молекулаларға ыдырап кетпейтіндігі неліктен екендігін түсіндір

________________________________________________________________________________

ІІдеңгей

1. Мамандықтарыңызға сай диффузияға мысал келтір

________________________________________________________________________________

2. 2 кг мыс кесегінде қанша молекула бар екендігін анықта

________________________________________________________________________________

ІІІ деңгей

1. Массасы 135 г алюминий зат ішіндегі молекула санын есепте

2. Оттек немесе сутек молекулаларының қайсысы атмосферада тезірек қозғалатынын салыстыр:________________________________________

Үйге тапсырма беру.

4.4- тақырып. Ашық журнал

Оқытудың үш өлшемді әдіс технологиясы баяндама

Мұндай журнал оқушылар бойында оң бәсекелестіктің қалыптасуына және әрбір оқушының өз білім деңгейін әділ бағалауына ықпал етеді, әрі мұғалім бұл журнал арқылы сабақ соңында оқушылардың жаңа тақырыпты меңгеру деңгейі туралы қорытынды жасайды, бірақ соңғы сөз (қорытынды бағалау) келесі сабақтың басында айтылады. Себебі, сыныпта үлгірмеген тапсырмаларды әр оқушы үй тапсырмасы ретінде үйде жалғастырып орындайды, демек үй тапсырмасы төрт деңгейлік тапсырмалармен қамтылған.

Мұғалімнің сыныптық журналына қосымша жеке журналы болуы керек. Ол «Ашық журналдың» көшірмесі түрінде толтырылады. Оқушылар да әр тақырып бойынша өз жетістіктерін өздеріндегі "Жеке журналға" және оларға сәйкес балдарды "Оқушының даму мониторингі" кестесінде белгілеп отырады, мысалы:

Оқытудың үш өлшемді әдіс технологиясы баяндама

А.Қанатбаевтың (бір модуль бойынша) даму мониторингі

Оқытудың үш өлшемді әдіс технологиясы баяндама

Кестелерді оқушы әр тақырыпты меңгеріп болғаннан соң, өзі, келесі сабақтың басында толтырып отырады. Димаграмма арқылы оқушының қай тақырыпты қалай меңгергендігі көрініп тұрады.

Нәтижесінде бұл әдіс оқушының өз бетінше жұмыс істеуіне, сөйлеу шеберлігінің артуына, өзіне деген сенімін нығайтып, өз бетінше білім алып, ізде­ну дағдыларын қалыптастырады. Оқушының тұлғалық қасиетін дамытып, бірте-бірте өзін-өзі дамытатын тұлғаға айналады. Себебі бұл технологияда бәсекелестік бар, ал бәсеке бар жерде даму , алға ұмтылу, намысқа тырысу бар екендігін айта аламын, сондықтан барлық жаңа технологияларды үйлестіре, пайдалана білу- үлкен жетістіктерге алып келері сөзсіз.

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР:

1.Байғазиева Г. Педагогикалық технологиларды меңгеру- міндетті . Қазақстан мектебі 2006 ж. № 1

2. Бұзаубақова К. Деңгейлеп саралап оқыту технологиясы.Қазақстан жоғарғы мектебі 2006 . № 33.

3.Сабыров Т. Оқушылардың оқу белсенділігін арттыру жолдары - А.: Мектеп, 1978 жыл
4. ҚР 2015 ж. дейінгі Білім беруді дамыту тұжырымдамасы . Егемен Қазақстан 2003ж. 23 желтоқсан.

5. Кобдикова Ж.У. Оқытудың « Үшөлшемді әдістемелік жүйесі» педагогикалық технологиясы. Алматы 2008ж.6. Б.Жолдасов. Инновациялық технологияларды білім беруде қолдану. Білім, №5,2007 ж.
7. Қ.Көнеев, А.Әбдіқалыкова. Оқыту үрдісінде педагогикалық технологияларды ұтымды пайдалану. Білім,№ 3, 2006 ж.
8. Ж.У.Кобдикова. (Ж.А. Қараевтың) Деңгейлеп оқытудың педагогикалық технологиясы . Алматы,2007 ж.









© 2010-2022