Атмосфералық қысымның биіктікке байланысты өзгеруі. 7 класс

Раздел Физика
Класс 7 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақтың тақырыбы: §41.Атмосфералық қысымның биіктікке байланысты өзгеруі.

Сабақтың мақсаты: Оқушыларға атмосфералық қысымның биіктікке байланысты өзгеруін түсіндіру.

Сабақтың міндеттері:

  1. Атмосфералық қысым туралы ұғымды қалыптастыруды жалғастыру, қалыпты атмосфералық қысым, атмосфералық қысымның биіктікке, ауа райына байланысты өзгеруі туралы түсінік беру.

  2. Оқушыларды өз бетімен ғылыми ой қорытындыларын жасай алуға жетелеу.

  3. Жауапкершілікке, тиянақтылыққа, еңбекқорлыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас

Сабақтың әдісі: баяндау, сұрақ-жауап,

Техникалық оқыту құралдары: компьютер, видеопроектор, экран, электронды оқулық.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі: оқушылармен амандасу, сабаққа қатысымы мен даярлығын тексеру.

ІІ. Үй тапсырмасы бойынша сұрақтар:

  1. Барометр не үшін қолданылады?

  2. Барометр-анероидтың құрылысы қандай?

  3. Ол қалай жұмыс істейді?

  4. Барометрмен тағы нені бақылауға болады?

  5. Жер шарының әр түрлі орындарында атмосфералық қысымды үнемі өлшеп тұру не үшін қажет? Мұның метеорологияда қандай мәні бар?

ІІІ. Жаңа сабақ.

Жер бетінен биіктеген сайын ауа қысымы азая берді. Барометрмен аэростатта көтерілу кезінде әр түрлі биіктіктен атмосфера қысымын өлшеуге болады. Әрбір 12 м биіктікке көтерілгенде орта есеппен қысым 1 мм сын. бағанына азаяды екен. 6 км биіктікте ауа қысымы Жер бетіндегіден 2 еседей кіші болады.

Атмосфералық қысымның биіктікке тәуелділігін білу барометр-анероидтарды биіктік анықтау үшін пайдалануға болады. Әрбір атмосфералық қысым мәніне, теңіз деңгейінен алғандағы белгілі бір биіктік сәйкес келетіндіктен, бұл құралды метрге (не километр) градуирлеуге болады.

Авиацияда қолданылатын барометрлік биіктікті өлшейтін аспаптар альтиметр деп аталады. Солардың көмегімен ұшқыштар самолеттің көтерілу биіктігін анықтап отырады.

Атмосфераның негізгі қабаттары

Атмосфералық қысымның биіктікке байланысты өзгеруі. 7 классАтмосфералық қысымның биіктікке байланысты өзгеруі. 7 класс

Атмосфера - Жердің ауа қабаты.

Атмосфераның құрамы: 78%-азот, 21%-оттегі.





Биіктігі 760 мм сынап бағынына тең, 00С температурадағы атмосфералық қысым қалыпты атмосфералық қысым деп аталады.

Қалыпты атмосфералық қысым 760 мм сын. бағ.=101325 Па=1013 гПа≈100 кПа≈105Па.

Барометрді теңіз деңгейінен шамамен әрбір 110 м биіктікке көтерген сайын сынап бағаны 1 см-ге төмендейтіні анықталды.

Атмосфералық қысымның биіктікке байланысты өзгеретінін пайдаланып, анероидтарды көбінесе көтерілу биіктігін көрсететіндей етіп градуирлейді. Мұндай анероидтарды альтиметрлер деп атайды.

ІҮ. Сабақты бекіту:

Тестілеу жұмыстары

1. Торричелли түтігінің ішіндегі сынап деңнейі көтерілген кезде атмосфералық қысым қалай өзгереді?

а) Азаяды б) Артады с) Сынаптың биіктігі атмосфералық қысымға тәуелді емес

д) Бастапқыда кенет артады, содан кейін төмендейді.

е) Бастапқыда төмендейді, содан кейін кенет артады.

2.Сұйық қысымын өлшеу тәсілімен атмосфералық қысымды неліктен есептеуге болмайды?

а) Ауа судан жеңіл б) Атмосферада нақты шекара жоқ

с) Атмосфера тығыздығы биіктігіне байланысты өзгереді.

д) Атмосферада нақты шекара жоқ және оның тығыздығы биіктігіне байланысты азаяды

е) Атмосфераның қысымы сұйық қысымы сияқты өлшенеді.

3. Барометр тау бөктерінде 760 мм сынап бағ. Алу тау шынында 724 мм с.б көрсетеді. Таудың биіктігін анықтаңыз. (1 мм. с.б - 12 м)

а) 432 м б) 3 м с) 86888 м д) 9120 м е) 640 м

4. Қалыпты атмосфералық қысымның мәні неге тең?

а) 1 Н б) 760 мм. Сын. Бағ. с) 10 Па д) 760 Па е) 760 Н

5.Бөлменің еденіне 100 кПа атмосфералық қысым түседі. Атмосфералық ауа бөлменің қабырғаларына және төбесіне түсіретін қысымды анықта.

а) 100 кПа қабырғаға; 0 кПа төбеге; б) 50 кПа қабырғаға; 0 кПа төбеге;

с) 100 кПа қабырғаға; 0 кПа төбеге; д) 100 кПа қабырғаға; 0 кПа төбеге;

е) 100 кПа қабырғаға; 0 кПа төбеге;

  1. - нұсқа

1. Атмосфералық қысым қандай прибормен өлшенеді?

А) Секундомер В) Диномометр С) Барометр Д) Спидометр

2. Атмосфералық қысым қандай әріппен белгіленеді?

А) F В) ρ С) P Д) m

3. Қай ғалым атмосфералық қысымды өлшеу әдісін ұсынды?

А) Ньютон В) Паскаль С) Королев Д) Торричелли

4. Атмосфералық қысымның өлшем бірлігін көрсет.

А) кг н/е мг В) Н н/е кН С) Па н/е мм.сын.бағ Д) м/с н/е см/сағ

5. Қалыпты атмосфералық қысым шамасы қандай? (Теңіз деңгейінде)

А) 1 Н В) 1 Па С) 760 Н Д) 760 мм.сын.бағ

Есептер шығару.

№1. Бөлмеде барометр 750 мм.сын.бағ. көрсетіп тұр. Ұзындығы 1м, ені 50см болатын үстелге ауа қандай күш түсіреді?

БАтмосфералық қысымның биіктікке байланысты өзгеруі. 7 классерілгені: Шешуі:

P =

L =

a =

F-?

Жауабы:

V. Бағалау.

VI. Үйге тапсырма: §41. 26-жаттығу.


© 2010-2022