Физика әлемінде интеллектуалдық сайысы

Раздел Физика
Класс 8 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сыныбы: 9 «А,Б,В,Г»

Тақырыбы: «Физика әлемінде»

Мақсаты: Оқушылардың білім деңгейін анықтау, логикалық ойлау қабілеттері мен

жағдаяттан шығу дағдыларын дамыту, танымдық белсенділіктері мен пәнге

қызығушылықтарын арттыру. Оқушылардың ақпараттық мәдениетін

қалыптастыру. Көпшілік ортада сөйлеуге және өз ойын еркін айта

алуға дағдыландыру, жылдамдыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.

Көрнекілігі: сайыс слайдтары, конверт, интербелсенді тақта,

физикалық приборлар, оқушылардың

шығармашылық көрмесі, физикалық тәжірибе жасауға

арналған құралдар,

Әдіс-тәсілдері: ауызша жауап беру, тәжірибе жасау

Формасы: сайыс сабақ

БАРЫСЫ:

Жарыстың шарттары:


  1. ТАНЫСТЫРУ (әр топ тобын, ұранын айту)

  2. «КІМ ЖЫЛДАМ» (викториналық сұрақтар.әр топқа 15 сұрақ)

  3. «ОЙЛАНАЙЫҚ, ОЙЛАЙЫҚ!» ( физикалық шамалар, бірліктер)

  4. «КІМ ТАПҚЫР!» (берілген физикалық құралдардың атын, атқаратын қызметін түсіндіру)

  5. «ОЙЛАН ТАП!» (берілген тапсырма бойынша физикалық тәжірибе жасау)

  6. СЕРГІТУ СӘТІ. (Кел, күлейік!)

  7. «ДОМИНО» (сөздерді ретімен орналастыру)

  8. «ТІЛ - ӨНЕР» (жұмбақтың шешімін тауып, орыс, ағылшын тіліне аудару)

- Құрметті ұстаздар мен оқушылар! 26-31 қаңтар аралығында мектебімізде математика, инфарматика және физика пәндерінің «ИФМ - білім теңізінде» атты пән апталығы өткізіліп жатыр. ИФМ кемесі бүгін физика аралына келіп тоқтады.

- Олай болса, «Физика әлемінде» атты физикалық ойынына қош келдіңіздер!

Уа жарандар, жарандар!

Бәрің бері қараңдар.

Бәріңе жар салайық,

Бүгінгі ойын төрінде.

ИФМ теңізі елінде,

ИФМ теңізі тілінде

Жылдам шешіп жарысып,

Сұрақ пенен есепті.

Приборларды сөйлетіп,

Жасайық тәжірибені.

Көңілді ойын жасайық,

Асықпайық, саспайық.

Физиканың еліне

Батыл қадам жасайық,

Осылайша шабытпен,

Сайысымызды бастайық!

- Сайысқа қатысушы оқушыларға сәттілік тілей отырып, сайысымызды бастауға рұқсат етіңіздер!

Ойынға 2 топ қатысады.

  1. «Физикалық құбылыстар» тобы

  2. «Физикалық шамалар» тобы

  1. ТАНЫСТЫРУ

(Сайысқа қатысушы екі топ өздерін таныстырады.) ( 5-10 ұпай)

1-топ: «Физикалық құбылыстар» тобы

Ұраны: Жарыс десе жанамыз,

Бүгінгі күн сайыста ойшылдықпен аламыз.

Сәлемдесуі:

Достарым ерігіп жүрме бос,

Қол ұстас, бірігіп тізе қос.

Жеңіспен мәреге барайық,

Жеңістің ұранын салайық.

2-топ: «Физикалық шамалар» тобы

Ұраны: Қандай сынақ болса дағы беріспе,

Әрқашанда үміткерміз жеңіске.

Сәлемдесуі:

Біз дайынбыз бұл жарысқа достарым,

Көрсетеміз бізде қандай күш барын.

Алға қойған мақсатымыз бір екен,

Сәтті болсын сапарымыз әрдайым!


  1. «КІМ ЖЫЛДАМ» (викториналық сұрақтар)


  1. «Физикалық құбылыстар» топбына викториналық сұрақтар беріледі.

Әр дұрыс жауап - 1 ұпай


  1. Шам, плита жұмысын жасай қалды,

Ал оның есептен-ақ басы айналды. (Электр есептегш)

  1. Электр тогы дегеніміз не? ( зарядталған бөлшектердің реттелген қозғалысы)

  2. Ең алғаш ғарышқа ұшырылған иттің есімі (Рекс)

  3. Радионың атасы (Александр Сергеевич Попов)

  4. Аристотельден кейінгі «екінші ұстаз» атанған ғалым. (Әл-Фараби)

  5. Ағылшын ғалымы Иссак Ньютонның бүкіләлемдік тартылыс заңын ашуына не себеп болды? (алма)

  6. Заттың ең кішкентай бөлігі? (атом)

  7. Физика не туралы ғылым? (табиғат)

  8. Ток күшінің өлшем бірлігі? (Ампер)

  9. 1961 жылы 12 сәуірде қандай оқиға болды? (адам ғарышқа ұшты)

  10. Темірқазық жұлдызын басқаша қалай атайды? (Жетіқарақшы)

  11. «Алтын ереже» физиканың қай бөліміне жатады? (механика)

  12. Жұмыстың халықаралық жүйедегі өлшем бірлігі? (Джоуль)

  13. Ауаның қысымын анықтайтын құрал (Барометр)

  14. Физиканың жылу құбылыстарын зерттейтін бөлімі (Термодинамика)

2.«Физикалық шамалар» тобына викториналық сұрақтар беріледі.

Әр дұрыс жауап - 1 ұпай

1. Энергияның дененің көбірек қозған бөлігінен азырақ қозған бөлігіне қарай таралуы. (Жылу өткізгіштік)

2. Заттың сұйық күйден қатты күйге ауысуы. (Қатаю, кристалдану)

3. Тұтас алғанда бүкіл атом заряды. (Бейтарап)

4. Тізбектегі ток күшін өлшейтін құрал. (Амперметер)

5. Ток тудыратын электр өрісін сипаттайтын шама. (Кернеу)

6. Қуат бірлігі. (Ватт (Вт))

7. Бойымен жарық таралатын сызық. (Сәуле)

8. Сандық мәнімен, бағытымен сипатталатын физикалық шамаларды басқаша қандай шамалар деп атайды? (Векторлық)

9. Материяның ажырамас қасиеті? (Қозғалыс)

10. ХБЖ жылдамдық бірлігі ((м/с))

11. Жылдамдықтың өзгеру шапшаңдығын сипаттайтын физикалық векторлық шама (Үдеу)

12. Еркін түсу үдеу неге тең ? (9,8м/с2)

13. Период қандай әріппен белгіленеді ? (Т)

14. Бұрыштық жылдамдықтың бірлігі ? (рад/с)

15. Сызықтық жылдамдық пен бұрыштық жылдамдық арасындағы қандай байланыс бар (Физика әлемінде интеллектуалдық сайысы)

III. «ОЙЛАНАЙЫҚ, ОЙЛАЙЫҚ!» (физикалық шамалар, бірліктер.Белгілі уақыт ішінде қай топ көп біледі);

IV. «КІМ ТАПҚЫР!»

(берілген физикалық құралдардың атын, атқаратын қызметін түсіндіру);

- Оқушылар біздің «ИФМ» кемеміздің қоржынындағы тапсырмаларды да орындайық. Қандай тапсырмасы бар екен? (Оқытушы 2 топқа арнап кезекпен кемеге қолын созып, бір-бірлеп физикалық приборларды алып шығады. Әр топ прибордың атын, олардың атқаратын қызметтерін айтады.) Әр дұрыс жауапқа - 5 ұпай

Берілетін приборлар:

Физика әлемінде интеллектуалдық сайысы Физика әлемінде интеллектуалдық сайысы Физика әлемінде интеллектуалдық сайысы

Амперметр Вольтметр Реостат

Физика әлемінде интеллектуалдық сайысы Физика әлемінде интеллектуалдық сайысы Физика әлемінде интеллектуалдық сайысы

Катушка Электроскоп Трансформатор

1. Амперметр (ток күшін өлшейтін құрал)

2. Вольтметр (кернеуді өлшейтін құрал)

3. Реостат (Кедергіні өлшейтін құрал)

4. Электроскоп (дененің электрленуін анықтайтын құрал)

5. Катушка (индукцияланған токты жинайтын құрал)

6. Трансформатор (Айнымалы токтың трансформациясын жүзеге асыратын құрал)

V. «ОЙЛАН ТАП!» (берілген тапсырма бойынша физикалық тәжірибе жасау);


2 топтың ойыншысы 2 конвертті таңдайды. Дұрыс жасалған тәжірибеге - 10 ұпай.

«А» конвертінің тапсырмасы:

Қажетті заттар: шикі жұмыртқа, суы бар стақан, бірнеше қасық ас тұзы

Тапсырма: 1. Суы бар стақанға жұмыртқаны ептеп, қасықпен сал.

Не байқалады?

Жұмыртқа стақан түбіне дейін түседі, яғни батады.

Себебі: Жұмыртқаның тығызыдығы судың тығыздығынан артық.

2. Жұмыртқаны стақанның ішінен ал, стақанға 10 шәй қасық тұз сал, толық ерігенше араластыр. Енді жұмыртқаны стақанға ептеп сал.

Не байқалады?

Жұмыртқа жоғары қарай қалқып шығады, яғни батпайды.

Себебі: тұзды судың тығыздығы жұмыртқаның тығыздығынан артық, сондықтан да жұмыртқа батпайды.

«В» конвертінің тапсырмасы:

Қажетті заттар: Екі үрленген шар, газет

Тапсырма: Екі шарды газетке үйкеңдер.

Не байқалады?

Екі шар бір-бірінен тебіледі.

Себебі: Олар бірдей зарядталған. Аттас зарядтар бір-бірінен тебіледі.

VI. СЕРГІТУ СӘТІ. (Кел, күлейік!)

Тапсырма: Адамға қарағанда 5 қабырғасы артық, 30 қабырғалы, 517 мускулдан, алдыңғы аяғында 5 саусақ, артқы аяғында 4 саусағы бар, жүгіргенде 50 км/сағ жүгіре, 60 метр қашықтықтан көре алатын, адамға қарағанда 14 есе иісті артық сезе алатын жануар қалай аталады?

Физика әлемінде интеллектуалдық сайысыФизика әлемінде интеллектуалдық сайысыФизика әлемінде интеллектуалдық сайысы

Жауабы: МЫСЫҚ

VII. «ДОМИНО» (сөздерді ретімен орналастыру);

Жауабын тапқан топқа - 10 ұпай.

Келтірілген сөздерді мынадай ретпен орналастыру керек:келесі сөз алдыңғы сөз аяқталған әріптен басталуы керек.

Сөздер: Евклид - файл - телеграф - килобайт - робот - дюим - процессор - монитор - тире - разряд - диск.


VIII. «ТІЛ - ӨНЕР»

(жұмбақтың шешімін тауып, орыс, ағылшын тіліне аудару)

Дұрыс жауапқа қазақ тілінде - 10 ұпай, орыс тілінде - 10 ұпай, ағылшын тілінде - 10 ұпай.

Сұрақтар:

  1. Аса қажет өмірге халық үшін,

Пайдаланады күн сайын жарық үшін. (ток, ток, energy)

2 Жоқ өзінде бас та, қас та, мойын да.

Ұзындығы жазулы тұр бойында. (сызғыш, линейка, ruler)

3. Суға салсаң батпайы,

Отқа салсаң жанбайды. (мұз, лед, ice)

4. Қабат-қабат қаптама,

Ақылың болса аттама. (кітап, книга, book)

5. Бар ма, жоқ па оны анық білмейсің

Ол жоқ жерде өмір сүріп жүрмейсің. (ауа, воздух, air)

6. Жұрттың бәрі соны сүйеді,

Бірақ қарағысы келмейді. (күн, солнце, sonne)

Екі топтың ойыншыларының бағалау парағы бойынша қорытындысын шығару.

БАҒАЛАУ ПАРАҒЫ


Р/с

Ойын шарттары

Физикалық

құбылыстар

Физикалық

шамалар

1

ТАНЫСТЫРУ (әр топ тобын, ұранын айту);

2

«КІМ ЖЫЛДАМ» (викториналық сұрақтар);

3

«ОЙЛАНАЙЫҚ, ОЙЛАЙЫҚ!» (логикалық есеп);

4

«КІМ ТАПҚЫР!» (берілген физикалық құралдардың атын, атқаратын қызметін түсіндіру);

5

«ОЙЛАН ТАП!» (берілген тапсырма бойынша физикалық тәжірибе жасау);

6

СЕРГІТУ СӘТІ. (Кел, күлейік!)

7

«ДОМИНО» (сөздерді ретімен орналастыру);

8

«ТІЛ - ӨНЕР» (жұмбақтың шешімін тауып, орыс, ағылшын тіліне аудару)


Көрермендер өздерің.

Ақ - қарасын айырып,

Куә болды көздерің.

Көңіл бөліп бұл кешке,

Келгендеріңе көп рахмет!

Шын сезінген көрерменге

Айтамыз біз мың рахмет! - дей келе «ИФМ» кемесін келесі аралға аттандырамыз.Келесі кездескенше күн нұрлы болсын.


Екі топтың ойыншыларының бағалау парағы бойынша қорытындысын шығару.


© 2010-2022